Көптілді ортада қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялары Алтыбаева Ақжан Бақытжанқызы



Pdf көрінісі
Дата30.03.2017
өлшемі301,08 Kb.
#10588

Көптілді ортада қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялары 

Алтыбаева Ақжан Бақытжанқызы 

А. Байтурсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті 

Костанайский государственный университет имени А.Байтурсынова 

Kostanay State University named after A.Baitursynov 



 

 «...Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа 

технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру - бүгінгі жас 

ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз. Ал жас ұрпақтың тағдыры- ұстаздардың қолында»   

   


[Н.Назарбаев]  

Педагогикалық  жаңа  технология  –  іс-әрекетке,  оқыту  барысында  жүзеге  асатын 

педагогикалық  жүйе.  Ол  дара  тұлғаны  жетілдіруге,  белгілі  бір  мақсатқа  жету  жолында 

арнайы  ықпалды  ұйғаруға  қажетті  байланысқан  әдіс-тәсілдер.  Жаңа  педагогикалық 

технология студенттің жетілген тұлға ретінде дамуы үшін маңызы зор. 

  Жаңа  технологияны  қолдану  мына  кезеңдер  арқылы  іске  асады:  

І кезең: оқып-үйрену;ІІ кезең: меңгеру;ІІІ кезең: өмірге ендіру;IV кезең: дамыту. 

Жаңа  педагогикалық  технология  мақсаты  –  оқытуды  ізгілендіруі,  яғни  оқу 

құралдары студенттердің өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. 

Жаңа педагогикалық технология түрлері өте көп..  

Ойын  технологиясы. Педагогикалық  жұмысты  ойын  түрінде  ұйымдастырудың  әдістері 

мен  тәсілдерінің  жиыны.  Ойын  түріндегі  жұмыстар  сабақ  үстіндегі  қолайлы  деген 

жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады.  

Проблемалы оқыту технологиясы.  Проблемалы оқыту – мұғалім басшылығы мен қиын 

мәселелерді  туғызу  және оқушылардың белсенді  түрде өз беттерімен мәселелерді  шешу. 

Қорытындысында  олардың  ойлау  қабілеттері  дамып,  шығармашылық  іскерліктері  мен 

дағдылары қалыптасуына жағдай жасайды. 



Сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясы. Информатиканы  оқытуда  тәжірибені  шыңдай 

түсуде  көп  жеңілдік  ашқан  технологиялардың  бірі  –  осы  технология.  Мақсат  пен 

міндеттердің орындалуы мынадай ұзақ жоспарлар арқылы іске асады: 

- ассоциация; 

- бірлестік қызмет;  

- көзқарасын талдау мен дәлелдеу түрінде қорғау. Бұл технология бойынша: 

- оқу үрдісінде қызығушылық артады; 

- оқушының өз бетімен білім алуына мүмкіндік беруі туады; 

- оқушының ақпараттық тіл байлығы жетіледі. 

Деңгейлік саралау технологиясыСаралап оқыту технологиясы, оқыту процесінің белгілі 

бөлігін  қамтып,  ұйымдастырудың  шешімдері,  оны  оқыту  құралдарының  жиынтығы 

түрінде  көрінеді.  Сыныпты,  топтарды  оқытуға  әртүрлі  қолайлы  жағдай  туғызуды  қажет 

етеді;  әдістемелік  педагогикалық-психологиялық  және  ұйымдастыру-басқару  шаралары 

біріктіріледі 

1)  Деңгейлеп  оқыту  әр  оқушыға  өз  мүмкіндіктерін  пайдалана  отырып,  білім  алуына 

жағдай жасауға мүмкіндік береді;   

2)  Деңгейлеп  оқыту  әр  түрлі  категориядағы  балаларға,  олармен  саралай  жұмыс  істеуге 

мүмкіндік береді.  

3)  Деңгейлеп-саралап  оқыту  құрылымында  білімді  игерудің  бірнеше  деңгейі 

қарастырылады:  ең  төменгі  деңгей  (базалық),  бағдарламалық,  күрделенген  деңгей 

сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.  



Жекелеп  оқыту технологиясы.    Жекелеп  оқыту  –  оқу  процесін  ұйымдастырудың  мына 

түрлері мен үлгілерін қарастырады.  

- мұғалім бір ғана оқушымен жұмыс істейді; 


-  оқушы  тек  оқу  құралдары  мен  өзара  қатынаста  (оқулықтар,  компьютер,  т.б)  болады. 

Жекелік  оқудың  басты  жетістігі  баланың  қабілетімен  оқу  қызметінің  желісін  әдісі  мен 

мазмұнын өз қабілетіне қарай бейімдеуіне мүмкіндік береді. 

Оқытудың  ұжымдық  әдісі  (ОҰӘ). ОҰӘ  -  оқу  процесінде  адамдарды  өзара  және  жұптық 

еңбек әрекеттерін орындауы. 

ОҰӘ  принциптері:-  жоғары  жетістікке  талпыну;алынған  мәліметті  бір-біріне  лезде 

кідіріссіз  жеткізу;оқушылар  арасындағы  өзара  көмек  және  ынтымақтастық;р  түрлі 

деңгейлік; тақырып пен тапсырмалардың әр түрлілігі. 



Оқытудың компьютерлік технологиясы. Бұл технология – оқытудың бағдарламалық 

көзқарастарын дамытады, мүлдем жаңа технологиялық жолдар ашады. 

Оқытудың компьютерлік технологиясы – мәліметтерді компьютер көмегімен даярлау 

және беру әрекеттері. Бұл технология материал мазмұнын кейбір үлгілерді пайдалануға 

негізделеді.  

Презентациялар  технологиясы.  Бұл  технология,  бір  жағынан,  оқушыларға    сабақтың 

жаңа  материалды  (бейнелеулер,  фотографиялар,  дидактикалық  материалдар,  т.с.с.) 

көрнекі  көрсету  құралы  болатын  болса,  екінші  жағынан,  мұғалімдерге  осы  материалды 

дайындауды  және  оны  қолдану  процесін  де  жеңілдетеді.  Алдынала  жүргізілген 

тәжірибелер,  презентациялар  технологиясын  информатика  сабағында  пайдалану 

балалардың  оқуға  деген  ынталылығын  арттырса,  қазіргі  танда  барлық  пәндердің 

қызғылықты  өтуін  қамтамасыз  етіп,  оған  дайындалу  мерзімін  қысқартады,  ең  бастысы  – 

мұғалімдерді жаңа ақпараттық желілік технологияларды пайдалануға дағдыландырады.  



Кезеңдеп оқыту технологиясы.  

Ойлау  қызметін  кезеңдер  бойынша  қалыптастыру,  мақсаттың  бағытталу  технологиясы  – 

бағдарлық білім, шеберлік және дағдыны әсерлі меңгеру. Бұл технология әрбір оқушының 

жұмыстарды, әрбір қадамын мұғалімнің бақылауын қажет етеді. Сабақ меңгерудің барлық 

кезеңдерінде бақылап отыру – технологияның ең маңызды құраушыларының бірі болады. 

Ол оқушыны қателесуден сақтандыруға бағытталады. 



Жеке пәндік педагогикалық технология.  

1. Ерте және ыждағатты сауаттылыққа оқыту технологиясы.Технология мазмұны оқу 

процесі бала миының танымдық қуатын жан-жақты жандандыра отыра, қызметі мен 

қатынастары арқылы баланың табиғи ойлауына негізделген.2. Әсерлі сабақтар жүйесіне 

негізделген технология. 

Мақсаттық бағыттары: қалыпты білім, шеберлік дағдыны меңгеру;ойлау қызметіне 

математикалық тәсілдерді меңгеру;қабілетті балаларды дамыту. 

Альтернативті технологиялар.  Вольдорф педагогикасы «гуманистік педагогика» мен 

«еркін тәрбие» идеяларын іске асырудағы әр түрдің біреуі болып табылады. Ол 

мұғаліммен одақтасуда жекеліктің өз бетінше таңдауы мен тануы жүйесінде көрінуі 

мүмкін. 


Өзіндік дамыту технологиясы [ 1]  Мақсаттық бағыты:- жан-жақты дамыту;- жекелікті 

тәрбиелеу;- бала санасында ойлау қызметі мен пәндер түзгіштерін біріктіру.Басты 

мақсаты – оқыту дағдысы: қолдағы ұсақ моторлар, есті дамыту. 

Дамыта оқыту технологиялары

1. Л.В. Занковтың дамыта оқу жүйесі. Оқыту қызметінің негізгі мотивациясы танымдық 

қызығушылық. Занков әдісі әртүрлі қызметтерге тарту, дискуссия, дидактикалық 

ойындарда оқытуда, пайдалану, сол сияқты есті, ойлауды, елестетуді, сөйлеуді байыту 

бағытындағы оқыту әдісі

2. Д.Эльконин – В.Давыдовтардың дамыта оқыту технологиясы. Эльконин – Давыдов 

технологияларындағы дамыта оқыту ең алдымен оның мазмұны, теориялық білімге 

негізделе отыра құрылған. Білімнің теориялық негізі терең түрдегі жинақтаудан тұрады. 

Дәстүрлі технологиялардан өзгешелігі дамыта оқыту оқу қызметін басқаша бағалайды. 

Оқушының орындаған жұмыстары мен сапасы оқушыға білімнің жетімділігі мен 


қабілетінің жететіндігін мұғалімнің көзқарасы бойынша бағаланбай, оқушының өз 

мүмкіндігі тұрғысынан қаралады. 

 

  Компьютерде еркін жұмыс жасайды;  



 

  Оқыту процесінде жаңа технологияларды қолдана отырып білімін шыңдайды;  



 

  Жаңа оқыту үрдісін қалыптастырады;  



 

  Өздігінен ізденімпаздық қабілеті артады;  



 

  Ақпараттық сауаттылығы мен ақпараттық мәдениеті қалыптасады.  



      Мультимедиялық технологиялар - әртүрлі типті мәліметтерді дайындау, өңдеу, 

біріктіру, ұсыну әрекеттерін ақпараттық және бағдарламалық жабдықтарды пайдалану 

арқылы жүзеге асыратын құралдар, әдістер мен тәсілдер жиынтығы.  

         Мультимедиялық технологиялардың дамуы бейнетехниканың және дербес 

компьютердің өркендеуі нәтижесінде жүзеге асуда. Мультимедия статикалық, 

динамикалық және дыбыстық ақпараттарды талапқа сай дәрежеде ұсынуды іске асырады. 

         «Мультимедия» термині латын тілінің «multi» (көп) және «media» (орта) сөздерінің 

бірігуінен құралған, яғни «ақпараттық орта» деген мағына береді.  

Зерттеушілердің пікірі бойынша дәстүрлі оқу әдісімен берілген материалдың  

 



25%-ы, көру арқылы 33%-ы, көру-есту арқылы 50%-ы, ал мультимедиялық 

интерактивті  оқыту бағдарламасы көмегімен берілген материалдаң 75%-ы есте 

сақталады екен  

«Интерактивті»  сөзін ағылшын тілінен аударғанда «бірлесіп әрекет жасау» деген 

мағынаны білдіреді. Білім берудегі  интерактивтік  технология  -бірін-бірі толықтыратын 

және барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту технологиясы. Бұл сабақ 

барысында оқушының ұжымдық жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес. 

Интерактивтік тақта –дегеніміз не?  

 Интерактивтік тақта (ИТ) – дәріскерге  немесе оқытушыға екі түрлі құралдарды, атап 

айтқанда,  ақпарат кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіріп қолдануға 

негізделген құрал.  

Интерактивтік технологияның жеделдетіп дамуына байланысты тақтаның түрлері де, 

оның типтері күннен күнге  даму үстінде.  



Интерактивті оқыту әдістемесі».  

1.

 



Егерде сабақ үстінде оқушылар мен  оқытушылардың арасында тығыз қарым-қатынас 

байқалса бұлайша оқытуды біз интерактивті деп атаймыз. Әдетте мұндай қарым-

қатынас оқушылар әлдебір мәселені талқылап, соның шешімін табуға тырысқан кезде 

байқалады. Интерактивті оқытудың басты мақсатының өзі сол- оқушыларды өз 

бетінше ой қорытып, жауап таратуға үйрету.  

2.

 



Интерактивті әдістеме өзара қарым-қатынастың мол ауқымын қамтиды.  

3.

 



Оқу процесінің барысында оқушылар мыналармен қарым-қатынасқа түседі:  

4.

 



оқытушымен (оқушылар оқытушының сұрағына жауап берген кезде);  

5.

 



шақырылған адамдармен (немесе топ оқушыларының өздері әлдебір ұйымдар  мен 

адамдарға баруы мүмкін);  

6.

 

өзге оқушылармен (бірігіп жұмыс істеу барысында);  



7.

 

шағын топтармен (3-5 оқушымен);  



8.

 

оқушылардың үлкен тобымен (көбіне пікірталас, топ болып әлдебір мәселені 



талқылау барысында);  

9.

 



оқушылардың тобымен және халықпен (топ әлеуметтік сауалнама жүргізеді);  

10.


 

кейбір техника түрлерімен (мысалға компьютермен).  

Атауы 

Мақсаты 


Мәні 

Механизмі 



Жаңа технологиялардың түрлері 

 

 



Пайдаланған әдебиеттер 

1.

 



Назарбаев  Н.Ә.  Инновациялар  мен  оқу-білімді  жетілдіру  арқылы  білім 

экономикасына  

// Егемен Қазақстан. – 2006. – 27 мамыр. 

2.

 



Сулейменова Э.Д. Актуальные проблемы казахстанской лингвистики: 1991-2001.  

А, 2001. 84с. 

3.

 

Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. Алматы, 2005. 440б. 



4.

 

Николаева  Т.М.  Лингвистика  текста:  Современное  состояние,  синтаксис  и 



перспективы //Новое в зарубежной лингвистике. Вып. 8. М, 1978.  

5.

 



Валгина Н.С. Теория текста.М: Логос, 2003.-280-б. 

 

Даралап 



Оқушылардың 

танымдық, 

шығармашылық ой-

өрісін дамыту 

Оқу-танымдық міндеттерді 

дәйекті және 

мақсаткерлікпен ұсыну 

Ізденістік 

әдістер;танымдық 

міндеттер қою, ой 

операцияларын 

жүзеге асыру 

Модульдік 

оқыту 


Оқытуды 

оңтайландыру, жеке 

тұлғаның ойлау 

деңгейін бейімдеу 

Оқушының жеке жұмысын 

ізденімпаздықпен 

орындауы 

Мәселелік әдіс, жеке 

қарқынмен жұмыс 

Дамыта 


оқыту 

Жеке тұлғаны және 

оның қасиеттерін, 

ойлау қабілетін 

дамыту 

Білімін, біліктіліктерін 



шығармашылық ойлау 

қабілеті арқылы әлеуметін 

жетілдіру 

Оқушыларды алуан 

түрлі ой қызметі 

түріне тарту. 

Саралап 

оқыту 


Ойлау қабілетін 

және т.б. 

қабілеттерін 

дамытуға оңтайлы 

жағдай туғызу 

Бағдарламалық материалды 

әр түрлі жобадағы деңгейде 

ұсыну, міндетті деңгейден 

төмен емес. 

Жеке дара оқыту 

әдістері 

Ойын 


арқылы 

Білімді, білікті, 

дағдыны игерудің 

тұлғалық- қызметтік 

сипатын 

қамтамассыз ету 

Ақпараттар іздеуге, 

өңдеуге, игеруге 

бағытталған өз бетінше 

атқарылатын танымдық 

қызмет 

Шығармашылық 



қызметке тартатын 

ойын әдістері 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет