Квадраттар бойынша нивелирлеу



бет1/5
Дата25.04.2022
өлшемі0,71 Mb.
#32148
  1   2   3   4   5

Квадраттар бойынша нивелирлеу

.


Жердің бетін нивелирлеу рельефі аз өзгермелі жерлерде, құрылыс салатын алаңның ірі масштабты топографиялық планын алу үшін қолданылады. Жердің бетін нивелирлеудің екі әдісі бар: квадратпен және магистральды. Квадратпен нивелирлеуді ашық жерлерде, рельефтің күрделілігіне байланысты, теодолит пен лентаның көмегімен қабырғалары 10,20,30,40 және 50 м квадрат торларға бөлуден бастайды. Квадраттардың төбелерін қазықпен бекітеді. Квадрат торларды бөлумен қатар жердің ситуациясы түсіріледі. Квадраттардың төбелерін нивелирлеу құрылыс алаңына байланысты. Кішігірім алаңдарды нивелирлеу нивелирді бір-ақ рет қойып, жүргізіледі. Бұл жағдайда нивелирді алаңның ортасына қояды, оны жұмыс қалпына әкеліп, осы станциядан кезегімен квадраттың төбелеріне рейканы қойып, оның қара жағымен санақ алады

Реперден квадраттардың бір төбесіне биіктікті беру үшін нивелирлеуді ортаға қою әдісімен орындап, репер мен квадрат төбесіндегі орналасқан рейкалардың екі жағынан санақтар алады. Осыдан кейін квадраттың төбесінің биіктік мәнін есептеп анықтайды. Анықталған биіктік мәні мен сол нүктедегі рейканың санағы арқылы аспаптың горизонты (АГ) есептеледі, АГ арқылы квадраттың барлық төбелерінің биіктігі анықталады.

Құрылыс алаңы аумақты территорияны алып жатса, онда тұйық нивелир жүрісі жүргізіледі. Бұл жағдайда кейбір квадраттың төбелері байланыс нүктелері болады. Нивелирлеудің нәтижесіне байланыс нүктелерінің биіктіктері станциялардағы АГ және квадраттың төбелерінің барлық биіктіктері есептелінеді.

Қабырғалары 100 м квадрат торларында әр квадрат бөлек нивелирленеді. Бұл жағдайда нивелир квадраттың ортасына орналастырылады. Квадрат төбелерінде орналасқан рейкалардан алынған санақтар квадрат торының схемасына жазылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет