Критериалды бағалау технологиясының ғылыми негіздері. Критериалды бағалауды туралы түсінік. 2 Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты


Мақсаттарды мұғалімнің әрекеті арқылы анықтау



бет7/10
Дата28.04.2022
өлшемі22.18 Kb.
#32653
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Мақсаттарды мұғалімнің әрекеті арқылы анықтау.

Бұндай мақсат мұғалімнің әрекетіне шоғырланады.Мақсатты бұлай қою кезінде өз жұмысына шоғырланған мұғалімнің оқушылар қол жеткізген нәтижені бағалауына мүмкіндігі бола бермейді(мысалы, «Оқушыларды ...таныстыру», «... көрсету», «... түсіндіру». Сөйтіп, мақсат қоюдың технологияланбаған тәсілі еңсерілмейді, тек бүркемеленіп қалады.

3. Мақсаттарды оқушы дамуының зияткерлік, эмоционалдық, тұлғалық үдерістері арқылы қою. Аталған мақсаттар жалпы білімділік мақсаттарды бейнелейді(мысалы, «білігін қалыптастыру (дамыту)», «оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту»).Бұндай мақсаттардың қойылуы мүмкін, бірақ белгілі бір қиындықтармен ықпалдасады.Бір сабақта (тіпті бірнеше сабақтар аясында) білік пен дағды қалыптастыру сияқты мақсатқа қол жеткізу мүмкін емес, себебі мұғалімнің қолында оны өлшеудің құралы жоқ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет