Курс бағдарламасы (syllabus) «easkhT3239 – Электронды аспаптар және схемотехника»



жүктеу 400.83 Kb.
Pdf просмотр
Дата15.03.2017
өлшемі400.83 Kb.

 

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі 

«Алматы  энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес АҚ

 

Аэроғарыштық және ақпараттық технологиялар факультеті 



Электроника кафедрасы 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



«Бекітемін» 

ААТФ деканы

 

_________Табултаев С.С. 



 «____»__________  2016ж 

 

 



Курс бағдарламасы (syllabus) 

«EASkhT3239 – Электронды аспаптар және схемотехника»  

пәні  бойынша 

5В060200 – Информатика 

 

 



Курс – 2 

Семестр – 4 

ҚР барлық кредит саны – 2 

ECTS барлық кредит саны – 4 

Жалпы сағаттар саны – 90 

Оның ішінде: 

Дәрістер – 15 

Зертханалық сабақтар – 15 

Машықтану сабақтары – 8 

Есептеме-сызба жұмыс – 2 

СӨЖ – 52 

оның ішінде ОСӨЖ – 15 

Емтихан – 4 семестр 

 

Алматы, 2016 жыл 



 

Курс 



бағдарламасын 

(syllabus) 

5В060200 

– 

Информатика 



мамандығының  жұмыс  оқу  жоспарының  негізінде  «Электроника» 

кафедрасының  аға  оқытушысы  Нусибалиева  Арайлым  Бекжановна 

құрастырды. 

Syllabus  «Электроника» кафедрасының мәжілісінде қарастырылған 

және құпталған.  11  мамыр 2015 ж., №  10 хаттама.

 

 



 

Syllabus  аэроғарыштық және ақпараттық технологиялар факультетінің 

оқу-әдістемелік комиссиясының мәжілісінде қарастырылған және бекітілген

 

( 13  мамыр 2016 ж., №  6 хаттама).



 

 

 



 

 

Электроника» каф. меңг.                        т.ғ.к., проф. А.А. Копесбаева



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

1  Оқытушы  жайында:  Нусибалиева  Арайлым  Бекжановна  –  АЭжБУ 

аға  оқытушысы.  Бұл  пән  бойынша  зертханалық  сабақтар  арнайы 

жабдықталған зертханалық аудиторияларда Б 327, Б 421 жүргізіледі. 

 

Офис: «Электроника» кафедрасы 



Мекен-жайы:  050013,  Алматы  қаласы,  А.Байтұрсынұлы  көшесі,  126, 

АЭжБУ 


Байланыс телефоны: 8(727)2784683, samal77@mail.com. 

 

Курстың аудиториялық сабақтарын өткізу уақыты мен орны оқу 

сабақтарының  кестесінде  көрсетілген,  СОӨЖ  кеңес  беру  кестесі 

радиотехника  және  байланыс  факультетінің  деканаты  (Б  209)  мен 

Электроника кафедрасының (Б 424) хабарландыру тақталарына енгізілген. 

 

3  Курстың  пререквизиттері:  математика  1,  математика  2,  физика  1, 

физика 2, сызықты электр тізбектерінің теориясы, өлшеуіш түрлендіргіштер. 



Постреквизиттері: 

интегралдық 

және 

микропроцессорлық 



схемотехника,  сигналдарды  сандық  өңдеу  негіздері,  автоматтық  басқару 

теориясы, сигналдарды өңдеу цифрлық процессорлар. 



 

4 Оқу пәнінің сипаттамалары 

4.1  Курстың  мақсаты  –  «Электронды  аспаптар  және  схемотехника» 

пәні,  жоғарғы  оқу  орындарының  студентеріне  таңдау  бойынша  пән  түрінде 

енгізілген, мамандықтарына сәйкес келетін пән. 

Пәнді 


оқытып-үйретудің 

мақсаты 


– 

студенттерге 

аналогты 

құрылғылардың 

сұлбалық 

құрылысының 

негіздерімен 

таныстыру, 

электроника 

жүйелерін, 

электрбайланыс 

пен 


радиоэлектроника 

құрылғыларын  және  олардың  түйіндерін  сұлбалалық  жолдарымен  талдау, 

жобалау және құрастыру әдістерін үйрету мен дағдыларын қалыптастыру. 

Әртүрлі  функционалдық  қиындықтағы  –  цифрлық  логикалық 

элементтерден  микропроцессорға  дейінгі  цифрлық  құрылғыларды  құру  мен 

қолдану принциптерін оқыту. 



4.2  Курстың  міндеті  –  пәнді  оқудың  негізгі  мәселелері.  Пәнді  оқып  – 

үйретудің  міндеті  –  студенттерге  аналогты  құрылғылардың  және  олардың 

негізгі  элементтерінің,  оның  ішінде  дифференциалдық  каскадтар  мен 

операциалық  күшейткіштер,  интегралдық  микросхемалар,  электрондық 

сүзгіштер  мен  генераторлар,  осылардың  негізінде  құрылған  аналогты 

сигналадарды өңдеу құрылғыларының жұмыс істеу негіздері мен құрылысын 

және осыларды құрастыруды жүзеге асыру жолдарын білгізу. 

Цифрлық  техниканың  теориялық  негіздерін,  типтік  комбинациялық 

және  тізбектілік  құрылғыларды  құру  принциптерін,  жады  микросұлбасын 

ұйымдастыру  тәсілдерін,  типтік  микропроцессор  мен  оны  бағдарламалауды 

қабылдаудың  құрылымын,  типтік  сыртқы  құрылғылардың  жұмысын 

ұйымдастыруды оқу. 



 

 



4.3 Курсты суреттеу: 

– аналогты құрылғылардың және олардың негізгі элементтерінің құры-

лымын  талдау  жолдарын,  олардың  жұмыс  істеу  принциптерін,  оның  ішінде 

дифференциалдық 

каскадтар 

мен 


операциалық 

күшейткіштердің, 

интегралдық 

микросхемалардың, 

электрондық 

сүзгіштер 

мен 

генераторлардың,  осылардың  негізінде  құрылған  аналогты  сигналадарды 



өңдеу құрылғыларының жұмыс істеу негіздері мен құрылысын білуі тиіс; 

– көп каскадты және қуат күшейткіштерін, электрондық сүзгіштер мен 

генераторларды,  түрлендіргіштер  мен  компараторларды  есептеп  жасау 

әдістерін білуі тиіс; 

–  күшейткіштердің,  сан  түрлі  аналогты  құрылғылардың  негізгі 

параметрлерімен сипаттамаларын тәжірибе арқылы анықтау жолдарын білуі 

тиіс; 

–  аналогты  электрондық  құрылғылардың  соңғы  жетістіктерінің 



физикалық  негіздерін  түсініп,  олардың  келешек  даму  бағыттарына, 

болашағына түсінік бере білуі тиіс және қазіргі кездегі аналогты интегралдық 

микросхемалардың  айрықша  қасиеттерін,  олардың  сұлба  техникасын  және 

жұмыс істеу режимдерін туралы амалдарын білуі тиіс. 



 

5. Пәннің құрылымы және мазмұны 

5.1 Теориялық дайындық (15 сағ.) 

№ 

Тақырып (модульдер, бөлімдер) 



Әдебиет номері 

1* 


Қалыпты күйдегі электронды-кемтіктік p-n ауысу, оның тура 

және кері ығысуы. p-n ауысудың негізгі сипаттамалары мен 

көрсеткіштері.  Жартылай  өткізгіш  диодтар:  төменгі  және 

жоғары  жиілікті  түзеткіш,  стабилитрон,  импульстік, 

варикап, туннельдік, қайтымды және Шоттки диоды. 

Биполярлық  транзисторлар.  Құрылымы  және  жұмыс  істеу 

принципі,  қосылу  сұлбалары,  негізгі  көрсеткіштері  мен 

сипаттамалары,  ортақ  эмиттер  сұлбасымен  қосылған 

транзистордың  сипаттамалары,  транзистордың  күшейту 

коэффициентінің жиілікке тәуелділігі – 2 сағат. 

Конспект,  

Ә.1, 2, 7, 12 

Басқарылатын  p-n  ауысуы  бар  өрістік  (униполярлы) 



транзисторлар  (ӨТ),  қондырылған  және  индукцияланған 

каналы  бар  оқшауланған  тиекті  ӨТ.  Тиристорлар, 

варисторлар, 

терморезисторлар, 

тензорезисторлар. 

Фотоэлектрондық аспаптар, оптоэлектрониканың элементтік 

базасы. 

Жарық 


жолдары, 

жарық 


көздері, 

фотоқабылдағыштар.  Оптрондар.  Ауыстырып  қосқыш 

жартылай өткізіш аспаптар – 2 сағат. 

Конспект,  

Ә.1, 2, 7, 12 

ТТК  және  дифференциалдық  күшейткіш  (ДК).  ДК  қосылу 



сұлбасы  және  жұмыс  істеу  принципі;  тұрақты  ток 

генераторы бар ДК; динамикалық жүктемесі бар ДК. 

Операциялық  күшейткіш  (ОК).  Негізгі  көрсеткіштері  мен 

сипаттамалары.  Екі  каскадты  ОК  құрылымдық  және 

принципиалды  сұлбасы.  ОК  сыртқы  тізбектері.  Кері 

Конспект,  

Ә.1, 2, 7, 12 


 

байланыстары бар ОК – 2 сағат. 



4* 

ОК  сигналдарды  аналогтық  өңдеу  құралдары.  Терістейтін, 

терістемейтін  күшейткіштер,  айнымалы  сигнал  күшейткіші, 

шешуші  күшейткіштер,  компаратор  және  Шмидт  триггері. 

Сигналдар  генераторлары;  Вин  көпірі  бар  синусоидалық 

толқындардың RC генераторлары. 

Кернеу 

және 


ток 

тұрақтандырғыштары. 

Тұрақтандырғыштың  негізгі  көрсеткіштері.  Параметрлік 

тұрақтандырғыштар.  Компенсациялық  тұрақтандырғыштар. 

Импульстік тұрақтандырғыштар – 2 сағат. 

Конспект,  

Ә.1, 2, 7, 12 

5* 


Қисындық  алгебра  негіздері.  Қисындық  функциялар  және 

оларды  іске  асыру  әдістері.  ЖӘНЕ,  НЕМЕСЕ  және  ЕМЕС 

қисындық элементтері. ТТҚ, ЭКҚ, МТЖ және КМТЖ, ИИҚ 

– 2 сағат. 

Конспект,  

Ә. 4, 5, 12 

Комбинацияланған 



қисындық 

сұлбалар. 

Бульдік 

функцияларды минимизациялау. ЖДҚП және ЖКҚП. Карно 

және Вейч карталары. 

Екілік 


шифраторлар 

және 


дешифраторлар, 

мультиплексорлар 

және 

демультиплексорлар, 



қосындылауыштар және кодтық түрлендіргіштер – 2 сағат. 

Конспект,  

Ә. 4, 5, 12 

7* 


Тізбектелген  қисындық  сұлбалар.  Жұмыс  істеу  принципі, 

сұлбалары, ақиқат кестелері RS, JK, D және T- триггерлері. 

Тіркеуіштер,  санауыштар.  Тізбектелген  және  параллель 

ығыспаған  және  ығыспаған  регистрлер.  Кез  келген 

модульдері бар екілік санауыштар – 2 сағат. 

Конспект,  

Ә. 4, 5, 12 

Есте  сақтау  құрылғылары.  БЕСҚ  мен  ОЕСҚ  жіктелуі. 



Құрылымдық және принципиалдық сұлбалары, жұмыс істеу 

принциптері – 1 сағат. 

Конспект,  

Ә. 4, 5, 12 

Ескерту:  *  белгісімен  көрсетілген  позиция  тақырыптары  сырттай  оқу 

студенттеріне оқылады, ал қалғандары СӨЖ шеңберінде оқытылады. 



5.2 Тәжірибелік дайындық 

 

5.2.1 Зертханалық жұмыстардың үлгілік тізімдері (15 сағ.) 

Зертханалық  жұмыстар  әдістемелік  нұсқауларға  сәйкес  орындалады 

[12]. 

№ 

Тақырып 



Сағаттар 

саны 


1*

 

Түзеткіш диодпен стабилитронның сипаттамаларын 



зерттеу – 2 сағат. 

Конспект,  

Ә. 1, 7, 11

 

2* 



Биполярлық  транзисторды  және  басқарылатын  р-n 

ауысуы бар өрістік транзисторды зерттеу– 2 сағат. 

Конспект,  

Ә. 1, 7, 11

 

3* 


Терістейтін  және  терістемейтін  күшейткіштерді 

зерттеу – 2 сағат. 

Конспект,  

Ә. 1, 7, 11 

4* 

ОК  негізіндегі  автотолқынды  мультивибраторды 



зерттеу – 2 сағат. 

Конспект,  

Ә. 1, 3, 11

 



Тізбектеме құрылғылар – 2 сағат. 

Конспект,  

Ә. 1, 4, 11 

intel 8085 микропроцессорлық жүйесі– 2 сағат. 



Конспект,  

Ә. 1, 4, 11 



 



Екі деңгейлі триггерлерді зерттеу – 2 сағат. 

Конспект,  

Ә. 1, 4, 11 

Санауыштарды зерттеу – 2 сағат. 



Конспект,  

Ә. 1, 4, 11 



 

5.2.2 Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары(8сағ.) 

№ 

Тақырып 



Әдебиет номері 

және бөлімі

 



Күшейткіштің жүктеме және тікелей динамикалық 



сипаттамаларын тұрғызу – 2 сағат. 

Конспект,  

Ә.1, 2, 7, 12 

Операциалық  күшейткіштер  негізінде  құрылған 



құрылғыларды есептеу – 2 сағат. 

Конспект,  

Ә. 4, 5, 12 

Комбинациялық  қисындық  сұлбаларды  талдау  –  2 



сағат. 

Конспект,  

Ә. 4, 5, 12

 



Активті RC сүзгілерді есептеу – 2 сағат. 

Конспект,  

Ә. 4, 5, 12 

Ескерту:  *  белгісімен  көрсетілген  позиция  тақырыптары  сырттай  оқу 

студенттерімен орындалады 

 

5.4 Есептеме-сызба жұмыс 

Диодтар 


мен 

транзисторлардың 

негізгі 

сипаттамалары 

мен 

көрсеткіштерін есептеу. 



Кернеу күшейткіштерін есептеу. 

Активті сүзгілерді есептеу. 

Электрлік толқындар генераторларын есептеу. 

Комбинациялық қисындық сұлбаларды талдау. 

Әдістемелік нұсқауларға сәйкес орындалады [13]. Тапсырма семестрдің 

бірінші-екінші аптасында беріледі. 

 

5.5 СӨЖ тақырыптары (52сағ.) 

Өз  бетінше  жүргізілетін  жүмыстар  дәрістік  және  зертханалық 

сабақтарды қамтитын сұрақтарға ұсынылған әдебиеттер бойынша өз бетінше 

жауап  іздеу  үшін  арналған.  Өз  бетінше  жүргізілетін  жұмыстардың  балама 

тізімдері: 

5.5.1 


ОК  негізіндегі:  сызықты,  түрлендіргіш,  қосындылауыш, 

интегралдауыш  және  дифференциалдауыш  күшейткіштерді  есептеу  және 

оқып білу. 

5.5.2  Қуат  күшейткішін,  бақылау  сұлбасын,  оптрондардың  көмегімен 

алынған  басқару  және  дабыл  қағу  сұлбаларын  есептеу;  екілік  ондық 

санағыштардың,  ығыстыру  регистрлерінің  және  ақпаратты  бейнелеу 

сұлбаларын тұрғызу. 

5.5.3 Екілік сандарды көбейту және бөлу. 

5.5.4 

Мак-Класки 



әдісі 

мен 


құрылымдық 

формулаларды 

минимизациялаудың графикалық тәсілдері. 


 

5.5.5  Кодты  түрлендірушілердің,  логикалық  матрицалардың  және 



арифметико-логикалық құрылғылардың жұмыс істеу принциптері. 

5.5.6 Мили автоматы талдаудың технологиясы. 

5.5.7 Джонсон санауыштары, сақиналық санауыштар. 

5.5.8  Динамикалық  есте  сақтау  құрылғылардың  жұмыс  істеу 

принциптері. 

5.5.9 Тізбекті интерфейстің контроллерін бағдарламалау. 

5.5.10 Үзу контроллерін бағдарламалау. 

 

6 Аралық және қорытынды бақылауға арналған сұрақтар тізімі 

1

 

Жартылай өткізгіштердің электрөткізгіштігі. 



2

 

p-n ауысу қалыпты жағдайда. 



3

 

p-n ауысудың тура және кері ығысуы. 



4

 

Вольтамперлік сипаттама. 



5

 

p-n ауысудың негізгі көрсеткіштері. 



6

 

p-n ауысудың тесілуі. 



7

 

p-n ауысуды жасау әдістері. 



8

 

Түзеткіш диод. 



9

 

Стабилитрон. 



10

 

Варикап. 



11

 

Туннельдік диод. Қайтымды диод. 



12

 

Металл жартылай өткізгіш түйіспесі. Шоттки диоды. 



13

 

Транзисторлардың жіктелуі. 



14

 

Транзистордың құрылысы. 



15

 

Транзистордың жұмыс істеу принципі. 



16

 

Транзистордағы токтар. 



17

 

Базаның модуляциясы. 



18

 

Транзистордың ОБ, ОЭ, ОК қосылу сұлбалары. 



19

 

Транзисторлардың  негізгі  көрсеткіштері:  а)  физикалық,  б)  h-



параметрлері. 

20

 



Транзисторлардың  негізгі  сипаттамалары,  негізгі  көрсеткіштер 

кестесі. 

21

 

ОЭ  қосылған  сұлбаның  сипаттамалары  (кіріс,  шығыс,  токты  тура 



беру). 

22

 



Басқарылатын 

p-n 


ауысуы 

бар 


униполярлық 

(өрістік) 

транзисторлар. 

23

 



Оқшауланған тиекті униполярлық транзисторлар. 

24

 



Тиристор, динистор. 

25

 



Бірауысулы транзистор. 

26

 



Сәулелік диод. 

27

 



Фотодиод, ВАС. 

28

 



Оптрондар. 

29

 



Интегралдық сұлбалардың жіктелуі. 

30

 



Күшейткіштер. Құрылымдық сұлбасы. Жіктелуі. 

 

31



 

Күшейткіштердің қосылу сұлбалары, күшейту кластары. 

32

 

Бір каскадты күшейткіш. 



33

 

Күшейткіштегі кері байланыстар. 



34

 

Жұмыс нүктесін ығыстыру сұлбалары. 



35

 

Жұмыс  нүктесін  термотұрақтандыру  және  термокомпенсациялау 



сұлбалары. 

36

 



ТТК ерекшеліктері: дрейфтің пайда болу себептері және оны азайту 

әдістері. 

37

 

Дифференциалдық күшейткіш. 



38

 

Дифференциалдық күшейткіштің жұмыс режимдері. 



39

 

Тұрақты  ток  генераторы  бар  дифференциалдық  күшейткіш  (ТТГ 



бар ДК). 

40

 



Динамикалық жүктемесі бар дифференциалдық күшейткіш (токтық 

айна сұлбасы). 

41

 

Операциялық (амалдық) күшейткіш, жалпы мәліметтер. 



42

 

Операциялық күшейткіш, негізгі көрсеткіштері. 



43

 

Операциялық  күшейткіш,  құрылымдық  және  принципиалды 



сұлбалары. 

44

 



Операциялық күшейткіш сызықсыз режимде. 

45

 



Компаратор. 

46

 



Шмит триггері. 

47

 



Сигналдар генераторлары, генератордың өзіндік қозу шарттары. 

48

 



Вин көпірі бар синусоидалық толқындардың RC-генераторы. 

49

 



Мультивибратор. 

50

 



Сызықты өзгеретін кернеулердің генераторы. 

51

 



Берілген ондық сандардың қолмен 16-лық эквивалентін табу. 

52

 



ЖӘНЕ-ЕМЕС базисінде логикалық құрылғыны синтездеу, оның 

жұмысы құрылымдық формуламен берілген. 

53

 

Ассемблерде  берілген  алгоритмді  шешудің  бағдарламасын  жазу, 



мысалы, У = 30+7-1. 

54

 



Екі берілген екілік сандарды арифметикалық түрде қосу және алу. 

55

 



i8085микропроцессорының  регистрлерінің  белгілерін  талдау, 

олардың белгіленулерін анықтау. 

56

 

Берілген ондық сандардың қолмен екілік эквивалентін табу. 



57

 

Тең  мәнділік  емес  (ШЫҒАРУНЕМЕСЕ)  құрылғының  жұмысын 



негізгі базисте немесе ЖӘНЕ-ЕМЕС базисінде синтездеу. 

58

 



i8085микропроцессордың 

берілген 

командасының 

әрекетін 

түсіндіру. 

59

 



Берілген ондық санды екілік-ондық кодқа келтіру. 

60

 



Берілген  кіріс  пен  шығысты  ұйымдастыруы  бар  мультиплексор 

немесе  демультиплексордың  символдық  бейнесін  көрсету  керек.  Оны 

функциялаудың принципін түсіндіру. 

61

 



Берілген екілік сандардың қолмен ондық эквивалентін табу. 

 

62



 

Берілгенсанау  коэффициенті  бар  Т-триггерлерде  суммарлы  және 

азайтатын 

екілік 


синхронды 

санағыштарды 

синтездеу. 

Олардың 


жұмыстарының уақытша диагарммасын келтіру. 

63

 



Анықтама  беріңіз:  микропроцессор,  микропроцессорлық  жүйе, 

микроЭЕМ.

 

64

 



Микропроцессорлық техниканы дамытудың қысқаша тарихы.  

65

 



Әмбебап базистің логикалық элементтеріне қысқаша сипаттама 

беріңіз. 

66

 

Берілген  сұлба  бойынша  ондық  санды  бір  санау  жүйесінен 



екіншісіне ауыстырыңыз.  

67

 



Негізгі  базистегі  логикалық  элементтерге  қысқаша  сипаттама  беру 

керек. 


68

 

Микропроцессор  қандай  негізгі  түйіндерден  тұрады?  Қысқаша 



сипаттама беріңіз. 

69

 



екі  n-разрядты  екілік  санды  қосу  үшін  тізбекті  ауыстыруы  бар 

параллельді әрекетті  сумматорды құру.

 

70

 



Арифметико-логикалық  құрылғылардың  (АЛҚ)  функционалдық 

белгіленуі. 

71

 

Жалпы белгіленуде бағдарламалық-басқару регистрлерін талдаңыз. 



72

 

Берілген он алтылық сандардың қолмен екілік эквивалентін табу. 



73

 

i8085микропроцессораккумуляторының белгіленуін анықтау. 



74

 

Берілген ондық сандардың қолмен 16-лық эквивалентін табу. 



75

 

n-санды  кіріс  айнымалының  логикалық  көбейту  мен  қосу  үшін 



ақиқат кестесін құрыңыз. 

76

 



ШЫҒАРУ НЕМЕСЕ логикалық элементіне қысқаша сипаттама 

беру.


 

77

 



Ассемблерде берілген санды нөлге дейін азайту циклдық 

бағдарламасын жазу. 

78

 

Берілген ондық сандардың қолмен 16-лық эквивалентін табу. 



79

 

Берілген  командаларда  қолданылатын  адресацияның  түрлерін 



анықтау. 

80

 



Берілген  кіріс  пен  шығысты  ұйымдастыруы  бар  шифратор  немесе 

дешифратордың  символдық  бейнесін  көрсету  керек.  Оны  функциялаудың 

принципін түсіндіру. 

81

 



Тең мәнділік құрылғысын негізгі базисте талдау. 

82

 



Цифрлық құрылғылардағы сандарды көрсетудің формалары.  

83

 



Негізгі  логикалық  функциялар  және  оларды  іске  асыратын 

логикалық элементтер.

 

84

 



Құрылымдық формула жазбасының екі формасы.  

85

 



Негізгі  аксиомалар,  заңдылықтар  және  логика  алгебрасының 

ережелері. 

86

 

Комбинациялық  цифрлық  құрылғыларды  синтездеудің  негізгі 



кезеңдері. 

87

 



«Қауіпті шайқасу» құбылысы және оны жоюдың тәсілдері. 

10 

 

88



 

Функционалдық белгіленулеріне қарай триггерлерді жіктеу. 

89

 

Мур автоматын талдаудың негізгі кезеңдері. 



90

 

Санауыштар, олардың типтері, санауышқа мысалдар келтіру. 



91

 

Регистрлер, олардың типтері, санауышқа мысалдар келтіру. 



92

 

Статикалық есте сақтау құрылғылардың жұмыс істеу принциптері. 



93

 

Тұрақты  есте  сақтау  құрылғылардың  типтері.  Қысқаша  сипаттама 



беріңіз. 

94

 



Микропроцессорды 

микропроцессорлық 

жүйеге 

қосудың 


интерфейстік ҮИС белгіленуі. 

95

 



i8085микропроцессорының  командалар  адресациясының  негізгі 

әдістері. 

96

 

i8085микропроцессоры басқарудың тарату командаларын белгілеу. 



97

 

i8085микропроцессорының  арнайы  командасы  мен  қайта  жіберу 



командаларын белгілеу. 

98

 



i8085микропроцессорының 

арифметикалық 

жәнелогикалық 

командаларының белгіленуі. 

99

 

Тізбекті 



әрекеттегі 

интерфейстің 

құрылымы, 

оны 


бағдарламалаудың тәсілдері. 

100


 

 Таймер құрылымы, оны бағдарламалаудың тәсілдері. 

101

 

 Тактіленген  импульсті  генераторының  құрылымы  және  жұмыс 



істеу принципі. 

 

7 Студенттердің баға деңгейі жөнінде ақпараттар 

7.1 Бағалау жүйесі 

Сіздің 


білім 

деңгейіңіз 

оқудың 

кредиттік 



технологиясында 

қабылданған  курс  бағдарламасы  бойынша  қорытынды  бағалар  шкаласына 

сәйкес бағаланады (1 – кесте). 

 

1 – кесте 



Баға 

Балдың сандық 

эквиваленті 

Пайыздық 

мазмұны 

Бағаның бұрынғы түрі 

А 

4,0 


95 - 100 

Үздік 


А- 

3,67 


90 - 94 

В+ 


3,33 

85 - 89 


Жақсы 

В 

3,0 



80 - 84 

В- 


2,67 

75 - 79 


С+ 

2,33 


70 - 74 

Қанағат 


С 

2,0 


65 - 69 

С- 


1,67 

60 - 64 


D+ 

1,33 


55 - 59 

1,0 



50 - 54 



0 - 49 

Қанағаттанарлықсыз 

 


11 

 

Рұқсат 



рейтингісінің 

бағасы 


семестр 

бойына 


жинақталады. 

Жұмыстардың  әр  түрі  100  баллдық  шкаламен  бағаланады  және  2  –  кестеге 

сәйкес  коэффициенттік  деңгей  рұқсаты  ағымдағы  бақылаудың  орташа 

бағасына қосылады. 

 

2 кесте – Әр жұмыс түрінің маңыздылығы 



Көрсеткіш 

Салмақтық коэффициент 

Зертханалық жұмыстардың орындалуы 

0,4 


Курстық жұмыс 

0,5 


Дәріске қатысуы 

0,1 


Ағымдағы бақылаудың орташа бағасы (О

Р



1,0 

 

Аралық бақылау (АБ) академиялық күнтізбеге сәйкес семестрде екі рет 



өткізіледі.  Әр  АБ  (А1  және  А2)  100-баллдық  шкаласымен  бағаланады, 

ақпараттық жүйемен АБ бағасының орташа мәні есептеледі 

Б

ОР

 = (Б



1

 + Б


2

)/2 


және 0,2 салмақ коэффициентпен қабылдау бақылауына қосылады: 

БР = 0,2 Б

ОР

 + 0,8 О


Р

Пән бойынша қорытынды баға былай шығарылады 



Қ = 0,6БР+0,4Е, 

 

мұндағы Е – емтихан бағасының сандық баламасы. 



 

7.2 Баллдың қойылу саясаты 

Максималды  бағалау  балдары  жұмысты  жақсы  орындау  мен  жоғары 

сапа  көрсеткіші  кезінде  қойылады.  Тестілеуді  бағалау  мен  дәріске  қатысу 

балдары  дұрыс  жауап  саны  мен  дәрістен  қалған  сабақ  санына  байланысты 

қойылады. 

7.3  Университет  оқушыларының  академиялық  мобильдігін 

ұйымдастыру кезінде бағаларды ауыстыру 

ҚР  оқушыларының  оқу  жетістіктерін  ECTS  (Кредитті  трансферттеу 

(ауыстыру)  және  жинаудың  европалық  жүйесі) бойынша  бағаларды балдық-

рейтингтік әріптік жүйеге ауыстыру 3 және 4 кестелерге сәйкес кері жүзеге 

асырылады. 

 

3  кесте  –  ҚР  оқушыларының  оқу  жетістіктерін  ECTS  бойынша 



бағаларды баллдық-рейтингтік әріптік жүйеге ауыстыру 

ECTS 

бойынша 

бағалау 

Әріптік жүйе 

бойынша 

бағалау 

Баллдың 

сандық 

эквиваленті 

Пайыздық 

мазмұны 

Дәстүрлі жүйе 

бойынша бағалау 

А 

А 

4,0 



100 

Өте жақсы 



В 

В+ 


3,33 

85 


Жақсы 

С 

В 

3,0 



80 

С 

2,0 



65 

Қанағаттанарлық 



1,0 



50 

12 

 

FX, F 





Қанағаттанарлықсыз 

 

4 кесте – ҚР балдық-рейтингті әріптік жүйе бағаларын ECTS бойынша 



бағаға ауыстыру 

Әріптік жүйе 

бойынша 

бағалау 

Балдың 

сандық 

эквиваленті 

Пайыздық 

мазмұны 

Дәстүрлі жүйе 

бойынша бағалау 

ECTS 

бойынша 

бағалау  

А 

4,0 



95-100 

Үздік 


А 

А- 


3,67 

90-94 


В+ 

3,33 


85-89 

Жақсы


 

В 

В 

3,0 



80-84 

Жақсы


 

С 

В- 


2,67 

75-79 


С+ 

2,33 


70-74 

Қанағаттанарлық

 

С 

2,0 



65-69 

Қанағаттанарлық

 

С- 


1,67 

60-64 


D+ 

1,33 


55-59 

1,0 



50-54 

Қанағаттанарлық

 



0-49 

Қанағаттанарлықсыз 



FX, F 

 

Оқып  жүргендер  пән  бойынша  Р  50%  төмен  алғандар,  Retake  өтулері 



міндетті (қайталап оқу және тапсыру). 

Қорытынды  бақылау  –  ауызша  емтихан.  Емтихан  сұрақтары  мен 

тапсырмалары  теориялық  және  практикалық  бөліктеріне  қатысты  дәрістік 

сабақтардың  зерттеу  жұмыстарына  қатынасынсыз  анықталады,  1:1  тең 

болады. 

 

8 Курстың саясаты: 

 



сабаққа кешікпеу және сабақтан қалмау; 

 



оқытушының  ұсынған  сабақ  сценариін  қарқынды  қатыса  отырып, 

мұқият тыңдау керек

 

себепті жағдайлармен қалған (деканаттың рұқсатымен) зертханалық 



жұмыстарды өтеу қажет; 

 



курстық  жұмысты  қорғауды  семестрдің  соңғының  алдындағы 

аптасына дейін орындау керек; 

 

кітапханада және үйде өз бетінше жұмыс істеу. 



9 Академиялық әдеп нормалары: 

 



тәртіптілік; 

 



тәрбиелілік; 

 



ақ пейілділік; 

 



адалдық; 

 



жауапкершіліктік; 

 



аудиторияда ұялы телефондарды өшіріп жұмыс істеу. 

13 

 

Жанжалды жағдайлар оқу топтарында оқытушымен, эдвайзермен ашық 



түрде  талқылануы  керек,  ал  шешілмеген  жағдайда  деканат  қызметкерлері 

араласады. 



 

Әдебиеттер тізімі 

 

1

 



Павлов  В.Н.,  Ногин  В.Н.,  Схемотехника  аналоговых  электронных 

устройств. М.: Радио и связь, 2008. – 704 с. 

2

 

Опадчий  Ю.Ф.,  Аналоговая  и  цифровая  электроника.  М.:  Горячая 



линия-Телеком 2005. – 136 с. 

3

 



Лачин В.И.  Электроника – Ростов н/Д: Феникс 2005. – 352 с. 

4

 



Прянишников  В.А.    Электроника:  Полный  курс  лекций  –  СПб.: 

КОРОНА Принт. 2006. – 320 с. 

5

 

Быстров Ю.А. Электронные приборы и стройства на их основе. М.: 



ИП РадиоСофт 2006. – 79 с. 

6

 



Волович  Г.И.  Схемотехника  аналоговых  и  аналогово-цифровых 

электронных устройств.  М.: Изд. дом «Додэко – ХХI», 2005. – 81 с. 

7

 

Щука А.А. Электроника.  СПб.: БХВ-Петербург, 2005. – 600 с. 



8

 

Волович  Г.И.,  Ежов  В.Б.  Микросхемы  АЦП  и  ЦАП.  Справочник  – 



Алматы: М.: Изд. дом «Додэка – XXI», 2005. – 300 с. 

9

 



Граф  Р.Ф.    250  новых  радиоэлектронных  схем  –  М.:  ДМК  Пресс 

2007. – 300 б. 

10

 

Пирогова  Е.В.  Проектирование  и  технология  печатных  плат  –  М.: 



ФОРУМ: ИНФРА-М, 2005. – 501 с.  

11

 



Шахнов  В.А.  Конструкторско-технологическое  проектирование  ЭА 

– Изд-во МГТУ им. Н.Э. Баумана, 2005. – 400 с.  

12

 

Новиков Ю.В Основы микропроцессорной техники. – М.: БИНОМ, 



2006,2009,2014. – 488 с. 

13

 



Корнеев  В.В.  Современные  микропроцессоры  –  СПб.:  БХВ  - 

Петербург 2003. – 400 с. 

14

 

Т.М.  Жолшараева,  И.М.  Дауренова.  –  Электрондық  аспаптар  және 



сұлбатехника: Оқу құралы, 5В070300 – Ақпараттық жүйелер мамандығының 

барлық студенттері үшін. 2014. – 75с. 



 

Каталог: menu left -> student -> sillabus -> frts -> 2017
2017 -> Бекітемін жэф деканы Зияханов М. У 2016 ж
sillabus -> Кафедрасының аға оқытушысы Далелханқызы А. құрастырды
2017 -> Оқытушылары Муратбекова Б. А. және Молдабаева К. Е. құрастырған
sillabus -> Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі
2017 -> Ажибаева М. А. құрастырды
2017 -> KbshTil 3205- «Кәсіпті-бағытталған шет тілі»
2017 -> 5В070200 – Автоматтандыру және басқару мамандығына арналған syllabus
2017 -> Курманбаева Толганай Сагыновна құрастырды
2017 -> 5В100200 – Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері мамандығына арналған


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет