Көру қабілеті бұзылған балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы



бет1/3
Дата18.10.2022
өлшемі0,9 Mb.
#43817
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3

Көру қабілеті бұзылған балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы


Қарастырылатын сұрақтар:
  • Көру қабілеті бұзылған балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы
  • Көру қабілеті бұзылған балаларға білім беру бағдарламасының ерекшеліктері
  • Нашар көретін балаларды оқытуды ұйымдастыру
  • Көру қабілеті бұзылған балаларға инклюзивті білім берудегі ерекшеліктері мен кездесетін қиыншылықтарды шешу жолдары

Көру қaбілетінде бұзылыстaр бaр бaлaлaрдың психо- логиялық-педaгогикaлық ерекшеліктері. Жaлпы білім беру ұйымдaрындa қaзіргі бaлaлaрдың бірaз бөлігінің көру қaбі- летінің бұзылуын көру нaшaрлығы жəне қылилық
құрaйды. Олaр зaттaр мен құбылыстaрды көзбен шолу сипaтындaғы жaрықты, түсті т.б. бaқылaу мен қaбыл- дaудың қиындығын сезінеді. Нaшaр көретін бaлaлaр мұндaй жaғдaйдa aшулaншaқ болaды, ұжымнaн тысқa- рырaқ қaлып, келеңсіз мінез-құлық тaнытaды, бұл мектеп- ке жеткілікті деңгейде бейімделмеу көрінісі болып тaбылaды. Қaлыпты көретіндер тəрізді, нaшaр көретіндер- дің де есту қaбілеттері негізгі қaбылдaу қызметін aтқaрaды. Осығaн бaйлaнысты нaшaр көретін бaлaлaрдың көз жaнaрын сaқтaуғa мүмкіндік беретін, көріп қaбылдaуын жеңілдететін, шaршaуын болдырмaйтын ерекше жaғдaй жүзеге aсырылуы қaжет.
Көру қабілеті бұзылған балаларға білім беру мәселесінің қалыптасуы мен дамуына көз салсақ, көз жанарынан айырылған балаларға арналған мектептер мен мекемелердің ашылуына себепкер болған Валентин Гаюидің еңбегіне назар аударамыз. 39 жасар педагог Валентин Гаюи 1784 жылы Париж қаласында өз қаражаты есебінен көз жанарынан айырылған балаларға арнап мектеп ашады. Ашылған мектепті «Еңбек етуші зағиптардың шеберханасы» деп атайды. Мектепке ең алғашқылардың бірі болып 12 бала қабылданады. Валентин Гаюи оларға арнап өзінің оқу әдістемелік құралын жазады. Мектептің материалдық жағынан қамтамасыз етілудегі қиындықтарға қарамастан мектеп жанынан баспахана ашады. Баспахананың көмегімен көз жанарынан айырылған балаларға бедерлі қаріптермен (шрифт) жазылған кітап басып шығарады. Көз жанарынан айырылған балаларға арналған кітаптың баспадан шығарылуы адамзат тарихындағы елеулі оқиғалардың бірі болып саналды. Арнаулы қаріптермен басылған көз жанарынан айырылған балалардың сауатын ашу жұмыстары 1829 жылы Луи Брайльдің алты нүктелі қарпі шыққанға дейін жалғасты.
1803 жылы патшалық Ресейдің императоры болған Александр І Валентин Гаюиге сол кездегі империяның астанасы болған Санкт-Петербург қаласында көз жанарынан айырылған жандарға арнап мектеп ашып беруін өтінеді. Өтінішті қабылдаған Валентин 1807 жылы Санкт-Петербург қаласында Александр І патшаның демеушілігімен Ресей тарихындағы алғаш көз жанарынан айырылған тұлғаларға арнап мектеп ашады. Мектепте көз жанарынан айырылған жандарға білім беру мен тәрбиелеу ісі, қол өнер жұмыстарына үйрету жұмыстары қолға алынды. Ресей империясының ағарту саласына қосқан орасан үлесі үшін император Александр І Валентинді төртінші дәрежелі Әулие Владимир орденімен марапаттайды. В.Гаюи 1745 жылғы 13 қарашада Францияның Сен-Жюст ауылында кедей тоқымашының отбасында дүниеге келген. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының шешімімен В. Гаюи дүниеге келген күн, яғни 13 қараша Халықаралық зағиптар күні деп белгіленді. Зағип жандардың, нашар көретіндердің санының күрт өсуі ДДСҰ алаңдатып, 1967 жыл соқырлыққа қарсы күрес жылы деп жарияланды.
Көз жанарынан айырылған балаларды ауызша, жазбаша сөйлеуге үйретудегі компенсаторлық мүмкіндіктер оқушының ұсақ қол-қимыл моторикасына байланысты, денесінің қимыл-қозғалысына байланысты қалыптасады. Осы пікірлердің дәлдігіне көз жеткізуде тарихи зерттеулер мен жазба жұмыстарының қалыптасу кезеңіне шолу жасауымызға болады. Олай болса, жазудың қандай және қай кездегі түрін алсақ та, ол адам баласының зор мәдени табысы екені даусыз. Алайда, қайсі бір жазуды оқу үшін алдымен көзбен көру керек. Ал көз жанарынан айырылғандар қалай оқып, жазуы мүмкін? Бұл сұраққа сонау Гомер заманынан бері жауап іздеушілер аз болмаған. Ағашқа немесе металға ойылған бедерлі жазулар ертеден мәлім. 1784 жылы Парижде Валентин Гаюидің қаріпті жазуы, 1821 жылдан бастап Францияда Ш.Брабьенің бедерлі жазуын айта аламыз. Бірақ бұл жазулардың қай қайсысы да жанарсыз жандарға хат тану проблемасын түбегейлі шешіп бере алмады. Осыдан 2 ғасырға жуық бұрын, яғни 1825 жылы Париждегі соқыр балалар институтының зағип оқытушысы Луи Брайль инемен шаншып жазылатын бедерлі нүктелі жазу жүйесін ойлап тапты. Ресейде бедерлі әріппен кітап бастырып шығаруды тұңғыш қолға алған А.Адлер болды. Ол 1885 жылы өз қаржысына балаларға әңгімелер жинағын бастырып шығарды. Бар жоғы алты нүктенің орналасу тәртібін өзгерте отырып әр түрлі әріптер, цифрлар, математикалық белгілер мен нота сызықтарына дейін айна қатесіз қағаз бетіне түсіре алатын бедерлі жазу жүйесі екі ғасырға жуық уақыт бойы сан мыңдаған жанарсыз жандардың рухани қажеттілігін ойдағыдай өтеп келеді. Ал көзі тірісінде еңбегінің жанғанын көре алмаған Брайль есімі бұл күнде И.Гуттенбергтің, М.Федоровтай ұлы ағартушылардың есімімен қатар аталады.
Көрудің бұзылуы туа пайда болуы мүмкін немесе жүре пайда болуы мүмкін. Туа пайда болған соқырлықтың себебі катаракта, глаукома, көз торшасының патологиясы, көру нервтерінің атрофиясының тұқымқуалаушылық жолмен таралуы болып табылады. Тағы бір себебі -ананың жүктілік кезіндегі түрлі инфекциялық аурулармен ауруы. Жүре пайда болған көрудің бұзылу себептері, көру органдарының ауруы, орталық нерв жүйесінің аурулары (менингит, ми ісігі, менингоэнцефалит), бас миының немесе көздің соққы алуы болып табылады. Балалар арасындағы көрудің бұзылуындағы негізгі клиникалық формалары нерв жолдарының, көру анализаторының қабықтық зоналарының зақымдануы, көз хрусталінің (катаракта) бұзылуымен түсіндіріледі. Балалар арасында кездесетін көру қабілетінің бұзылуларына қылилық, амблиопия, астигматизм т.б. жатады. Аталған кемшіліктердің әсерінен бала бойында анықталатын жағымсыз жағдайлар:
  • қимылдық сфераның шектелуі;
  • әлеуметтік тәжірибе мазмұнының толық болмауы;
  • эмоциядағы, мінездегі ерекшеліктер;
  • ойын, оқу, еңбек әрекетін игерудегі қиындықтар;
  • өз-өзіне деген сенімсіздік, пассивтіліктің байқалуы;
  • шектен тыс қозғыштық, ашуланшақтық, агрессия.

Қылилық — көру сызықтарындағы кемшілік, көздің қимылдатқыш функцияларының бұзылуы, фиксацияның жалпы нүктелеріне көз сызықтарының сәйкес келмеуі (паралитикалық және сәйкессіздік) Паралитикалық түрі буындардың салдануынан немесе (парез) құрысу салдарынан пайда болады. Негізгі себептері соққы алу, ісіктер, инфекциялық ауралар, интоксикация, қан кету. Қылилық кезіндегі түрі тұрақты және қайталанбалы күйде жалпы фиксация нүктесіне бір көз сызығының сәйкес келмеуінен болады. Негізгі себептері: орталық нерв жүйесінің аурулары, рефракцияның бұзылуы, көз қимылдатқыш аппараттың аномалиясы.
Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелер соқырлар мен нашар көретін балаларға, сонымен қатар 2-3 жастан 5 жасқа дейінгі амблиопия мен қылилық кезіндегі балаларға арналған мемлекеттік мекемелер болып табылады. Бұл мекемелердің негізгі әрекеті көру қабілеті бұзылған балаларды мектепке даярлау, емдеу, көрудің бұзылған функцияларын коррекциялау.
Педагогикалық жұмыс көру қабілеті бұзылған балалардың психикалық және физикалық дамуын үйлесімді қалыптастыруға бағытталады. Педагогикалық жұмыс түрлері арнайы бағдарламалар негізінде құрылған жалпы білім беретін балабақша бағдарламасы арқылы ұйымдастырылады. Арнайы педагогиканың міндеттеріне сай баланың танымдық, тұлғалық, қимылдық сферасын коррекциялау, есту, сезу, көру қабілеттерін сақтау арқылы барлық компенсаторлық жүйелерді қалыпқа келтіреді.
Соқыр және нашар көретін балаларға арналған балабақшаларда көру қабілетінің күрделі деңгейдегі бұзылуы анықталған балалар да тәрбиеленеді. Оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарымен қатар, балалар үйлерінің міндеті дамудағы кемшілікті түзетуге, сауықтыру, көру қызметін қалыпқа келтіруде компенсаторлық жүйелердің дамуына, соның ішінде есту, сезу, кеңістікті бағдарлау, өз-өзіне қызмет ету дағдысын қалыптастыруға көп көңіл бөлінеді.
Мектеп жанындағы балабақшаларда көру өткірлігі 0,05-0,6-ға тең нашар көретін балалар қабылданады. Мұнда балалар негізгі гигиеналық дағдыларды, көзілдірікпен жұмыс жасау дағдысын игереді. Балаларда көру арқылы қабылдаудың барлық элементтерін, яғни алыстан және жақыннан көруге қабілеттілік, қозғалыстағы заттарды бақылау, зат формасын, түсін ажырата білу, суреттерді қарау, кеңістікті бағдарлуды игереді. Көру функцияларының қызметін дамыту сонымен қатар есту, сезу мүшелерінің қызметі арқылы толықтырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет