Көркем мәтіндегі образдар мен персонаждар композициясы



Дата06.01.2022
өлшемі59,29 Kb.
#15941
  • Әдебиет туралы жалпы түсініктердің бәрінің құйылар арнасы, ең басты және өзектімәселесі-образ және образдылық.Кең ауқымда алып қарасақ, көркем образ-өмірлік

Әдеби шығарма не туралы жазылса да бәрібір, сайып келгенде, бәрі де адам, тек адам туралы ғана сыр шертеді. Көркем шығармаларда суреттелетін табиғат көріністерін, яки пейзажды да әншейін бір уақыт пен кеңістіктің дерегі ретінде даралап қарамай, адам образын толықтыра түсетін тәсілдің, бірі деуімізге болады. Образдың жасалу тәсілдеріне лайық образдың түрлері туады.

Әдеби тек тарапынан келгенде, образ үш түрлі: эпикалық образ. лирикалық образ, драмалық образ. Ал, жалпы жасалу тәсілдеріне келетін болсақ, образ юморлық, сатиралық, фантастикалық, трагедиялық, комедиялық, қаһармандық, т.б. бейнелер деп бірнеше тұрғыдан жіктеуге болады.

Әдебиеттегі көркемдік әдіс, негізінен екі түрлі:(романтизм, реализм).

  • Лирикалық образ - сыршыл өлең-жырлардағы ақынның өз бейнесі, оның ішкі бітімі, сыры мен сезімі. Мұнда, эпикалық образдағыдай ұзақ, кең, мол суреттеліп, жан-жақты ашылған адамның сыртқы кеипі де, тағдыры да, қимыл-қаракеті де көріне бермеуі мүмкін.Лириканың міндеті өмір құбылыстарының әсерінен туған адамның ойлары мен сезімдерін бейнелеу болып табылады.

Романтикалық образ - әдебиеттегі адам бейнесінің байырғы түрлерінің бірі. Бұл образдың алғашқы үлгілері баяғы көне дүние әдебиетінде, әсіресе мифте, немесе қай халықтың болса да ауыз әдебиетінде жатыр. Бұл образ өмірдегі болған немесе бар деректен гөрі өмірде әзірше жоқ, бірақ болатын дерекке негізделеді.Романтикалық образ – қай жанрдың туындыларында болас да молынан кездесетін, образдың дәстүрлі, қалыптасқан түрі.

Реалистік образ - әдебиеттегі адам бейнесінің ең сымбатты, шынайы түрі. Реалис – сөзінің латын тіліндегі мағынасы заттық деген ұғымды білдіреді. Сонымен қатар, «шындық, шыншыл, шынайы, ақиқат» деген сияқты ұғымдарды да білдіреді. Демек, өнер түрлеріне қатысты қалыптасқан реалистік образ ұғымы өмірлік шындыққа негізделген, эстетикалық-тәрбиелік мәні зор, қоғамдық сипаты айқын, өз бойына жалпылық және жалқылық белгілерді қатар дарытқан, сонымен бірге қоғамдық, көркемдік дамуға байланысты ұдайы өзгеру, жетілу үстінде көрінетін шыншыл бейне деген түсінікті білдіреді.Реалистік образ – нанымды образ:оның мінез-құлқа, іс-әрекеті, оны қоршаған орта, оның басынан өтетін оқиға, бәрі өлшеулі.


  • Эпикалық образ - жазушының авторлық баяндаулары мен әдеби қаһарманның өзінің сөздері, яғни кейіпкер сөзі арқылы жасалатын орбаз. Портрет пен мінездеу, диалог пен монолог, түрліше сезімдер мен харакеттерді суреттеу секілді көркем бейне жасаудың көп- көп амал-тәсілдер, әсіресе эпикалық образ үшін керек.

Назарларыңызға рахмет!!!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет