Ktb la 6306-«Қазіргі тіл біліміндегі лингвомәдени аспектілер» 7М01701-Қазақ тілі мен әдебиеті 2022-2023 оқу жылы



бет1/6
Дата22.12.2022
өлшемі27,87 Kb.
#59093
  1   2   3   4   5   6



KTB LA 6306-«ҚАЗІРГІ ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ ЛИНГВОМӘДЕНИ АСПЕКТІЛЕР»
7М01701-Қазақ тілі мен әдебиеті
2022-2023 оқу жылы


1-2-тақырып. Коммуникация теориясының негізгі ұғымдық-терминологиялық аппараты, басқа ғылым салаларымен, тіл білімінің басқа бағыт-бағдарларымен байланысы
Сағат саны 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1) Қарым-қатынас: моделі, қызметі және түрі.
Тілді зерттеудің рухани-танымдық бағыты
2) Мәдени-тілдік деректерді антропоөзектік бағытта зерттеудің теориялық-танымдық негіздері
3) Қазақ тілінің ұлт тұтастырушылық қызметі
4) Тілдің таңбалық сипаты мен мұрагерлік (кумулятивтік) қызметінің сабақтастығы
Дәріс тезисі
1) Қарым-қатынас: моделі, қызметі және түрі
Адамаралық қарыс-қатынас (ағылш. Interpersonal relationship) – саналы адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс: екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоцоиналды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Адамаралық қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты.
Адамаралық қарым қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани, іскер т.б. деңгейлері болады.
Ежелгі тіл білімі заманынан бері анықталып келе жатқан оның ең негізгі мәселесі – тіл мен ойдың байланысы. Ал, тіл арқылы берілетін ойдың ар жағында сол тілде сөйлеушінің танымы, мәдениеті, психологиясы, өмір тәжірибесі т.б. Рухани-прагматикалық жүйесі жататыны белгілі. Демек, тіл қызметін сол тілде сөйлеушінің жан-жақты қызметі мен болмысынан тыс қарау мүмкін емес.
2) Тілді зерттеудің рухани-танымдық бағыты
Өз бастауын тіл білімі тарихының тереңінен алатын антрополингвистикалық көзқарас қазіргі лингвистикалық зерттеулер мен экстралингвистикалық факторлардың әсерімен жаңа сапада қайта жаңғыруда. Бұл көзқарас алғаш рет ХІХ ғасырда пайда болғанда, ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда ұсынылған логикалық бағыт пен универсалды грамматикаға қарсы, яғни негізгі назарды тілдің ішкі формасына аударған лингвистикалық ілім ретінде қалыптасты. Оның негізін салушы – көрнекті неміс лингвисі В.Гумбольдт.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет