Көркем еңбекті ұйымдастырудың дәстүрлі емес формалары



бет1/2
Дата21.10.2022
өлшемі0,5 Mb.
#44666
  1   2

Көркем еңбекті ұйымдастырудың дәстүрлі емес формалары

Қазақстан Республикасының бүгінгі де, болашақтағы да кемелділігі, өркендеуі, рухы биік ұрпақ тәрбиесін жандандыру міндеттерінің тиімді шешілуіне оның прогресіне тәуелді екендігін Еліміздің тұңғыш президенті өзінің « Қазақстан жолы 2050» халыққа жолдауында атап көрсеткен болатын. Осы ретте, яғни ұрпақ тәлім-тәрбиесін дамыту бағытында соңғы кезде мемлекет тарапынан игі қадамдар жасала бастады. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды.



Көркем еңбекке баулу — мұғалімнің оқушыларға техникалық,технологиялық білім мен білік беретін, оқу мен еңбек үрдісін ұйымдастыратын ,балаларды перспективалық технологиямен таныстырып,олардың перспективалық көзқарасын қалыптастыратын оқу үлгісі. Технологиялық еңбек сабақтарын жоспарлау оқу үрдісін ұйымдастырудағы нақтылы,бағдарламада қойылған мақсаттарды жүзеге асыруға, шеберханаларды ұтымды пайдалануға,сапасы жоғары өнім дайындауды қамтамасыз етеді. Оқушылар сабақта еңбекке қатысты нақты білім мен білікті игереді.
Көркем еңбекке баулу пәні адамның өзін қоршаған ортамен өзара байланысы жайлы білімдерін қалыптастыруға, еңбек әрекетінің рөлін түсінуге, сондай-ақ еңбек сүйгіштікке, адамдар мен олардың еңбегінің нәтижесіне құрметпен қарауға тәрбиелеуге көмектеседі. Көркем еңбек сабағында мұғалім шеберлігіне сай түрлі материалдармен жұмыс істеу оқушылардың технологиялық ойлауын, көркем эстетикалық талғамын, шығармашылық, фантазиясымен қол моторикасын дамытуға көзбен нақты мөлшерлеу қабілетін жетілдіруге көмектеседі.
Еңбек тәрбиесі үшін өте маңызды көркем еңбек сабағы, онда оқушылар еңбек дағдыларына үйренеді, техникалық білімді игереді. Сабақ барысында оқушылар жалпы және техникалық білімге сүйенеді. Білім еңбек сабақтарының ғылыми негізі болады, ал еңбек сабақтары мен тәрбие барысында оқушылар алған өмір тәжірбиесіне теориялық білім жүйесі арқылы түсінеді. Еңбек сабақтарының процесін жетілдіру оқушылардың еңбекке зерттеу және шығармашылық қатынасын қалыптастырады.
Қазіргі кезде шығармашылық еңбекке ,еңбек тәрбиесіне ерекше көңіл бөлуде.Себебі адамның жан-жанжақты және үйлесімді дамуында еңбек шешуші факторлардың бірі.
Еңбек арқылы адамның денесі, көзқарасы, эстетикалық және ақыл-ой деңгейі дамып жетіледі, еңбектің мәні және құндылығы артады. Адам еңбексіз дамымайды кері кетеді, азады. Сол себепті баланы еңбекке баулу қоғамның ілгерілеп дамуы үшін қажетті және еңбекке баулудың негізі бастауыш сыныпта қаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет