Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды



жүктеу 1.58 Mb.
Pdf просмотр
бет2/25
Дата06.03.2017
өлшемі1.58 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

7
даму банкі, Азия даму банкі, Ислам даму 
банкі,  сондай-ақ,  жеке  инвесторлар  үлкен 
қызығушылық танытып отыр. Ұзақ мерзімді 
инвестициялық  тарифтер  ұсыну  арқылы 
олардың барынша тартылуын қамтамасыз ету 
қажет. Тарифтердің айтарлықтай ұлғаюына 
жол бермеу үшін ондай жобаларды мемлекет 
қосымша  қаржыландыруы  керек.  Осыған 
байланысты жылу жəне сумен қамтамасыз 
ету жүйелерін жаңғырту қарқынын жедел-
дету үшін бюджетте қарастырылған қаржыға 
қосымша жыл сайын 100 миллиард теңге 
бағыттау ұтымды болмақ.
Бесінші. Тұрғын үй инфрақұ рылымдарын 
нығайту.  Агло мера циялар  қалыптастыру 
айтарлықтай тұрғындар ағынымен қатарласа 
жүреді. Бұл еңбек нарығы мен қалалардың 
инфрақұрылымына, соның ішінде, тұрғын 
үй  қорына  қысым  туғызады.  Сондықтан 
жалға  берілетін  тұрғын  үй  құрылысына 
көзқарасты  қайта  қараған  жөн.  Мемлекет 
əлеуметтік  жалдамалы  баспананы  салып, 
оны  тұрғындарға  сатып  алу  құқын  бере 
отырып,  ұзақ  мерзімді  жалға  ұсынады. 
Баспананы тікелей, делдалдарсыз жəне не-
сиеге барынша төмен пайызбен ұсыну оның 
сатып  алу  құнын  арзандатуға  мүмкіндік 
береді.  Бастапқы  жар наның  болмауы  мен 
ипотека  үшін  төмен  пайыздар  баспананы 
қазақстандықтардың көптеген жіктері үшін 
қолжетімді ете түседі. Сондықтан 2015-2016 
жылдар ішінде жалға берілетін тұрғын үй 
құрылысын қаржыландыруды қосымша 180 
миллиард теңге сомасында ұлғайтамыз.
Алтыншы. Əлеуметтік инфра құрылым-
дарды дамыту. Бірінші кезекте, бұл – апат-
ты  мектептер  мен  үш  ауысымда  оқыту 
проблемаларын  шешу.  Бұл – біздің  Сай-
лауалды  тұғырнамамыздың  негізгі  инди-
каторларының бірі. Үшжылдық бюджетте 
қарастырылған қаржы бұл проблеманы 2017 
жылға дейін шешуге мүмкіндік бермейді. 
Сондықтан  Үкіметке  қосымша 70 милли-
ард теңге бағыттауды тапсырамын. Балалар 
бақшасының жетіспеушілігі – басқа мəселе. 
Мектепке  дейінгі  мекемелерде  орындар 
тапшылығын  түбегейлі  қысқарту  үшін 3 
жыл  бойы  қосымша 20 миллиард  теңге 
бағыттауды тапсырамын. Əкімдер жеке сек-
торды тарта отырып, бұл жұмыспен барынша 
айналысуы тиіс.
Индустрияландыру бағдар ла малары шең-
берінде базаларында ғылымның экономика 
салаларымен жəне мамандар дайындаумен 
байланысы  қамтамасыз  етілетін 10 ЖОО 
анықталды.  Осы  мақсаттарға 2017 жылға 
дейін 10 миллиард теңге бағыттай отырып, 
осы жоғары оқу орындарының материалдық-
техникалық базасын қалыптастыруды тап-
сырамын.
Жетінші. Шағын жəне орта биз нес пен 
іскерлік  белсенділікті  қолдау  бойынша 
жұмысты жалғастыру қажет. Бүгінде Ұлттық 
қордан ШОБ-ты қолдауға жəне несиелеуге 
бағытталған 100 миллиард теңге толықтай 
игерілді. Бұл 4,5 мың жұмыс орнын құруға 
мүмкіндік  берді.  Бұл  қаржыға  сұраныс 
ұсыныстан 23 миллиард  теңгеге  асып 
түсті. Бизнесті 10 жылға бар-жоғы 6 пай-
ызбен несиелеудің бұрын-соңды болмаған 
шарты  жасалды.  Мұндай  шарттар  біздің 
елімізде бұған дейін болған емес. ШОБ-ты 
экономикалық  өсімнің  драйвері  ретінде 
дамыту жəне оның үлесін 2050 жылға қарай 
ІЖӨ-нің 50 пайызына  ұлғайту  бойынша 
жұмысты  жалғастырған  жөн.  Сондықтан 
шағын  жəне  орта  бизнес  үшін 2015-2017 
жылдары жалпы сомасы 155 миллиард теңге 
несие желілерін АДБ, ЕҚДБ, Дүниежүзілік 
банк есебінен тиімді пайдалану қажет.
Құрметті қазақстандықтар!
Əлемдік экономикадағы жағдай мына-
дай, дағдарысты жағдайларда алға қойған 
мақсаттарға қосымша қаржы ресурстарын-
сыз қол жеткізу айтарлықтай күрделі.
Кезінде Ұлттық қордың не үшін құрыл-
ғанын қаперлеріңізге сал ғым келеді. Оның 
басты міндеті – тұрақты əлеуметтік-экономи-
калық дамуды қамтамасыз ету жəне экономи-
каны сыртқы қолайсыз жағдайлардан қорғау. 
Дəл  қазір  біздің  осы  қорымызды  қажетке 
жарататын кез келді. Қазақстан өзге елдердің 
қате лік терін қайталамай, экономикалық өсім 
үшін ішкі қорын барынша тиімді пайдалануы 
тиіс.
Мен Ұлттық қордан 2015-тен 2017 жыл ға 
дейінгі кезеңге жыл сайын қосымша 3 мил-
лиард долларға дейін бөлу жөнінде шешім 
қабылдадым.  Үкіметке  бір  апта  мер зім де 
Ұлттық  қордан  қаржы  бөлу  үшін  тиіс ті 
шешім  дайындауды  жəне 2015 жылға  ар-
нал ған республикалық бюджет жобасында 
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ. Нұрлы жол – болашаққа бастар жол

№12    2014    А И АТ
8
қажетті  қаржыларды  ескеруді  тапсыра-
мын.  Сондай-ақ,  Үкімет  қажетті  шаралар 
қа былдап,  осы  қаржылардың  тиімді  əрі 
оңтайлы пайдаланылуын қамтамасыз етуі 
керек.
Мен құрған комиссия қаржының тиімді 
жұмсалуын қатаң қадағалап, жеке өзіме ба-
яндап отыратын болады. Əр теңге үшін қатаң 
сұрау болмақ. Барлық əкімдерге айрықша 
жауапкершілік жүктеледі. «Нұр Отан» осы 
жұмысқа  белсенді  араласып,  барлық  дең-
гей лерде қатаң партиялық бақылау орнатуы 
тиіс.
Ұлттық қор инвестициялары экономи-
каның тиісті салаларында міндетті құрылым-
дық  реформалар  жүргізумен  қоса-қабат 
жүруі тиіс. Ол үшін жобаларды халықаралық 
қаржы  ұйымдарымен  бірлесіп  жүзеге 
асыруды  қамтамасыз  ету  қажет.  Мəселен, 
Дүниежүзілік банк, Азия даму банкі, ЕҚДБ 
жəне ИДБ қазірдің өзінде 90 басымдықты 
жобаға 9 миллиард доллар шамасында бөлуге 
дайын. Қаржыларды бөлу инвестициялық 
белсенділікті  қолдауға,  халықтың  табы-
стары  деңгейі  төмендеуінің  алдын  алуға 
жəне  жаңа  жұмыс  орындарын  ашуды 
ынталандыруға бағытталған. Нəтижесінде 
қысқа  мерзімді  жəне  орта  мерзімді  пер-
спективада  эко номиканың  тұрақты  өсуі 
қамтамасыз етіледі.
Біздің білім беруді, денсаулық сақтау ды, 
ауыл  шаруашылығын  дамыту  бағдарла-
маларымыз  жалғаса  береді.  Бұл  туралы 
алдағы жылы Үкіметтің алғашқы кеңейтілген 
отырысында нақты əңгіме қозғайтын бола-
мыз. «Нұрлы  Жол»  Жаңа  Экономикалық 
Саясаты – əлемнің  ең  дамыған 30 елінің 
қатарына бару жолындағы біздің ауқымды 
қадамымыз.
Бүгінде табысты жұмыс істеу үшін бар-
лық қажетті жағдайлар жасалған. Əкім шілік 
реформа жүргізілді, Үкімет пен атқарушы 
биліктің  жаңа  құрылымы  жұмыс  істеуде. 
Əр  министр  не  істеу  керек  екенін  біледі. 
Біз басқарудағы қосарланушылық пен қа-
жет  емес  буындарды  жойдық.  Əкімдер 
өкі лет тіліктің қажетті деңгейіне ие болды. 
Өңірлерде бəрі бар – бағдарламалар, ресурс-
тар, қаржы құралдары. Əркім өз жұмыс учас-
кесі үшін жауап береді. Тек білекті сыбанып, 
іске кірісу қажет.
«Нұрлы  Жол»  Жаңа  Эконо ми калық 
Саясаты  біздің  эконо ми камыздың  таяу 
жылдардағы өсімі нің драйвері болады. Тек 
жол  құрылысы  арқылы  ғана  жаңадан 200 
жұмыс орны құрылады. Ал бұл халықтың 
жұмыспен қамтылуын жəне табыстарының 
өсуін білдіреді. «Нұрлы Жол» цемент, металл, 
техника, битум, жабдықтар өндіру мен соған 
сəйкес  қызметтер  сияқты  экономиканың 
басқа да салаларына мультипликативті əсер 
етеді. Жолдар – Қазақстан үшін өмір желісі. 
Біздің кең байтақ жерімізде жолдар бойында 
əркезде де өмір пайда болған жəне дамып 
отырған.  Біз  Астанадан  барлық  жақтарға 
автомобиль,  теміржол  жəне  авиациялық 
магистральдар тарайтындай көлік желісін 
құруға  тиіспіз.  Жүректен  тарайтын  арте-
риялар сияқты. Күннен тарайтын шұғыла 
сияқты.
Қазақстандықтар салатын жаңа магис-
тральдар  біздің  экономикамыз  бен  қоға-
мымызды жаңартады. Олар біздің еліміздің 
барлық түк пірлерін орталықпен берік байла-
ныстырады. Жүк тасымалы жедел дейді жəне 
ұлғаяды. Ел арқылы транзит көлемі артады. 
Біздің аза маттарымыз заманауи жəне са палы 
автомагистральдармен  жүріп,  кез  келген 
өңірге  қауіпсіз  жəне  тез  жететін  болады. 
Əлеу меттік инфра құры лым жақсарады, жа ңа 
жəне заманауи мек тептер мен ауру хана лар 
жоғары сапалы қызметтер көрсетеді. Нəти-
жесінде ол əрбір қазақстандықтың əл-ауқаты 
мен өмір сапасында көрініс табады. Ал ең 
бастысы – осының бəрі болашақ ұрпақтың 
байлығы ретінде біздің жерімізде қалады.
Құрметті қазақстандықтар!
Алда үлкен де жауапты жұ мыстар тұр. 
Толысқандықтың  жаһандық  сынынан  өту 
үшін  біздің  топтаса  білуіміз  қажет.  Біз 
барлық қазақстандықтар арасындағы сенімді 
нығайтуға  тиіспіз!  Бір-бірімізге  тағатты 
болуымыз  керек!  Бұлар – Қазақстанның 
болашағына кілттер. Этносаралық келісім 
–  өміршеңдік  оттегі.  Біз  дем  алған  кезде 
оны байқамаймыз, ол өздігінен болады – біз 
тек өмір сүреміз. Бірлігіміз бен этносаралық 
келісімді біздің өзіміз сақтауға тиіспіз. Оны 
біз үшін ешкім ешқашан сырттан келіп жаса-
майды. Біздің жас тарымыз жаңа, тəуелсіз елде 
өсіп келеді. Бүгінгі буын 90-шы жылдардағы 
этносаралық соғыстар мен қақтығыстарды, 
күйреуді көрген жоқ. Сондықтан көпшілігі 
Ізгілікті қоғамға барар жолда

№12    2014    А И АТ
9
Қазақстандағы  тұрақтылық  пен  қолайлы 
өмірді туғаннан солай болуға тиіс сияқты 
қабылдайды.
Тұрақтылық  пен  келісім  дегеніміз  не? 
Ол отбасылық əл-ауқат, қауіпсіздік, баспа-
на.  Бейбітшілік – əке  мен  ана  қуанышы, 
ата-аналар денсаулығы жəне біздің балала-
рымыздың бақыты. Бейбітшілік – тұрақты 
жұмыс,  жалақы  жəне  ертеңгі  күнге  деген 
сенім.  Бейбітшілік  пен  тұрақтылық – күн 
сайынғы еңбекпен қорғап, нығайтуды қажет 
ететін жалпыхалықтық жетістік. Мен жастар 
– біздің болашағымыздың тірегі дегенді əркез 
айтып келемін. Мемлекет жаңа буынның ал-
дында барлық есіктер мен жолдарды ашты! 
«Нұрлы Жол», міне, біздің креативті ырғақты 
жастарымыздың күш-жігер жұмсап, құлаш 
сермейтін тұсы осы!
Алдағы жылы біз Конституцияны қабыл-
дау дың жəне Қазақстан халқы Ассамблеясы 
құрылуының 20 жылдығын  салтанатты 
түрде атап өтеміз. Осы даталарды атап өте 
отырып,  бізге  қазақстандықтарды  рухани 
тұрғыда  бұрынғыдан  да  гөрі  күштірек, 
топтасқан жəне бұрынғыдан да бетер тағатты 
ету маңызды. «Қазақстан, тек алға!» атты 
біздің басты қағидатымыз та рих тың жаңа 
жауапкершілікті ора  мында жаңаша үн мен 
неғұрлым  терең  мағынаға  ие  болатынына 
менің сенімім мол. Баршаларыңызға біздің 
Отанымызды  бұрынғыдан  да  зор  биікке 
көтеретін  жаңа  шыңдарға  қол  жеткізуде 
табыс тар тілеймін!
Қадірлі халқым!
Біз Жалпыұлттық идеямыз – Мəңгілік 
Елді  басты  бағдар  етіп,  тəуелсіздігіміздің 
даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. 
Қажырлы  еңбекті  қажет  ететін,  келешегі 
кемел  Нұрлы  Жолда  бірлігімізді  бекем-
деп,  аянбай  тер  төгуіміз  керек. Məңгілік 
Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан тау-
сыл мас  қуат  көзі.  Ол  «Қазақстан-2050» 
Стра тегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы 
Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық 
тұғыры!  Жаңа  Қазақстандық  Патриотизм 
деге німіздің  өзі – Мəңгілік  Ел!  Ол – бар-
ша  Қазақстан  қоғамының  осындай  ұлы 
құндылығы.
Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі 
бақытымызға  мақтаныш  та,  гүлденген 
келе шекке  сенім  де  Мəңгілік  Ел  деген 
құді ретті ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю 
–  бабалардан  мирас  болған  ұлы  мұраны 
қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, 
өз  үлесіңді  қосып,  дамыту  жəне  кейінгі 
ұрпаққа  аманат  етіп,  табыстау  деген  сөз. 
Барша  қазақстандықтардың  жұмысының 
түпкі мəні – осы!
Мəңгілік  Ел  идеясының  бастауы  тым 
тереңде  жатыр.  Осыдан 13 ғасыр  бұрын 
Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты – 
Мəңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің 
жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің 
тамыры сияқты көне тарихтан бастау ала-
тынын  көрсетеді.  Жалпыұлттық  идеяны 
өміршең ететін – Елдің бірлігі. Ауызбіршілік 
қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан 
да  жал пыұлттық  идеялар  жүзеге  асқан 
емес.  Қазақстанның  шыққан  шыңы  мен 
бағындырған биіктерінің ең басты себебі – 
бірлік, берекесі.
Біз тұрақтылықты бағалай білгеніміздің 
арқасында бүгінгі табыстарға жеттік. Еш-
кімді  кемсітпей,  ешкімнің  тілі  мен  ділін 
мансұқтамай, барлық азаматтарға тең мүм-
кіндік беру арқылы тұрақтылықты нығайтып 
келеміз. Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең 
басты байлығымыз – Ел бірлігі болуы керек. 
Осынау жалпыұлттық құндылықты біз əрбір 
жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз.
2015 жыл – ұлттық тарихы мызды ұлық-
тау жəне бүгінгі биік терімізді бағалау тұр-
ғы сынан  мерейлі  белестер  жылы.  Қазақ 
хандығының 550 жылдығын,  Қазақстан 
халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 
20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын 
атап өтеміз. Осынау тарихи белестер Жаңа 
Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына 
сіңіруде айрықша рөлге ие. Біз 2015 жылды 
Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  жылы  деп 
жарияладық. Елдің тұтастығы мен бірлігі, 
татулығы  мен  тыныштығы  ең  басты  на-
зарда.
Ел бірлігі – біздің барша табыс тарымыздың 
кілті. Тұрақты дамудың қазақстандық моделі 
бүгінде бүкіл əлемге үлгі. Тəуелсіздігіміздің 
25 жылдық мерейтойын жəне халық аралық 
ЭКСПO-2017  көрмесін  табыс ты  өткізіп, 
еліміздің əлеуетін əлемге паш етеміз. Ұлы 
жолдағы  сапарымыз  сəтті,  болашағымыз 
жарқын болсын! Баршаңызға «Нұрлы Жол» 
Жолдауын жүзеге асыруда табыс тілеймін!
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ. Нұрлы жол – болашаққа бастар жол

№12    2014    А И АТ
10
10
ҰЛЫТАУ–БИЛІК ОРДАСЫ
Ғарифолла ЕСІМ,
академик, жазушы, 
қоғам қайраткері
Ұлытаудан өрген ұлағат
Қазақстан  Президенті  Нұрсұлтан 
Назарбаев  Ұлытау  төріндегі  «Хабар» 
журналисіне  берген  сұхбатында:  «Та-
рихын  білмеген  ұлттың  болашағы 
да  бұлыңғыр.  Мысалы,  керемет 
үлкен  еменнің  тамыры  терең  болма-
са,  ол  дауылға  шыдап  тұра  алмайды. 
Сондықтан,  тарихымызды  таныту 
үшін қазір көп нəрсе жасап жатырмыз. 
Сондай  тарихтың  куəгері – Ұлытау. 
Оны  білуіміз  керек» – делінген.  Сөз 
мағы насы 
байыппен 
бағдарлағанда 
ашылмақ. 
Ұлытау.  Мұсылман  жұрты  тау-
ды  «Ұлы»  демейді.  Ұлы  деген  тек 
Жаратушыға  лайық.  Теңі,  теңдесі  жоқ 
жаратушы – Алла Тағаланы ғана қазақтар 
«Ұлы»  деп  мойындаған.  Ұлытау  өңі-
рін  аралаған  адам  «Хан  Ордасына» 
соқпай  өтпейді.  Бұл  жерде  қазіргі 
тілмен  айтқанда  қазақ  хандарының 
барлығының  дерлік  инаугурациясы 
өткен.  Тарихқа  аты  белгілі  хандар-
ды  ақ  кигізге  көтеріп,  хан  сайлап, 
олар  халқына  адал  қызмет  етуіне  ант 
беріскен.  Шетел  термині    инаугура-
цияны  қазақ  «Ұлықтау»  деп  атаған. 
Хан  Ордасының  басты  мағынасы 
хандарды  ұлықтау  болған.  Бұл  дəстүр 
сірə,  Жошы  ханнан  басталса  керек. 
Жошының  хан  болып  ұлықталуы  да 
осы  Ұлытау  өңірінде  өткен.  Оның 
империясының  астанасы  Базар  Орда 
қазіргі Жошы хан мазарының маңында 
болғаны тарихи дерек. Осы айтылған 
мəселелерден  түйін  шығарсақ,  біздің 
қазір «Ұлытау» деп жүрген өңіріміздің 
атауы  тікелей  Жошы  ханға  жəне  одан 
тараған 
хандардың 
ұлықтауына 
қатысты, «Ұлытау»  тауға емес, хандар-
ды ұлықтауға қатысты мəселе. Ұлытау  
дегенде  «тау» – зат  есім, «Ұлық-тау»  
болса,  ондағы    «ұлық»  сөзі – зат  есім, 
«тау» – зат  есімнен  етістік  тудыра-
тын  жалғау.  Əрине,  тілші  мамандар, 
тарихшылар  бұл  жайға  өз  пікірлерін 
болжамдарын  ұсынар.  Оларды  да 
тыңдап  көрелік,  бірақ,  əсіресе,  Кеңес 
заманында  «Ұлықтау»  деген  сөз, 
оның ішінде « Хандарды ұлықтау» де-
ген  идеологияға  жат  түсінік  болғаны 
анық. Сондықтан, «Қазан төңкерісіне»  
дейінгі  əдебиеттерден    Ұлытаудың 
қалай  аталғанын  сүзіп  шыққан  жөн. 
Ұлытау  анығы,  тауға  қатысты  емес, 
тегіс  өңірге  қатысты  түсінікті.   Бір 
кездерде  қазақ  тілінің  сингорманизм 
заңына сай «Ұлықтау»  болғандықтан 
Ұлытауға айналып кеткенге ұқсайды. 
Хан Ордасын басында осы өлкенің та-
рихын білетін азаматтар бір ауыздан Хан 
Ордасында Жошыдан тараған  хандардың 
бəрінің осы өңірде ұлықталғанын, тіптен, 
соңғы  хан  Кенесарының  да  осы  жерде 
ақ кигізге көтеріліп, хан атанғанын жəне 
осы  рəсімнің  бүгінгі  күнде  де  жалғасы 
барын  айтумен  болды.  Бұл  жай  назар-
дан  тыс  қалатын  іс  емес  жəне  оның 
маңызы  тек  Ұлытау  өңіріне  ғана  емес, 
бергісі  қазаққа,  арғысы  Жошы  əулетіне 
қатысты  айтулы  оқиға.  Сондықтан, 
Ұлытау  сөзіне  байыппен  қарасақ,  оның 
мағынасы,  астары  саясатта,  мемлекеттік 
басқару  жүйесіне  ата  дəстүрімізге 
қатысты.  Ұлықтау  деген  мойындау, 
мойынұсыну деген мағына береді. Бұл 
саяси ұғым. Бұл мемлекеттің құрылуы 
немесе  мемлекетті  басқарудың  бір 
қолдан  екінші  қолға  өтуі.  Ең  басты-
сы  осы  рəсімге  бергі  тарихта  (Жошы 
хан  заманынан  бергі  дəуірде)  қазақ 
руларының басшылары тегіс қатысып, 

№12    2014    А И АТ
11
11
Ғарифолла ЕСІМ.  Ұлытау – билік ордасы
Ұлықтау  рəсімімен  сайланған  ханға 
сенім  білдіріп,  ант  берісіп  тарасқан. 
Сондықтан,  Ұлытау  өңірі  қазақтың 
үш  жүзінің  барлық  руларының    ба-
сын  қосқан  киелі  өлке.  Бұл  бізге  жет-
кен  аңыз,  хикая,  əңгімелерде,  дастан-
дарда  мейлінше  баяндалған.  Қазақ  
халқы  өзінің  саяси  тұлғаларының 
ұлықталған өңірін қасиетті деп санауы 
табиғи  жағдай.  Жоғарыда  айтылған 
сұхбатында  Елбасы  былай  деген  еді: 
«Кезінде  мен  Астана  болатын  жер 
іздегенде  Ұлытауды  көрейін  деп  əдейі 
келдім. Қазақ жерінің нағыз орта тұсы 
екені рас. Бірақ, қазіргі заман талабы-
мен қарасақ, бұл жерде не су, не жол, не 
əуежай жоқ. Бұл жерге қыруар қаражат 
керек болар еді. Бірақ, қасиетті мекен 
ретінде  бағалана  береді.  Міне,  темір 
жол, басқа да жолдар салынып жатыр. 
Келешекте  туризм  орталығы  болып, 
халқымыз  келіп  тəу  ететін  қастерлі 
жер болып қала береді. Мұнда  Жошы 
ханның Ордасы болған деп те айтады. 
Жошының  қазасын  естірткен  кезде 
«Ақсас құлан» деген күй шыққан. Бұл 
мекеннің  осындай  кереметтерін  тани 
білуіміз керек».
Бұл өлкенің керемет жəдігері – Жошы 
хан мазары. Осы өлкеге алғаш сапар шегіп, 
Жошы мазарына келгеннен бергі уақытта  
мені бір сауал мазалай берді. Неге Жошы 
хан мазары Жезқазған өңірінде? Əлемнің 
билеушісі Жошы ханның мəңгілік мекені 
неліктен  осы  өңір  болған?  Бұл  мазар, 
əрине,  Шыңғыс  ханның  келісімімен 
салынған.  Сонымен  бірге,  баласы  қаза  
болғанда  Шыңғыс  ханның  бұл  өлкеге 
келмеуі  де  мүмкін  емес.  Шыңғыс  хан 
жəне Жошы хан туралы шығармалардың 
əр  түрлі  мүдделерге  сай  жазылғаны 
белгілі.  Себебі,  Шыңғыс  хан  империясы 
көптеген  халықтардың,  мемлекеттердің 
тағдыры болған. Жошы Шыңғыс ханның 
тұңғыш  жəне  сүйікті,  келешегінен  үміт 
күткен  баласы. Əке  қайғысы туралы ел 
аузында аңыз боп қалған «Ақсақ құлан» 
күйінен көп нəрсені аңғаруға болады. 
Шыңғыс  хан  кім?  Сөзсіз  ақылды, 
көреген  адам,  шебер  қолбасшы,  айла-
лы  саясаткер,  есепсіз  мол  əскері  бар 
қолбасшы.  Əскерге  не  керек,  қару  қажет. 
Осы сəтте ойыма осы өңірдің қазіргі атауы 
Жезқазған орала кетті. Бұл жерде не көп, 
жез көп. Жез деген не? Ол алтыннан кейін, 
тіптен,  оның  орнына  да  жүретін  металл. 
Құнды  металл.  Байлық.  Шыңғыс  ханға 
қажетті – байлық.  Жүз  мыңдаған  қалың 
əскерді  жебе,  найза,  қалқандарын  жез-
бен  жабдықтап,  əдемі  əшекейлігін  былай 
қойғанда,  жарқ-жұрқ  етіп  айбын  беретін 
жауынгерлердің  сауыт-саймандарын  жа-
рақ тау    ісі    Жезқазған  аймағында  мүмкін 
болған.  Мұндай  бай  өлке  қайда  бар. 
Сондықтан,  Жошы  хан  осы  өңірді  өзінің 
ата қонысына айналдырған (Сан ғасырлар 
өтсе  де,  жез  өңдіру  ісі  бұл  өлкеде  əлі 
сарқылған  жоқ).  Бұл  мəселенің  əскерді 
жасақтауға  қатысты  жағы,  екінші  жағы 
жез өңдіру империяға қажетті байлық көзі 
болған. 
***
Жұртшылық  Ұлытау  деп  осы  өңір-
дегі  тауды  атайтын  көрінеді.  Елбасы 
сұхбатында: «Мұнда тұрған тау- аумағы 
200 шақырым қырат таулар. Ең биігі – 
Əулиеата деп аталады, 1100 метр. Одан 
ағып жатқан бұлақ Əулиебұлақ деп ата-
лады. Осының бəрін ата-бабамыз бекер 
атамаған  ғой»  дейді.  Жергілікті  халық     
Əулиеата тауды - Əулиетау деп те атай 
береді  екен.  Шынында  да  бұл  қасиетті 
тау, мұнда кезінде бір-бірімен жауласқан 
Алтын  Орданың  ханы    Тоқтамыс  пен 
Ноғай Ордасының əміршісі Едіге қатар 
жатыр.  Бұл  жағдай  таудың  қасиетті 
екендігін білдіретін айғақ. Ұлытау өңірі 
елдіктің  символы.  Көзі  тірісінде  бір-
бірімен  жауласқан  екі  тарихи  тұлғаны 
ұрпақтары  оларды  Əулиетауға  қатар 
жерлеген. Сондағы мақсат не? Мақсат 
елдің  тұтастығын  сақтау.  Тұтас  түркі 
жұртын  бөлшектемеу.  Осы  биік  мақ-
сатты кейінгі ұрпақтарға өнеге ету. Міне, 
Ұлытау өңірінде осындай биік армандар 
орындалған жəне оны орындаған бізге  
аты беймəлім кемеңгерлер өмір сүрген. 
Осы  тұста  менің  ойыма,  Түркиядағы 
бір университет ауласында Сұлтан Ба-
язитпен  қатар  Əмір  Темірдің  бейнесі 
қойылғанын көргенде: 
–  Бұл  қалайша,  екеуі  жауласпап 
па  еді,  сұлтан  Баязиттың  Еуропаға 
жорығын  тыйып,  оның  басын  кесіп 

№12    2014    А И АТ
12
12
алған  осы  Ақсақ  Темір  емес  пе  еді? – 
дедім.  Сонда,  түркі  ағайындарының 
айтқаны:
–  Ол  сол  заманның  əңгімесі.  Бізге 
олар  түрік  жұртының  қаһармандары, 


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет