Күрделі сөздер



бет1/4
Дата15.03.2023
өлшемі309,14 Kb.
#74609
түріҚұрамы
  1   2   3   4

Күрделі сөздер




Орындаған: Химадинова А
Мұхатқалиева А



Сөздер құрамы жағынан дара және күрделі болып екіге бөлінеді.Бір ғана түбірден тұратын негізгі және туынды түбір сөзді дара сөз дейді. Мысалы: әке, жолдас, ауыл, аялдама сияқты сөздер дара болып есептеледі. Себебі, бұл сөздер бір ғана негізгі (әке, ауыл) немесе туынды түбірден (жол-дас:түбірі -жол, -дас - жұрнақ; аялда-ма: түбірі - аялда, -ма - жұрнақ) тұрады. Екі немесе одан да көп түбірден құралған сөзді күрделі сөз дейді. Мысалы, әке - шеше, ауыл -аймақ, ашудас, Қостұра, боз торғай, қара торы, он үш сияқты сөздер күрделі болып табылады. Себебі бұлар кемінде екі түбірден құралған: әке-шеше (әке және шеше), ауыл - аймақ (ауыл және аймақ), ашудас (ашу немесе ащы және тас), бозторғай (боз және торғай), қара торы (қара және торы), он үш (он және үш), Қостұра (қос-екі, тұра-тау).
Күрделі сөз құрамындағы сыңарлар мүшеленбей, бөлшектенбей тұтас күйінде бір бүтін лексикалық мағынаны білдіреді, тұтас күйінде белгілі бір сөз табына қатысты болып, сол күйде тұлғаланады және сөйлемнің бір ғана мүшесі болады.Күрделі сөздер жасалу жолына қарай төрт түрлі болады: біріккен сөздер (бүгін, жаздыгүні), қос сөздер(үлкен - кіші, аяқ-табақ), қысқарған сөздер (АҚШ,БҰҰ), тіркесті сөздер (шұбар ат, қара көк, жүз бес). Сөйтіп күрделі сөздер, бір жағынан, сөз тудырудың (сөзжасамның) белгілі жолдары (біріктіру, қосарлау, тіркестіру) арқылы жасалған жаңа сөздер болса, екінші жағынан, күрделі түбір, яғни түбірдің өзінше бір түрі болып табылады

Күрделі сөз – екі немесе одан да көп сөзден құралып, бір екпінмен айтылатын бір тұтас лексикалық мағына беретін сөздер. Мысалы: Бүгін (бұл күн), шекара, он алты, қызыл ала, т.б.

Күрделі сөздердің басты ерекшеліктері:

  • Күрделі сөз кемінде екі сөздің бірігуінен, тіркесуінен, қосарлануынан, қысқаруынан жасалады;
  • Күрделі сөз жасайтын сыңарлар мағыналық жағынан да, құрылымдық жағынан да, синтаксистік жағынан да тұтасып, бір ғана ұғымның атауын білдіреді;
  • Күрделі сөздің құрылымдық тұтастығы бұзылмайды, оның сыңарларының арасына сыналап басқа бір сөз кіргізуге және олардың орнын ауыстыруға да болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет