Көркем әдебиеттерден ұлттық сипатқа ие метафораларды теру



бет1/7
Дата23.04.2022
өлшемі29,93 Kb.
#31979
  1   2   3   4   5   6   7

1.Көркем әдебиеттерден ұлттық сипатқа ие метафораларды теру

Көркем шығарма

Үзінді

Ұлттық сипатқа ие метафора

Талаптан Ахметжан

«Сұлу мен суретші»


... қожайынға бүгін тағы қансонар! (Ол бірсарынды толассыз қарбалас тірлігінен қажығанда, көрмелер мен кездесулерден, келісімшарттарға қол қою мен журналистерге интервью беруден жалыққанда сыланып-сипанып, айна алдынан айналшықтап шықпай, қыз-қырқынның телефоны тізілген жуан қоңыр блокнотын қайта-қайта ақтарып: «Бүгін бір қансонарға шығып қайтатын екен!» – деп миығынан мырс-мырс күлетін-ді).(4, 80); Қожайын «қансонарға» шыққан күні қанжығасын қандамай қайтқан емес... (4, 80). 

Жалпы қансонар ұғымы қазақ халқының дүниетанымына ықылым замандардан тән. Алғаш қар жауғанда аң аулау аса қолайлы, кез келген хайуанды ізіне түсіп, оңай олжалауға болады. Автор кейіпкерінің өз жеке бас қамын ғана күйттейтін, танауынан арғыны көрмейтін ой-өрісі тар адам екендігін аталмыш бірлікті қолдана отырып, шеберлікпен көрсете алған. 





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет