Курстың құрылымы: аптасына бір сағаттан, жылына отыз төрт сағатқа есептелінген



бет1/5
Дата28.02.2022
өлшемі115,5 Kb.
#26565
  1   2   3   4   5

Пікір
Бағдарлама барысында 6- сынып білім алушылары шешен-билердің өнегелі сөздерін салыстыра отырып әр замандағы шешен-билердің даралығымен, шешендік талантымен танысады. 6-сыныпта қазақ әдебиеті пәнінен жасалынған «Сөз өнері» курсынан жыл бойына жасалынған жоспары қазақ әдебиетіндегі шешендік сөз өнері мен би-шешендердің шығармашылығына арналады. Білім алушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыра отырып шығармашылық жұмысқа баулу, ой-өрісінің дамуына мүмкіндік тудырады.

Курстың құрылымы: аптасына бір сағаттан, жылына отыз төрт сағатқа есептелінген.

Таңдау курсының тақырыптық мазмұнында жалпы жеті бөлімді қарастырылған:

-бірінші бөлім: «Кіріспе» ( 1 сағат) ,

- екінші бөлім: «Шешендік сөз – ұлттық өнер» (8 сағат),

-үшінші бөлім: «Қазақ шешендік өнерінің тарихы» ( 7 сағат),

-төртінші бөлім: «Билер сөзі – ақылдың көзі» (9 сағат),

-бесінші бөлім: «Нақыл сөз – тіл мәйегі» ( 5 сағат) ,

-алтыншы бөлім:, «Шығармашылық жұмыстар» (3 сағат),

-жетінші бөлім «Қорытынды» ( 1 сағат)

Өтілген тақырыптар аясында білім алушылардан тест түрінде сынақтар алу, шығармашылықтар жұмыстар жүргізу, эссе жазулары, жыл бойғы өтілген материалдарды меңгерулерін тексеру жұмыстарына арнайы сағаттар қарастырылған.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен жүргізілетін «Сөз өнері»тақырыбындағы таңдау курсы білім алушылардың тақырыпты жетік меңгеріп, шығармашылық қабілетін дамыту, жан-жақты дамуына көңіл бөлу, ғылыми зерттеу дағдыларын қалыптастыру, көркем сөйлеуге, практикалық іс-дағдыларының қалыптасуына, ізденімпаздықпен жүйелі түрде шығармашылықпен, жан-жақты ізденімпаздықпен жұмыс жасауына мүмкіндік береді.



Түсінік хат

Бұл бағдарламада заманында туған елінің бірлігі мен ынтымағы үшін күресіп, жауласқан елді табыстырып, ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен қазақ халқының дана билері мен құс көмей шешендерінің ел аузында қалған, толқынннан-толқынға жалғасып, ұрпақтарының санасының есеюіне ықпалын тигізіп келген ғибратты шешендік сөздерін оқып, танып білуге үйретеді. Онда зерттеушілер арқылы бізге жеткен философия мен әлеуметтік мәнге толы мұраларымен таныса отырып, сонымен қатар әр кездегі заман ағымы жайлы керемет, терең мағыналы мәліметке ие боламыз. Шешен-билердің өнегелі сөздерін салыстыра отырып әр замандағы шешен-билердің даралығымен, шешендік талантымен танысамыз.

Шешендік өнердің яғни сөз өнерінің қайта жаңғыруы – қоғамдық қажеттілік. Шешендік – болашақтағы қадамдарыңызға жол ашатын, өзіңізді танытуға мүмкіндік беретін, биік белестерге жетелейтін қуатты құралыңыз, пәрменді күшіңіз. Сондықтан бұл курстың мақсаты – шешендік өнердің яғни сөз өнерінің алуан сипаттары, тарихы, шешендік сөздердің түрлерімен, ерекшеліктері, пікірталас мәдениетінің талаптары жөнінде жан-жақты мағлұмат бере отырып, сөйлеу этикасын меңгеруге, тілді әлеуметтік қызметіне сай орынды жұмсай білуге, өмірге қажетті тілдік, қарым-қатынастық біліктеріңізді дамытуларыңызға мүмкіндік жасау.

Атақты шешен Цицерон айтқандай «Ақындық - туа бітті өнер болса, шешендік – жүре келе қалыптасатын қасиет». Олай болса сөз өнерін үйренуге талаптану әркімнің тілегіне, рухани қажеттілігіне. Өзектілігі: Шешен-билердің өмірі мен шығармаларын зерттей отырып, шығармаларының басты құндылықтарымен танысу және де қазақ тілі мен әдебиетінен алған білімдерін ұштастырып отыруға үйрету. Білім алушылардың өз бетінше бетінше іздене білуіне, шығармашылықпен айналысуына бағыт беру Бағзы замандардан жинақталған – бүгінгі күн кәдесіне толық жарайтын би-шешендердің сөздерінің қажеттілігін сезіну. Осы курстан үйренгендерін, көкейге түйгендерін, білгендерін білім алушы өмірде қолдана ала ма?





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет