Л-фараби атында ы аза лтты



Pdf көрінісі
бет29/30
Дата15.03.2017
өлшемі9,01 Mb.
#9967
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

  алам ас Ерходжаева
2-курс магистранты 

241
кітаптар  шығарды.  Сонымен  бірге  кеңестік 
дəуірде шығаруға тыйым салынған Алаш зиялы-
ларына арналған арнайы серия бойынша Кенеса-
ры, Нысанбай жырау, І.Жансүгіров, С.Сейфуллин, 
Б.Майлин  жəне  т.б.  классиктерімізге  арналған 
кітаптар да осы баспа арқылы жарық көрген. 
«Өлке»  баспасында  саяси  қуғын-сүргінге 
ұшырап, көп уақыт оқырмандарынан қол үзіп қалған 
қазақ  əдебиетінің  арыстары  –  Алаш  көсімдері 
Ə.Бөкейхановтың, 
Х.Досмұхамедұлының, 
К.Кемеңгерұлының 
шығармалары 
«Алаш 
мұрасы» сериясымен басылған.
Кезінде жастарға арналған кітаптар шығаруға 
мамандандырылған «Жалын» баспасынан бөлініп 
шығып,  сəбилерге  əріп  үйретіп,  оларды  түрлі-
түсті  қызықты  кітапшалармен  қамтамасыз  етуді 
мақсат еткен «Балауса» баспасында «Ойлан, тап!», 
«Өзің  боя!»,  «Менім  сүйікті  кітабым»,  «Менім 
алғашқы  кітабым»  сериялары  бойынша  кітаптар 
шығарылып  келеді.  Бұл  сериялар  бойынша 
негізінен кішкентай балалардың оқуына қолайлы, 
шағын  көлемдегі,  суреттері  мол,  жұмбақтар, 
мақал-мəтелдер, 
жаңылтпаштар, 
суретті 
əліппелер,  жазушылардың  қысқа  əңгімелері, 
өлең-жырлары жинақталған кітаптар бөбектер на-
зарына ұсынылып келеді.
«Санат»  баспасы  шығарған  кітаптардың 
ішінде «Қазақстан тарихы: зерттеулер, құжаттар» 
сериясымен  шығарылған  еңбектер  ерекше  орын 
алады. 
«Қайнар»  баспасынан  «Қазақтың  көрікті 
жерлері» сериясымен қазақ жəне орыс тілдерінде 
«Сарыарқа»,  «Есіл  жағалауы»,  «Іле  Алатауы» 
атты кітаптар шығарылды. 
«Раритет»  баспасынан  қазақ  тілінде  «Алтын 
көр», орыс тілінде «Раритетная коллекция» серия-
лары бойынша кітаптар шығарылады.   «Раритетная 
коллекция» сериясы қазақстандық жазушылардың 
шығармаларын  оқырмандарға  ұсынады.  Ал 
«Жоғары  оқу  орындарына  арналған  оқулықтар» 
сериясының  кітаптары  Республикалық  жəне 
Халықаралық кітап жəрмеңкелеріне қатысқан. 
«Елорда»  баспасынан  «Қазақ  прозасының 
«Алтын  қоры»,  «Қазақ  поэзиясының  «Алтын 
қоры»  сериясымен  қазақтың  майталман  сөз 
зергерлерінің  шығармалары  мен  өлеңдері  жарық 
көріп келген. Осы баспадан «Ғибраты мол ғұмыр» 
сериясымен  «Хайдолла  Тілемісов»,  «Əбдімəлік 
Нысанбаев»,  «Бəйкен  Əшімов»,  «Мақтай 
Сағдиев», «Хадиша Бөкеева» атты кітаптар жарық 
көрген. Ал, шетелден елімізге қайта оралған ақын-
жазушылардың шығармалары «Атамекен» серия-
сымен басылған.
Міне,  осындай  сериялы  кітаптар  шығару 
дəстүрін «Арыс» баспасы да жалғастырып келеді.
Бүгінде кітап ісімен шұғылданатын танымал 
мекемелердің қатарынан өз орнын тауып отырған 
«Арыс» баспасының құрылуы – еліміздің рухани 
жəне мəдени өмірімен тығыз байланысты.
Мен  таңдап  алған  тақырыптың  тағы  бір 
өзектілігі  –  кітаптану  жəне  баспа  ісі  саласын 
дамытудың жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік 
қасиеттерді  қалыптастырумен  қатар,  оларды 
еліміздің  мүддесін  үшін  еңбек  ететін  азаматтар 
етіп  тəрбиелеудегі  маңызы  орасан  зор.  Өйткені 
адам  баласының  санасын  əртүрлі  сипаттағы  то-
лассыз  ақпараттар  жаулап  алған  бүгінгі  заманда 
кітаптың  мəні  мен  маңызы  арта  түспесе,  кеміп 
отырған жоқ.
Бірақ  мəселе  –  кітаптардың  өтпеуінде 
емес,  олардың  оқырман  қауымға  жетпеуінде 
екенін  ұмытпауға  тиіспіз.  Бұл  жөнінде  «Арыс» 
баспасының негізгі құрылтайшысы, белгілі ғалым 
Ғарифолла Əнес былай дейді: «Басты мəселе – біз 
оқырманды жоғалтып алып отырмыз. Адамдардың 
кітапқа деген қызығушылығы, құрметі жыл санап 
кеміп барады. Соған сай қазіргі таңдағы қазақтың 
ең  үлкен  қасіреті  білім  дəрежесінің  төмендеп 
бара  жатқаны.  Мен  өзім  университетте  дəріс 
беремін,  сонда  байқағаным,  əр  бес  жыл  сайын 
студенттердің білім деңгейі түсіп келеді. Мұның 
түптамырына  үңілсем,  мəселе  мынада  екен: 
90-жылдары  экономикалық  қиын  кезең  туғанда 
мектепті  кітап  оқымай  бітірген  бала  универси-
тет табалдырығын аттап үлгерді. Көрдіңіз бе, бір 
кездері баланы назардан тыс қалдырып едік, сал-
дары  қандай  болып  қайтып  жатыр?  Егер  де  біз 
оқырман  мəселесін  шешпейтін  болсақ,  ешқашан 
қазақ кітабының мəселесі шешілмейді».    
Тақырыпты  жан-жақты  талдауға  кіріспес 
бұрын «Арыс» баспасы туралы айта кетуді де жөн 
көрдім. 
«Арыс»  баспасының  іргесі  2001  жылдың  10 
желтоқсанында қаланған. Дəл сол күні ол Алма-
ты  қалалық  Əділет  басқармасында  заңды  тұлға, 
яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестік ретінде 
тіркеліп,  қазіргі  уақытқа  дейін  тоқтаусыз  жұмыс 
істеп келеді.
Баспа  алғашында  1992  жылы  Алматыда 
қуғын-сүргінге  ұшыраған  Қазақ  зиялыларының 
мұрасын  зертттейтін  «Арыс»  қоры  болып 
құрылып,  1994  жылдан  бастап  өз  жанынан 
кітаптар шығара бастады. Бірнеше рет əлеуметтік 
маңызды əдебиеттерді шығаруға мемлекеттік тап-
сырыс  алып,  300-ден  астам  кітап  шығарғаннан 
соң,  жауапкершілігі  шектеулі  серіктестік  болып 
қайта тіркеледі. 
Баспаның 
негізгі 
бағыттары: 
Алаш 

242
Хабаршы.  Журналистика, Баспа ісі, Жўртшылыќпен байланыс сериясы                2011  (30)2 
қайраткерлерінің  еңбектері  мен  олар  туралы 
кітаптар,  түрлі  энциклопедиялық  басылымдар 
мен  анықтамалар;  тіл  саясатына  қолдау  көрсету; 
тілші-лингвистердің еңбектерін жарыққа шығару 
болып табылады.
«Арыс»  баспасында  əр  кездерде  М.Ізімов, 
М.Тəжі-Мұрат, 
Ə.Ақпамбетов, 
З.Əйтімов, 
А.Кеңшілікұлы, 
Г.Гайжанова, 
Л.Қапашев, 
Г.Құныпияұлы,  Қ.Ахметов,  Е.Тілеген,  С.Қалов 
жəне т.б. редактор болып қызмет істеді.
«Арыс»  баспасының  құрылып,  қалыптасу 
жəне  даму  жолы  еліміздің  рухани  жəне  мəдени 
өмірімен  тығыз  байланысты.  «Баспа  оқырманға 
қажетті  кітаптарды  шығару,  оларды  дер  кезінде 
тарату  сияқты  жұмыстарды  қалай  атқарып  жүр? 
Баспаның кітаптану саласындағы жалпы жағдайы 
мен  орны  қандай?»,  деген  сауалдарға  келсек, 
оның  жауабын  Г.Əнестің  төмендегі  пікірінен  де 
таба алатын сияқтымыз:
«Осыдан 20 жыл бұрын Алаш арыстарының 
еңбектерін шығару мақсатында ашылған «Арыс» 
қорының баспасында бүгінде 10-нан аса серияда 
кітаптар шығарылады. Алайда, Үкіметтен соның 
екі-ақ  сериясын  шығаруға  қаржы  бөлінсе  керек. 
Қалған 10 серия баспаның өз қаражатына шығады. 
Егер осы кітаптар түгел өтіп, қарды айналымы бір 
ізге  түскенде,  аспа  сол  қаржыға  20  серия  кітап 
шығара  алады  екен.  Алайда,  бар  мəселе  тағы  да 
тиражға,  оқырманға  келіп  тіркеледі.  1000,  2000, 
тіпті  3000  тираждың  өзі  баспаға  бір  тиын  пай-
да  əкелмейтін  секілді.  Ол  тек  қана  шығын  екен. 
Өйткені  бізде  кітап  өндірісі  жолға  қойылмаған. 
Ал  кітап  өндірісі  қалыптасу  үшін  кеңестік 
кезеңдегідей кітаптар жүз мыңдаған таралыммен 
басылуға тиіс. Оған оқырман жоқ. Бірақ, бұл осы 
саладағы  сан  проблеманың  тек  бірі  ғана.  Келесі 
айтар  уəжіміз,  кітаптың  ең  басты  жауы  теле-
дидар.  Неге  десеңіз,  теледидардан  күндіз-түні 
ағылып жатқан кино не болмаса түрлі бейнеклип-
тер  оқырман  қалдырмай,  барлығын  көрерменге 
айналдырып бара жатыр. Одан қалса интернет те 
уақытты білдірмей жымқыратын «ұры».
Осындай  күрделі  жағдайға  қарамастан, 
«Арыс»  баспасының  «ХХ  ғасыр  тұлғалары  – 
Личности  ХХ века» сериясы бойынша көптеген 
Алаш  зиялыларының  мұралары,  елге  белгісіз 
болып  келген  «ақтандақ»  мəліметтер  ортамызға 
оралды.  «Жаңа  энциклопедия  –  Новая  энцикло-
педия » сериясы бойынша «Батыс Қазақстан об-
лысы»,  «Жетісу»,  «Северо-Казахстанская  об-
ласть»,  «Отырар»  аймақтық  энциклопедиялары 
жəне  тағы  басқа  энциклопедиялар  жарық  көрді. 
«Қазына» сериясы бойынша «Қырымның қырық 
батыры», 50 томдық «Атырау ақын – жазушыла-
ры  кітапханасы»,  араб  қарпімен  ондаған  естелік 
кітаптар параққа шықты. «Сыр сүлейлері» серия-
сы бойынша да кітаптар шығарылуы үстінде. «ХХ 
ғасыр тілшілері – Лингвисты ХХ века» жəне «Тіл 
- құрал» серияларының мақсаты – қазақ тіл білімі 
ғылымының тұтас антологиясын жасау. 
«Арыс»  баспасының  жоғарыда  аталған  се-
риялар  бойынша  шығарылған  кітаптарынан 
аталған  баспаның  «Тұлға  -  Личность»  се-
риясы  арқылы  жарық  көрген  жинақтардың 
негізгі  ерекшелігі  –  Махамбет,  Құрманғазы, 
Дина,  Халел  Досмұхамедұлы  сияқты  т.б.  жеке 
тұлғалардың  өмірі  мен  шығармашылығы,  ол 
кісілердің көзін көрген азаматтардың естеліктері, 
ол  кісілер  тіралы  жарық  көрген  түрлі  еңбектер, 
мақалалар,  очерктер,  библиографиялық  дерек-
тер  жүйеленіп,  жинақналған.  Бұл  кітаптардың 
энциклопедиялық сипаты басым, кезінде мерзімді 
баспасөз  беттерінде  жарық  көрген,  белгілі  бір 
кітаптарда, жинақтарда басылған нақты еңбектер 
тақырыптық,  мазмұндық  жағынан  топтастыры-
лып, оқырманға ыңғайлы сипатта ұсынылған. 
«Арыс»  баспасы  сан  ғасырлық  тарих 
көшінде  аты  аңызға  айналып,  даңқы  бүгінге 
жеткен  халқымыздың  ардақты  ұл-қыздарын 
ұлықтау  мақсатында  «Тұлға  -  Личность»  атты 
жобаны 2004 жылдан бастап қолға ала бастаған. 
Осы  сериядағы  кітаптар  Атырау  облыстық 
əкімдігінің  қолдауымен,  Ақтөбе  қаласындағы 
«А-Полиграфия»  баспасымен  бірлесе  отырып, 
Алматы қаласында жарық көрген.
Яғни дүниені ұшқыр ақпараттар легі билеген 
қазіргі заманда «Арыс» баспасы шығарған «Тұлға-
Личность» сериясымен жарық көрген кітаптардың 
да  өзіндік  орны  бар  екенін  жоққа  шығара  ал-
маймыз.  Өйткені  бұл  кітаптар  халқымыздың 
өткен  тарихын  танып-білуге,  еліміздің  көрнекті 
тұлғаларының  бұған  дейін  беймəлім  болып  кел-
ген  өмір  қалтарыстарына  назар  аударуға,  жалпы 
алғанда,  жас  ұрпақтың  мəдени,  тарихи  сапасын 
қалыптастыруға қызмет етеді. Оған қоса, аталған 
серия  бойынша  шығарылған  кітаптарды  зерттеу 
арқылы кітаптану жəне баспа ісі саласын ғылым 
ретінде дамытуға белгілі бір дəрежеде өз үлесімді 
қосамын. 

243
Журнали́стика — актуализация мировоззрения 
социальных групп средствами подбора фактов, 
оценок и комментариев, которые злободневны 
и значительны в данное время. Под журна-
листикой понимают также практику сбора, 
интерпретации информации о событиях, темах и 
тенденциях современной жизни, ее представле-
ния в различных жанрах и формах, и последую-
щего распространения на массовую аудиторию. 
Информация — сведения об окружающем мире 
и протекающих в нем процессах, воспринимае-
мые человеком или специальным устройством. 
Основной фундамент государство- журанлисти-
ка7 А народнай национальная журналистика.
Journalism - update world of social groups by 
means of selection of the facts, estimates and 
comments that are topical and important at this 
time. By understanding and journalism, the 
collection, interpretation of information about 
events, themes and trends of modern life, its 
representation in various genres and forms, and 
subsequent distribution to a mass audience. 
Information - information about the world and 
place it in the process, perceived a man or a 
special device. The basic foundation of the State 
zhuranlistika.A People's National Journalism.
Т
арихы  сан  ғасырлардың  қойнауына 
кететін еліміздің арғы -бергі тарихы-
на  қарайтын  болсақ,  халқымыздың 
басып  өткен  жолдарын  айқындауға 
септігі  бар  үлкенді  -кішілі  деректердің  саны 
қанша  ма?  Кемеліне  келген  елдер  өз  тарихының 
əрбір  бетін  қастерлейді.  Сол  сияқты,  біздің  та-
рихымызда да үлкен бір "заңдылық" бар. Тоқсан 
тарау тағдыр, танымы терең тарих тоғысының өзі 
том-том  тарих  таразысымен  тоқайласпаушы  ма 
еді?
Еліміз  тəуелсіздік  алғалы  бері  орасан 
өзгерістерге  түсті,  əлі  де  түсуде.  Қоғам  өзгерді. 
Адам өзгерді. Сана өзгерді. Жақсы да болып жа-
тыр,  жаман  да  болып  жатыр.  Қазақ  тек  бірігу, 
бірлесу  жолында  келе  жатқан  халық.  Бүгінде  " 
елім" деп өтірік емеурін танытқан көп, оларға ба-
сты қарсылық көрсетушілер аз емес. Бүкіл əлем өте 
қызықты  кезеңде  өмір  сүруде,  барлығы  бірге  біз 
де, қазақстандықтар да өте маңызды оқиғалардың 
қатысушылары  жəне  куəгерлері  болып  отырмыз. 
Біздің көз алдымызда əлемдік ауқымдағы жылдам 
өзгерістер, тіпті, қоғамдық қауымдастықтың, жеке 
индивид  өмірінің  белгілі  бір  қырлары  бір  сəтте 
əсер етуі мүмкін өзгерістер болуда. Біздің еліміз 
ҰЛТТЫҚ 
ЖУРНАЛИСТИ-
КАДАҒЫ 
РЕСМИ 
АҚПАРАТТЫҢ 
БЕРІЛУ 
ҚИСЫНДАРЫ 
Дана Байгожина,
2 курс магистранты
Ақпараттың жеткізілу техникасы дұрыс болса,  халық оны қандай ақпарат екендігіне қарамастан 
қабылдайды. 
Терри  Гудкайнд

244
Хабаршы.  Журналистика, Баспа ісі, Жўртшылыќпен байланыс сериясы                2011  (30)2 
Қазақстанда да əсері бір мысқал кем емес үлкен 
процестер өтіп жатыр жəне бола береді де.
  Тəуелсіз  еліміз  орта  мектепті  бітіретін 
жас  түлектердің  жасына  енді  келді.  Бұл  қысқа 
мерзімді  кезең  адам  өмірімен  есептегенде  де, 
тарихи  тұрғыдан  алып  қарағанда  да  көп  уақыт 
емес.  Мемлекеттіліктің  барлық  атрибуттары 
белгілерніп,  нығайып,  қанаты  қатайып,  биікке, 
алысқа, қиырға ұшыратын жасқа енді келді. Бірақ, 
осындай қысқа мерзімге қарамастан тəуелсіздіктің 
алғашқы  жылдарындағы  экономика  -  əлеуметтік 
қиыншылықтарды  еңсере  жүріп,  елімізді  əлем 
мойындаған  құбылыс.  Еліміздің  саяси  өмірі 
жаңғыртылып,  түбегейлі  өзгерістер  жасалды. 
Мемлекеттіліктің  институттары  құрылып,  эко-
номикамыз  нарықтық  жолға  түсті.  Мемлекеттік 
шекарамыз айқындалып, елдің тұтастығы, жердің 
бүтіндігі,  мемлекеттің  тəуелсіздігі  мойындалды. 
Ұдайы  экономикалық  даму  негізінде  Қазақстан 
əлеуметтік салада секіріс жасап, өмір сүру деңгейі 
жағынан Еуропалық даму үрдісіне жақындайтын 
ТМД  мемлекеттері  арасында  жетекші  елге  айна-
луда.  Бірақ,  билік  басшылары  уақыт  факторы-
мен есептесіп, біздің көш басында тұрғанымызға 
қарамастан,  асығыстық  жасап,  алға  кетудің 
еш  қажеті  жоқ  екенін  жақсы  түсінеді.  Əрине, 
ешқандай ағаттық жоқ десек,ол да шындыққа жа-
наспайтыны белгілі. 
  Саяси мəселелер нақты проблемалар екені 
мəлім.  Өйткені,  саяси  ағаттықтар  адамдардың 
нақты жағдайларда жіберген қателіктері.
  ХХ  ғасырдың  соңғы  он  жылы  еске  түсіп 
отырған  жаһандану  белгісімен  өтті,  жаһандану 
қоғамдық қызметтің барлық салаларын қамтыды. 
Жаһандану  сипаты  көп  қырлы,  ол  экономиканы, 
мəдениетті,  ғылымды,  идеологияны  жəне  əрине 
халықаралық саясаттың түрлі салаларын қамтиды.
  Ал,  ХХІ  ғасыр-ақпарат  ғасыры.  Бүгінде 
кəсіби  қолдағы  БАҚ-  қоғам  пікірінен  құралған 
үнтаспа 
кассетасы./1/ 
Жаңа 
ақпараттық 
технологиялардың дамуы, еліміздің экономикалық, 
саяси  тіпті  əлеуметтік  өміріне  өзгерістерін 
енгізбей  қоймайды.  Еліміз  тəуелсіздік  алғаннан 
кейінгі аралықты жаңа ақпараттық революцияның 
куəсі болып отырмыз.
  "Адамдардың  түрлі  оқиғалардан  хабар-
дар  болуына  мүмкіндік  беріңдер,  сонда  ғана 
ел  қауіпсіздікте  болады",-депті  кезінде  АҚШ-
тың  он  алтыншы  президенті  Авраам  Линкольн. 
Сондай  -ақ,  оның  "Идея  ағыны,  жан  -жақты 
ойластырылған  шешеім  қабылдай  білу,  сынауға 
мүмкіндік  алу  -  осының  бəріне  негізделген  сая-
си  демократия  көп  жағдайда  ақпаратқа  тəуелді" 
//,-деген сөздері ақпарат ұғымының мəнін білдіріп 
тұрса керек.
  Жалпы,  "ақпарат  ұғымы"  латын  тілінен 
аударғанда, "мағлұмат беру, хабарлау, мазмұндау" 
деген мағына береді. Қоғамдық, əлеуметтік қызмет 
саласындағы мəні белгілі бір деректі жинақтау мен 
өңдеу,  таратумен  айқындалады.  Ақпарат  белгілі 
бір  объект  пен  аудитория  арасында  дəнекерлік 
рөлін  атқарады.  Сондай  -ақ,  ақпарат-  қоғамдық 
пікір қалыптастыратын құрал.
  Бүгінде ақпаратты тұтынбайтын адам жоқ. 
Күнделікті  өмірдегі  шағын  ақпараттан  бастап, 
қоғамдық,  саяси  ақпаратқа  дейінгі  мағлұматтың 
бəрі  құнды.  Бұқаралық  ақпарат  құралдарынан 
бастап,  БАҚ-пен  байланысты  қызмет  жүйесінің 
барлығы бүгінде қоғамға құнды ақпаратты жинау, 
өңдеу, тарату, сақтау бағытында жұмыс атқарады. 
Фактілерді  іздеп,  өңделгенін  қоғамға  таратып, 
əлеуметтік ой қозғайтын қоғамдық пікір тудыру-
шыларымыз - журналистер.
  "Қалам    ұстағандардың  бəрі  ел  жадында 
қалардай жақсы журналист атана бермейтіні атал-
мыш  мамандықтың  қиындығын  əйгілері  ақиқат. 
Ең əуелгі алдындағы ақ қағазға, қаламға адалдық 
керек:  қарақан  бастың  қамынан  гөрі  ел  мүддесі, 
халқы  таңдыры,  Отанның  бүгіні  мен  келешегі 
қашанда бірінші орында тұруы -басты талап. Он-
дай журналистер қатары көптеп саналары да құпия 
емес. Ел - жұрттың жайын өткір, шыншылдықпен 
айта білу де жеткіліксіз, тəуелсіз мемлекетіміздің 
алғы күнге озған мүддесін əркім де білетін шығар, 
дегенмен ол да журналистің қайығын жағаға жұрт 
назарына еріксіз шалынады, оқылады". /2/
  Журналистика - қазір бағы жанып тұрған 
мамандық,  бұл  салаға  сіңірген  еңбек  бірнеше  
есе  боп  қайтады.  Біздің  ерекшелігіміз  де, 
құдіреттілігіміз  де,  қиыншылығымыз  да  сонда. 
Өйткені, журналистің жетістігін де, кемшілігін де 
халық  біледі.  Бұқаралық  ақпарат  құралдарының 
күнделікті  жұмысы  ,  іс  -əрекеті  -  қоғамды  да, 
билікті де үнемі замана ауқымында айнадағыдай 
көрсетіп  отырады.  Ұсақ  -түйектен  бастап,  ұлт 
ретінде сақталып ғана қоймай, өсіп -өркендеуіне 
негіз  қалайтын  мəселелердің  баршасы,  соның 
ішінде  қазақ  халқының  өз  алдында  ел  болып, 
өркениетті  елдер  қатарына  ұмтылу  жолындағы 
қыруар  іс  -шаралар,  ең  алдымен,  осы  басылым 
бетінде  талқыға  салынып,  содан  кейін  шешімін 
тауып отыруы- соның бұлтартпас дəлелі. 
  Бұқаралық 
ақпарат 
құралдарының 
ішінде, баспасөздің алатын орны бөлек. Өйткені, 
электронды    ақпарат  құралдарына  қарағанда 
баспасөздің өзіндік ерекшеліктері бар. Айтарлық, 
радио,  телевидениедегі  эфирден  айтылған  сөз 
кейде  сол  сəттің,  сол  мезеттің  ақпараты  ретінде 

245
қалып  жатады,  ал  газет  -журналда  басылған  сөз 
-  мəңгілік.  Оны  бірнеше  жылдан  кейін  де,  тіпті 
ғасырлар  өткенде  де  тасқа  басылған  сөз  ретінде 
пайдалануға болады.
    "Газет  əдебиет  тобына  жататын  нəрсе 
болғандықтан  жазылған  сөздер  мағына  жағынан 
толымды,көңіл жағынан қонымды, тізуі тəртіпті, 
сын алдында сымдай боларға тиіс"  /3/.
  Кешеге  дейін  ресми  негіздегі  жағымды 
жəне  жағымсыз  ақпарат  бойынша  "айыпталып" 
келген  басылымдар  тек  "ақталып"  ғана  қоймай, 
бүгінгі  таңда  сол  мəселелер  бойынша  қадір 
-қасиетінің  еселеп  артып  отырғандығына  көз 
жеткізу  талабынан  туды.  Сол  арқылы  "Егемен 
Қазақстан",  "Жас  қазақ",  "Жас  алаш",  "Алаш" 
газетінің  ұстанған  бағыты,  мақсат  -мұраты  жəне 
ұлттық  сананы  оятып,  қалың  қазақ  елін  азаттық 
күреске  жетектеп  алып  шыққан  қызметі  жан 
-жақты  талданып,  тартыла  зерттелді.  Оны  ел 
егемендігінің  іргетасы  қаланып  жатқан  бүгінгі 
заманмен  байланыстыра  қарастыруды  да  ұмыт 
қалдырғанымыз жоқ .
  БАҚ-тағы 
сараптамалық 
материал-
дар  халықтың  дүниетаным  көкжиегін  оятып, 
көзқарастарын 
кеңейтіп, 
қалыптастыруға 
қызмет  етеді.  Сондай  баспасөздің  бірі    -  "  Еге-
мен  Қазақстан"  газеті.  Бұл  басылымның  рөлін 
бөле  -жара  атап  өтудің  маңызы  зор.  Биылғы 
жылы  шыға  бастағанына  бір  ғасыр  толатын  бұл 
қарт  басылымның  еліміздің  тыныштығы  мен 
бейбітшілігі  жолындағы  қызметін  ерекше  атап 
өтуге  тұрарлық  .  Бастысы  өз  ішіміздегі  сенім 
-наным  өкілдері  тату  -тəтті  өмір  сүруін,  ұлт  пен 
ұлыстың  өкілдерін,  келісім  мен  тұрақтылықты 
орнатып  жатқан  саяси  аспектілерді  насихаттауда 
"Егемен  Қазақстан"  газеті  оқырмандарды  жаңа 
мыңжылдықтың, жаңа ғасырдың тың талаптары-
на сай болатындай етіп ширатуды мақсат тұтады.
Бүгінгі қазақ баспасөзінің халықтың рухын көтеру, 
елдің еңсесін биіктету жөнінде атқаратын миссия-
сы  өте  қастерлі.  Сонау  еліміз  тəуелсіздік  алған 
алғашқы  жылдары  идеологиямыз  қандай  болу 
керек деген стихиялы əңгіме бізде де өрбіген еді. 
Зиялы  қауым  ешкімнің    нұсқауынсыз  жүректегі 
сөзін айта бастады. Ел тағдырына жанашыр болып 
жүрген Шерхан Мұртазаның сөздерінде: "Жетпіс 
жыл марксизм мен ленинизмге сеніп, шекеміздің 
қызғаны шамалы. Ендігі жерде тəуелсіз еліміздің 
идеологяисын 
мұсылманшылыққа 
негіздеу 
дұрыс" деген пікір айтылды.  "Егемен Қазақстан" 
газетінде  жарияланған  көлемді  мақаласында 
Өзбекəлі  Жəнібеков  осы  ойды  əрі  қарай  дамыта 
түсті. Тек мұсылманшылыққа құрылып жасалған 
идеология барлық ислам дініндегі елдерге бірдей 
ортақ  болып  шығады.  Сондықтан  қазақ  елін, 
жерін,  халқының  психологиясын,  экономика-
сын,  тарихын  ескере  отырып,  оныі  өзіне  ғана 
дəлдеп, лайықтап қабылданған сенім ғана жұртты 
мұратына  жеткізеді  деген  нақты  тұжырым  жаса-
ды.
   Тəуелсіздік алған алғашқы күннен бастап  
дербес мемлекет ретінде алға қарай аттаған əрбір 
үлкенді  -кішілі  қадамдарымыз,  Елбасымыздың 
елімізді көркейту жолындағы əрбір іс -əрекетінің 
"Егемен  Қазақстан"  газетінің  бетінен  орын  алуы 
заңды.  Президент  Н.Ə.Назарбаевтың  еліміздің 
дамуының  2030  жылға  дйеінгі  стратегиялық 
бағдарламасы,  əр  жылды  саяси  қуғын  -сүргін 
құрбандарын еске алу, Ұлттық тарих, Ауыл жылы 
деп  жариялануының  арқасында  тындырылып 
жатқан ауқымды   іс -шаралардың əрқайсысы га-
зет  бетінен  үзбей  орын  алып  келеді.  Сонымен 
қатар елімізде іс тетігін ұстаған, əр саланың бас-
шыларына  сөз  беріліп,  олардың  атқарып  жатқан 
шаруаларына,  жетістіктері  мен  кемшіліктеріне 
барлау  жасалып  отырады.  Ел  газеті  "Егемен 
Қазақстан"  Елбасымыздың əр елдерге сапарының 
əлемдік саясаттағы мəн -маңызына, халықаралық 
қарым -қатынастарда алар орнына, ұлы елдермен 
көршіліктің жүктейтін ұлы жауапкершіліктері ту-
ралы сараптама материалдарды ұсынып келеді.
  "Егемен 
Қазақстан" 
газетіндегі 
əрбір  мақаланың  жастарымыздың  бойында 
отансүйгіштік, патриоттық рухын қалыптастырып, 
адамгершілігі зор, өткенге, ұлттық тамырына зор 
құрметпен  қарайтын  азаматтар  тəрбиелеудегі 
маңызы  орасан  зор.    Кейінгі  жылдарда  еліміздің 
аға  газеті  1937-1938  жылдардағы  қуғын-сүргін 
көрген,  жазықсыз  жапа  шеккен  ерлеріміз  тура-
лы,  жалпы  елі  үшін  көзсіз  ерліктерге    барған 
асыл  азаматтарымыз  туралы  материалдарды 
көптеп беруде. Қоғам өміріндегі игі өзгеріс, батыл 
бетбұрыстарды  насихаттаумен  қатар,  көлеңкелі 
тұстарды орағытып өтпей, сын терезесіне салып 
отыру - газет редакциясында ежелден қалыптасқан 
дəстүр.  Осының  арқасында  бүгінгі  күні  газеттің 
беделі  көтеріліп,  шын  мəніндегі  жалпыұлттық 
газетке  айналғанын  көріп  отырмыз.  Бұл  газет 
тізгінін  ұстаған  қаламы  қарымды,  қайраткер 
қаламгерлеріміз  Шерхан  Мұртаза,  Нұрлан  Ораз-
алин, Уəлихан Қалижан, Ержұман Смайыл, Сау-
ытбек  Абдрахмановтардың  шығармашылық  əрі 
ұйымдастырушылық қарымының мықтылығымен 
келген бедел екендігін айтуымыз керек. /4/
  Қорыта  айтсақ,  əрбір  мемлекеттің 
көзі,  құлағы  БАҚ  құралдары,  БАҚ  өкілдері. 
Қай  мемлекеттің  баспасөзі  мықты  болса,  сол 
мемлекеттің өзі де нық сенімді өмір сүреді. Негізгі 

246
Хабаршы.  Журналистика, Баспа ісі, Жўртшылыќпен байланыс сериясы                2011  (30)2 
бағыт -ұлтына деген,халқына деген махаббат пен 
сүйіспеншілік  қана  жəне  дұрыс  қоғамдық  сана 
қалыптастыру.  Қоғамдық  сананың  өзгеріп,  өсуі 
қоғам мүшелерінің мемлекет өмірімен күнделікті 
мол,  əрі  обьективті  мағлұмат  алу  дəрежесіне 
тікелей  байланысты,қоғамдық  сана  өз  кезегінде 
қоғамдық пікір негізінде қалыптаспақ. Қоғамдық 
пікір билік тармақтарының  белгілі бір шешімінің 
терістігіне БАҚ арқылы көз жеткізсе, ол шешімді 
өзгерту үшін тағыда сол ақпарат қызметін пайда-
лана отырып ықпал ете алады. БАҚ -ның "төртінші 
билік"  аталуы  оның  осындай  саяси  əлеуметтік 
қызметтерінің маңыздылығынан туындаса керек.
 
 
 
 
 
 
Сілтеме:
1. www.google.ru. Нақыл сөздер.Терри  Гудкайнд
2. Омашев Н. «Қазақ журналистикасы» І том. Алматы, 2008 ж.
3. Байтұрсынов А. Орынбор ,2-інші ақпан\\Қазақ газеті,1917 №3.
4. Омашев Н.»Қазақ журналистикасы» І том. Алматы, 2008 ж.

247
Основная цель статьи, показать перспек-
тивы развития цифрового телевидения в 
Казахстане. Автор показывает, что в наше 
время глобализация несет в себе техноло-
гии нового типа. Именно поэтому в статье 
рассматриваются особенности цифрового 
телевидения и его развитие в Казахстане. 
Article main objective to show prospects 
of development of digital television in 
Kazakhstan. The author shows that presently 
globalization bears in itself technologies of 
new type. For this reason in article features 
of digital television and its development in 
Kazakhstan are considered.
Т
əуелсіздігіне  жиырма  жыл  то-
лып  отырған  бүгінгі  қазақ  ұлты 
–  бұрынғы  көшпенді  тұрмысқа 
бейімделген  дала  халқы  емес.  Біз 
өркениет  орталығы  саналатын  қала  халқына  ай-
налып, сапалық жағынан көп ілгерілеп, бүтіндей 
аграрлық  жағдайдан  гөрі,  индустриялық-
инновациялық  мемлекет  құруға  көшіп  отырған 
елміз.  Əлемдік  тəжірибе  көрсетіп  отырғандай, 
кез келген мемлекеттің экономикалық, əлеуметтік 
гүлденуі, халқының білімі мен бұқаралық ақпарат 
құралдарының  заман  талабына  сай  өзгеріп  оты-
руымен тығыз байланысты. Бұл ретте бұқаралық 
ақпарат  құралдарының  ішінде  телевидениенің 
орны  бөлек.  Онсыз  қоғам  өмірін  көзге  елестету 
мүмкін  емес.  Ол  барлық  уақытта  қоғам  өміріне 
араласа  отырып,  баға  берумен,  қорытындылар 
жасаумен, ұсыныстар айтумен зор қозғау салады. 
Əсіресе,  саясат,  экономика,  экология,  қоғамдық-
əлеуметтік қатынастар жəне тағы басқа көптеген 
салаларда шешімге келіп, жүзеге асыруға ықпалы 
зор. Сондай-ақ, ол адамдардың идеялық тəрбиелеу 
құралы болып келіп, адам санасын көтеруге, ру-
хани  əлемін  байытуға  себепкер  болады.  Адам-
ды аз уақыт ішінде жаулап алатын, өмірдің қыр-

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет