Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі45,57 Mb.
#6354

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

18

–  мезгілдестік  қатынас  орнау  үшін  бірыңғай  мүшелер  ыңғайластық,  қарсылықты,  талғаулықты 



жалғаулықтар арқылы байланысуы тиіс;

– ыңғайластық жалғаулықтардың ішінен да, де, та, те жалғаулығы арқылы байланысқан бірыңғай 

бастауыштары бар сөйлемдер негізінен өздерінің мағыналас телнұсқасы болып келетін құрмаластармен 

парадигмалық  қатар  құрайды  да,  олар  мезгілдестік  қатынасты  білдіретін  құрылымдар  қатарына 

жатады;

– бірыңғай бастауышты жай сөйлемдер құрмаластардың функциялас сыңары  болса да, олар мез-



гілдестік  қатынасты  білдіре  алмайтын  кездері  болады.  Бұндай  жағдай,  негізінен,  баяндауышы  ке-

лер шақ тұлғасындағы талғаулықты жалғаулықтар арқылы байланысқан бірыңғай бастауышты жай 

сөйлемдерге  қатысты болады;

– бірыңғай баяндауыштары екі және одан да көп етістіктерден жасалып, бірінен соң бірі неме-

се  қатар  болып  жатқан  қимылды  білдіретін  жай  сөйлемдерді  мезгілдестік  қатынасты  білдіретін 

құрылымдар қатарына жатқызуға болады.

– айтушының мақсатына қарай бірыңғай баяндауыштың алдыңғысы мүлде айтылмай, тек жалғаулық 

қана қалып, соның нәтижесінде соңғы баяндауыш екі рет айтылғандай болады. Мұндай құрылымдар 

бір, біресе сөздерімен ғана сыйысса, онда олар мезгілдестік қатынасты емес, аспектуалділік қатынасты 

білдіреді;

– егер бір етістіктің сыйыса айтылуы мезгілді білдіретін сөздердің жұптасып келуі арқылы жүзеге 

асса, онда ондай құрылымдардың бойынан мезгілдестік қатынас анық көрінеді.

Тілдің синтаксисі жалпы тілдің табиғатынан, оның көріну, жасалу тәсілдерінен өрбіп дамиды. Соған 

орай, негізгі ерекшеліктер ретінде мыналарды атауға болады: ғылыми тілдегі жинақылық-дерексіздік, 

баяндаудың  жақсыздығы,  яғни  баяндаушының  үш  жақтың  біріне  тәуелді  еместігі,  стандарт  тілдік 

құрылымдар жасауға ұмтылу үрдісі мен баяндаудың бір бағыттылығы.

Сонымен  бірге,  синтаксис  саласының  негізгі  бірліктері  де  (сөз  тіркесі,  сөйлем,  мәтін)  ғылыми 

тілде  оның  коммуникативтік  мақсат-мүддесінен  туындайтын  өзіндік  мәнермен,  өзгешеліктермен 

қолданылады.  Бұл  жалпы  синтаксисті,  әдеби  тіліміздің  синтаксистік  нормаларын  байытып,  оған 

өзінше жаңа түр береді. Жаңа түр, жаңалық дегенде тіліміздің синтаксистік жағынан толығуын, дами 

түсуін еске аламыз.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. –Алматы: Мектеп, 1966. –338 б. 

2.  Сауранбаев  Н.Т.  Қазақ  тіліндегі  құрмалас  сөйлемдер  жүйесі.  –  Алматы:  ҚазССР  оқу  министрлігі. 

Мұғалімдерді сырттан оқыту ғылыми-методикалық кабинеті, 1948. – 86 б.

3. Синтаксическая семантика конструкций с предикатными актантами. – Москва, 1988. -253 с. 

4. Қапалбеков Б. Көсемшелердің жұмсалу өрісі. –Алматы: Арыс, 2006. –158 б. 

5. Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. – Алматы: Санат, 2003. -191 б.

Редакцияға 18.01.2012 қабылданды.

Ж.Б. ӘБДІБЕК

КӨРКЕМ МӘТІН – ҚАЛАМГЕР МЕН ОҚЫРМАН АРАСЫНДАҒЫ 

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙЛАНЫС КӨПІРІ

In article theoretical aspects author’s and reader’s creativity rise. On the basis of basic researches in area 

the perception of the literary work in article is considered a role of the art text, creative process of the author 

and the reader.

«Көркем шығарма, қаламгер, оқырман» неге бұларды біз ажырата алмаймыз? Сөз өнері үшін бұл 

«үштік» мәселесі ерте заманнан келе жатқан ұстаным. Айтар болсақ, Аристотель еңбектерінде олар 

кеңінен көрініс тапқан болатын. Ұлы ұстаздың ізін басып, мол мұрасынан тағлым алып,  зерттеулеріне 

негіз еткен ғалымдар күні бүгінге дейін «үштік» ұстанымның өрісін кеңейтіп, зерттеу үстінде. Олардың 

қатарына: «Ой – шығарма – қабылдау» (Б.С.Мейлах), «Қаламгер – образ – оқырман» (А.М.Левидов), 

«Қаламгер – мәтін – оқырман» (У.Эко), «Ой – көркем шығарма – оқырман» (В.В.Молчанов), «Қаламгер 

– мәтін – оқырман» (В.Г.Благова) сияқты бірқатар еңбектерді жатқызуға болады.   

Әрине, қаламгер мен оқырман арасындағы шығармалық байланыс көркем шығарма арқылы жүзеге 

асады.  Көркем  шығарма  –  ұлттық  болмысқа  қатысты  мәселелерді  жинақтайтын  күрделі  құбылыс 

Split by PDF Splitter


№ 3 (88) 2012

19

болып саналады. Қаламгер – көркем шығарманы жаратушы тұлға болса, оқырман – оның өмір сүруін 



жалғастыратын  тұлға.  Көркем  шығарма  оқырмансыз  жансыз  дүние  болып  табылады.  «Оқырман  – 

көркем шығармаға ден қоюшы, құлақ түруші, көңіл беруші» [1, 210]. Көркем шығарманы тудырушы 

қаламгер болса, оның өмір сүруіне, тіршілік етуіне себепкер болатын ол әрине оқырман.  Қаламгердің 

шығармашылығы, оқырманның көркемдік-танымдық қабылдауы – көркем шығарма арқылы жүзеге 

асады. Көркем шығарма – қаламгер санасының түрлі процестері арқылы дүние келген шедевр болып 

табылады.

Көркем  шығарма  әдебиеттану  ғылымында  мәтін  деп  қарастырылады.  Бірақ,  көркем  мәтін  бұл 

көркем  шығарманың  өзі  емес.  Тұсында  Г.М.Мучник:  «Көркем  мәтін  –  ол  ауызша  шығарманың 

коммуникативті бағыты, қабылдау үдерісі кезінде көрініс табатын  эстетикалық құндылыққа ие дүние» 

[2.98],  –  десе,  В.В.Савельева:  «Көркем  мәтін  -  шығармашылықтың  сырлы  нәтижесі;  талқылаудың 

және саралаудың нысаны; қаламгер мен оқырманның дүниеге деген өзіндік көзқарасының нәтижесі; 

ол белгілі бір мәдениеттанудың феномены; лингвистикалық санаты; сублимацияның нәтижесі және 

невропатологияның куәлігінің айғағы; архетипиялық әлемі; психологиялық нақтылық» [3,18] – деп 

көркем мәтіннің табиғатын анықтап берген болатын.

Жалпы  осы  «Қаламгердің  шығармашылық  әлемі  дегеніміз  не?»  сауалға  жауап  берейікші. 

Қаламгердің  шығармашылық  әлемі  –  оның  дүниеге  келген  көркем  шығармасы.  Мәселен,  ағаштан 

мүсінші  мүсін  жасап  еңбек  етсе,  өзге  өнер  иелері  секілді  қаламгер  де  қаламның  ұшымен  көркем 

шығарманы  жарыққа  әкеледі.  Көркем  шығарма  –  қаламгер  санасының  түрлі  процестері  арқылы 

пісіп-жетіліп,  жарыққа  шыққан  көркем  туынды  және  қаламгердің  шығармашылық  ой-санасының 

заттанған  түрі  болып  табылады.  Ол  қаламгер  мен  оқырман  арасындағы  «көпір»  десек  те  болады. 

Оқырман көркем мәтін арқылы қаламгермен тілдесіп, соның нәтижесінде қоршаған орта, қоғамдық 

жағдай,  өмірге,  әлеуметтік  психологияға  байланысты  көзқарастары  бір  жерден  шығып,  екеуінің 

де  ұстанымдары  түйіседі.  Демек,  көркем  шығарманың  оқырман  тарапынан  қабылдануы  тікелей 

қаламгермен сұхбаттасу арқылы жүзеге асады. Яғни, көркем мәтін арқылы.

Өмір шындығы, оқиға желісі, әлеуметтік немесе саяси ойлар оқырманға сол күйінде жеткізілмейді. 

Ол – қаламгер санасы арқылы қорытылып, жаңаша бейнеленіп, шығармашылық қиял мен дүниетаным 

арқылы көркем шығармаға айналып барып, білімді оқырманға ұсынылады. Қаламгер шығармасында 

айтар ойын, толғаныстарын,  тұжырымдамасын шығарманың құрылымы арқылы оқырманға жеткізіп 

береді. Көркем шығармадағы қаламгердің ұстанымы оқырманның ұстанымымен санасу барысында 

оның  мазмұны  толығып  отырады.  Рас,  оқырман  үшін    бұл  үдеріс  шығарманы  терең  түсінуге,  оны 

қабылдауға,  қаламгер  бейнесімен  диолог  құруға,  өзінің  көркемдік  құндылығын  жоғарылатуға 

көмектеседі. Саналы оқырман шығармадағы қаламгер бейнесін немесе ұстанымын сезінумен бірге, 

оны  өз  қиялымен,  көркемдік-танымдық  тұрғыда  қабылдап,  қорыту  шеберлігімен  толықтырып 

отырады. Сонда ғана, оқырман да шығармашылық үдеріске еріксіз күйде қатыса отырып, шығармаға 

қаламгер секілді өз ұстанымын көрсетеді. Тек көрсетіп қана  қоймай, өзіндік көзқарасқа, ұстанымға 

ие  болатын  шығармашылық  тұлға  болып  саналады.  Сондықтан  да  оқырман  көркем  мәтін  арқылы 

қаламгердің ұстанымымен тікелей танымдық-көркемдік байланысқа түседі. Қаламгермен байланысқа 

түсу  арқылы  шығармашылық  тұлғаны  қаламгердің  көзқарасымен  кең  мағынада  тани  алады.  Міне, 

аталған жайдың барлығы да оқырманның шығарма мәнін ашудағы шығармашылық үдеріске тікелей 

қатысушы, себепші болуына ықпалын тигізеді.

Бұл айтқанымыздың дәлелі ретінде Д.Н.Овсянико-Куликовскийдың сөздерін негізге алып отырмыз: 

«Көркем  шығарманы  түсінудің  өзі  –  көркем  шығарманы  біраз  болса  да  қайталау  екені  бұрыннан 

белгілі. Егер мен... «Евгений Онегинді», «Әкелер мен балаларды», «Соғыс пен Бейбітшілікті», Репенин 

картинасын,  Анткольскийдің  мүсінін  түсінсем,  мен  бұрын  ақын,  суретші,  скульптор  болмасам  да 

шығармадағы көркем образдарды дайын тұрған күйде емес, ақынның, суретшінің, мүсіншінің көркем 

ойынан  жауап  ретінде  түйсініп,  өзімнің  көркем  ойларыммен  әрекет  ете  отырып,  тіпті  ол  ойларым 

тегеурінді болмаса да, суреткердің ойымен үйлесетін еді... Көркем шығарманы түсіну және меңгеру 

– бұл жай ғана ойлау үдерісті емес, ол белгілі бір шығармашылық әрекетті талап етеді. Егер біздің 

санамызда көркемдік элементтер жоқ болса, онда бұл «шығармашылық» та болмас еді» [4,274].

Көркемдік танымы биік деңгейдегі орыстың белгілі сыншысы В.Белинский А.С.Пушкин туралы 

ғылыми мақаласында: «Мен қандай оқырманды қалаймын? – Мынадай: мені де, өзін де, тіпті күллі 

әлемді де ұмытып, тек менің шығармаммен өмір сүретін» [5,20], - дейді.

Рас,  мақалада  Гете  көркем  шығармаларында  өзінің  дара  ақындық  болмысы  орын  алғандықтан 

да, оқырмандарынан өздерін ұмытып, тіпті де, дүниедегі барлық ақындарды да ұмытып, шығарма 

Split by PDF Splitter


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

20

табиғатынан  көрініс  тапқан  оның  ақын  тұлғасымен  өмір  сүрсе,  яғни  оның  шығармаларындағы 



ақындық ұстанымына беріліп «Тек менің ғана кітабыммен өмір сүрсе» деген шынайы эгоистік тілегін 

көрсетеді. Сонымен қатар, көркем шығармасын оқып қана қоймай, кез келген оқырман қаламгерді 

шығарма  табиғатынан  танып,  табынып  отырса  дейді.  В.Белинский:  «Гетенің  бұл  айтқандары 

оңайлықпен жүзеге аспайдындығы анық. Ол үшін көркем туындының эстетикалық қуаттылығы мен 

қаламгердің дарашылдыққа толы шеберлігі кез келген шығармашылық тұлғадан ерекше болуы керек. 

Сол кезде ғана оқырман оған бас иері ақиқат... Қандай да бір ақынды, тіпті ол ұлы ақын болса да, ол 

туралы пікір айтпас бұрын, алдымен оны оқып, шығармашылығымен танысу керек, әйтпесе қалайша 

оны, өзіңді және дүниені ұмытасың» [5, 25], - деп ғылыми жүйелі баға берген болатын.

Көркем  шығарманың  әлеміне  ену  барысында  ғана  қоршаған  ортаны,  өзін  ұмытқан  оқырман 

бір сәт болса да сол туындының табиғатымен бірге өмір сүріп, рухани ләззат алады. Оқырман қай 

кезде  қаламгермен  бірге  шығармада  көрініс  тапқан  оқиғаларға  ортақтасып  кетеді?  Белгілі  сыншы 

Н.А.Добролюбов  сөзімен  айтқанда  ол  мақсат:  көркем  шығарма  табиғатына  «беріліп»  кеткен 

қаламгердің рухани шығармашылық тұлғасы мен оқырманның рухани болмыстары бірігіп, көркем 

шығарма  мазмұнында  көрініс  тапқан  оқиға  мен  іс-әрекеттерге  араласқан  кезде.  Міне,  осындай 

шығармашылық байланыс барысында қаламгер мен оқырман арасында жақындастық пайда болады. 

Рас, қаламгер мен оқырман бір-біріне бейтаныс болса, ал көркем шығарма арқылы таныс болып 

шығу шығармашылық үдерістің жемісі болып табылады. Қаламгер шығармашылығы мен оқырман 

шығармашылығы туралы сөз болғанда, қаламгердің көркем мәтіні мен оқырман арасындағы байланыс 

– күрделі, ажырамас процесс десек қателеспеспіз. Бұл көркем мәтінді оқу барысында оқырманмен 

арада  болатын  көзге  көрінбейтін  шығармашылық  үдеріс  екені  даусыз.  Осындай  шығармашылық 

процесс көркем мәтінде жасырын немесе ашық көрініс тапқан қаламгерлік ұстаным оқырманға мәтін 

арқылы да,  мәтінде бейнеленген тұлға арқылы немесе мәтін астары арқылы да жеткізіледі. 

Көркем мәтінде айтылған идеясын немесе ақпаратын қаламгер оқырманға айқын 

 

бермегендіктен, 



бұл көрініс мәтін астары арқылы жүзеге асып жатады. «Мәтін астары» туралы түсінік беріп, оның 

маңызы мен мағынасы жайлы М.М.Гиршман: ««Мәтін астары» көркем шығармада болуы заңдылық 

әрине, ол тіпті оған тәуелді болады. Сондай-ақ,  көркем шығармада «Мәтін астарының» көрініс табуы 

оны басқа ауыз әдеби туындылардан   ерекшелендіріп тұрады. «Мәтін астары» - ашық айтылмаған 

ойды  жеткізу  мәртебесіне  ие  болып,  көркем  шығарманың  ішкі    мазмұнын  ашу  мақсатында  оның 

бейнеленген  «әріптер  мен  сөздерді»  эстетикалық  тұрғыдан  маңызды  бір  бөлшекке  айналдырады» 

[6.86], -деп көркем мәтіннің басқа мәтіндерден айырмашылығы «мәтін астарына» ие болатындығында 

екеніне тоқтала отырып, оның құрылымы идеялық-эстетикалық, жанрлық-композициялық бірлігінің 

арқасында  көрініс  алатындығына,  қаламгердің  көркемдік  әлемі,  дүниетанымы  шығарманың  ішкі 

мазмұнында бейнеленетіндігіне тоқталады. Ішкі мазмұн – сыртқы дүниемен, қаламгер мен оқырман 

санасымен,  әдебиет  пен  қоғам  тарихымен  байланыста  болатындығын  атап  көрсетеді.  Ішкі  мазмұн  

“мәтін астарын” жасаушы негізгі фактордың бірі екеніне көз жеткізеді. Сол сияқты оладың байланысы 

туралы:  «Мәселен,  “мәтін  астары”  көркем  мәтінен  тыс  орналасып  қана  қоймай,  оның  меншігі, 

оның қарама-қарсы мағынасы болып табылады. Сонымен қатар, біз «мәтін астарын» игермейінше 

мәтіннің мағынасына жетіп, көркемдік-танымдық болмысына, эстетикалық ақиқатқа жете алмаймыз. 

Сондықтан  да,  көркем  мәтіннің  эстетикалық  шындылығы  оқырманның  қабылдау  белсенділігін 

нақтылап, субъектіден шығармашылықты және орындаушылықты  талап етуінде» [6,87], – деп “мәтін 

астары” арқылы мәтінде берілген қаламгердің жасырын ойын ашу, тану, түсіну мүмкін болатындығына, 

шығарманың тұжырымдамасы мен қаламгердің айтар ойының айқын ашылатындығына тоқталады.

Көркем  шығармада  оқырманға  негізі  айтар  ойын  мәтін  астары  арқылы  жеткізу  әдебиет 

сахнасында  әр  кезеңде  көрініс  тауып  жатты.  Бірақ,  ХХ  ғасырдың  басында  ұлттық  әдебиетіміздегі 

көркем  шығармада  қаламгер  ұстанымы  мәтін  астары  арқылы  көрініс  табуы  тарихи-әлеуметтік 

жағдайға байланысты еді. Сол кезеңде халқымыз тап болған   қиыншылықтарға көз жұмып қарай 

алмаған, ұлтты ояту мақсатында шығармаларында ағартушылық бағытты ашық немесе мәтін астары 

арқылы жеткізген, қайтпас қайсарлық көрсеткен, ұлттық сананы, әдебиетті биікке көтерген - Алаш 

қайраткерлері-тін. Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, М.Жұмабайұлы, С.Торайғырұлы және 

тағы да басқа есіл боздақ дара ақындарымыздың шығармалары «цензура» бақылауында болғандықтан, 

оқырманға айтар ойын терең мәтін астары арқылы жеткізіп отырған. Әрине, тәуелсіздік алғалы бері, 

міне, жиырма жылдан астам уақыт өтті. Осы соңғы жылдары ұлттық руханиятымыздағы жаңғырулар 

халқымызды  биік бір шыңға жетелеп келеді десек қателеспеспіз. Соның көрінісі жоғарыда атап өткен 

тұлғалардың шығармаларын кейінгі ұрпақ оқып, танысып, өз ойларын, ұстанымдарын жеткізе алады. 

Split by PDF Splitter



№ 3 (88) 2012

21

Мәселен, көркем әңгіменің классикалық үлгісі болып табылатын Ж.Аймауытовтың “Елес” әңгімесін 



айтсақ болады. Қаламгер оқырманға өнердің қоғамда алатын орнын, ақын, жазушының халық үшін 

атқаратын міндетін, халықтың тұрмысын аталмыш әңгіме арқылы жеткізді. Шығарманың құрлысы 

диолог үлгісінде жазылуы оқырманға кеңес дәуірінің шындығын,  қазақ елінде болған ашаршылықтың 

ауыртпалығын, өлім, қайғы, зардап және т.б. өмір шындығына қатысты сөз етілген оқиғаларды танып, 

түсінуге  мүмкіншілік  берді.  Қаламгердің  астарлы  ұстанымы  шығармады  үшінші  тұлға  арқылы 

жүзеге асты.  Әңгімедегі жас әдебиетшіге түнгі елес келіп, екеуі диалогқа түседі. Олар төңкерістен 

кейінгі әдебиеттің ахуалы туралы сөйлеседі “Төңкерістен бері қазақ елінің басынан қандай күндер 

өтпеді? Қазақ даласын көмірдей басып ақтар өтті. Қазақ даласында соғыс майданы ашылды. Мұның 

бәрі  қандай  із  қалдырды?  Осыларды  қайсың  жаздың?”  [7,425].    Қаламгер  көркемдік  шеберлігімен 

қоғамның жағадайын  ашпақшы болады. Кейіпкер өң мен түстің ортасында отырып, жұмбақ елестің 

сауалдарына мүдіріп қалады.  Кейін өзінің табан жолының тайғанақ, мәнсіз  екенін сезген жас жазушы 

осы елестің сөздерінен кейін ұйқыдан ояна бастағандай болады “Құлағыма жағып кетті. Сөзі де әрі 

жатық, әрі жат көрінді. Магнит қуаты бардай-ақ, сөйлеген сайын ұйытып, бойымды балқытып әкетті” 

[7,423]. Шындығында да, қаламгер цензура қыспағында болған заманда өмір сүріп, одан жасқанбай, 

суреткерлік  шеберлігінің  арқасында    шығармада  қоғамды,  саясаттың  халқымыздың  мәдениеті 

мен  әдебиетінің  дамуына  тигізге  зардаптарын  сынайды.  Міне,  суреткерге  тән  шеберлік  –  өзінің 

қаламгерлік ұстанымын ашық емес, жасыра алуында. Әрине,  көркемдік танымы биік қаламгеріміз 

Ж.Аймауытұлы суреткерлік шеберлігін, әңгімеде өз ұстанымын «елес» арқылы «заманның айнасын» 

оқырман аудиториясына жеткізіп, оларды қызықтырып әрі таң қалдырды. 

Өз  тарапынан,  оқырман  қаламгердің  ұстанымымен,  айтар  ойымен,  шығарманың  көркемдік 

шешімдерімен  мәтін астары арқылы таныса алады. Тіпті де, қаламгердің ойымен үйлесе отырып, 

оқырман іштей өзінің қиялымен көркем шығарманы қайта жазып, ерекше шығармашылық әрекетті 

бастан кешіреді. Көркем шығармада айтылған оқиғалар мен кейіпкерлер туралы оқырман өзінше ой 

түйіп, сөз жетпес сезім жетегіне түседі. Демек, қаламгердің шығармашылық тұлғасы көркем шығарма 

мазмұнынан орын ала отырып, оқырманмен өзінің ұстанымын бөліседі. Өйткені шығармада көтерілген 

тақырып,  қамтылған  шындықты,  соларды  берудегі    қаламгерлік  ұстаным  қоғамға  ортақ  мәселені 

суреттеуді  көздейді.  Мәселен,  суреттеліп  отырған  дүние  тек  қаламгерге  ғана  қатысты  болса,  онда 

ол оқырман тарапынан қабылдануы екіталай. Әрбір оқырман шығарманы оқу барысында көркемдік 

шындықпен қатар, шындық болмысын табуды көздейді. Рас, шығарманы дүниеге әкелу процесінде 

қаламгер тек өзіне ғана қатысты нәрселерді (оқиғаны, кейіпкерді, жағдайды т.б.) жаза берсе, әрине, 

ол  ұлы  Абай  айтқан  «амалдың  тілімен»  жазылған  жансыз  шығарма  болса,  В.Белинскийдің  айтуы 

бойынша «жеке басына тән, ешқандай көңіл аудармайтын бос дүние» болар еді. Демек,  қаламгердің 

шығармашылық тұлғасы көрінбейтін, ұстанымы түсініксіз, оқырманға ешқандай ықпал, әсері жоқ, 

бос  дүние  болады.  Сондықтан  да,  шығармадағы  қаламгер  ұстанымы  тек  оған  тән,  оның  ойы  мен 

тілегіне ғана қызмет етеді деп түсіну қате болып саналады. Қаламгер ұстанымы – шығарманы тануға, 

оқырманның өзін тануға, тек содан кейін ғана қаламгерді тануға қызмет етеді. 

Осыған  байланысты  В.Белинский:  «Кез  келген  нағыз  ақын  ғана  емес,  ұлы  ақын  атаулы  қандай 

көркемдік биікте тұрмасын, ешуақытта ештеңені ойынан шығармайды, бірақ шындықты адамзаттық 

тірі  формаға  айналдырады.  Сондықтан  да  ақынның  жасаған  көркем  дүниесіне  сүйсінген  оқырман 

әрқашан бұрыннан таныс, тіпті жеке өзіне ғана тән, өздері түйсініп сезінген, немесе өздері ойлаған, 

бірақ оған анық образын бере алмаған, соған сай сөзді келістіріп таба алмаған, есесіне тек ақын ғана 

жеткізе  алған  ойды  табады.  Ақын  неғұрлым  биік  болса,  яғни  оның  ұстанымы  жалпы  адамзаттық 

мазмұнында болса, оның поэзиясы  соғұрлым қарапайым да түсінікті... Егер шығармадан адам баласы 

(оқырман)  өзіне  керек  ештеңе  таппаса,  тек  ақынның  жеке  басына  ғана  тән  нәрсе  болса,  онда  ол 

ешқандай көңіл аудармайтын бос дүние болмақ. Демек, ақын тудырған дүние жалпы адамзатқа ортақ 

бола отырып, ақынның өзіне де тиесілі. Шығарма табиғатына тән осындай ортақтастық болғандықтан 

да, көркем шығарманы тануда өзгелердің де оқиғаны адамдық тұрғыдан қайта бастан кешуіне суреткер 

мүмкіндік береді»[5, 76], деп көрсетеді.

Қорыта    келгенде,  қаламгер  мен  оқырман  арасындағы  шығармашылық  байланыс  көркем  мәтін 

арқылы  жүзеге  асады.  Көркем  шығарманың  құндылығы  –  қаламгердің  астарлы  ұстанымы  болып 

табылады. Қаламгердің шығарма барысындағы шығармашылық ұстанымы онда көтерілген тақырыптың 

айқын немес жасырын болуы оқырманның ұстанымының қалыптасуына тікелей әсер етеді. Бұл үдеріс 

қаламгер  мен  оқырман  арасында  шығармашылық  байланыстың  жүзеге  асуына  себепкер  болады. 

Қаламгер, көркем мәтін және оқырман арасындағы байланыс – күрделі, ажырамас үдеріс. Бұл көркем 

мәтінді оқу барысында оқырманмен арада болатын көзге көрінбейтін шығармашылық үдеріс болып 

табылады.

Split by PDF Splitter


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

22

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. – Алматы: Ана тілі, 1996. – 240 б.

2. Мучник Г.М. Текст в системе художественной коммуникации. – Алматы: Балауса, 1996. – 192 б.

3.  Савельева  В.В.  Психоантропология  и  современная  художественная  литература  //  Художественная 

литература и проблемы антропологии. Караганда, 2002.

4.  Овсянико-Куликовский  Д.Н.  Литературно-критические  работы  в  двух  томах.  Том  1.  –  Москва: 

Художественная литература,1989. – 542 б.

5. Белинский В.Г. Сочинения Александра Пушкина. -Москва: Сов. Россия, 1984. - 96 с.

6.  Гиршман  М.М.  Целостность  литературного  произведения.  В  книге  Проблемы  художественной  формы 

социалистического реализма. -Т.2. – Москва: Наука, 1971. – 352 с.

7. Аймауытов Ж.  Шығармалары. -Алматы: Жазушы, 1989. – 558 б. 



Редакцияға 05.12.2011 қабылданды.

Ш.С.ӘБІШЕВА

Ж. АЙМАУЫТОВ ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ КӨРКЕМДІК ІЗДЕНІСТЕР

The article concerns with investigation of Kazakh prose and short stories written in the early 20-th century 

by famous Kazakh writer Aymautov.

Әңгіме жанрының күрделі табиғаты туралы негізгі ойларды академик З. Қабдолов: «Әңгіме – қиын 

жанр.  ...Өмір эпизодының  шағын  көрінісінің өзі соншалық тартымды, сюжет желісі қызықты болу 

керек. Сюжетке ене бастағаннан-ақ оқырманның көз алдына іші-сыртын, мінез-құлқын,  іс-әрекетін  

аттаған сайын аңғартып, адам келе бастауы керек, ол адам өзіне тән ең бір елеулі өзгешелігімен шұғыл 

даралана беруге тиіс, кейіпкер тұл көрінбейді, оның өзін қоршаған айналасы айқын көзге түсуі, сол 

арқылы белгілі бір әлеуметтік топ, қоғамдық орта танылуы керек; әлгі адам соның өкілі, типтік тұлға 

болуы  қажет.  Осының  бәрі  жазушыдан  өмірді  терең  білуімен  қабат,  шұрайлы  сөз  байлығын,  жіті 

байқағыштықты, асқан талғампаздықты, тілдегі тамаша суреттілікті, бір сөзбен айтқанда, қалам тиген 

жерді өмірдің өзіне айналдырар нағыз шеберлікті, соған қоса кемел идеяға апарар терең білім мен 

биік  мәдениетті  талап  етеді...  Мұның  бәрі  –  күрделі,  қиын  жұмыс»,  –  деп  қаламгердің  шеберлігін 

шыңдау жолы деп пайымдайды [1,200 б.].

Демек,  ғалымның  әңгімеге  қоятын  талап  деңгейінен  табылып,  қиын  да  күрделі  жанрды  шебер 

туғыза білген Жүсiпбек Аймауытов туындыларындағы көркемдік амалдардың қызметін қарастырудың 

мәні өте зор.

Қазақ  прозасының  ХХ  ғасырдың  20-жылдарындағы  идеялық-көркемдік  деңгейін,  жанрлық-

стильдік  құбылыстарын  танытатын  таңдаулы  шығармалары  қатарынан  Жүсіпбек    Аймауытовтың  

«Бетім-ау, құдағи ғой!» (1918), «Құсбегі» (1918), «Елес» (1924), «Елеусіз ерлер» (1924), «Тәубе қылды» 

(1924), «Мен қалай үйлендім?» (1924), «Жол үстінде» (1925), «Тұмарбай мен қатыны» (1924), «Қара 

бақсы» (1925), «Әнші» (1925),  «Өзгермесе бұ не?» (1926), «Жаңа өмірге аяқ басты» (1925), «Гәп қол 

ағашта» (1926), «Қойшы Тастамақ» (1924), «Жаңабайдың жанындағы трагедия» (1925) т.б. әңгімелері 

елеулі орын алады.

«Көркем шығармада адам әйтеуір сөйлеуге тиіс болғандықтан сөйлемеуі керек. Әр сөз жасанды 

емес,  табиғи  түрде  айтылып,  геройдың  мінезін  танытып,  образын  аша  түсіп,  оны  даралап  жатуы 

керек» [2,218 б]. Сонда ғана туындының өн бойындағы көркемдік амалдар кейіпкер табиғатын тап 

басып, шынайы таныта алады.

Қаламгер  әңгіме  жанрында  көркемдік  құралдарды  пайдалануда  белгілі  бір  мақсатты  көздейді. 

Оның кейіпкер аузына салған сөзі де, ақ өлең түрінде өрілген баяндауы да, монолог, диалог, полилог, 

пейзаж т.б. көркемдік амалдар шығарма құрылымына жігін тауып кірігіп, орайласып жатады.  

Жазушы  әңгімелерінде  өзі  өмір  сүрген  дәуірдің  шындығын  шынайы  бейнелейді.  Оларда  ел 

санасындағы өзгерістер, әлеуметтік теңсіздік, кедейдің теңдікке жетуі, өнер, заман туралы көзқарастары 

айқын аңғарылады. 

Ж.  Аймауытов  –  даурықпа  ұрандар  мен  саясат  ықпалының  ығында  кете  бермейтін,  әдебиеттің 

эстетикалық мұратын жоғары қойған нағыз суреткер. Ол халық басынан кешірген тарихи оқиғаларға 

зерделі  оймен  қарау  арқылы  сол  кезеңдегі  заман  шындығын,  кезең  көрінісін  шынайы  танытудың 

шебер үлгісін көрсетеді. 



Split by PDF Splitter


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет