Кудеринова Куралай



Дата31.12.2021
өлшемі15 Kb.
#22082

Кудеринова Куралай

ф.ғ.д., Сулейман Демирел Университеті

ПРОФЕССОР НҰРГЕЛДІ УӘЛИ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ СТИЛИСТИКАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ БІР МӘСЕЛЕСІ

In the report said about ways of input to education program the latest news of Kazakh stylistics.

Ғылыми мекемелердің статусын өзгертіп жатқан, өзгерткісі келіп жатқан, көзқарастар өзгеріп жатқан кезеңде отырмыз. Ғылыми мекемелер өз стратегияларын нақтылап, жаңа мақсаттарын екшеп, зерттеу нәтижелерін білім беру кеңістігіне ұсыну жолдарын қарастырмаса, ғылым – ғылым үшін ғана емес, ғылым – білім үшін де зерттелмесе, ғылыми мекемелердің орны жоғалатын жағдайға келе жатырмыз. ЖОО-нан білім бағдарламаларына ұсыныстар сұралмаса, ЖОО-на арналған бірлескен оқулықтар мен оқу құралдар жазуға сұраныстар берілмесе, оқытатын білімді жетілдіруге атсалыспаса, ғылыми-зерттеу мекемелерінің құзіреттілігі төмендейді. Қазақ тіл біліміндегі соңғы зерттеулер былай тұрсын, кей пәндер 60 жж. зерттеу нәтижелері мен тұжырымдарына сүйенеді. Соның бір мысалы ретінде «Қазақ тілі стилистикасы» пәнін алайық. Мектеп бағдарламасынан білетін қазақ тілінің 5 функционалды стильдер жүйесінің өзара айырмашылықтарын ажырату ғана осы пәннің міндеті болып шыққан. Ал қазіргі қазақ ғылымында жалпы қолданыстағы тілді сөйлеу тілі және кітаби тіл оппозициясында қарайды. Яғни адам өзіне таныс, бейресми ортада ауызекі сөйлеу тілін қолданса, бейтаныс ортада әдеби тілді қолдана бастайды. Көркемсөз, шаршысөз (газет, теледидар, радио, жалпы шаршытоп алдындағы сөз), кәсіби ортадағы іскери сөздер, негізінен, көпшілік ортада қолданылатындықтан әдеби норманы қажет етеді.

Профессор Нұргелді Уәли функционалды 4 стиль адамның қоғамдық санасының қалыптасуына және халықтың қоғамдық санасының тұрақтануына байланысты деген ой айтады. Сонда 5 фунционалды стиль бес түрлі қоғамдық санаға қызмет етуден шыққан.

Тұрмыстық сана толық болса, сөйлеу тілі стиліне машыққан, эстетикалық сана жоғары болса, көркемсөз стилінде сөйлеп, жаза білетін және көркем мәтінді өз деңгейінде түсінетін тұлға деген сөз. Ал саяси сана шаршысөз стилін қалыптастырды.

Ғылыми сана ғылыми стильді тудырды.

Кәсіби сана қалыптасса, ресми ісқағаздар стилінде оңай жазып, іскери сөздің шебері болып табыламыз.

Стиль түрлерін оқытқанда, сонымен, жалпы қолданыстағы тілді сөйлеу тілі (таныс ортада), бейтарап тіл (таныс-бейтаныс ортада) және кітаби тіл (бейтаныс ортада) деп, адамның ӨЗ-інен ӨЗГЕ-ге қарай қарым-қатынасына байланысты бөліп алу керектігін ұғынамыз.



ӨЗ-іне отбасы, дос-жаран, көрші-қолаң, ағайын-тумамен арадағы коммуникация жатады.

ӨЗГЕ-ге қоғамдық, мәдени орындар, жиындар, жалпы бейтаныс көпшілік кіреді. Баяндама қазақ стилистикасындағы соңғы жаңалықтарды талдауға арналған.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет