Коучинг тақырыбы: Қалыптастырушы бағалаудың түрлерін сабақта қалай тиімді қолдануға болады Мақсаты



Дата06.01.2023
өлшемі30,5 Kb.
#60506
түріСабақ

Коучинг тақырыбы:
Қалыптастырушы бағалаудың түрлерін сабақта қалай тиімді қолдануға болады
Мақсаты:
Коучинг қатысушыларымен «оқыту үшін бағалау» (формативті бағалау) яғни, формативті бағалаудың оқыту үшін тиімділігін сабақтан бейне көрініс және бірлескен жұмыс арқылы қарастыру.
Оқыту нәтижесі:
Коуч сессия қатысушылары қалыптастырушы бағалаудың (формативті бағалау) күнделікті сабақта пайдалану арқылы оқу үрдісін жақсарту, оқушыларды оқытуға жетелеу
Сілтемелер:
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, слайдтар, ғаламтор материалдары.
Негізгі идеялар:
Қалыптастырушы бағалау, жиынтық бағалау, критериалды бағалау, критерий, дискрептор
Қолданылатын материалдар:
Интерактивті тақта, компьютер, бейнематериалдар, постер, маркер, слайдтар
Өту формасы, технологиясы, әдістері:
Топтық жұмыс, жеке жұмыс, жұптық жұмыс, бағалау парақтары,
Коучинг кезеңдері
Коучтың іс-әрекеті
Психологиялық жағымды ахуал туғызу: «Жүректен-жүрекке» танысу, әркім өз есімін айтып, бүгінгі іс-шараға сәттілік тілейді.
І. Сабақтан көрініс – «сабақтың басындағы бағалау» көрсетіледі және осы бағалау бойынша тарих пәні мұғалімі, А.Ы. Меңдиярова талқылайды.
ІІ. Сабақтан көрініс – «сабақ ортасындағы бағалау» көрсетіледі және осы бағалау бойынша тарих пәні мұғалімі, А.Хуанган баяндайды.
Талқылау
Тақырыпты ашу.
Оқу үдерісін бағалау қажет пе? Сіз сабақта нені бағалайсыз? Сыныпта жағымды ахуалды қалыптастыру үшін Сіз қандай бағалау түрлерін пайдаланасыз?
Сұрақтарға жауап беріп, талқылайды.
Түсіну
Топпен жұмыс. Сабақтың соңы яғни сабақты бекітуді қалай бағалайсыз, қалыптастырушы бағалаудың қандай түрлерін қолданасыз деген тапсырма ұсынылады.
Топ болып тапсырманы орындайды, қорғайды.
Топтық бағалау. Екі жұлдық, бір тілек арқылы топтар бір-бірлерін бағалайды.
Сергіту сәті.
Көңілді әуенмен билеу. 
Талдау
Бағалау сіздерге түсінікті болды ма? Қандай бағалауды қолдандық?
Бағалау туралы презентация көрсету.
Пікірлерін айтады, талдайды.
Жинақтау
Кері байланыс : Стикерлерге ұсыныс, тілектерін жазып, тау суретіне жапсырады.
Қорытынды
Қалыптастырушы бағалау  кері байланыс арқылы оқудың нәтижелі болуына ықпалын тигізеді. Сонымен қатар, ол оқушыға білім мен түсінуді жақсартуға, білім алуға түрткі болуға, өзін-өзі бағалау қабілетін жетілдіруге жәрдемдеседі. Қалыптастырушы бағалау күнделікті сынып жұмысы үрдісінде ағымдағы білімі мен қабілеттерді меңгеру денгейін анықтауға арналған. Бұл мұғалімдер мен оқушыларға оңтайлы жұмыс істеуіне қолайлы.
Оқушыларды қорытынды бағалауға дайындау мақсатында ағымдық жұмыстардың тапсырмалары, мазмұны, құрылымы мен формасы қалыптастырушы бағалауға бағытталады. Тоқсандық баға қойғанда тек қорытынды бақылау жұмысының нәтижесі ғана емес, қалыптастырушы жұмыс та ескеріледі. Орта мектепте қолданылмайтын критерий мен рубрикалар тоқсандық баға қоюда есептелінбейді.Үй жұмысы да қалыптастырушы жұмыс ретінде қолданылуы мүмкін.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет