Курстық жұмыстың мәні оны орындау негізінде студенттің алған териялық білімін бекітіп қана қоймай, сонымен бірге тереңдете түсетіндігінде. «Қаржылық есеп- 1»



Дата24.12.2022
өлшемі14,63 Kb.
#59328

Билет 5» Курстық жұмыстың мәні
Курстық жұмыстың мәні оны орындау негізінде студенттің алған териялық білімін бекітіп қана қоймай, сонымен бірге тереңдете түсетіндігінде. «Қаржылық есеп- 1» пәні бойынша курстық жұмыс студенттердің өз бетімен жұмысының маңызды бөлігі болып табылады. Оны орындау студентті өз бетімен жұмыс істеуге дайындығын тексеру ғана емес, сонымен бірге өз бетімен ғылыми жұмыс жүргізу дағдысын дамытудың маңызды формасы. Оқудың осы кезеңіндегі студенттің алған тәжірибесі мен білімі дипломдық жұмысқа дайындық кезінде көп көмегін тигізеді.Курстық жұмыс пәннің оқу жоспарына сәйкес орындалатын жазбаша жұмысы болып табылады.
Курстық жұмысты орындаудың мақсаты:
студенттердің оқу барысында алған теориялық және тәжірибелік, кәсібибілімдерін жүйелеу, бекіту және кеңейту;
дербес ғылыми зерттеу және нақты сұрақтар мен мәселелерді әзірлеужәне зерттеу кезінде тәжірибе жасау әдістемесін игеру;
студенттің дайындық, оның заманауи әр түрлі салаларында өз бетіншежұмыс істеуіне көмектесетін тәжірибелік дағдыларды, кәсіби құзырлықты меңгеру деңгейін анықтау болып табылады.
Курстық жұмыс келесі талаптардың біріне жауап беруі тиіс:
ғалымдар, сарапшылар, тәжірибелік мамандар жүргізген зерттеулер менжобалық шешімдердің нәтижелерін зерттеу және жинақтау;
зерттелетін нысан бойынша ғылыми-негізделген теориялыққорытындылар мен ұсыныстардың болуы;
нақты міндеттерді, сұрақтар мен мәселелерді шешуге бағытталғанғылыми-негізделген нәтижелер болуы керек.
Осы мақсаттарға жету үшін бітіруші студент келесі міндеттер шеңберін шешуі қажет:
таңдалған тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығын негіздеуі керек;
қажетті мәліметтерді жинау жолымен зерттеу нысанының (пәнінің) күйіне талдау жасау;
зерттеу барысында алынған нәтижелерді жинақтау негізінде нақтықорытындылары мен ұсыныстар жасау;
алынған нәтижелерді жинақтау негізінде зерттеу нысандарыныңқызметін жетілдіру жолдарын немесе нақты мәселелерді, сұрақтар мен міндеттерді шешу жолдарын ұсыну.
Курстық жұмыста жүргізілген барлық мәліметтердің нақтылығы мен әділдігіне, қабылданған шешімдерге курстық жұмыстың авторы ретінде студент жауап береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет