Көріскенде, Денсаулығың қалай


К.Серікбаева, Абай атындағы



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата07.01.2017
өлшемі6,87 Mb.
#1390
1   2   3   4   5

К.Серікбаева, Абай атындағы 

жалпы орта білім беретін  мектептің 

кітапханашысы. 

Ұ с т а з   м е р е й і

Жасыл  желек  жамылған,  Күн 

сандығынан 

шуақты 


нұр-сәулесі 

жібекше 


шашылған, 

жадыралы 

жаздың  келгеніне  бәрінен  бұрын 

оқу  жылын  артқа  тастап,  үш  айлық 

демалыс  қызығына  күмп  берген 

қылығымен  қасиетті  балалар  мәз. 

Бәлкім,  сондықтан  шығар  жыл 

сайын  сағындырып  келетін  жаздың 

ең  алғашқы  күні  –  1  маусымда 

дүниежүзілік  балаларды  қорғау  күні 

мерекеленеді  жер-жерде.  Осынау 

игі  дәстүрден  Бесқарағай  жалпы 

орта  білім  беретін  мектебі  жаңылып 

көрген емес. Биыл бақытты балалық 

шақ  түрліше  базарлыққа  мейілінше 

бөленді.


Мәжіліс 

залында 


«Бақытты 

балалық  шақ»  атты  сазды  шара 

ұйымдастырылды. 

Оның 


ашылу 

салтанатында 

балаларды 

жаз 


маусымының 

басталуымен 

құттықтаған  Қызылағаш  ауылдық 

округі 


әкімі 

Ж.Байтілеуова, 

Бесқарағай жалпы орта білім беретін 

мектебі 


ата-аналар 

комитетінің 

төрайымы 

Ж.Жанпейісова 

жүрекжарды  тілектерін  қуана-қуана 

білдірді. Бұдан кейін сәнді сахна төрін 

тек қана балғын балдырғандар билеп-

төстеді.  Айталық,  мектеп  жанындағы 

«Айналайын»  шағын  орталығының 

бүлдіршіндері 

балмұздақтай 

тәтті 


тілдерімен  құлақ  құрышын  сондай 

қандырған  шағын  өлең  шумақтарын, 

әндерін 

көрермендер 

назарына 

ұсынды. Кішкентай сахна жұлдыздарын 

дайындауда 

шағын 


орталық 

тәрбиешілері  Л.Қазбекова  және  жас 

маман А.Абдоллаева маңдай терін жай 

төкпегендері көзге бірден түсті. Мектеп 

жасындағы  оқушылар  да  концерттік 

шара  барысында  өнерден  аянып 

қалмады  тағы.  Оқу  жылы  бойында 

ән  шырқау  қабілетімен  көрермендер 

көзайымына  айналып  үлгерген  Алина 

Жанпейісова  бұл  жолы  да  қошеметке 

кеңелді.  Бірінші  сыныпты  тәмамдаған 

Рулан Мұратбай мен Ақылжан Ерқанат 

өздігінен  жұптасып  қазақша  әнді 

әуелетті. Орыс тілінде білім алып жүрген 

2-3  сынып  оқушыларының  квинтеті 

орындаған  ән  де  көпшіліктің  көңілінен 

шықты.  Ал  «Қыздар-ай»  би  тобының 

мүшелері  Ділназ  Зейнуллинова  мен 

Айдана  Серікпайдың  орындауындағы 

билерден соң орындарында жайғасқан 

көрермендердің  өзі  билеп  кетуге 

шақ  қалды.  Дәстүрінше  мерекелік 

бағдарламаның  соңында  демеушілер 

тарапынан  балаларға  ойыншықтар 

табыс  етілді.  Ата-аналар  комитеті 

тарапынан  А.Исабаев,  Қ.Әлдекенов 

сынды  азаматтар  осынау  сауапты  істі 

абыроймен  атқаруда  аянып  қалмады 

бұл жолы. 

Мерекенің жалғасы мектеп алдында 

түрлі түсті бормен неше түрлі сурет салу 

шарасымен жалғасты. Қиялдары шексіз 

балғындар  сурет  салуда  тақырыптық 

өріске  ерік  берді.  Біреулері  тату-

тәтті  жанұясын,  біреулері  алтыннан 

да  бағалы  достық-татулықты,  енді 

біреулері  армандап  жүрген  автокөлік 

һәм басқа да қажетті заттарды өздігінен 

әдемілеп  салуда  барын  салды.  Ал 

өнер  жарысы  сәтті  сабақталу  үшін 

балғындарға  тәтті  балмұздақтар  тегін 

таратылды. Мұндай жағдай жасағандар 

ішінде  сауда-саттықпен  айналысатын 

жеке 


кәсіпкерлер 

Л.Ахметованы, 

Н.Увакованы, 

Қ.Тиканованы, 

Бесқарағай  жалпы  орта  білім  беретін 

мектебі ұжымын ерекше атап өткеніміз 

жөн.

Биыл мектеп жанында «Арай» жазғы 



сауықтыру лагері өз есігін айқара ашты 

сол күні. Оның сапалы жұмыс жасауын 

қадағалап  бақылайтын  арнайы  штаб 

құрамы  жасақталды.  Маусым  айы 

бойы  екі  кезең  аралығына  шақталған 

лагерьде  қырықтан  аса  бала  сергіп 

тынығады. Олардың денін мектепалды 

даярлық  тобының  тәрбиеленушілері 

мен  бастауыш  сынып  оқушылары 

құрайды. 

«Арай» 

лагерінде 



демалушылардың  игілігіне  «Шымыр», 

«Балдәурен»,  «Шынық»,  «Білгірлер», 

«Көңіл-күй», 

«Кітап 


достары» 

атты  үйірмелер  жұмыс  істейді.  Әр 

үйірмеге  жауапты  қызметкерлер  де 

әуелден 


тағайындалды. 

Лагерьдің 

екі 

кезеңдік 



маусымына 

жалпы 


жетекшілікті жас маман Ж.Әлдекенова 

атқаратын  болады.  Асхана  мәзірі  де 

балалар  денсаулығын  сауықтыруға 

лайықталды. 

Сонымен  қатар  маусым  айында 

бастауыш 

және 

орта 


буын 

оқушыларына  арналған  қоғамдық-

гуманитарлық бағыттағы пәндік үйірме 

қызмет  көрсетеді.  Оған  жетекшілікті 

мұғалім А.Әлдекенова жасайды. 

Қоғамдық-пайдалы  еңбек  тәрбиесі 

мақсатымен 5-8, 10 сынып оқушылары 

жаз  бойы  мектеп  жанындағы  бау-

бақшаны,  мектеп  алдындағы  гүлдерді 

баптаумен айналысады.        



Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ.

ЖАЗҒЫ «АРАЙ» һәм БАСҚА 

ДА НҰР-СӘУЛЕЛІ ШУАҚ 

Б а қ ы т т ы   б а л а л ы қ   ш а қ  

М е к т е п   ө м і р і

Беларусь  Республикасының  табиғи 

ресурстар  және  қоршаған  ортаны 

қорғау 


министрлігінің 

ағымдағы 

жылдың  25-сәуіріндегі  Дүниежүзілік 

қоршаған 

ортаны 

қорғау 


күніне  

орайластырып, 

 

кедендік 



одақ 

мемлекеттердің 

аумақты 

тазалау 


және  жерді  реттеу  жұмыстарын 

жүргізу  бойынша  Ямышев  ауылдық 

округінде акция ұйымдастырылды.

Ауылдық  округ  әкімшілігі,  мектеп, 

балабақша 

ұйымдары, 

«Тұз 

қала»  және  «Қалатұз»  демалыс 



орындарының, Маңғыстау  биоресурс 

өкілдірінің  қатысуымен  «Қалатұз» 

көлінің  маңайы  тазартылды.  Бұл 

акцияға  барлығы  30-шақты  адам 

қатысып, 5 тонна қоқыстан көл маңайы 

тазартылды.



М.Балтабаев, Ямышево ауылы.

Сенбілік откізілді

Р е д а к ц и я ғ а   х а т

Еске алу

Аққу  ауылының    тұрғыны    болған,  сүйікті  ұлым,  асқар 

тау  әкеміз,  аяулы  адал  жар,    немерелерінің  сүйікті  атасы, 

аға-апаларының  серігі  болған  Сматаев  Нұрлыбек 



Жұмабайұлының фәниден бақиға озғанына 2014 жылғы 10 

шілдеде 1 жыл толады.

Ардақты ұлымның жарқын бейнесі, жайдары жүзі, жайсаң 

мінезі жүрегімізде мәңгілікке жатталып қала бермек.

           Жыл өтті, ортамызда айсыратып

           Кеткеніне, жүрегімізді қан жылатып,

           Жылайды әлі күнге жүрегіміз,

           Қайысқан қабырғамыз жанға батып.

           Жан әке, жатқан жерің жарық болсын!

           Төселген ақ төсегің мамық болсың!

           Жәнаттың рахатына кенеліңіз,

           Ұрпағының тілеуі қабыл болсын.

Сүйікті  ұлымды  сағына  еске  алып,  жатқан  жері  жарық, 

топырағы  мамық  болып  Аллаһ  Тағала  мәңгілік  мекеніне 

нұрлы шуағын төксін деп дұға оқып, медет тілеудеміз. 

 Сағына еске алушылар:  анасы, аға-апалары, жары, балалары, немерелері.



ХАБАРЛАНДЫРУ:

      Ардақты  ұлым,  марқұм  Сматаев  Нұрлыбек  Жұмабайұлының  бақилық  болғанына 

1 жыл толуына орай 2014 жылғы 21-ші маусымда сағат  12.00-де Аққу ауылы Ғабдыл-

Уахит хазіреті орталық мешітінде Құран бағышталып, Құдайы ас беріледі.

РИЗАХАН КҮЛЖИЯН РИЗАХАНҚЫЗЫН ЕСКЕ АЛАМЫЗ

Төсағаш  ауылының  тұрғыны  болған  аяулы  ана,  асыл  әже, 

ақ пейілді жеңге, жанашыр туыс бола білген марқұм Ризахан 



Күлжиян  Ризаханқызының  фәниден  бақиға  озғанына  2014 

жылғы 28 маусымда 40 күн толады. 

Марқұмның жадыраған жылы жүзі, жарқын көңілі, ақ пейілі, 

кең жүрегі бәріміздің есімізде мәңгілік жатталып қала бермек. 

Бүгінде бәріміз марқұмды сағынышпен еске алып, жатқан жері 

жарық,  топырағы  мамық,  мәңгілік  мекеніне  Аллаһ  Тағалам 

нұрын шашсын деп, дұға оқып, медет тілеудеміз.

Қайтерсің, Алла ісіне амал бар ма?

Қолдан келер пендесінде шара бар ма?

Ортамызда отырса күлім қағып,

Жүруші еді бәрімізге нұрын шашып.

Жабырқауда жүректер, көңіл – алаң,

Жоқтығыңа сенбейді ешбір балаң.

Есік жаққа елеңдеп бас бұрамыз,

Кіріп келетұғындай, басып аяң.

Сағынамыз, аңсаймыз өзіңізді,

Шуақ шашқан әппақ, жарқын жүзіңізді.

Алдыңыз-пейіш, артыңыз-кеніш болып,

Аруағыңыз қос дүниеде разы болсын!

Сағынышпен еске алушылар: балалары, немерелері, жиендері, туған-туысқандары.



ХАБАРЛАНДЫРУ

:

 

2014  жылғы  21  маусымда  сағат  12.00-де  Төсағаш  ауылында  марқұм  Ризахан 

Күлжиян Ризаханқызының қырқына орай дұға оқылып, Құдайы ас беріледі.

Бесқарағай ауылының тұрғыны, Бесқарағай орта 

мектебінің түлегі  Тілектес Әйгерім Бауыржанқызын 

мектепті  үздік  бітіріп,  «Алтын  белгі»  иегері 

атануымен шын жүректен құттықтаймыз! 

Әйгерімге  тілер  тілегіміз  шексіз.  Денің  сау 

болып,  үлкен  өмірге  қаққан  қанатың  талмасын. 

Өзіңе  қуанышы  мен  қиындығы  аралас  жүретін 

өмір  атты  ұзақ  жолдың  аяғы  талмас  жолаушысы 

бол  демекпіз.  Көздеген  мұрат-мақсаттарына  қол 

жеткізіп,  армандарың  орындалсын.  Келешегің 

кемел, болашағың нұрлы болсын. Жұртқа жұғымды, 

елге сүйкімді қалпыңнан айнымай, алда талай асу 

белестерді бағындыра бер. 

Алдағы  баспалдақтардан  сүрінбей,  білімің  мен 

алған  тәрбиелерің  әрқашан  жеңіске  жолықтырсын, 

қадамдарыңа гүл бітсін деп тілейміз!

Тілек білдірушілер: атасы Тілектес, әжесі Ләззат, 



туған-туысқандары

Құттықтаймыз!



14.06.2014ж.  № 23 /7699/

А ќ ќ у   ‰ н і

8

Редактор

А.Қ.БИЖАНОВА.

Лебяжі ауданының әкімдігі.

Меншік иесі: “Лебяжі ауданы әкімдігінің “Аққу үні” - “Вести Акку” Лебяжі аудандық 

газетінің редакциясы” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. 

Газет  Қазақстан  Республикасының  Байланыс  және  ақпарат  министрлігінде  2011 

жылғы 1 желтоқсанда тіркеліп, тіркеу туралы №12152-Г куәлігі берілген.

Мекен-жайымыз:

Павлодар  обл.,  Лебяжі  ауда-

ны,  Аққу  ауылы,  Амангелді 

көшесі,69/2.

е mail: Akku_yni @ mail.ru

Газеттің нөмірі «Аққу үнінің» 

компьютер орталығында

теріліп, беттелді.

Басылым Павлодардың «ДОМ ПЕЧАТИ» ЖШС баспаханасында 

басылады, Павлодар қаласы, Ленин көшесі, 143 үй.

Газеттің сапалы басылуына баспахана  жауап береді.

Телефоны: 61-80-31. Хаттар, қолжазбалар, фотографиялар мен 

суреттер  рецензияланбайды  жəне  қайтарылмайды.  Редакция 

оқырмандардан  түскен  барлық  хаттарға  тегіс  жауап  беруді 

міндетіне  алмайды.  Жарнамалық  материалдардың  мазмұнына 

жарнама берушілер жауап береді, автордың пікірлері редакция 

ұстанған көзқарасқа сəйкес келмеуі мүмкін.

Тапсырыс: 729                               Таралымы:1197 дана.

Қ ұ р ы л т а й ш ы л а р :

Телефонымыз: 21-0-82. 

Газет  аптасына  бір 

рет  қазақ  тілінде  əр 

сенбіде шығады. 

Баспа индексі: 67361

Қазақстан 

Республикасы 

Президенті 

«Қазақстандық  жол-2050:  бір  мақсат,  бір 

мүдде,  бір  болашақ»  атты  Жолдауында 

қазақстандық  мемлекеттіліктің,  сонымен 

қатар 


демократияның 

дамуын 


бекіту 

бойынша негізгі бағыттарды анықтады.

Әлемнің  30  дамыған  елдерінің  қатарына 

біздің  еліміздің  қосылуына  ел  Президенті 

ерекше назар аударды.

Елбасы атап өткендей, негізгі міндеттердің 

бірі  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  жаңа 

Стратегияны қалыптастыру және іске асыру, 

сонымен  қатар  шағын  және  орта  бизнесті 

қолдау мен қорғау болып табылады.

Сонымен,  2014  жылғы  27  ақпандағы 

№757 


«Қазақстан 

Республикасында 

кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту 

жөніндегі  түбегейлі  шаралар  туралы» 

Елбасы 

қабылдаған 



Қаулыға 

сәйкес 


ағымдағы  жылғы  2  сәуірден  2015  жылғы 

1  қаңтарға  дейін  шағын  және  орта  бизнес 

субъектілеріне тексеріс жүргізуге мораторий 

жарияланды.

Шағын  және  орта  бизнестің  дамуы  – 

Қазақстанның  ХХI  ғ.  индустриалды  және 

әлеуметтік жаңғыруының басты құралы. 

Шағын  және  орта  бизнесті  қорғау 

қаржы  полициясы  органдарының  басым 

міндеттерінің 

бірі 

болып 


табылады. 

Көлеңкелі экономика субъектілерін, бюджет 

жобаларын іске асыру саласында жұмыспен 

қамтылғандарды, 

анонимді 

қараулар 

жөнінде  тексеріс  жүргізуді  қоспағанда, 

бизнесті  тексеруге  мораториді  жариялау 

қазақстандық кәсіпкерлердің әділ бизнесінің 

даму қауіпсіздігін көрсетеді. 

Облыс  қаржы  полициясы  органдарының 

алдын  алу  шараларының  арқасында 

бақылаушы  құрылым  жағынан  бизнеске 

негізсіз араласу фактілері жойылды.

Павлодар  облысының  қаржы  полициясы 

органдарының 

өңір 

кәсіпкерлерімен 



тығыз  өзара  қатынасы  біздің  сеніміміздің 

көтерілуіне,  сонымен  қатар  сыбайлас 

жемқорлыққа    қарсы   құқықбұзушылықтардың 

алдын  алу  және  ескерту,  экономика  мен 

қаржы  саласында  қылмыстар  бойынша 

бірігіп жұмыс жасауына мүмкіндік береді.



П.Вырвинский, 

«Резон» ЖШС директоры.

Қазақстанның болашағы 

біздің қолымызда!

Қарақала  ауылының  тұрғыны  болған  асқар  тау  әке,  немере-жиендері, 

шөберелерінің  сүйікті  атасы  бола  білген  Керейбайұлы  Ғабдылуап  атам 

ортамызда  болса,  2014  жылдың  маусым  айының  14-ші  жұлдызында  77 

жасқа толар еді. Атамның жайдарлы жүзі,  жылы сөздері, ақыл-парасаттары 

санамыздан еш өшер емес. Атамды сағынышпен еске аламын. Атамның 

жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын деп дұға етемін.

Керейбайұлы Ғабдылуапты еске аламыз

Лебяжі жалпы орта білім  беретін мектебінің ұжымы Лебяжі мектебінің  мұғалімі 

Есімов  Ғабиболлаға ағасы 

Нәсіполла Есімовтың

  мезгілсіз қайтыс болуына байланысты, қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

Біздің  тұрып  жатқан  елімізге    және  Қазақстан 

Республикасының 

Тұңғыш 

Президенті, 



Ұлт 

Көшбасшысы  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевқа 

деген  құрметім  зор.  Бүгінгі  күні  Елбасының 

мемлекеттегі  жүргізіп  жатқан  бейбітшілік  және 

сындарлы  саясатын  барынша  қолдайтынымды 

білдіремін.

Мен,  Махмудова  Хава,  қазақ  елінің  кең  байтақ 

жерінде өстім. Мұнда мен мектепке барып,  жоғары 

білімді де игердім.

Мені  бауырына  басып,тәрбиелеп  өсірген  жеріме 

деген  алғысымды  халық  игілігіндегі  қызметіммен 

дәлелдеймін. 

Олай  дейтін  себебім,  1944  жылы  шешен-ингуш 

және  көптеген  басқа  халықтардың  тағдырын  қара 

көлеңке  жапты.  Бірақ  халық  бұл  жерде  өздерінің 

абыройын  жоғалтпады,  қиын-қыстау  кезінде 

болашаққа  деген  үміттерін  сақтап  қалды.  Өйткені 

жанында  демеп  отырған  қазақ  ағайыны  болды. 

Олар  көңілінің  кеңдігімен,  жүздерінің  жылуымен, 

тамағы  мен  үйімен  бөлісіп,  ортасына  алды.    «Нан 

үзіндісінің құнын аштықта білесің, нағыз достықтың 

құнын қайғыда білесің» - деген даналы сөз бар. Оны 

бізге үлкендер күнде айтады, бұл сөздің мағынасын 

біз  ешқашан  ұмытпаймыз.  Сондықтан  Қазақ  еліне 

жер ауған көптеген этностардың өмірі мен тағдырын 

сақтауда қазақ халқының рөлі шексіз.

Бізді  ерекше  тәнті  еткені  қазақ  жұртының 

татулығы  мен  дархан  даласындай  кеңпейілдігі. 

Жетімін  жылатпаған,  жесірін  қаңғытпаған  халық 

жер  аударылған  халықтарға  жаңа  өмір  бастап, 

бастарынан  өткен  қайғы-қасіретті  ұмытуға  септігін 

тигізді.  Қазақстанның  көптеген  халқы  -  қазақтар, 

орыстар, немістер, украиндар, қырғыздар бір-біріне 

қол ұштарын беріп, тату-тәтті, жұмылған жұдырықтай 

ұйып отыр. Бір қазақ атам: «Адам болу - бұл аман 

қалуға ғана емес, бұл әрқашан адам болып қалуға 

айтылған  сөз.  Осылай  тәрбиеленген  ұрпақпыз» 

деген болатын.

Үлкендер  үйреткен  достық,  сыйлық,  туып  өскен 

жерге  деген    сүйіспеншілік  сезімімізді  іс  жүзінде 

дәлелдеп, елдің өркендеу жолында аянып қалмауға 

ант етеміз



Хава Махмудова, 

облыстық шешен-ингуш этномәдени 

бірлестігі басқармасының өкілі.

Қазақ еліне ризамын

Мен,  еліміздегі  алғашқы  алюминий 

өндіретін  бірегей  кәсіпорын  -  Қазақстан 

электролиз зауытының жұмыскері атанған-

ымды  мақтан  тұтамын.  Өйткені,  1997 

жылдың маусым айында мемлекетіміздің 

бас  металлургі  Нұрсұлтан  Әбішұлы 

Павлодар  облысында  болашақ  зауыт 

құрылысының  белгісі  ретінде  капсуланы 

орнатқан еді. Ал 2005 жылдың мамырында 

Елбасы 

зауыттың 



бас 

корпусының 

іргетасын  қалауына  қатысты.  2007  жылы 

зауытымыздың  алғашқы  салтанатты  іске 

қосу кешенінде. Президентіміз өз сөзінде, 

қысқа  мерзім  аралығында  заманауи 

өнеркәсіптік 

алпауыттың 

қабырғасын 

орната  отырып,  біз,  металлургтер  мен 

құрылысшылар  еңбектегі  ерлігімізбен 

ерекшелендік деп атап өтті. Осы қанатты 

сөздер менің есімнен ешуақытта кетпейді, 

сондай-ақ,  осы  әрекеттерге  өзімнің  де 

қатысым бар екенімен мақтанамын. 

Біз, 


жас 

металлургтер, 

еліміздің 

әлеуметтік-экономикалық 

мерейлерін 

нығайту  үшін,  Отанымыздың  ұлтаралық 

бірлігін  сақтап  қалу  үшін,  оның  рухани 

және  мәдени  әлеуетін  дамыту  үшін    бар 

күшімізді  аянбай  саламыз.  ҚЭЗ  ұжымы 

алдағы  уақытта  да  мемлекетіміздің 

экономикалық  және  әлеуметтік  өміріне 

белсенді қатысатын болады. 



Сергей Рудченко, 

 ЖСШ инженері.

Мақтан тұтамын

К ө з қ а р а с

Құрметті Гүлбарам Жақыпбекқызы

Сізді  туған  күніңізбен  шын  жүректен 

құттықтаймын.  Мерекелі  мерейтой  күні 

денсаулығыңыз күйлі – қуатты, ғұмырыңыз 

ұзағынан,  көрер  қуанышыңыз  молынан 

болсын деп тілеймін!

Еңбекте 

қажыр 


– 

қайратыңыздың 

арқасында  талай  абырой  биігінен  көрініп, 

ұрпағыңызға үлгі болар абзал жан ретінде 

өзіңізді  танытып  –  ақ  жүрсіз.  Жүрегіңізге 

Алланың нұры құйылып, зор денсаулықпен 

жасай  беріңіз!  Әрдайым  отбасыңыз  аман, 

жүзіңіз жарқын,мерейіңіз үстем болсын!

Құтты болсын бүгінгі туған күніңіз,

Әріптестерге биік тұлға – ұстазсыз.

Қуанамыз өзіңізбен біз бүгін,

Шықсын ылғи алдыңыздан ізгі күн.

Алғы күннен күтер әркім жақсы үміт,

Келе берсін Сізге ылғи бақ күліп.

Шаттық  пенен  көріп  таңның 

арайын,


Жаратушы 

төксін 


игі 

жақсылық.

55-мерейлі жас сіз үшін,

Еңбегіңіз еселенсін ел үшін.

Әлі талай қызықтарға кенеліп,

Бұл өмірдің көріңіз тек жеңісін.

Ізгі ниетпен: Е. Шакиров.

Құттықтаймыз!

Атамыз алыстады арамыздан

Айрылдық жебеп жүрген панамыздан

Асқар таудай биік шың дарамыздан

Еш өшпейді есімі санамыздан.

Көңілің ашық жарқын жайсаң еді

Ер тұлғаға тән мінез қайсар едің

Еркелеткен әрбір жылы сөздеріңнің

Астарынан  мол  махаббат  байқап 

едім.

Өзіңше еркелеттің балаларды



Ақылыңмен толтырдың саналарды

Аташым өзіңді қатты сағынамын

Амал қанша тағдырға бағынамын.

Еске алушы: жиені Баймулды Әйгерім

Лебяжі  ауданы,  Бесқарағай  ауылының 

тұрғыны  адал  жар,  қамқор  әке,  сыйлы 

замандас  бола  білген  Ережеп  Қасымұлы 

(Омаров 


Талғат) 

2014 


жылдың 

19 


маусымында  дүниеден  озғанына  10  жыл 

толады.  Ардақты  әкемізді  сағына  еске  ала 

отырып,  жатқан жері жарық, топырағы торқа, 

жаны жәннәтта, иманы саламат болсын деп 

тілейміз.

Әке, өзіңді сағынамыз қашанда,

Орның толмас дара тұлға есімің.

Көз алдымда асыл бейнең әкешім,

Сағынамыз, мұңаямыз біз бүгін.

Айтқан сөзің бәрі, бәрі есімізде,

Сағынышпен сізді әрдайым еске алып.

Үйдің іші, дастархан басындағы орның да,

Бәрі, бәрі бос болып тұрады да.

Тағдырға не шара, - деп күрсінеміз,

Асыл әкем, жатқан жерің жарық болсын қашанда.

Еске алушылар: жұбайы Күмісай, балалары Ринат- Зарина, Азат 



–  Айжан,  Сұңғат,  Аңсарым,  Мерхат,  немерелері  Аружан,  Сұлтан, 

Есім.  

 Ережеп Қасымұлын

 (Омаров Талғатты)  еске аламыз

        Бәсентиін-Андас  және  өзге  де    бәсентиін    рулары  шежіресінің 

басылымы дайындық үстінде.

    Осы  бағытта    бәсентиін  рулары  азаматтардан  өзіңіздің  және  өзініз 

білетін  тармақтар  туралы  төменде  көрсетілген  телефон  нөмірлеріне 

хабарласып, мәлімет берулеріңізді сұраймыз.



Сот. Тел: 8705 444 66 22 Даурен Аяшинов.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет