Көру және есту анализаторының құрылымдық ерекшеліктері мен даму динамикасы Есту анализаторының құрылымдық ерекшеліктері



Дата09.03.2022
өлшемі4,26 Mb.
#27321

 Көру және есту анализаторының құрылымдық ерекшеліктері мен даму динамикасы

Есту анализаторының құрылымдық ерекшеліктері

Адам есту мүшесінің көмегімен қоршаған ортадан әртүрлі дыбыстарды қабылдап, талдайды. Есту мүшесі дыбыстарды анықтап, ажыратуға көмектеседі. Адамдармен сөз арқылы қарым-қатынас жасайды. Еңбек майданында да есту мүшесінің алатын орны ерекше. Есту мүшесі дыбыс пен тепе-теңдікті сезеді.

Тербеліп тұрған ортаның бірдей жағдайын – қоюлану, тітіркену және барлық аралық жағдайларын дыбыс толқындарының фазалары деп атайды. Бірдей фазалар арасындағы аралықты толқын ұзындығы деп атайды. Барлық тербеліс қозғалысарындағыдай дыбыста осыларды ажыратады: амплитуданы – тербеліс құлашын, кезеңді – толық тербеліс қозғалысы өтетін уақытты, және жиілікті – бір секундтағы тербеліс саны. Дыбыс тербеліс қозғалыстарының сипаты бойынша екі топқа бөлінеді – тон және шу. Егер тербеліс ырғақты, яғни белгілі бір уақыт аралығында дыбыс толқындарының бірдей фазалары қайталанса, онда туындайтын дыбыс музакалық тон ретінде қабылданады.

Дыбыс жайлы деректер

  • Олардың деңгейін децибелмен (дБ) өлшейді. Адамның есту қабілеті көтере алатын ең жоғарғы шама (ауру сезімі тудыратын), бұл 120–130 децибел аралығы. Ал 200 децибилден өліп кетеді.
  • Қарапайым әңгіме – бұл шамамен 45–55 дБ.
  • Офистегі дыбыс — 55–65 дБ.
  • Көшедегі шу — 70–80 дБ.
  • Басқышы бар мотоцикл — 85 дБ-ден жоғары.
  • Реактивті ұшақ старт кезінде 130 дБ-ге жететін дыбыс шығарады.
  • Ал ракета — 145 дБ-ден жоғары
  • Дауысымыздың таспада өзгеше болып шығуы, ол біздің «өзге құлақпен» тыңдайтынымыздан. Бұл біртүрлі естілгенімен, бірақ дәл солай. Біз сөйлеген кезде дауысымызды екі жолмен қабылдаймыз – сыртқы (есту каналы, дабыл жарғағы мен ортаңғы құлақ) және ішкі (дыбыстың төменгі жиілігін күшейтетін бас тіндері арқылы).
  • Ал сырттан тыңдаған кезде тек сыртқы канал жұмыс істейді.

Көру анализаторының құрылымдық ерекшеліктері

  • Көру талдағышы немесе көру анализаторы (analisatoris visae, гр. analysis — талдау, лат. visa - көру) - жарық пен түсті ажыратуға бейімделген талдағыш. Көру талдағышы — көру рецепторынан (көз алмасы), өткізгіш жолдан (көру жүйкесі) және мидағы орталықтардан тұрады. Жарықты қабылдайтын рецепторлар (сезімтал фоторецепторлы нейроциттер дендриттері) көз алмасының ішкі торлы қабығында орналасқан. Көру талдағышының өткізгіш жолы - ми жүйкелерінің II жұбы сезімтал көру жүйкесі. Осы жүйке талшықтары мидың имек денесінде, көру төмпектерінің артқы ядроларында және төрт төмпектің алдыңғы төмпектерінде орналасқан қыртысастылық орталықтарда аяқталады. Қыртысастылық орталықтардан басталатын орталық сезімтал өткізгіш жолдар, жүйке толқынын ми қыртысының шүйде аймағындағы қыртыстық орталыққа жеткізеді.

Көру анализаторының жас ерекшелігі

Жаңа туған нәрестенің көз алмасының салмағы 2-4 граммдай ғана. Бұл ересек адамның көзінің салмағынан 2 есе кем. Ересек адамның көзі 6-8 г. Алғашқы жылы көз алмасы көзшарасынан жылдамырақ өседі де баланың көзі үлкен болып көрінеді. 3 жаста көз алмасы ересек адамның көзінің 90%болады. 6 жаста ересек адамның көзімен теңеседі. Дегенмен көз шарасының алдыңғы-арткы диаметрі ересек адамныңкөзінің 95% ғана болады, яғни сәл жалпақтау келеді. Ересек адамның көзі дөңгелек шар пішінді.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет