Көрісу күні Гүлнұр: Алақай,Алақай! Көктем келді. Алдияр



Дата04.04.2022
өлшемі17,74 Kb.
#29743

Көрісу күні

Гүлнұр: Алақай,Алақай! Көктем келді.

Алдияр: Қандай керемет көктемнің келгені, қыстық киімді шешіп,жеңіл киінеміз.

Гүлнұр: Алдияр білесің бе? Мен көктемді жақсы көремін. Себебі, осы көктемде менің бөпем бір жасқа толды. 

Алдияр: Қандай күшті! Сенің үйінде бүгін туған күн тойлаймыз! 

Екеуі: Алақай! Алақай! 

Әже! Әже!

Әжесі-Аяжан: Құлындарым-ай, қайда жүрсіңдер? Ойнап жүрсіңдер ме? 

Гүлнұр: Әже, біз қыстың киімдерін шешіп, жеңіл киіндік. Себебі, Көктем келді! 

Әже-Аяжан: Ия, балам. Дұрыс айтасын, қыс кетіп, қар кетті. Сол себепті, бүкіл адамзат жеңіл киімге көшеді. Жеңіл, әдемі көңіл-күймен жүреді ғой. 

Алдияр: Әже, Көктемде көп мереке бар. Оның бірі, сіздің немереңіз бір жасқа толды. Солай емес пе? 

Әже-Аяжан: Иә,иә. Солай. Бір жастарын құтты болсын! Жыл құтты болсын, Айналайындарым! 

Гүлнұр: Әже, не ойладыңыз? 

Әже-Аяжан: Бүгін "Көрісу күні". Құдалар келеді, көршілер келеді. Соған ас дайындау керек, дастархан дайындау керек. 

Алдияр:Әже, "көрісу күні" деген ол қандай мейрам? 

Әже: Көрісу күні деген Наурыз мейрамының ең алғашқы күні. Қыстан шаршап шыққан жұрт бірін-бірі көріп, қауышып, біріне-бірі амандығын айтып қонаққа келеді. Өкпелері бар адамдар кешірім сұрап, реніштерін ұмытады. Әсіресе,  жасы кішілер үлкендерге барып, сәлемдерін айтады. Бұл "тоқшылық" болсын деген ырым. 

Алдияр: Әже, біз де қонақтатсақ болады ма?

Әже-Аяжан: Әрине ботам, болады. Бүгін бүкіл үйдің есігі ашық. 

1-бала(Гүлнұр): Кеттік, Алдияр. Өткенде біз Айымды ренжітіп алып едікқой. Барып, кешірім сұрайық. 

2-бала(Алдияр): Иә, кеттік. 

Әже(Аяжан): Қонақтар келіп қалса, оларға дастархан дайындасын деп келіндерге тапсырма берейін. -Келіңдер, дастархан жасай беріңдер. Қазір құдалар келеді. 

Келіндер(Аружан, Диляра, Айсұлу): Жарайды, апа. 

Құдалар(Мансұр, Нұрали, немерелер(Айбота, Дәурен), массовка): ӨЛЕҢ “Ахау, гүлдер айым

1-Құда(Мансұр): Ассалаумағалейкум. 

Әже(Аяжан): Құдалар келіп қалыптығой. Қош келдіңіздер! Төрлетіңіздер!

Құдалар(Маржан, Алтынай, Диас): Сәлеметсіздер ме! Бір жастарыңызбен! 

(БАРЛЫҒЫ БІР-БІРІМЕН АМАНДАСАДЫ. АРТҚЫ ФОНДА ҰЛТТЫҚ ӨЛЕҢ)

ДАСТАРХАН БАСЫНДА

Әже(Аяжан): Ал, құда, қош келдіңіздер! Үй ішіңіз, балалар аман ба? Мына немерелеріңіздің өркендері өсе берсін!

2-құда(Нұрали): Қош көрдік! Бір жас құтты болсын. Міне бүгін немерелерімізді алып келдік. Өз өнерлерін көрсетіп, үлкен кісілердің батасын алсын деп. 

Әже(Аяжан): Ал құда, қеліңіздер, жайғасыңыздар! Көрісу күні құтты болсын. Немерелеріңізбен көрісу үшін келіп отыр екенсіздер, қазақта “Қонақ кәде” деген дүние бар. Балалардың өнері болса, тамашалайық. 

1-құда(Мансұр): Кәне, балалар. Ал бастайық. 

1-немере(Айбота) өлең

Үлкендер( барлығы): Әп, бәрекелді. Өркенің өссін, қарағым. 

2-немере(Дәурен): домбыра

1-құда(Мансұр): Жарайсыңдар балалар. Ал, қолдарыңды жайындар. Ақ батамды берейін. 

Ұлысың оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда барса да жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін,

Бәле-жала жерге енсін!

Ұлы халқым тоқ болсын,

Көйлектерің көк болсын!

Қайғы уайым жоқ болсын,

Қуаныштарың көп болсын!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет