Көшпенділер 3



Pdf көрінісі
бет1/32
Дата27.01.2017
өлшемі2,05 Mb.
#2789
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32

 

 

 



Әдеби KZ 

Көшпенділер 3

 

Қаһар 


Ілияс Есенберлин

 

11/11/2012



 

 




Әдеби KZ 

Мазмұн 

Бірінші бөлім ....................................................................................................................................... 2

 

I ......................................................................................................................................................... 2



 

ІІ ..................................................................................................................................................... 30

 

ІІІ .................................................................................................................................................... 63



 

ІV .................................................................................................................................................... 94

 

Екінші бөлім .................................................................................................................................... 124



 

І ..................................................................................................................................................... 124

 

ІІ ................................................................................................................................................... 156



 

ІІІ .................................................................................................................................................. 192

 

ІV .................................................................................................................................................. 225



 

Үшінші бөлім .................................................................................................................................. 257

 

І ..................................................................................................................................................... 257



 

ІІ ................................................................................................................................................... 287

 

ІІІ .................................................................................................................................................. 312



 

ІV .................................................................................................................................................. 345

 

Бүліншілік эпилогі .......................................................................................................................... 383



 

 




Әдеби KZ 

Бірінші бөлім 

 

 

Ай  сәулесі  жүдеп,  қырқа  үсті  ақ  шолаң  тарта  құлан  иектеніп  атып  келе 



жатқан  таңмен  бірге  шашақты  сасыр,  түйе  жапырағы  аралас,  ат  құлағы 

көрінбейтін көк шалғынды ылдидан қалың көш көрінді. 

Аздан  соң  көгілдір  аспанды  алтын  сәулесімен  шарпи,  қызарып  күн  де 

шықты.  Төңірек  сандықтан  суырған  гауһар  тастай  жалт-жұлт  ойнап  ғажайып 

сәулетті түрге енді. Жаз ортасы ауған шақ еді. Даланың сәнге бөленген кезі өтіп, 

сұлу  ажары  кеми  бастағанымен,  күн  сәулесіне  бөккен  жасыл  шалғын  семіз 

малдың түгіндей құлпырып тұр. Қалың шөп арасынан сыңсыған қып-қызыл қой 

бүлдіргенінен,  сиыр  бүлдіргенінен  көз  тұнады.  Әбден  саумалданып  саяу  бере 

бастаған  қымыздық  та  шоғырлана  кездеседі.  Мезгілі  өтіп  бара  жатқан  қалың 

балауса,  көк  шалғынның  хош  иісі  таңғы  кіршіксіз  таза  ауамен  араласып 

мұрынды жарады. 

Күн  сәулесіне  шомылған  көштің  беті  күнгей  тұс.  Көш  басында  тең  үстіне 

қызыл ала масаты кілем жабылған күлсары атан жетектеген, солғын реңді кәрі 

шал. Астында тобылғы күрең ат, үстінде қоңыр түйе жүн шекпен, басында төрт 

салалы пұшпақ бөрік. Оның соңынан тізбектелген аттылы, түйелі қалың керуен. 

Кейбір  қомды  түйелерде  ағараңдаған  әйел  кимешектері  көрінеді.  Шаңырақ 

доңғалақты  екі  аяқ  шиқылдақ  арбаларда  кемпір-шал,  бала-шаға...  Қыз-

келіншек, бозбала ат үстінде. Бірақ бұлар әдеттегідей ән  шырқап, әзілдесе сөз 

қағысып,  бірін-бірі  қуып  жарыспайды.  Үн-түнсіз  тұнжырап  қалған.  Көштің  оң 

жағында қалың жылқы. Қырқаны бүйірлей тасыр-тұсыр жіті басып келе жатыр. 

Көш соңында қара мал, одан әрі жүре жайылған қотан-қотан қой-ешкі. 




Әдеби KZ 

Көш  жүрісі  шұғыл.  Пысқырған  жылқы,  анда-санда  боздаған  түйе.  Үстіне 

қауырт келіп қалған мал тұяғынан сасып, қияқ пен ши түбінен пырылдай ұшқан 

бөдене мен жапалақ. 

Асыға  қимылдаған  қыруар  ел  ылдидағы  масағы  кере  қарыс  қалың 

балқурай  көмкерген  айдын  көлге  қарай  беттеді...  Таң  әлетінен  жау  қуғандай 

жөңкіген жұрт бір жаманатты аңғартқандай. Оларды қоршауға алып, суыт келе 

жатқан сойыл-шоқпар ұстаған жүзден артық ер азаматтар тобы бар. Бәрінің де 

астында  сүмбілдей  сәйгүлік  жүйрік,  шайқала  ырғалған  жорға.  Түстері  суық. 

Шекпен-шапандарының етек-жеңі түріңкі. Бұлардың ішінде қайыңның безіндей 

берік, қазан тастай шомбал, төртпақ келген біреу ерекше көзге түседі. Астында 

есік  пен  төрдей,  ай  табанды  жайма  жал  қара  көк  айғыр.  Тақымында  келте 

шоқпар,    қарына  темір  бауырлы  қайың  сойыл  ілген.  Үлкен  өткір  қара  көзді, 

ұзын,  қою    қара  мұртты  адам.  Таңмен  бірге  ашыла  түскен  қара  сұр  жүзі  ақ 

сұпыдай.  Бұл  осы  көштің  басшысы,  Баянауылдағы  Қаржастан  шыққан  Азнабай 

ұлы Сейтен. Қазіргі беті Балқаш көлінің маңындағы кең алқап. Ал арғы мақсаты 

осыдан  үш  жыл  бұрын  Алтын,  Алтай,  Тоқа,  Уақ  руларының  қырық  мың 

шаңырағын  ертіп  Қоқан  хандығы  қарауындағы  Сыр  бойына  өтіп  кеткен  Қасым 

төренің балалары Есенгелді, Саржанға қосылу. 

Сейтенмен  үзеңгілес  түксиген  қабақты,  кескен  томардай  келте  қара  сұр 

жігіт келеді. Сары ала қынапты қисық табан келте қылыш тағынған. Кісі өлтірген 

адамдай  түсі  зәрлі.  Бұл  Қубет  ұлы  Ожар.  Бір  кездегі  барымтаға  да,  жауға  да 

қатар шапқан Сейтеннің үзеңгілес досы. Соңғы үш-төрт жыл ішінде Ақмола аға 

сұлтаны  Құдайменденің  Қоңырқұлжасының  қасында  болып,  жақында  ғана  өз 

еліне қайтып келген. 

Маңыраған қой, мөңіреген сиыр, кісінеген жылқы үніне дабырлай сөйлеген 

адам  даусы  қосылып,  таңертеңгі  табиғаттың  бейкүнә  тамылжыған  шырқын 




Әдеби KZ 

бұзып, кең даланы басына көтерді. Жасыл құрақ арасында бұйығып жатқан топ 

елік  орындарынан  үрпиісе  түрегеліп,  көл  жағалай  зыта  жөнелді...  Інінен  жаңа 

ғана  шығып,  таң  намазын  оқыған  молда  тәрізді,  шоқиып  отырып  алып, 

шақылдай  жөнелген  семіз  суыр  дабырлаған  үнге  сәл  құлағын  түріп  тыңдай 

қалды да, кенет қалың ши арасына кіріп жоқ болды. Беймезгіл келген жұрттан 

сескенген көл үстіндегі құс у-шу, абыр-сабыр. 

Көл  жағасына  дамылдаған  көш  түйенің  қомын  алмай,  қазан  көтеріп  ас 

ішпей,  сәл  тыныстады  да  қайта  көтерілді.  Су  маңайы  бір  әуенге  түскен  кезде 

шомбал қара Ожар қайтадан Сейтеннің қасына келді. Астындағы төрт аяғы тең 

жорға қара көктің тізгінін тежей түсіп, кеше тәмәмдай алмай қалған әңгімесіне 

қайта кірісті. 

— Ата мекен Көкшетауын тастап, Қасым төре неге Қоқан хандығына қарай 

көшті?  —  деді  ол  сөзін  алыстан  қозғап.  —  Қазақта  мақал  бар  емес  пе  «Бөтен 

елде сұлтан болғаныңша, өз еліңде ұлтан бол» деген. 

— Қасым төре қай жерде жүрсе де сұлтан, — деді Сейтен жақтырмағандай 

алая қарап.  — Бүлік басы бұзықта дегендей, пәле ақ патшаның Жылқы жылғы 

ұстабынан 

1

  басталған жоқ па... 



— Иә? 

—  Ұстап  деген  атының  өзінен  расында  жан  шошырлық...  Ақ  патшаның 

уысында ұстауға шыққан заң екен соның өзі... Осы ұстап бойынша Орта жүз сегіз 

өкірге бөлінді емес пе... Әр өкірге бір рулы елдің он бес-жиырма болысы кіреді. 

Әр болыста он-он екі ауыл. Әр ауыл Арқа жерінде, өзіңе белгілі, жүз қаралы үй. 

Ауылды  үш  жылға  жұрт  сайлаған  старшын,  ал  болысты  Шыңғыс  тұқымынан 

                                                 

1

 Ж ы л қ ы  ж ы л ғ ы  ұ с т а п — Россия патшасының Сібір қазақтарын басқару жөніндегі 1822 жылғы ережесі 



(уставы)



Әдеби KZ 

шыққан  сұлтандар  басқарады.  Өкірге  үш  жылға  сұлтандар  сайлаған  аға  сұлтан 

ие... 

  —  Япырмай,  ә,  ақ  патша  өкірді  қазақтың  аға  сұлтандарына 



басқартқандағы ойы: өз қотырын өзі қасып жатсын дегені ме екен? 

  Сейтен ақырын мысқылдай күлді. 

  — Ұшқалақтанбай тұра тұр. Ақ патша қазақ ісін екіге бөлген. Бірі  — ауыл 

арасындағы  жесір  дауы,  алыс-беріс  секілді  кәкір-шүкір.  Мұны  ақсақалдар  мен 

билер  өзі  шешсін  деген.  Екіншісі  —  кісі  өлімі,  барымта,  үкіметке  бағынбау 

тәрізді ауыр күнәлар. Мұны аға сұлтан басқарған өкірлік пірказ қарайды. Өкірлік 

пірказ екі патша қызметкері және екі жылға сайланған екі қазақ жәсиәтірден 

1

  



құралады.  Бұлардың  шешімін  гүбірналық  сот  бекітеді.  Онда  бірде-бір  қазақ 

жоқ. Сөйтіп біздің тағдырымыз бәрібір өз қолдарында... 

 

Сейтен  сәл  үндемей  қалды.  Шұбырып  келе  жатқан  көшке  бұрыла  бір  көз 



тастап күрсінді де, қайтадан сөйлеп кетті. 

 

— Сол ұстапта: «қазақ Мұхамбет пайғамбардың жолын берік ұстаған діншіл 



халық  емес,  оны  шоқындырып  алу  оңай,  тек  ауылға  уәкілдер  жіберілсін» 

делінген. 

 

Ожар күлгендей боп тісін ақситты. 



 

—  Және  ол  ұстапта  ешкімді  зорлау  болмасын,  әркім  шоқынғысы  келсе,  өз 

еркімен шоқынсын деген де сөз бар ғой... 

 

— Сейтен атының басын жедел тартып алды. 



 

— Сен оны қайдан білесің? 

 

Ожар екіұшты жауап қайырды. 



 

— Ел құлағы елу... 

 

Сейтен атын тебініп қап, кенет қызулана сөйлеп кетті.    



                                                 

1

 Ж ә с и ә т і р — заседатель. 





Әдеби KZ 

 

—  Қасым  төре  біз  секілді  ақымақ  емес  еді.  Арқа  жерінде  сегіз  өкірігтің  не 



үшін  құрылғанын  бізден  бұрын  түсінді.  Тоқа,  Алтын,  Алтай,  Уақты  ертіп  патша 

құрығы  жетпейтін  Бестаңбалы  жеріне  қарай  көшті.  Біз  қалып  қойдық. 

Қалғанымыздан  не  таптық?  Он  жылдың  ішінде  Талды  өзенінің  сағасында 

Қарқаралы  өкірігі,  Қызылжар  бекінісінің  жанында  Көкшетау  өкірігі,  Семей 

бекінісінің  тұсында  Аякөз  өкірігі,  Омбы  қаласынан  төмендеу  Ақмола  өкірігі, 

Жәміш бекінісінің қасынан Баянауыл өкірігі, Аманқарағайдан жоғары Құсмұрын 

өкірігі,  Омбының  оңтүстік  саласында  Үшбұлақ  өкірігі  құрылды.  Бүкіл  Арқа 

жеріне  темір  тор  жабылды,  енді  тырп  етіп  көрші!  Қарамағыңдағы  елің  түгіл, 

туған ініңнің баласын арашалауға күшің жетпей қалды. 

 

Сейтеннің соңғы сөзінің мәнісі бар еді. 



 

Батыс  Сібірдің  тұрғын  жұрты  мен  жер  айдалып  барған  адамдардың 

арасында  әйел  жынысының  өте  жеткіліксіздігін  еске  алып,  Бірінші  Николай 

патша  1825  жылы  11  февраль  күні  қазақша  Тауық  жылғы  ақпан  айының  он 

бірінде Сібір генерал-губернаторы мен Орынбор соғыс губернаторына Сібірмен 

шектес  қазақ  секілді  «бұратана»  ұлттардың  жас  қыз  балаларын  қолға  түсіруге 

жарлық  берген.  Бұл  жолда  қандай  амал  болмасын  қолдануға  рұқсат  етілген. 

Сатып алуға да, алдап алуға да болады делінген. 

 

Осы  жарлық  бойынша  қолға  түскен  қыз  балалар  шоқындырылып,  әйел 



жынысына  мұқтаж  семьяларға  тапсырылуға  тиісті.  Асырап  алған  адамдарға 

азық-түлік  ретінде  он  бес  жасқа  толғанға  дейін  көмек  көрсетіліп,  ал  қыз 

балаларды әкелген кісіге қолма-қол он бес сом сыйлық берілетін. 

 

Міне  осы  жарлық  Сейтеннің  туған  інісі  Тайжанның  жеті  жасар  қызы 

Алтыншашты да қармаққа түсірген еді. Тайжан патшаға қарсы ереуіл ұйымдас-

тырғаны  үшін  бес  жыл  бұрын  Омбы  Орданс-Гаузе  сотының  үкімімен  өлім 

жазасына  кесілген.  Оның  ер  жетіп  қалған  үш  ұлы  Сібірге  Туринскіге  айдалған. 




Әдеби KZ 

Белгісіз  адамдар  беймәлім  жаққа  әкетіп  бара  жатқан  ағаларының  соңынан 

қалмай  шырылдап  жүгірген  жеті  жасар  Алтыншашты  қарауыл  басы  офицер 

иемденіп, Омбыдағы бір сәудегерге сатқан-ды. Жас қыздың көркіне таң қалған 

Сібір  корпусының  штаб  бастығы  генерал-майор  Фондерсон  оны  әлгі 

сәудегерден  қалап  алады.  Алтыншаштан  көз  жазып  қалған  Сейтен,  үш  жыл 

өткеннен  кейін  оның  әкесін  өлтірушілердің  бірі  Фондерсонның  қолында  үй 

сыпырушы болып жүргенін естиді. Іздеп Омбыға келеді. Генерал-майордың сақ 

күзетшілері  бөгет  болып  Алтыншашқа  жолыға  алмайды.  Тәуекелге  бел  буып, 

түнде  Фондерсонның  үйіне  шабуыл  жасап,  тартып  әкетем  деп  жүргенінде, 

генерал-губернатор  біліп  қалып,  өзі  ажалдан  әзер  құтылады.  Сейтеннің  қазіргі 

айтып келе жатқаны осы бала жайы. Бұл оның көңіліндегі ауыр жара. Егер алда-

жалда осы жараға біреу-міреу тиіп кетсе, Сейтен өзін өзі ұстай алмайды, бұлқан-

талқан  ашуға  беріледі.  Бірақ  бұ  жолы  Сейтен  өйтпеді.  Бір  кезде  қанжығалас 

серік  болғанменен,  ол  Ожардан  аздап  күдіктенеді.  «Адам  сыры  —  сандық 

ішіндегі  қазына.  Онда  алтын  жатыр  ма,  бақыр  жатыр  ма,  бірден  білу  қиын. 

Кілтін іздеу керек». Сондықтан да ол енді Ожардан сыр тарта сөйледі. 

 

— Сол ұстап бойынша біз қазынаға жүз қарадан бір қара жасақ төлеуге тиісті 



едік.  Бірақ  сол  заңның  өзін  кім  дұрыс қолданып жүр? Аға  сұлтандардың  малы 

жұтқа  іліксе  —  зекет  төле.  Жанаралдың,  пристаптың  үйі  өртенсе  —  үлесіңді 

апар... 

 

— Ақ патшаның салық туралы қосымша әмірі шықты деп жүргендері қайда? 



— деді Ожар түнере. 

 

—  Иә,  шыққаны  рас.  Бірақ  одан    қара  қазаққа  қандай  пайда?  Қоян  жылы 



мамыр  айында  патшаның  салықтан  босатқан  бес  жылы  өткеннен  кейін,  жаңа 

жарлық  шықты...  Бұл  жарлық  бойынша  өкімет  қызметінде  жүргендерге,  аға 

сұлтан,  болыс,  жәсиәтірлерге  бірталай  жеңілдік  берілді.  Олардың  біраз 




Әдеби KZ 

малдары  салықтан  босатылды.  Тек  өздеріне  меншікті  төлеңгіттері  үшін  ғана 

салық  төлейтін  болды.  Бұл  жарлықтан  ұтқан  Сәмеке,  Бөкей,  Уәли  ханның 

тұқымдары  ғана.  Патша  ағзамға  жаққан  қызметтері  үшін  төре  тұқымының 

шаңырақ  ие  сұлтандары  мың  жылқы,  мың  жарым  қара  мал,  мың  жарым  сом 

ақшаға дейін өмір-бақи жасақ төлеуден ада етілді. 

 

— Жоқ, мен патша ағзамның бұл жарлығын айтып келе жатқан жоқпын... 



 

— Енді қай жарлығын? 

 

— Жасақ төленетін мал саны үш жылда бір саналғанмен, жұт жылы жасақты 



тек қолда қалған малға төлейді деп жүргендері қайда?.. 

 

— Оның рас. Бірақ қазаққа он ірі қарадан бір тұсақ төледі не, жүз тұсақтан 



бір  ірі  қара  төледі  не,  бәрібір  емес  пе?  Байқаймын  көмейіңде  бірдеме  тұрған 

іспеттес. Онда сен ақ патшаның бізге істеген жақсылығы болса соны айтшы? 

 

—  Көмейімде  қара  халықтың  мұқтажына  қиналған  запыран  тұр,  —  деді 



Ожар қабағын түкситіп. — Одан бөтен не болушы еді менде?! 

 

Сейтен  Ожарға  жылы  жүзбен  қарады.  «Мен  осыдан  бекер  күмәнденіп 



келем-ау. Қанына тартпағанның қары сынсын демей ме қазақ, қанына тартып-

ақ келе жатыр-ау бейбақ. Әкесі Қубет Қаржастың бел баласы еді...». 

 

— әйткенмен, қалауын тапса қар жанады,  — деді Ожар қайтадан үн қатып. 



—  Ає  патшаның  да  тілін  таба  білген  жөн.  Осыдан  екі  жыл  бұрын  көктемде 

Қараөткелдің 

аға 

сұлтаны 


Құдайменденің 

Қоңырқұлжасы 

қазақтар 

балаларымызды  сыпайға  —  солдатқа  алады  деп  сескенетінін  арыз  етіп 

Петрборға  барғанында,  патша  ағзамның  өзі  қазақ  жігіттері  еш  уақытта  да 

сыпайға алынбайды деп, бұзау терісіне мөрін басып, уағдасын жіберген жоқ па? 

 

«Осының  өзі  қай  соқпаққа  апара  жатыр?»  —  деп  Сейтен  тағы  да  сезіктене 



қалды. Сөйтсе де: 



Әдеби KZ 

 

—  Бұзау  терісі  емес,  бұзау  терісінен  істелген  қағаз  десетін.  Қап-қалың 



болатын, өзім көргем, — деді ол жайбарақат. — Сол қағаздан кейін аға сұлтан 

Қоңырқұлжаның  қадірі  ұлан-асыр  өсті.  Соның  арқасы  ғой  бұ  күні  қалың 

Арғынды шашау шығармай ұстап отырғаны. Үйірін бермес осындай бір марғасқа 

айғырлар болатын. — Сейтен сәл үндемей қалды да, күрсіне қайта сөйледі,  — 

жиырма  мың  жылқы  айдаған  Құдайменде  баласы  ондай  қағазды  алудың  бір 

амалын тапқан шығар. Бірақ ақ патша әділетті болса Қасым төренің арызын неге 

тыңдамады? 

 

— Қандай арызын? 



 

—  Қасым  төре  қазақ  жеріне  бекініс  салып,  пірказ  құруды  тоқтатуын  талап 

етіп осыдан он жыл бұрын қағаз жазған жоқ па? Одан не шықты? Жауап берудің 

орнына  жерімізге  әскер  үстіне  әскер  төкті.  Ақмола,  Аякөз,  Баянауыл  өкірігінің 

кіндік ортасына Ақтау бекінісін сала бастады. Бұнысы енді бүкіл Арқаны қанды 

шеңберіме аламын дегені емес пе? Осыны сезген Қасым төре Қоқан хандығына 

қарай ауысты ғой. Ондағы ойы Сыр  бойындағы қалың қазақты Абылайдың ақ 

туының  астына  жинап,  діні  бір  Қоқанмен  тізе  қосып  жұртымызды  тыныш, 

алаңсыз ету емес пе еді. 

 

—  Бірақ  Қасым  төренің  ол  ойынан  не  шықты?  —  Ожар  мысқылдай  күлген 



тәрізді.  —  Ташкент  құшбегінен  Есенгелді  мен  Саржанның  аман  қайтуының  өзі 

екіталай... 

 

1824,  яғни  қазақша  Мешін  жылы  Көкшетау  приказы  құрылды.  Бұл  —  ақ 



патшаның Абылай ұрпағының ата мекеніне ауыз салуы еді. Осы жылдан бастап 

Қасым  төре  баласы  Саржан  сұлтан  қол  жинап  патша  әскері  мен  ұстапты 

жақтайтын  Сәмеке,  Бөкей,  Уәли  хандардың  ұрпақтарына,  Көкшетаудың  аға 

сұлтаны  Қара  Тоқаның  Зілқарасына  қарсы  күрес  бастады.  Кейде  жеңіп,  кейде 

жеңіліп,  басынан  сан  айқасты  өткізеді.  Ақырында  Қоқан  хандығының  қол 


10 

Әдеби KZ 

астына еніп, 1834, яғни Жылқы жылы осы хандықтың бас күші Ташкент құшбегі, 

тәжіктің Қалпы руынан шыққан Мәмет әліммен тізе қосып, қазақ жерін Россия 

империясынан  бөліп  алмақ  болып,  алты  мың  әскермен  Ұлытау  өңіріне  келді. 

Осы  өңірге  Қорған  атты  бекініс  тұрғызып,  бізге  қосылыңдар  деп  жан-жағына 

жар  салады,  аға  сұлтан,  ел  билеген  ақсақалдарға  ат  шаптырады.  Бір  жағынан 

шағын-шағын  жасақ  аттандырып,  Қараөткел,  Көкшетау  жеріндегі  қалың  Арғын  

елін  шаба  бастайды.  Мұны  естіген  Сібір  губернаторы  Ұлытауға  генерал-майор 

Броневский басқарған алты зеңбіректі бір мың әскер жібереді. Броневский көп 

кешікпей  Ұлытауға  таяйды.  Жақын  қалған  патша  әскерінен  қорыққан  Ташкент 

құшбегі  Қорғанға  азғантай  сарбаздарын  қалдырып,  Бетпақдалаға  қарай 

қашады.  Ал  Қорған  бекінісі  көп  соғыспай  Броневскийге  беріледі.  Ташкент 

құшбегі Мәмет әлім қазақ жерін Россия патшалығынан оңай ала алмайтынына 

көзі жетіп, күресті бірден тоқтатады. Одақтасының мұндай опасыздығын көрген 

Қасым  төре  балалары  енді  Сыр  бойындағы  қазақтарды  жинап,  Қоқан 

хандығының  ықпалынан  құтылмақ  болады.  Бірақ  Ташкент  құшбегі  бұны 

сезбегенсиді,  ақ  патшамен  күресуге  қайта  қол  жиямыз,  кеңеске  балаларыңды 

жібер  дейді  Қасым  төреге.  Ал  ол  құрылған  қақпанды  аңғармайды.  Ташкентке 

жиырма  жігітпен  қолбасшы  балалары  Есенгелді  мен  Саржанды,  шұбыртпалы 

Ағыбай батырды, Саржанның жиырма жасар баласы Ержанды жолға шығарады. 

Бұлардың  Ташкентке  кеткені  Арқаға  да  жетеді.  Ожардың  айтып  келе  жатқаны 

осы жәйт. 

 

Сейтен бұл хабарды бұрын естісе де, мысқылдай сөйленген сөзден бір суық 



кекесін  аңғарып  қалды.  Ожарға  сескене  қарады.  Кенет  есіне  осыдан  үш  күн 

бұрын қойнынан жұлып алып тастаған шұбар жылан түсті. 

 

Айдын көлді, жасыл белді, қарағай, қайың сыңсыған қатпар-қатпар жартасты 



Баянауылдан аттанған Сейтен Қараменді тауы етегін басып, Балқаштың теріскей 

11 

Әдеби KZ 

тұмсығындағы  Мың  аралдың  батыс  жағына  өтпек  еді.  Осыдан  үш  күн  бұрын 

бұлар Қараменді тауының шұрайлы етегіне жеткен. Бір жетіден бері ат үстінен 

түспеген  Сейтен,  көш  орнығысымен,  жан-жағы  анық  көрінетін  бір  жартасты 

төбенің басына шығып, көз шырымын алдырмақ болған. Ұйықтап кеткен екен. 

Үстінен бір суық леп өткендей сезінді. Көзін ашып алды. Ештеңе де   көрінбейді. 

Ел  жым-жырт  ұйқыда.  Аспанда  күміс  ай  ғана  ақырын  жылжиды.  Мұны  оятқан 

не?  Сейтен  қозғалмай  үн-түнсіз  сәл  жатты.  Сол  мезетте-ақ  кеуде    тұсында 

бірдеме  жыбырлаған  сияқтанды.  Алақанын  сәл  жұма,  оң  қолын  кеудесіне 

қойып  ұйықтайтын  әдеті  бар  еді.  Кенет  аш  қарнына  сұп-суық  бірдеңе  тиді. 

Сейтен жылан екенін бірден сезді. Қозғалуға болмайды. Таулы жердің жыланы 

уытты  келеді.  Жылан  сырғып  кеудесіне  таман  келе  жатыр.  Мұндай  суық, 

мұндай ызғарлы болар ма! Талай ажалға қарсы ұмтылған Сейтен батыр, жүрегі 

аттай  тулап  демін  әзер    алды.  Баяу  сырғыған  жылан  бір  кезде  Сейтеннің    сәл 

жұмулы алақанының арасына басын сұқты. Лақа бас, білектей жуан, қайрақ тас 

түстес  тау  жыланының  өзі.  Егер  саусағының  бірі  дір  етсе  бітті,  улы  тілін  салып 

алуы кәміл. Енді жылан басын алақан қуысынан өткізіп, әрі қарай  жылжи берді. 

Сірә,  тамақ  тұсына  келіп  оралмақ.  Сейтен  бала  жасынан  жылан-шаяннан 

қорқып  көрген  емес.  Мұндайдың  талайын  табанына  басып  улы  тілін  суырғаны 

бар. Әдет қылған қолдың білектей жуан жыланның алқым тұсынан қышқаштай 

боп қалай жұмыла қалғанын Сейтен оны қойнынан алып шыққанда бір-ақ білді. 

Жылан иретіле, бұлқына білегіне оралғанмен, күшті қол алқымынан бір-екі рет 

мытып-мытып  қысып  жіберді  де,  бос  бүйендей  өлексесін  солбаң  еткізіп 

анандай жерге топ еткізді. 

 

«Мынау  Ожар  да  қойнына  кіргелі  тұрған  сондай  шұбар  жылан  емес  пе 



екен?»  Ожар  қанша  шомбал  болғанмен  Сейтеннің  құрыштай  қатты  қарулы 

12 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет