Критериалды бағалау жүйесін енгізудің мақсатын атаңыз. Критериалды бағалау жүйесін енгізудің мақсаты



Дата21.05.2022
өлшемі16,37 Kb.
#35203

  1. Критериалды бағалау жүйесін енгізудің мақсатын атаңыз.

Критериалды бағалау жүйесін енгізудің мақсаты әрі қарай оқу
үдерісін жетілдіре түсу үшін бағалау критерийлері негізінде білім беру
үдерісіне қатысушылардың барлығына білім алушылардың оқу нәтижесі
туралы нақты ақпарат алу болып табылады.
Үздік қазақстандық және халықаралық тәжірибені кіріктіре отырып
құрастырылған критериалды бағалау жүйесі төмендегідей міндеттерді
жүзеге асыруға мүмкіндік береді:
1. Білім беру қызметінің сапасын арттыруға жағдай жасайтын
объективті және анық бағалау жүйесін іске асыру;
2. Халықаралық тәсілдер мен стандарттарға сәйкес сапалы және
бірыңғай бағалау механизмін қалыптастыру;
3. Бағалау әрекетіндегі мұғалімдердің құзыреттілігін арттыру;
4. Өз бетінше білім алу дағдыларын дамыту үшін жағдай жасау және
білім алушылардың өз оқуына деген жауапкершілігін арттыру;
5. Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмысты жетілдіру;
6. Білім алушылардың күтілетін нәтижелерге, соның ішінде жоғары
деңгей дағдыларына (талдау, жинақтау, бағалау) жетуін бағалауға
мүмкіндік беретін тапсырмалар үлгілерінің қорын құру;
7. Объективті, үздіксіз және нақты:
- білім алушыларға олардың оқуының сапасы туралы;
- мұғалімдерге білім алушылардың ілгерілеуі туралы;
- ата-аналарға оқу нәтижелерінің жетістік деңгейі туралы;
- басқару органдарына ұсынылған білім беру қызметінің сапасы
туралы ақпаратты беру;
8. Электрондық журналды жинау үдерісін оңтайландыру және
ақпараттар ұсыну үшін қолдану;
9. Әр білім алушының, жеке мектептің, барлық аудан, облыс және
мемлекет деңгейіндегі мектептердің бөлім және тақырыптар аясында оқу
бағдарламасын меңгеру мониторингін қолдану;
10. Стандарттарды, оқу бағдарламаларын жетілдіру үшін талдау
жүргізу және басқа да басқарушылық шешімдер қабылдау.
Пәндер мен сыныптарға байланысты бағалаудың ұсыныстары
қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағында, жиынтық
бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстарда қосымша берілген.





3.Критериалды бағалау жүйесінің мазмұнын анықаңыз.
Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны стандарттармен,
үдерістермен, бағалау құралдарымен, нәтижелерімен анықталады.
Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны төмендегідей нұсқаулық-
әдістемелік құжаттар негізінде берілген:
• Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бастауыш,
негізгі орта, жалпы орта);
• Оқу бағдарламасы мен оқу жоспары;
• Білім алушылардың білімін бағалау критерийлері;
• Білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау тәртібі;
• Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған
критериалды бағалау бойынша нұсқаулық;
• Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды
бағалау бойынша нұсқаулық;
• Пәндерге қатысты қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы;
• Пәндерге қатысты жиынтық бағалауға арналған әдістемелік
ұсыныстар;
• Пәндерге қатысты тоқсандық жиынтық бағалаудың
спецификациясы.

19.Кері байланыс беру кезінде мұғалімдерге ескеретін
жаңдайларды анықтаңыз.

Кері байланыс сабақтың əр кезеңінде қолданылады, мұғалімнің білім
алушылармен үздіксіз өзара əрекет етуін жүзеге асыруға, нəтижесінде
оқу үдерісін түзетіп, сабақты əрі қарай жоспарлауына мүмкіндік береді.
Кері байланыс беру кезінде мұғалімдерге:
• білім алушылардың жақсы жақтарын ескеруі;
• тапсырманың дұрыс орындалмағанын нақты түсіндірмей тұрып,
«олай емес», «дұрыс емес» деген сөздерді қолданбауы;
• білім алушылардың жұмысын жетілдіру немесе кемшілік
тұстарын жөндеудің жолдарына ұсыныс беруі;
• кері әсер ететін сөздерді, білім алушыларды кекету,
келемеждеуге қатысты, мысалы, «орынсыз жауап», «осыны ойлауға
ақылың қалай жетті» деген сияқты сөздерді мүлдем қолданбауы
ұсынылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет