Көркем мәтіндегі троп түрлері Сөйлеу әрекеті кезінде бір сөзді, сөз тіркесін, сөйлемдерді қайталап қолдану жиі кездеседі. Қайталама тілдік жүйеге тән лингвистикалық құбылыс болып саналады



Дата06.01.2022
өлшемі39,48 Kb.
#11417

Көркем мәтіндегі троп түрлері Сөйлеу әрекеті кезінде бір сөзді, сөз тіркесін, сөйлемдерді қайталап қолдану жиі кездеседі. Қайталама – тілдік жүйеге тән лингвистикалық құбылыс болып саналады. Дыбыстардың, сөздердің, сөз тіркестерінің қайталануы дүниежүзіндегі тілдердің барлығында кездеседі. Әлемде бірде-бір тіл осы тәсілсіз өмір сүре алмайды. Осы құбылысты Ж. Вандриес былай деп атап көрсетеді: «Повторение это один из приемов, вышедших из языка аффективного»  Қайталама термині қазақ тіл білімінің негізін салушы А. Байтұрсынов еңбегінде «қайталақтау» деп берілген. «Бір сөзді яки бір лебізді қайта-қайта айту қайталақтау деп аталады. Онда қайта-қайта айту нәрсенің өзіне яки ғамалына көбірек назар салыну үшін істелінеді. Сондай-ақ автор қайталаманың «еспелей қайталау» деген түрін көрсетеді» Бүгінде қайталама процесі жан-жақты зерттеліп, қарастырылуда. 1980 жылдардан бастап қайталама тақырыбына байланысты бірнеше докторлық, кандидаттық диссертациялар жарық көрді. Олардың қатарына қайталамалардың лингвистикалық жүйесін қарастырған О. Бүркітовтың докторлық диссертатциясы қайталамалардың лексика-семантикалық құрылымын қарастырған Т.Б. Қалабаеваның қайталамалардың табиғатын тануға арналған Н. Қожабергенованың , қайталамалардың қазақ ертегілеріндегі қолдану ерекшелігін сипаттаған З. Керімбаеваның , Ж.Аймауытов шығармаларындағы лексика-синтаксистік қайталамалардың стильдік қызметін сипаттайтын Р.А. Досжанованың , қазіргі қазақ тіліндегі бір сөздің қайталануы арқылы жасалған сөз тіркестері тақырыбындағы Ы. Балқыбекованың кандидаттық диссертацияларын айтуға болады. Қайталамалардың ауызекі сөйлеудегі көрінісі қазақ тіл білімінде әлі толық зерттелмеген мәселе. Ғалым Р.С. Әміров қазақтың ауызекі сөйлеу тілінің синтаксисіне арналған еңбегінде ауызекі сөйлеу тіліндегі қайталамалардың диалогтарда ғана көрініс таппайтынын, тек бір ғана қызмет атқарумен шектелмейтінін атап көрсетеді. Ғалым түркі тілдеріндегі негіздің (түбірдің) қайталануын ауызекі сөйлеу тіліндегі өнімді тәсілдердің бірі деп есептейді. Негіздің қайталануы ауызекі сөйлеу стилінде бірнеше қызмет атқара алатындығын айта келіп, ол қызметтердің қатарына ойды үнемді беру, ойды эмоционалды өрнектермен беру, диалогтарда сөйлеуші мен тыңдаушының арасын байланыстыратын репликаларды беру қызметтерін жатқызады Орыс тіл білімінде қайталамаларды осы бағытта зерттеген ғалымдардың бірі – Н.Ю. Шведова. Ол қайталамаларды ауызекі сөйлеу тілінде қолданылуы тұрғысынан бір ғана қырынан алып, оларды «реплика» қайталамалар деп атайды. «Повтор – это построения по правилам разговорной речи, входящая в сложное образование (диалогическое единство) и потому синтаксически не самостоятельная вторая реплика, имеющая в качестве своей основы элементы словестного состава первой реплики и подчиняющаяся ее форме » Н.Ю. Шведова орыс ауызекі сөйлеу тіліндегі қайталамаларды бір-ақ қырынан, сөздің немесе фразаның қайталану процесі жағынан ғана қарастырады. Сондықтан ғалым өз еңбегінде «реплика – қайталама» терминін кеңірек қолданады. Ең алдымен қайталану – адамзатқа тән қимылдың бір түрі. Қайталама ұғымы адамдардың санасы мен ойында пайда болып, тіл құралдары арқылы көрініс табады. Мұның өзі қайталама процесінің ерекше құбылыс екендігін және оны тіл аясынан да кең философиялық, дүниетанымдық деңгейде алып қарастыруға болатындығын көрсетеді. Қайталама процесіне алғаш назар аударған көне дәуір философтары болды. Қайталама процесі ғұлама Аристотельдің диалектика негіздерінің бірі болып саналады және оның атақты 10 категориясының сипатының құрамына кіреді. Демек, қазіргі тілдегі қайталама процесінің негізі көне дәуірде пайда болған. Бұл процесс адамның ойлау қабілетімен тығыз байланыста қалыптасқан. Сөйлеуші өзінің ойын тыңдаушыға бірден жеткізе бермейді. Ол сөйлеу процесі барысында өз ойын нақтылау, тыңдаушыға түсіндіру мақсатымен белгілі бір сөзді немесе сөз тіркесін қайталап қолданады. Бұл процесті тілдік деңгейден де кеңірек алып, психолингвистикалық құбылыс ретінде қарауға болады. Қайталаманың күрделілігі – тілдің барлық деңгейінде кездесетіндігі. Ал оның мәтін құрылымында қолданылып, стилистикалық қызмет атқара алатындығы – бүгінгі стилистика ғылымында толық дәлелдеген. Мәтін мен қайталама категориясы тығыз байланыста келетін бірліктер болып саналады. Қайталамалар мәтінді құру, ондағы белгілі бір оқиғаны дамыту, мәтін сюжетіне түрткі болу, мәтін оқиғаларын шиеленістіру, байланыстыру мәтінді аяқтау қызметтерін атқарады. Мәтін ұғымы бар жерде қайталамалар да болады. Қайталама – тілдің көркемдеуіш тәсілдерінің ішіндегі ең көнесі. Оның көнелігін түркі тілдерінің тарихи ескерткіштері мәтіндеріне назар сала отырып анықтауға болады. Бұл процесті В.И. Еремина: «Повторение представляет собой древнее языковые выразительное средство, присущее и живой разговорной речи и устному народному творчеству» – деп бағалайды Қайталамалардың о баста қалыптасқан ортасы – ауызекі сөйлеу тілі. Қайталамалар осы стиль арқылы нормаланып, кейін әдеби тілдің басқа да функционалды стильдеріне көркемдеу тәсілі ретінде енген. Ауызша сөйлеу түрінің жоғары сатысы болып табылатын шешендік сөздерде қайталамалардың алатын орны ерекше. Қайталамалар диалогтарда да ерекше мәнге ие болады. Диалогтағы қайталамалардың өзі белгілі дәрежеде стильдік қызмет атқара алады. Біреуді келекелеу, сол адамның айтқан сөзін қайталау арқылы, сол адамның ойын, сөзін мысқылдау кез келген тілде кездесетін тәсіл. Бұл тәсіл мимезис деп аталады. Мимезис те қайталамалардың бір түрі, алайда оның қолданылу мақсаты басқа қайталамалар түріне мүлде ұқсамайды. Жалпы қайталама категориясының басым түрлері ойды әсерлі беру, белгілі бір айтылар сөзге ерекше стилистикалық мән беру, оқырманға оқиғаны саралап жеткізу, көркем мәтінді дамыту және жүйелі желімен беру секілді сан алуан қызметтер атқаратын болса, мимезис кейіпкер тіліндегі келеңсіз қолданыстарды сынау, келекелеу мақсатында қолданылады. Көркем мәтіндегі троп түрлері. Эпитет, теңеу, метафора, метонимия, синекдоха. Қайталамалар тілдік деңгейдің барлық қабатында кездесетін құбылыс.
Дереккөзі: https://www.qazbrand.info/all/1838/k-rkem-m-tindegi-trop-t-rleri/

Мәтіндегі сентенция Сентенция – ой-пікір, терең мағыналы сөздер. Мақал-мәтелдер. Қанатты сөздер. Афоризмдер. Прозалық, поэзиялық жанрлардың еншісіне тиеді. Дидактикалық жағы басым түсетін түйінді, ойлы сөздер. Сентенцияның да өзіне тән көркемдік табиғаты, стильдік қызметі юар тілдік құбылыс. Көркем әдебиет тілін талдау барысында байқалатыны: сентенция шығарманың оқушыға эстетикалық әсерін қоюлата түседі және танымдық ой дүниесін биіктететін және түйсікке қозғау салатын сөздер. Көркем мәтін құрамын ұйымдастыратын сентенциялардың түрлері мен стильдік қызметі мәтіннің лингвистикалық талдауында сырт қалмауы тиіс. Ақын-жазушылар авторлық афоризмнің бір түрі ретінде сентенцияны жиі қолданады. Сентенция стильдік мақсатта жұмсалады. Әдетте сентенция контексте де, контекстен сырт та қолданыла береді. Сентенция ақыл-уағыз айтатын , терең философиялық мазмұнды ой-тұжырымы бар сөздер болып есептеледі. Сентенция прозалық, поэзиялық жанрлардың еншісіне тиетін тілдік фактор. Сентенцияның жасалуы тілдік факторларға байланысты. Сентенция компоненттерінде тұлғалық бірлік, дыбыстық сәйкестік, мағыналық үйлесім болуы керек. Сентенциялар көбінесе екі бөлімнен тұрады. Құрылымдық ерекшелігі олардың қарама-қарсылық пен параллельге негізделуінде.
Дереккөзі: https://www.qazbrand.info/all/1842/m-tindegi-sentencija/

Көркем мәтінді сатылы талдаудың стилистикалық әдістері Мәтін лингвистикасын соңғы 10-15 жыл ішінде қарқынды дамып келеді деуіміздің бір реті – лингвистика мен мәтін стилистикасының аражігін ашып, бірін-бірі толықтыратын тең дәрежелі ғылым деп ұсынуға болатындығы. Мәтін – күрделі категория. Оны бір әдіс шеңберінде зерттеп, тануға келмейді. 1985 жылы 25-27 қыркүйекте Қазан университетінде мәтін стилистикасы бойынша өткізілген бүкілодақтық мәжілісте профессор М.Н. Кожин мәтін лингвистикасын «лингвистиканың перспективалы бағыты » ретінде бағалап, мәтін лингвистикасын функционалды стилистика дамуының заңды жалғасы деп таниды Сонымен, қазірде мәтінді түрлі әдістермен, әр қырынан алып қарастыру кең өріс алып отыр. Мәселен: – Онтологиялық тұрғыда – мәтіннің болмысы, алатын орны – Лингвистикалық тұрғыда – мәтіннің тілдік ұйымдасуы – Психологиялық тұрғыда – мәтінді қабылдау – Прагматикалық тұрғыда – мәтін авторының обьективті болмысқа және мазмұнға деген қатынасы сипатталады. Мәтін талдау – таксономдық жүйелеуден басталады. Мәтіннің хабарламалылығы. Семантикалық әдіс. Стилистикалық әдіс. Стильдік маркерлер қызметін анықтау. Синтездеу.
Дереккөзі: https://www.qazbrand.info/all/1826/k-rkem-m-tindi-satyly-taldaudy-stil/

  1. Көркем туынды оқу сияқты, оны талдау да әдебиетті оқытудың маңызды, күрделі жұмыстарының бірі. Көркем туындыны талдау, әрине, мұғалім басшылығымен жүргізіледі, ең басты қызмет те мұғалімдікі. Дегенмен талдау оқушылардан да көп нәрселерді талдау дағдыларын, іскерлігі, машықтарын талап етеді. Мұғалім талдау барысында ең негізгі екі түрлі қызмет атқарады:

  1. Көркем туынды көтерген проблемалар, автор ойы, оның көркем компоненттері туралы, яғни талдау нені талап етеді, соны орындату.

  2. Оқушыны оқыған шығармаларын талдай білуге машықтандыру, дағды-іскерліктерін жетілдіру, әдеби талдауды үйрету қызметін атқарады.

Көркем мәтінді талдау жолдары.

  1. Жан-жақты, толық талдау көркем туындыны тұтастай қарастырып талдайды. Әсіресе, бұл талдау кейде мәтіндік талдау деп те аталады. Жан-жақты талдау уақытты көп алады, дегенмен, оның тиімділігі көркем туындыны жанды бір организмдей тұтас қарастырады. Шешуші бір эпизодтар, не суреттеу, баяндау, кейіпкер монологі, сөйлеу тілдері негізге алынады. Бұл талдаудың өзіндік ерекшелігі сол, ол үнемі мәтінге жүгініп отырады. Сондықтан мұғалім көркем туынды идеясын ашатын оқиға, эпизодтар, кейіпкерлер сөзі, іс-әрекеті, оны ашатын мәселелерді назарға алып отырады.

  2. Талдаудың келесі бір түрі – шолу бағытындағы талдаулар. Бұл талдаудың өзіндік ерекшелігі сол, мұғалім көркем туындыны жалпылама, шолу бағытында қарастырады. Проблемалық сұрақтарға немесе белгілі бір эпизодтарға арнайы тоқталмайды. Көркем шығарма сюжеті, композициясы, тілі, көтерген тақырыбы тұтастай қамтылады. Оқушылар көркем мәтінмен емін-еркін жұмыс істей алады.

Талдаудың тағы бір түрі – сұрыптап талдаулар. Бұл талдау көбіне проблемалық сұрақтар, проблеманы шешу айналасында ұйымдастырылады. Мұғалім шығарма негізіндегі ең басты проблемаларды сұрыптай отырып, талдауды соны шешуге бағыттайды.

  1. Мектепте әдебиетті оқытудың күре тамыры көркем мәтінді оқу мен талдау жұмыстары болып табылады. Көркем мәтінді оқыту, оны талдауға баулу – әдебиет мұғалімінің де ең негізгі қызмет, мақсаты. Оқу мен талдау – бір ананың егіз баласындай, жанды бір организмдей туыстас, әрі бірліктегі мәселе. Көркем мәтінді талдау оны оқусыз жүзеге аспайды. Оқу әр оқушының өз еңбегіне, оны қабылдай білу, түсіне білуіне, яғни әр баланың қабілеті, дарыны, ой-өрісіне байланысты жүреді. Бұл жұмыс төменгі сыныптан, яғни 5 сыныптан басталып, жүйелі жүріп отыруы керек. Мысалы, 5 сыныпта Абайдың «Күзін» сыныпта талдап, оқу алдында оны үйден оқып келу тапсырылады. Лирикалық шығармаларды оқу, қабылдау әрі ол туралы пікірі, ойын айту – аса күрделі мәселе. «Күз» өлеңін өз бетімен оқу үшін, мынадай көмек-нұсқау үлестірмесін ұсынуға болады:

  1. Өлеңді асықпай, әр сөзіне назар аудара отырып, оқып шық, бірнеше рет оқысаң, тіпті жақсы.

  2. Күз суреті берілетін сөздерге назар аудару.

  3. «Күздегі» адамдар іс-әрекеті, әсіресе, кедейлер тірлігін еске сақта.

  4. Өлеңді оқи отырып, қандай көңіл-күйде болғаныңды айтып беруге тырыс.

  1. Көркем шығарманы талдау сынып ұжымының қатысуы арқылы жүргізіледі. Талдауда мұғалім көпшілік балалардың пікірімен, ойымен танысуға мүмкіндік алады. Әрі бұл жұмыста мұғалімнің басшылық – «көсемдік» орны да ерекше. Оқу баланың тікелей өз еңбегі, өз ісімен жүзеге асса, талдау мұғалім арқылы, оның ұйымдастыруы, ойластыруы арқылы іске асады. Талдауда оқушының жеке жұмысы ұжымдық жұмыспен үндеседі, байланысады да, бір мақсатты көздейді. Біріншіден, оқушының көркем туындыны қабылдауы, әсері, эмоциясын танып-білу, оларды дамыту мақсаты. Екіншіден, көркем шығармаға деген эстетикалық көзқарасын қалыптастыру, көркем туындыны өнер туындысы ретінде түсінуіне әсер ету.

Үшіншіден, талдау арқылы оқушының танымын, қабілетін, қорыта айтқанда, оның ойлау белсенділігін, бүкіл іс-әрекетін дамыту. Сондай-ақ ең басты мақсат – көркем туындыны талдау жолдарын меңгерту, көркемдік-эстетикалық ерекшелігі, оның көтерген тақырыбы, образды жүйесін т.б. бірлікте, кешенді түрде қарастыра отырып, талдауға баулу.

Талдау әрі жүйелі, әрі тұтас, көркем шығарманың барлық нәрі, дәнін аша алатындай, нанымды да ғылыми мазмұнда жүргізілуі керек. Мектепте әдеби талдаудың үш жолы бұрыннан-ақ тәжірибеде кеңінен пайдаланып келеді. Олар: а) автор ізіме талдау, бұны тұтастай, толық талдаудейді; б) кейіпкерлерге талдау жасау, в) тақырыпты проблемалық талдау. Көпшілік мұғалімдер аралас талдауды тиімді деп табады.

Автор ізімен талдау, оның негізгі мақсаттары.

Бұл талдауда мұғалім көркем шығарма сюжеті, эпизодтары, автордың негізгі ойы, мазмұн мен форма жүйесін сақтай отырып, талдауа ерекше назар аударады.

Көркем туындыны образдар жүйесіне қарай талдау жолдары

Образдар жүйесіне талдау талдаудың мектеп тәжірибесінде дәстүрге айналған өте көп тараған түрі болып табылады. 5-8 сыныптар оқушылары көркем туындыдағы бас кейіпкерлерге толық толық талдау жасай алмаса да, олардың іс-әрекеттерін назардан тыс қалдыра алмайды.

Ең бастысы, авторлық көзқарас шығарма негізіндегі басты проблема – образдық талдауда ерекше назарға алатын проблемалар болып табылады. Мысалы, Құнанбай бейнесі арқылы автор 19 ғасырдың екінші жартысындағы феодалдық қоғамды, оның бас өкілін сомдайды. Бұл образды жасаудағы автор мақсаты да сол. Құнанбай іс-әрекеттері, оның әр түрлі қылықтары сол қоғам сипаты дәрежесінде көрсетіледі. Олай болса, талдауда осы мәселелер еске алынуы керек. Образдық талдау жүйесінде де мұғалім көркем шығарманы тұтастай қарастырып, оның барлық компоненттерін (тақырып, идеясы, образдар жүйесі, идеялық эстетикалық табысын) бірлікте ала отырып, талдауды басшылыққа алады.

Әдеби шығармаларды проблемалық талдау жолдары.



  1. Тәжірибеде кеңінен тараған, әрі тиімділігімен, нәтижелілігімен көпшілік ұстаздар еңбегіне мол кірген талдаудың түрі – проблемалық талдау. Проблемалық талдау оқушылардың танымын арттыру, ойлау белсенділігін жетілдіруде үлкен роль атқарады және өзіндік ізденістеріне мол мүмкіндік ашады, әрі дамыта оқытудың негізгі бір жолы ретінде де пайдалы болып келеді. Проблемалық талдау сол көркем шығарма негізіндегі проблеманы дәл тауып, нақты проблемалық сұрақтар әзірлеуді талап етеді. Ол үшін проблемалық жағдаят тууы керек. Кез келген «Неге?» деген сұрақтарды проблемалық сұрақтармен шатыстыру мектеп тәжірибесінде кездесіп жатады. Проблемалық сұрақ негізінде оқушыға «бейтаныс», шешуді керек ететін мәселе, проблема болады. Мысалы, жай сұрақтар мен проблемалық сұрақтар арасындағы айырмашылықты төмендегі баған арқылы көруге болады (М. Әуезов «Қараш-қараш оқиғасы», Бақтығұл бейнесі бойынша).


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет