Көзі тірісінде-ақ ақиық, асау, асқақ ақын ретінде танылып, күллі



Pdf көрінісі
Дата05.04.2017
өлшемі424,61 Kb.
#11064

Көзі тірісінде-ақ ақиық, асау, асқақ ақын ретінде танылып, күллі 

қазақтың сүйікті перзентіне айналып, бас айналдырар даңқ биігіне 

көтерілген  Қасым Аманжолов өмірден өткеннен кейін аты тіпті 

дүркіреп, атағы ақиқаттан да асып, аңыз адамға  ұласа бастағаны 

мәлім. Бұл - асылы, шын мәніндегі  ұлы, айрықша бітім-мінезді, өзі еңбек 

еткен салада ерлік жасап, әлем  қалыптастырған сирек адамдардың 

маңдайына бұйырған бақ-бақыт болса керек. Иә, ол өмірден өткеннен 

кейін тым тентек, еркін, бір кездері тыйым салынған шығармаларына 

да жол ашылып, ақын  Қасым Аманжолов өмірі мен өнері тұтас және 

мұқият бағалана бастады. 

1946 жылы жазылған осы жолдарда  Қасым 

артық-кемі жоқ нақ осылай дейді. Абайды ала-

сыз ба, Мағжанды алға тартасыз ба, Ілиясты 

ескересіз бе,  Қасым  ұлы  ұстаздарынан мысқал 

қалысып отырған жоқ  қой. Менің намазым - ақ 

қағазым, менің  құраным - нұрлы жыр-әнім... 

«Тірілтіп өлең жарататын Тәңірмін, мен -

құдаймын!» дейді  Қасым. 

Ұлы ақын мына өмірде небәрі 44-ақ жыл 

ғұмыр кешіпті. 

Аса аз өмір.  Қамшының сабындай тым 

шолақ ғұмыр. 

Мұның үстіне оның осы өмірі аса ауыр 

болып, жетімдікпен, ашаршылықпен (1931-1932 

жылдар) және апатпен (кәмпеске, халық 

жауларын  ұстау, 1937-1938 жылдар  қырғыны), 

алапат соғыс (1941-1945 жылдар) оқ-жалы-

нында өтсе... 1947 жылы жабысып, ақыры алып 

тынған аурумен арпалыс, ажалмен айқас тағы 

бар.  Қызыл кеңес идеологиясының  қыспағы. 

Міне, осындай аласапыран уақытта, өткелсіз 

қоғамда күн кешіп жүріп, акиык акын болып 

туып,  қаз басып, калыптасу жекелеген мардым-

сыз көркемдік кемшіліктерін еске алмағанда, 

қалың 4 томдық асыл мұра  қалдыру,  Қасым 

Аманжолов атты  қазақ жырының шыңы болып 

мағыналы, маздақ, махаббатты ғұмыр кешу 

қайран  қаларлық  құбылыс емес пе?! Арада енді 

57 жыл мезгіл өтіп, кеңес империясы  құлап, 

жаңа  Қазақ елі  құрылып, ең жаңа  ұрпағы 

Абайын абайламайтын, әке әдебиетін жатыр-

қайтын дәурен келсе де, ол жүз жылдығын жа-

таңдамалы туындылар жинағы көп тарал-

ыммен шығарылып, халыққа кеңінен тара-

тылуға тиіс. Ол еліміздегі он мыңнан асатын 

кітапханаларды түгел  қамтып  қана  қалмай, 

біздің биліктегі өздерін оқыған, зиялы санай-

тын барлық шенеунік пен  қалың бұқара ішін-

дегі көзі ашық, санасында саңылауы бар әрбір 

адам ақын  Қасымның осы томын тегін немесе 

сатып алып, Аманжолов ақын-суреткерді 

оқып, біліп, түсініп, үйінің сөресінде ғана 

емес, көкірегі төрінде сақтаса абзал... 

Ал, айтыңызшы,  қазіргі еркін  Қазақ елінде 

Абайды аяламайтын, Әуезовті жатырқайтын, 

Аманжоловты білмейтін, яғни мемлекеттік 

тілден мақұрым адамның елге ақыл айтуға, 

әйтпесе «мен - миллионермін, зиялымын, 

жоғары білімдімін, мен мәдениеттімін!» - деп 

айтуға хақы бар ма?! Онда біз  қалай мәде-

ниетті  ұлыс-ұлттар  қатарына  қосыламыз? 

Ащы болса да, ақиқат осылай. 

Енді осымен сабақтас екінші нәрсе -  Қа-

сым Аманжоловты алдымен  Қарқаралы өңі-

рінде,  Қарағанды облысында, содан соң 

күллі  Қазақстан аймағында анық-нақты та-

ну, жан-жақты оқып-білу жұмыстары бас-

тауыш мектептен басталып, жоғары оқу 

орындарына дейін жүйелі және жақсы 

жүргізілуі тиіс. Бұл тұрғыда елімізде әдемі 

үлгі де бар. Ол - Алматы облысында  ұлы 

жырау Жамбыл,  Құлагер Ілияс Жансүгір-

ұлы, Хантәңірі М ұ қ ағал и Мақатаевқа  қа-

тысты бұрыннан бүгінге дейін жүргізіліп ке-

ле жатқан жақсы жұмыстар. Айталық, Жам-

был ауданында жыр атасы ешқашан  ұмы-

тылған емес, арнайы шаралар өтіп тұрады. 

Ақсу ауданында Ілияс Жансүгіровке ар-

налған жоғары сынып оқушыларының жа-

рыстары жыл сайын өтеді. Ал, Райымбек 

ауданында Мұқағали Мақатаев - өмірдің өз 

өрнегі. Бұдан бұрын да жазғанымыздай, 

мұнда таң Мұқағали деп атып, өзен 

Мақатаев деп ағады, гүл Мұқағали деп 

ырғалып, самал Мақатаев деп соғады... Ен-

деше, кілт неде? Халықта. Әділін айтсақ, 

Абай: «Не болады өңкей нөл, Единица -

жақсысы» деп айтқандай, гәп - жетекші 

адамдарда. Басшы бастаса, бұқара ереді. 

Әділін айтсақ, мұндай еңбек - жақында ғана 

жаңа  қызмет бабымен Астанаға ауысқан бі-

лікті басшы Серік Үмбетовтің елжандылы-

ғында,  ұлт әдебиеті мен өнеріне шынайы 

жанашырлығында. Жуырда өткен Мұқағали-

дың  ұлы тойы осы кісінің тікелей  ұйымдас-

тырушылығының жемісі десек, асыра айт-

паспыз. Міне, осындай үлгі-өнегені көмірлі 

өңірге келгелі экономиканы өрістетіп, 

өнердің көзін ашып,  ұлтжандылығы мен іс-

керлігін танытып жатқан облыс әкімі Серік 

Ахметов 


Қ арағанд ы аумағында жалғас-

тырса,  Қарқаралы ауданы бастап, басқа 

аймақтар  қостап әкетсе, нұр үстіне нұр. 

Біздің уайым-қорқынышымыз — басқа 

өлке-облыстарға  қатысты. Осы Мұқағали Ма-

қатаев тек Жетісу жерінің ақыны ма? Оны ң 

жырларын  Қызылорда  қарттары, Сарыарқа 

жастары оқымай ма?! Әйтпесе  Қасым Аман-

жолов тек  Қарағандының  Қасымы ма? Ол 

«Батыс барып, Балқанды бөктерлеп»  қан 

төгіп, оқ атқанда, алғаш ғашықтық дертіне 

ұшырап, жастық жыры тұсауын кескен Орал-

ды  қорғамап па? Жоқ әлде Аманжолов Жайық 

пен Шыңғыстауға, Көкше мен Ембіге жасын 

жыр арнамап па?! Ендеше,  қазақтың  қыры 

Бақыт САРБАЛАҰЛЫ. 

Тірісінде  Қасым бақай есеп, бақталастық-

тан көзі ашылмады десек, шындыққа  қиянат 

шығар, ал әдебиеттегі биік орынға - тақ 

таластықтан әлі  құтыла алмай келеді десек, 

асыра айтпаспыз. Тіпті мұның өзі өнердің ғана 

емес, өмірдің заңы да шығар. 

...Жас ақын, әлі танылмаған жігіт  Қасым 

мен жасамыс, шеберлігі жетіліп, таланты 

тасқан, бас ақын  Қасым басқа. Өзі өткір, өрелі, 

жалынды болса, ақындық тағына дара үміткер 

болып, кәміл беттеп келе жатса, және өмір, 

кеңес идеологиясы  қанша  қысып, бұғалық-

тағанмен - бағынбаса, ол кімнен  қаймықсын, 

қалай акиқатты айтып тастамасын, сырын-

шынын кімнен не үшін жасырсын?! 

Шарт жүгініп бұйығып, 

Молла отырса намазға, 

Шарқ  ұрып келіп түйіліп, 

Мен төнемін  қағазға. 

Молла, сенде не ісім бар, 

Сұхбан айт та сұңқылда. 

Тірілтіп өлең жаратар 

Өзім - Тәңір - бір  құда. 

ғасыры емес,  қазак жырының бір ғасыры. Ол 

адам-пенде ретінде жаңылыспағанмен, акын ре-

тінде «қай жерде үзіледі  қайран сапар» деп жаңы-

лысыпты: «Шарлаған жарқын өшпес жолы жатыр 

жер бетінде...» Адам-пенде Аманжолов 1955 

жылдан бері Алматы  қырында көрпесін  қымтап 

жатқанмен, ақын  Қасым  қайта асқакдай түсіпті, 

Алатаудың асқарына шығыпты. «Әлі де бір басы-

ның бақытын ойламайтын» ол «тымырсық түнек-

тердің дұшпаны, ақ көңіл, адал жандардың дос-

сырласы. «Қанатын жылдам  қағып келіп жатқан 

жылдарды» эрқашан эн-жырымен карсы алуда. 

Сондықтан да оның «өртке тиген дауылдай өлең-

дерін» ешкім де  Қасымның өзі емес деп айта 

алмайды. Дүниеге келіп жатқан жаңа  ұрпактар да, 

жаңа жас ақын  Қасымдар да онымен үнемі жүз-

десіп, асыл-мол байлығын шайқап, өздерінің  қуат-

шамасын байқауда. 

Ең бастысы: Ол - сол баяғы бір  Қасым. 

Бұдан да ең бастысы - осынау асыл ақиқат-

ты, шаң жұқпас шындыкты  ұлы  ұстаз-ақынына 

тартып туған шэкірті, жаңа заманның - 1960-

1970 жылдардың жаңа  Қасымы мұзбалақ Мұқа-

ғали Мақатаев өзі мойындап  қана  қоймай, 

өзгелерге де мойындатып келеді. 

Жеді... 


Тынды... 

Керемет дерттер төніп, 

Кең кеудеде кетті ғой кектер сөніп. 

Қасым деген -  қалғыған жанартау ғой, 

Жанартау ғой, 

Жанды да кетті өртеніп. 

«Бір күй бар домбырамда...» 

(Иесі -  Қасым). 

Қасым солай болмаса, несі  Қасым?! 

Жыр-бәйгеге аттанған адам болса, 

Сөредегі  Қасымын есіне алсын!.. 

Оның кешегі күндерге - өз заманына, кейінгі біз-

дерге көл-көсір бергенінің оннан бірін өзіне 

қайтара алдық па? Ол бүгінгі күніміз болмы-

сында жалпы жаркын жырымен аялап, билікке де 

бағдар-жол көрсетіп  қана  қоймай, болашаққа 

батыл  қадам басып барады. Керек десеңіз, бүгінгі 

бейбіт, тәуелсіз, жас дәуреніміз үшін біз Абай, 

Шоқан, Ыбырайларға, Әлихан, Ахмет, Мағжан, 

Мұстафа Шоқай, Сұлтанбек  Қожанұлы, Ілияс 

Жансүгірұлы, Әуезовтерге ғана борыштар емес-

піз,  Қасым Аманжоловқа да  қарыздармыз. 

Міне, осыған байланысты мынадай сұрақтар 

туады: біз  Қасым Аманжоловты толық танып, 

Қазақ елі 

өміріндегі өз орнын -

төл әлемін әділ айқындау үшін осы-

ған дейін не бітірдік? Мына  ұлы тойы - жүз 

жылдығына орай не істеп жатырмыз?! Алдағы 

уақытта нелер істеуіміз керек?! Бұлар - зор сұ-

рақтар, әрқайсысы - өз алдына жеке бір 


Егемен Қазақстан. - 2011. - 9 қыркүйек (№ 421/424). - 5 б. 

лындап, жарқыраған алып ақын,  қазақ сөзі  қа-

ғаны  қалпында тақ үстінде  қарсы алып отырса, 

қалайша  қайран  қалмасқа?! 

Қазақ жырының -  қағанаты  Қасым Аман-

жолов.  Қазір де аса бай, ажарлы, кәдімгі туған 

елі  Қазақстандай байтақ табиғат-жаратылысы 

бар, алып  қағанат. 

Аманжол - Рақымжанның  Қасымымын, 

Мен  қалған бір атаның ғасырымын. 

Біреуге жұртта  қалған жасығымын, 

Біреуге аспандағы асылымын. 

Шарлаған жолым жатыр жер бетінде, 

Көрінер көлеңкесі келбетінде. 

Қай жерде үзіледі  қайран сапар, 

Түйін боп өмірімнің бір шетінде... 

Дүние, жалт-жұлт еткен кең мекенім, 

Көре алмай көп жеріңді мен кетемін. 

Арпалыс алақұйын заманалар 

Арбасып тұрып алды - мен не етемін?! 

Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ, 

Қараймын елесіңе мен таңырқап. 

Жаңғыртып жер сарайын сен келгенде, 

Көрпемді жатармын мен  қырда  қымтап... 

Өкінбен мен де бір күн өлемін деп, 

Өкінем  ұқсата алмай келемін деп. 

Күніне жүз ойланып, мың толғанам, 

Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп. 

...Барым да, бақытым да - осы өлеңім, 

Жақыным, жүрегімнің досы өлеңім. 

Өмірге келгенім жоқ бостан-босқа, 

Мен  қайтіп босқа жасап, босқа өлемін... 

Аяған жүрегім жоқ жолдасымнан, 

Сый көрді небір сараң мол  Қасымнан. 

Жолдастың жүзін  қайта алдым жинап, 

Айрылсам ала көңіл он досымнан. 

Қасыммын, сол баяғы бір  Қасыммын, 

Бақытын ойламаймын бір басымның. 

Тымырсық түнек болсаң - дұшпаныңмын, 

Ақ көңіл, адал болсаң - сырласыңмын. 

Боламын ақын  Қасым әлі де мен, 

Өлеңін бөбегіндей әлдилеген. 

Қанатын  қағып жылдам келер жылдар, 

Бәрін де  қарсы аламын ән-күйменен... 

Дүниеге келер әлі талай  Қасым, 

Олар да бұл  Қасымды бір байқасын. 

Өртке тиген дауылдай өлеңімді 

Қасымның өзі емес деп кім айтасың! 

Бір атаның - Аманжол Рақымжанның ғана 

Дейсіңдер-ау: «  Қасымның несі басым?!» 

Қасым солай болмаса, несі  Қасым? 

Ақынмын деп  қопаңдап жүргендердің 

Әммесінен  Қасымның десі басым. 

Қуат алып жырына боз даладан, 

Ол жанған. 

Күні жоқ-ты маздамаған! 

Өлісінде өнеге болғаны анық, 

Тірісінде біреуге «жазған Адам...» 

Жалын жұтып, жанын жеп жазған  құрлы, 

Өлеңінің өлмеуін арман  қылды. 

Тасқа басып  қалдырды тәкаппар жан 

Қан менен жас аралас тарлан жырды. 

Бұдан артық  қалай айтарсың?! 

Тарлан жырды сомдай алған тәкаппар жан 

күн-түні жалындап-маздап жанған-ды.  Қазір де 

сөнген жок, бұрқылдап  қайнаған алапат  қуаты -

жанартау. Елі бар, есі бар  ұрпақ есіне алса, 

тереңіне үңілсе, лап етіп атылады, жалын-

жылуына орап алады. 

Мұқағалидың жоғарыдағы жыры -  ұстаз 

ақынға,  ұлы  Қасымға мәңгілік  қойылған ерекше 

ескерткіштің бірі. 

Жалпы жақсы шығармалары түгіл кей сәт-

терде кез келген өлеңімен, тіпті жалғыз жолы-

мен-ақ тәнті етіп, таң  қалдыратын  Қасым 

Аманжоловқа  қашанда  қазақ халқы  қарыздар. 

әңгіменің өзегі. Осы себепті де біз мұның бәрін 

жинап  қойып, бастысын ғана байыптасақ, ол -

Қасымды көзі тірісіндегідей сол баяғы бір 

Қасым  қалпында  қалдыра беру мәселесі. Рас, 

Үкімет жүз жылдығына арнайы  қаулы  қабыл-

дады. Түрлі мақалалар жазылып жатыр, жазыла 

да бермек.  Қарағандыда еңселі ескерткіш бой 

көтерген. Бағышталған жеке кітаптар да шығып 

жатқан болар. Біраз мектеп, көшелерге ақын есі-

мі де берілген болуы керек. 1977-1980 жылдары 

кеңес өкіметі кезінде жарық көрген төрт томдық 

шығармалары толықтырылып, мәтіндік тұрғы-

дан тексеріліп, түпнұсқасын тауып, ғылыми 

түсіндірмелер беріліп, жаңа, жетілдірілген то-

лық шығармалар жинағы шығарылуы шарт. 

Бірақ, біздіңше, ең бастысы - бұлар да емес. 

Бастысы Ван Териан айтқандай, толық 

мен Сыры да, Алтайы мен Атырауы да 

Қасымның жүз жылдығына лайықты  қатысып, 

мүшәйра жариялап, мүшелтой өткізіп жатса, 

жараспас па? Әйтпесе әуелі Баянауылдың тау-

тасы мен өзен-көлі де,  қазақтары мен 

қарағайлары да Сұлтанмахмұт деп жаңғырып, 

сылдырласа, сыбдырласа, жыр жырласа әділ 

ғой.  Қасиетті  Қараой - маздақ Махамбет. 

Өмірден өткелі өгейсітіліп, тоң-торыс жатқан 

Тоқаш Бердияров. Оймауыттың ойлы-сыршыл 

Сағи Жиенбаевы. Біз өзіміз туып-өскен ел 

болғандықтан ғана емес, «Сырдың елі -

жырдың елі» атанғандықтан да  Қызылорда 

жаққа жиі  қараймыз. Әрқайсысы бір-бір дүр 

Сыр сүлейлерін былай  қойғанда, ақындар 

ағасы Әбділда Тәжібаев, былтырғы жылы 

ғасырлық мүшелі аталған сын сардары 

Мұқаметжан 

Қаратаев ізгі інілері Мұ-

қағалидың 80-і, замандастары  Қасым Аман-

жоловтың 100 жылдығы дүркіреп өтіп 

жатқанда: «Бізді неге елемейді?» деп елең-

демейді дейсіз бе?! Арнайы хат жазып, 

құлаққағыс та жасадық. Тым-тырыс. Жым-

жылас. Уәжіміз кем бе, аузымыздың дуасы 

жоқ па?! Жә, бізді олқысынса, кең байтақ 

Қазақстанның өңірлері мен өлкелеріндегі ел 

ағаларына, орыс Андрей Битовқа айтқызайық: 

«Адамзаттың өмірінен әдебиетті алып тас-

тасақ, сықырлаған  қару мен сыңғырлаған 

тиын ғана  қалады» демеп пе еді ол. 

Жә, өзі өртке тиген дауылдай өлеңдер жа-

зып, кеңестік  Қазақстанды сілкіндіріп,  қазіргі 

Қазақ елін де  қанаттандырып отырған  Қасым 

Аманжолов туралы айтар сөз, ақтарар наз көп 

болса да, осымен мүшелтойлық мақаламызға 

нүкте  қояйық.  Қасым - бір мерекенің аясына 

сыймайтын ақын. Балалар ақыны  Қасым, 

аудармашы, драмашы, журналшы, сыншы 

Қасым және бар. Бұлар да осал-олқы  қалам-

герлер емес. Тірісінде  қырық  қыздың жүрегін 

ауыртып, Марфуғаға, Фатимаға, Райханға 

ғашық болып, Сақыпжамалға сүйіп үйленген 

өмірі мен  ұлағатты да  ұлы өнері - әлі терең 

игерілмеген тың. Жоғалған жүздеген өлендерін 

іздеп тапсақ, шіркін... 

Қысқасы,  Қасым-жанартауды  қалғытпай, 

атқылату - алғы күндердің міндеті. Ол -

күйдірер күл шашпайтын, сүйдірер гүл, асыл 

інжу-маржан, мыңдаған алтын күндер 

шашатын, көк дауыл соққызып, көк жауын 

құйдыратын, «Туған ел кеудесінде арпалысып, 

ЬІстық  қанды жүрегі болып соғып» тұрған жа-

нартау. 

Баяғы  Қасым - сол бір  Қасым. 

Аман болсақ, Аманжоловқа алдағы уақыт-

та да талай рет оралармыз. 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет