Курстық жұмыс


Оқу сабақтарындағы рөлдік-мазмұндық



бет11/17
Дата06.01.2022
өлшемі257.5 Kb.
#15739
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
2.2.2 Оқу сабақтарындағы рөлдік-мазмұндық

ойындардың іскерлік рөлі
Қоғам дамуының осы сатысында ойынның жаңа түрі — рольдік ойын пайда болады. Бұл ойын арқылы балалар өздерінің негізгі әлеуметтік қажеттілігін - үлкендермен бірге өмір сүруге ұмтылысын қанағаттандырады, өйткені бұл қажеттілік олардың еңбегіне қатысудың негізінде қанағаттандырылуы мүмкін емес. Өзімен-өзі жүрген балалар өзара бірігіп, қоғамдасып, үлкендердің әлеуметтік қатынасы мен еңбек іс-әрекеттерінің негізгі белгілерін қайталайтын ойын ұйымдастырып, өздері үлкендердің ролін орындауды алады. Сөйтіп, өндіріс пен өндірістік қатынастардың күрделіленуіне байланысты баланың қоғамдағы ерекше орнына олардың үлкендермен ортақ өмірінің ерекше формасы ретінде біреудің ролін ойнау пайда болады.

Рольдік ойында заттың іс-әрекеттерді жаңғырту екінші кезекке ығысады да, қоғамдық қатынастар мен еңбек функциясын жаңғырту бірінші кезекке шығады. Сол арқылы баланың үлкендермен байланыс жасауы мен ортақ өмірінің қоғам мүшесі ретіндегі негізі қажеттілігі қанағаттандырылады.

Рольдік ойынның алғышарттары ерте балалық шақ бойына заттық іс-әрекетте пайда болады. Олар заттың ерекше тегінің— ойыншықтардың іс-әрекеттерін игеруден тұрады. Ерте балалық шақтың өзінде-ақ балалар үлкендермен бірлесе қимыл жасап, ойыншықтарды ұстап-тұрудың кейбір әдістерін үйренеді, ал кейінірек оны өздігінен атқаратын болады. Мұндай іс-әрекеттерді, әдетте, ойын деп атайды, бірақ дәл мына жағдайда осылайша тек шартты түрде ғана айтылуы мүмкін.

Сәбилік шақтағы балалар ойындарында кең жайылған рольдер болмаса да рольдері бар ойындардың біртіндеп қалыптасуына алғышарттардың барын байқауға болады. Ойында заттардың баламасының пайда болуына байланысты балалар белгілі бір кісінің (мамасының, тәрбиешісінің, күтушісінің, дәрігердің, шаштараздың) іс-әрекеттерін бейнелей бастайды.

Рольдік ойын элементтері сәбилік шақта пайда болып, дами бастайтындығын біз айтып өткенбіз. Рольді ойындарда балалар үлкендермен бірге болуға тырысып, ерекше ойын түрінде ересектердің өзара қарым-қатынастары мен еңбектегі қызметін еске түсіреді.

Рольдік ойындар белгілі бір мақсатта,тілді меңгеруге ынтызарлықты оята отырып орындаушылық қабілетке де жетектейді. Рольдік ойынның мәні ойын барысында дәріс алушының тілдік қатынас жасауға деген талабын ашуда. Қажетті сөздерді үйренсем,тауып айтсам деген ойды да туғызады. Осындай ойындық жағдайда ғана қарым-қатынастық ерекше маңызға ие болады. Рольдік ойындар ғана үйренушінің сөздік қорын молайта түсіп,өз бетінше тілді үйренуге үлкен септігін тигізеді.

Рольдік ойындар, негізінен, тұрмыстық, қоғамдық-саяси, ғылыми, кәсіптік қарым-қатынасты ойдағыдай жүзеге асыруды көздейді.

«Жаңа таныс» ойыны. Сіз абитурентсіз.Сіздің қолыңызда емтиханға қажетті кітап болмай тұр. Сіз оны бейтаныс замандасыңыздың қолыннан кордіңіз.Енді осы сәтті пайдаланып сол кісімен танысыңыз.Кітабын сұрай отырып,әңгіме арасында тілдік әдеп формулаларын пайдалануыңызға болады.

Айналасындағыларға қатысты міндеттер — баланың өз басына алған рольді орындау қажет екендігін сезгендігі. Өзге балалар одан өзіне алған ролін дұрыс орындауды күтеді және талап етеді. Мысалы, сатып алушының ролінде бала өзінің алғандары үшін ақша төлемей кетуге болмайтындығын түсінеді. Дәрігердің ролі оны шыдамды болуға және ауруға талап қоя білу және тағы басқаға да міндеттейді. Міндеттерді орындай отырып, бала ойынға қатысушылардық ролін орындайтын басқалардың да праволарына ие болады. Мәселен, сатып алушының роліндегі бала өзіне ойыншықтар сөресінде бар кез келген товарды жіберуді талап етуге және басқа сатып алушыларға жасалатындай қатынасты талап етуге правосы бар. Дәрігер-өзіне құрмет пен сенімділік қарым-қатынасты, өзі берген нұсқауларды емдеушілердің орындауларын талап етуге правосы бар. Сюжетті ойынның мәні рольді орындаушының өзіне қойылған міндеттерді орындауы мен ойынға қатысушы өзгелерге де қатысты праволарды іске асыру болып табылады.

Ролъді ойын қиялдың дамуында анықтаушы орын алады. Оиын әрекетінде бала бір затты екінші затпен алмастыруға, өзіне түрліше рольдерді алуға үйренеді. Қиялды дамытудың негізіне осы қабілет жатады, Мектепке дейінгі ересек балалардың ойындарында балама заттардың болуы міндетті емес. Балалар затты ойша түсінуге және олармен амал істеуге және өз қиялында жаңа жағдайларды жасауға үйренеді. Мұндай жағдайда ойын баланың ішкі дүниесінде өтеді. Нәзік саусақтарымен жағын сүйеп, ойға шомған кішкентай қыздың қуыршаққа қарап отырған фотографиясын алты жасар Катюша көріп тұр. Қуыршақ іс тігетін ойыншық машинаның жанына отырғызылған. Катюшаның айтқаны: «Кішкентай қыз өзінің қуыршағы іс тігіп отыр деп ойлайды». Кішкене Катя өзінің түсіндіруі бойынша тек оның өзіне тән ойын тәсілін тапты. Баланың жеке басының дамуына ойынның өз ықпалы бар.

Ойын арқылы бала ересек адамдардың мінез-құлқы және қарым-қатынасымен танысады, ал бұлардың бәрі оның өз мінез-құлқының үлгісі болады, өз құрдастарымен қарым-қатынас жасауға қажетті қасиет болып саналатын араласа білудің ңегізігі дағдыларына ие болады. Ойын баланы еліктіре және оның өзіне алған роліндегі ережелерді орындауға итермелей отырып, сезімнің және мінез-құлықтың ерікті жігерді реттеудің дамуына себепші болады.

Баланың іс әрекетінің жемісті түрлері саналатын сурет салу мен құрастыру мектепке дейінгі балалық шақтың түрлі кезеңдерінде ойынмен тығыз байланысты. Мәселен, сурет сала отырып бала қандайда бір сюжетті ойнайды. Балалар өзара қырқысып жатқан, бірін-бірі қуып бара жатқан аңдардың, қонаққа бара жатқан және қонақтықтан қайтып келе жатқан адамдардың, соққан желден құлап түсіп жатқан алманың т.б. суреттерін салады. Текшелерден бірдеңені құрастыру ойын барысында ұштасады. Шофер ролін алған бала блоктарды құрылысқа апарады, сосын осы блоктарды машинадан түсіретін жүк түсіруші болады, ақырында ол үй тұрғызушы құрылысшы-жұмысшыға айналады. Бірлесіп ойнағанда бұл міндеттерді бірнеше бала өзара бөліседі. Сурет салуға, құрастырушылыққа деген ынталары басында тек ойын мақсатына сәйкес сурет салуға, құрастыруға бағытталған процесс ретінде болады. Тек мектепке дейінгі естияр да ересек жастағы балаларда ынта іс-әрекеттің нәтижесіне (мысалы, суретке) ауысады да іс ойын ықпалынан азат етіледі.

Ойын іс-әрекеті ішінде оқу ісі де қалыптаса бастайды, кейінірек ол бала іс-әрекетінің басты түріне айналады. Оқу ісің ересек адам енгізеді, бірақ ол тікелей ойыннан пайда болмайды. Бірақ мектеп жасына дейінгі бала ойнай жүріп оқи бастайды. Ол оқуға белгілі бір ережелері бар рольді ойынның ерекше түрі ретінде қарайды. Әйтсе де осы ережелерді орындап жүріп, қарапайым оқу әрекетін меңгеріп жүргенін баланың өзі де аңғармайды. Үлкендердің оқуға көзқарасы ойынға көзқарастан бүтіндей өзгеше. Үлкендер баланың оқуға көзқарасын ақырындап байқаусыз қалыптастырады. Балада оқуға деген тілек пен бастапқы іскерліктері қалыптасады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет