Күзгі семестр 2022-2023 оқу жылы



Дата09.11.2022
өлшемі36,24 Kb.
#48768

Силлабус
Күзгі семестр
2022-2023 оқу жылы
Білім беру бағдарламалары үшін: 6В05306- Физика және астрономия, 6В05307- Ядролық физика, 6В07105- Материалтану және жаңа металдар технологиясы, 6В07109- Өндірістік электроника және басқару жүйелері, 6B05302-Киберфизика, 6B07107-Электр энергетикасы, 6B05305-Физика және нанотехнология, 6B05310-Ядролық медицина, 6B07112-Жылу энергетикасы.



Курстың коды

Курстың атауы

Студент-тің өзіндік жұмысы (СӨЖ)

Аптасына сағат саны

Кредит саны

Студенттің оқытушыбасшылығыменөзіңдік жұмысы(СОӨЖ)

Дәріс (Д)

Практ.сабақ (ПС)

Лаб. сабақ (ЗС)

IK 1101

Қазақстан тарихы

98

15

30

-

5

7

Курс туралы академиялық ақпарат

Оқыту түрі



Курстың түрі / сипаты



Дәріс түрі



Тәжірибелік сабақтардың түрлері

Қорытынды бақылау түрі

Офлайн

Міндетті, теориялық



Проблемалық, интерактивті

Пікірталас, сұрақтарға жауап беру, рефлексия, жобалар дайындау, эссе жазу.

МЕК (жазбаша)



Дәріскер (лер )

Тасилова Назия Айтбаевна




e-mail:

tasnaz@mail.ru

Телефон:

8 727 3773333 (12-87)

Ассистент(тер)







e-mail:







Телефон:










Курстың академиялық презентациясы




Пәннің мақсаты

Оқытудың күтілетін нәтижелері (ОН)
Пәнді оқыту нәтижесінде білім алушы каблетті болады:

ОН қол жеткізу индикаторлары (ЖИ)



Қазақстан тарихының ежелгі заманнан қазіргі уақытқа дейінгі дамуының негізгі кезеңдері туралы объективті білім беру.



1.Қазақстан тарихы дамуының негізгі кезеңдерін білу және түсіну;

1.1Қазақстан тарихының негізгі тарихи фактілері мен оқиғаларын білу және олардың ерекшеліктеріне (анализ) талдау жасау.

1.2 Тарихи құбылыстарды түсіндіру және Қазақстан тарихының әртүрлі кезеңдері бойынша білімді жүйелеу.

2.Өткен тарихи құбылыстар мен оқиғалардысыни тұрғыдан талдау арқылы адамзат қоғамының әлемдік-тарихи дамуының жалпы парадигмасымен байланыстыру;



2.1Қазақстан тарихының гуманитарлық білім жүйесіндегі және түркі өркениетінің дамуындағы рөлін түсіну.

2.2 Қазіргі тарих ғылымының жетістіктерін салыстыра отырып, архив құжаттары мен материалдарды талдау.

3.Қазіргі Қазақстандағы құбылыстар мен тарихи үдерістері зерттеу барысында аналитикалық және аксиологиялық талдау дағдыларын игеру;



3.1Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тарихи оқиғаларды салыстыру және қазіргі әлемнің қауіп-қатерлеріне талдау жасау.

3.2 Қазақстан халқының рухани дамуындағы тарихтың рөлін ашу және еліміздің әртүрлі дәуірдегі өркениеттік даму жолына талдау жасау.

4.Қазіргі қазақстандық даму моделінің ерекшеліктерін объективті және жан-жақты түсіне білу;

4.1Қазақстандық жаңғыру (модернизация) мазмұнына талдау жасау және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу процесін сипаттау.

4.2 Жаңашылдықтардың өзіндік ерекшелігін білу және қазақстандық даму жолына талдау жасау.

5.Қазіргі Қазақстан тарихының тарихи құбылыстары мен үдерістерін жүйелеу және сыни тұрғыда баға беру.

5.1Жаңа Қазақстандағы өзгерістердің мәнін түсіну және ҚР даму болашағын болжау.

5.2 Жобалар жасау, эссе жазу, ҚР-ның әлемдік қоғамдастықта дамуы бойынша өз ұстанымын әзірлеу.

Пререквизиттер

Орта білім беру, техникалық және кәсіби білім беру бағдарламалары шеңберіндегі Қазақстан тарихы және Дүниежүзі тарихы.

Постреквизиттер

Мәдениеттану,психология, педагогика, философия, саясаттану және әлеуметтану.

Әдебиет және ресурстар



Әдебиеттер:
1. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. – Алматы: Қазақ университеті, 2018-2020. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде.
2. Омаров Ғ.Қ. Сақ-скиф археологиясы: хрестоматия. – Алматы: Қазақ университеті, 2021.
3. Харари Ю.Н. Sapiens. Краткая история человечества. – М.: Синдбад, 2019.
4. Учебно-методический практикум по истории Казахстана для семинарских занятий: для студентов неисторических факультетов. Алматы: «Қазақ университеті», 2002.
5. Кром М.М. Тарихи антропология. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры. 2020.
6. Қазақстан тарихы: Лекциялар курсы. – Алматы: Нұрпресс, 2011. Қазақ, орыс тілдерінде.
7. Новейшая история Казахстана. Хрестоматия. (1917-1939). 1 т. - Алматы: Қазақ университеті, 2007.
Интернет-ресурс
1. http://www.rkcntidad.kz
2. http://www.ncai.kz
3. http:elibrary.ru
4. http://elib.kaznu.kz/book
5. http://www.akorda.kz




Университеттің моральдық-этикалық құндылықтары аясындағы курстың академиялық саясаты



Академиялық тәртіп ережелері:
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Дедлайндарды сақтамау баллдардың жоғалуына әкеледі! Әрбір тапсырманың дедлайны оқу курсының мазмұнын жүзеге асыру күнтізбесінде (кестесінде), көрсетілген.
Академиялық құндылықтар: Практикалық/зертханалық сабақтар, СӨЖ өзіндік, шығармашылық сипатта болуы керек. Бақылаудың барлық кезеңінде плагиатқа, жалған ақпаратқа, көшіруге тыйым салынады.
Мүмкіндігі шектеулі студенттер e-mail: tasnaz@mail.ruмекенжайы бойынша консультациялық көмек ала алады.

Бағалау және аттестаттау саясаты

Критериалды бағалау: дескрипторларға сәйкес оқыту нәтижелерін бағалау (аралық бақылау мен емтихандарда құзыреттіліктің қалыптасуын тексеру).
Жиынтық бағалау: аудиториядағы жұмыстың белсенділігін бағалау; орындалған тапсырманы бағалау.

Оқу курсының мазмұнын іске асырудың күнтізбесі (кестесі)



Апта

Тақырып атауы

Сағат саны

Макс.
ұпай***

Модуль 1Ежелгі адамдар және көшпелі өркениеттің қалыптасуы

1

Д 1. Кіріспе. «Қазақстан тарихы» курсының мақсаты мен міндеттері.

1




СС 1. Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы.

1

5

СС 2. Қазақстан аумағындағы тарихқа дейінгі адамдардың мәдениеті.

1

5

2

Д2. Қазақстан тарихын кезеңдеу.

1




СС 3.Көшпелілер өркениетінің қалыптасуы.

1

5

СС 4.Атқа міну мәдениеті.

1

5

СОӨЖ 1. СӨЖ 1тақырыбының орындалуы бойынша кеңес беру. Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттіліктің қалыптасуы, урбанизация мен көшпелі және отырықшы мәдени аймақтардың өзара қатынастарының алғашқы кезеңдері (б.э.д. ІІІ ғасыр – б.э. ІІ ғасыры).







3

Д3.Көне түркілер тарихы бойынша деректер.

1




СС 5.Сақ, сармат, ғұндардың (сюнну) саяси құрылымы.

1

5

СС 6.Үйсін, қаңлылардың этносаяси бірлестіктері.

1

5

СӨЖ1.Бақылау жұмысы.Жазбаша.Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттіліктің қалыптасуы мен көшпелі және отырықшы мәдени аймақтардың өзара қатынастарының алғашқы кезеңдері (б.э.д. ІІІ ғасыр – б.э. ІІ ғасыры).




15




Модуль 2 Түркі өркениеті және Ұлы Дала







4

Д 4.Түркілердің шығу тегі мәселелері.

1




СС 7.Қазақстанның этносаяси тарихындағы түркі факторыІХ-ХІІ ғғ.

1

5

СС 8.Түркі мәдениеті.

1

5

СОӨЖ 2. СӨЖ 2 тақырыбын орындау бойынша кеңес беру: «Түркілер өркениеті және Ұлы жібек жолы».







5

Д5.Ұлы Дала Алтын Орда кезеңінде (ХІІІ-ХҮ ғғ.)

1




СС 9.Ортағасырлық мемлекеттер ХІҮ-ХҮ ғғ.

1

5

СС10.Алтын Орданың мәдени-өркениеттік мұрасы.

1

5




СӨЖ 2. Коллоквиум. Түркілер өркениеті және Ұлы Жібек жолы. Ауызша.




15

6

Д 6.Қазақ хандығының құрылуы

1




СС 11.ХV –ХVІ ғғ. Қазақ хандығы.

1

5

СС 12.ХҮІІ- ХҮІІІ ғғ. басындағы Қазақ хандығы.

1

5

7

Д7.Қазақ халқының мәдениеті.

1




СС 13.Қазақтардың материалдық мәдениеті.

1

5

СС14.Қазақтардың рухани мәдениеті.

1

5

РК 1







100

Модуль 3. Жаңа дәуірдегі Қазақстан(XVIII - ХХ ғ.басы)



8

Д8.Жаңа заман дәуіріндегіҚазақстан: зерттеудің жаңа әдіснамалық трендтері.

1




СС 15.Қазақстандағы отарлық дәуірдің басталуы.

1

5

СС 16.Қазақстан және XVIII ғасырдың аяғындағы ортаазиялық мемлекеттер.

1

5

СОӨЖ 3. СӨЖ 2тақырыбын орындау бойынша кеңес беру. Эссе жазу.Қазақтың белгілі қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының ұлттық сананы қалыптастырудағы рөлі.







9

Д9. Қазақстан Ресей саясаты контекстінде:әкімшілік реформалау.

1




СС 17.Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы халық-азаттық күресі.

1

5

СС 18.1916 жылғы Орта Азиядағы ұлт-азаттық көтерілісі.

1

5

10

Д10.«Алаш» қозғалысы және ұлттық мемлекет идеясы.

1




СС 19.Қазақстан мәдениеті (ХҮІІІ – ХХ ғ.басы).

1

5

СС 20.Қазақтың зиялы-рухани элитасының мұралары.

1

5

СӨЖ3.Эссе жазу.Қазақтың белгілі қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының ұлттық сананы қалыптастырудағы рөлі.




10

Модуль 4. Қазақстандағы кеңестік әкімшіл-әміршіл жүйе

11

Д11.Қазақстан азаматтық-саяси қарсыластық жылдарында..

1




СС 21.Мемлекеттік құрылыстың кеңестік үлгісінің іске асырылуы

1

5

СС 22.Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан.

1

5

12

Д12.ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары мен салдары

1




СС 23.Білім және ғылым саласындағы өзгерістер.

1

5

СС 24.Кеңестік Қазақстанның экологиялық мәселелері.

1

5

СОӨЖ 4. СӨЖ4тақырыбын орындау бойынша кеңес беру.Сталиндік қуғын-сүргін, оның ауқымы және ауыр зардаптары.Жазбаша жұмыс немесе ғылыми жоба.







13

Л13. Қазақстандағы «қайта құру» саясаты.

1




СС25.1986 жылғы Алматыда және республиканың басқа қалаларында болған Желтоқсан оқиғасы

1

5

СС 26. КСРО-ның ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылуы

1

5

СӨЖ 4. Сталиндік қуғын-сүргін, оның ауқымы және ауыр зардаптары.Жазбаша жұмыс немесе ғылыми жоба.




10

Модуль 5. Қазақстан әлемдіқ қауымдастықта

14

Л14.Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы және ҚР мемлекеттік құрылысы.

1




СС 27. Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі

1

5

СС 28.Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясат.

1

5

15

Л15.ҚР қоғамдық-саяси және рухани дамуы.

1




СС 29. ҚР сыртқы саясаты.

1

5

СС 30.Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастары

1

5

СОӨЖ 5. Емтихан сұрақтарына дайындық бойынша кеңес беру.







РК 2




100

Факультет деканы Байгунаков Д.С.


Кафедра меңгерушісі Б.Б.Карибаев
Дәріскер Тасилова Н.А.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет