Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды


оған  балама  оқулықтар  ана  тілімізде



жүктеу 1.58 Mb.
Pdf просмотр
бет6/25
Дата06.03.2017
өлшемі1.58 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

оған  балама  оқулықтар  ана  тілімізде 
жасалып  үлгермегендіктен  ЖОО-ның 
көп  лекторлары  сол  оқу лықтарды  не-
месе  Ресейдің  əдебиеттерін  қол дануға 
мəжбүр болып жүр. 
Журналистика  мамандығына  ар нал-
ған  оқулықтардың  жалпы  мазмұ ны ның 
өзі  студенттердің  шығарма шы лық  ой 
өрістерін  кеңейтуге,  сөй леу  жəне  жазу 
мəдениеттерін  арт тыру ларына  ықпал 
етерліктей,  оларды  ақпарат  алу  жолын-
дағы  алғырлыққа,  батылдыққа  баули-
тындай  бағытта  жəне  жалпы  базалық 
білім  беретін  пəндермен  сабақтасар лық-
тай болуға тиіс. Оның сыртында журна-
лис тика  факультеттерінде  сөйлеу  жəне 
қарым-қатынас  мəдениеті,  кəсіби  эти-
ка,  эстетика,  əлеуметтік  психология, 
сая саттану,  экономика,  құқықтану 
секіл ді пəндердің сапалы оқытылуына 
айрық ша  назар  аударылуымен  қа тар, 
журна листерді  дəл  осы  салалар дың 
базасында  даярлау  қажет  деп  білеміз. 
Журналист-құқықтанушы, жур налист-
экономист,  журналист-сая саттанушы, 
журналист-бағдарла машы, т.с.с. қос ма-
ман дық бой ынша даярласа, тіпті тиімді 
болар еді. 
Тəуелсіздік  жылдарында  жарық  көр-
ген оқулықтардың көбінен тəжіри бе лік іс 
қызметке  қажет  ақыл-кеңес тер ді,  бүгінгі 
БАҚ тыныс-тіршілігінен жанды мысалдар 
мен  жан-жақты  мол  мағлұмат тар  беретін 
тың  ізденістердің  ізін  өте  аз  көреміз. 
Сондықтан,  ЖОО-дағы  əріптестеріміз 
Ресей  оқулық тары на  ғана  бір  жақты 
сүйеніп  келеді.  Осы  орайда  АҚШ 
журналисти касының  тə жі рибелік  іс 
қызметке бейімделген, қыс қа да нұсқа, 
күрделі  ұғымдардың  өзін  қара пайым 
тəсілмен  ұтымды  түсіндірген,  көңілге 
қонымды  əрі  тартымды  оқулықтарын 
аударып, қолданысқа енгізудің аса пай-
далы екендігін атап айту лəзім. 
Журналистика  саласы  бойынша 
отан дық  ғалымдарымыз  бен  əдіскер-
лері міздің  туындылары  баршылық. 
Оны  жоққа  шығарудан  аулақпыз. 
Алай да,  олардың  бастырған  оқулық-
тарының таралымы аз болғандықтан, 
бір  ғана  оқу  орнының  аясынан  шыға 
алмайды,  өзге  əріптестерге  жетпейді. 
Сонымен қатар, журналистика саласы 
бойынша  шығарылған  оқулықтарға, 
кітаптарға,  əдістемелік  еңбектерге  ре-
цензиялар жа зыл майды, талдаулар жа-
салмайды,  мер зімді  баспасөз  арқылы 
насихаттал майды. 
Сөз  соңында,  Білім  жəне  ғылым 
министрлігінің  назарына  үш  маңызды 
ұсынысты  жолдаған  жөн  деп  білеміз: 
Біріншіден,  журналистік  білім  бе-
ретін  ЖОО-да  қолданылатын  оқулық-
тар  мен  əдебиеттер  басып  шығарумен 
тіке лей  айналысатын  редакциялық  алқа 
ұйымдастырылса.  Олар  баспаға  əзір лен-
ген  оқулықтармен  алдын  ала  та нысып, 
жарыққа  шығарылуына  рұқсат  беретін 
механизмді  қалып тастырса.  Мұндай  ша-
ғын  штатты  Астанадағы  республи калық 
«Оқулық»  ғылыми-тəжірибелік  орта -
лығының бөлімі етіп ашуға да болар еді. 
Екін шіден,  журналистиканың  мем ле-
кеттік  стандартына,  білім  беру  сала сына 
бақылау жасайтын білікті жур налист ма-
ман  инспектор  тағайындау,  министр лікте 
тұрақты жұмыс істету қажет; Үшіншіден
журналистерді  қазір гі дей  қызыл  тіл  бе-
зеп, құрғақ уағыз айтуға бейімдейтін ма-
мандықтың  ба засында  емес,  керісінше, 
экономика немесе заң факультетінің ті ке-
лей  бөліміне  айнал дырып  өзгертсе,  сон-
дай-ақ,  жеке  факультет  емес,  керісінше, 
универ ситет тің  дербес,  дара  кафедрасы 
етіп қайта жасақтаса, қазіргі БАҚ-дың та-
лаптарына  сай  келетін  сапалы  мамандар 
даярлап шығаруға мүмкіндік туады. Сонда 
ғана  БАҚ  менеджменті  жолға  қойылады 
жəне  шынайы  қоғамдық  пікірді  қа лып-
тастыратын, ақпарат нарығында бə секеге 
қабілетті журналистер қалыптаспақ.
Сайып келгенде, сапалы дайындалған 
мықты  журналист  мамандар  еліміздің 
ақпараттық қауіпсіздігін сақтай алады деп 
білеміз. 
Келелі кеңеске орай

№12    2014    А И АТ
28
28
Əлемдік процестерге көз жүгіртсек, масс-медиа қарқынды дамып, жаһандық ақпарат 
ағыны толассыз жүріп жатыр. Бұл процесс тоқтауы мүмкін емес. Ал, ең бастысы 
Қазақстанның ақпараттық кеңістігі осы əлемдік ақпарат ағынының бір бөлігі, секторы. 
Сондықтан, оның дамуына арнайы бағытын айқындап, концепция жасау  күн тəртібінен 
туындап отырған қажеттілік.Осы орайда, əлеуметтік медиа арқылы Қазақстанның 
қоғам жол сілтеушісі, белгілі саясаттанушы Айдос Сарыммен ақпараттық қауіпсіздік 
мəселесін талқылаудың орайы түскен еді. «Ақпарат – идеялар ағыны. Ал, біздің елге жат 
пиғылдағы идеяларға тек иммунитетті идеямен ғана тойтарыс беруге болады. Жəне 
бір күннің шаруасы емес. Бір ақпаратты теріске шығару үшін кейде ондаған жылдар 
қажет болады», – деді саясаттанушы Айдос Сарым. Қазақтілді ақпараттық кеңістік 
идеяларға тойтарыс бере алатын деңгейде ме? 
заңдылық.  Өкінішке орай,  біздің ақпаратқа 
жауапты ішкі құрылымдар жауып тас-
тау,  тыйым  салу  секілді  əрекеттерден 
ары аса алмай отыр. Мəселен,  Қазақстанға 
қарсы  пікір  жариялаған  «Медуза»  деген  
ресейлік  сайтқа  Қазақстан  оқырмандары 
кіре алмайтындай тосқауыл қойды. Бірақ, 
ол сайтты қараудың өзге жолдары да бар. 
Яғни,  ақпараттық қауіпсіздікті осындай жол-
мен қамтамасыз ету деген бос сөз. Мұндай  
жабу, тосқауыл қою деген саясат еш нəтиже 
бермейді.  Ол бүгінгі тыныштық үшін керек 
болуы мүмкін. 
– Ақпараттық кеңістіктегі «иммуни-
тетті қалай қалыптастыруға болады? 
– Ақпарат – идеялар ағыны. Ал, біздің 
елге  жат  пиғылдағы  идеяларға  тек  идея-
мен ғана тойтарыс беруге болады. Ол бір 
күннің шаруасы емес. Бір ақпаратты теріске 
шығару үшін кейде ондаған жылдар қажет 
болады.  Мысалы,  Қазақстанда  шекара 
болмаған  деген  ақпаратты  жоққа  шығару 
үшін  том-том  кітап  жазып,  кино  түсіріп, 
талай мақала жазылуы керек шығар. Жəне 
бұл  нəрсе  қазақтың  өзін  өзі  жұбатқанын 
көрсететін  секілді.  Қазіргі  кезде  Ресейдің  
ақпарат нарығына: телеарналарына шығып, 
баспасөзінде жарияланып жүрген тарихшы-
сы, саясаткері бар ма?  Жұбатудың мұндай 
Келелі кеңеске орай
Айдос САРЫМ,  
саясаттанушы
АҚПАРАТТЫҚ КЕҢІСТІКТІҢ 
БҰЙДАСЫН БОС ЖІБЕРУ – ҚАЗАҚ 
ЭЛИТАСЫ ҮШІН ҮЛКЕН КҮНӘ
– Қазіргі таңда Қазақстанның ақпарат-
тық  қауіпсіздігі  мəселесі  жиі  көтеріліп 
жүр. Неліктен? 
–  Бүгінгі  қолданыста  жүрген  ақпарат  
туралы  заңнама,  оның  ішіндегі  ақпараттық 
қауіпсіздік мəселесі  90 жылдардың  нарығына 
бейімделген  болатын.  Сол  кездің  түсінігі 
мен  жағдайына  сай    жасалған  еді.  Бірақ, 
ол кезде интернет кең таралмаған кез жəне 
бүгінгідей ақпараттық соғыс, текетірес деген 
мəселелер жоқ болатын. Одан бергі уақыт 
ішінде  Қазақстанның  ақпарат  нарығында 
үлкен өзгерістер болып  жатыр. Қазіргі кез-
де ақпарат қоғамға əсер ететін үлкен күшке 
айналып отыр. Əйтсе де, қазіргі ақпараттық 
текетірестер жүріп жатқан кезеңде елімізге 
шетелдік ақпараттың ықпалының  жүруіне 
көз жұма қарауға болмас. Сондықтан,  қазіргі  
уақыт талабына сай  тың  идеялар мен кон-
цепциялар керек. 
Қазіргі көрші елдердегі саяси мəселелер 
ақ парат нарығында жаңа қауіп-қатерді 
туындатып отыр.  Себебі,  бүгінгі Ресейдің 
ресми телеарналары жүргізіп  отырған 
саясат біздің  ұлттық мүддемізге қайшы 
келуде. Мəселен, қазақ мемлекетін жоқ-
қа  шығаруы  т.б.  Одақтас  бола  тұра, 
мұн дай  ақпараттық  шабуылдан  қалай 
қор ға нуымыз керек деген  сұрақ туындауы 

№12    2014    А И АТ
29
29
жолын шетелдіктердің былай қойғанда, өз 
ішіміздегі өзге ұлттар жəне  басқалар оны 
тыңдап, көріп  жатқан жоқ. Анджей Вайда 
деген поляктың əйгілі режиссері: «Тарихи 
жады мен сана, тарихи оқиғалар  тек қана 
сол туралы тың кинолар түсірілген кезде 
ғана  қоғамдық  пікірге  айналады»  деген. 
Бізде соңғы 10-12 жылда құбылыс болар 
қандай кино түсірдік?  Осы тұрғыда бізде 
тиянақты жұмыс жасалған жоқ.
– Ақпараттық кеңістікте БАҚ арасын-
да идеологиялық бірлік бар ма? 
 Қазақстанның ақпараттық кеңістігі  
орыстілді  жəне  қазақтілді  дискурсқа 
бөлініп  отыр.  Ал,  осы  екі  əлемге  қалай 
тия   нақты, идеологиялық өнім бере ала-
мыз?  Біздің  қоғамның  үлкен  бөлігінің 
санасын, ойлау жүйесін қалыптастырып  
отырған орыс əлемі, яғни, Ресей телеар-
налары,  интернет-сайттары.  Бұл  про-
цесс  қаншалықты  дұрыс?!  Егер,  ресейлік 
ақпараттың ағыны  осылай  жүре  беретін  
болса,  онда  біздің  телеарналарды  Омбы, 
Орынбор, Томск жаққа өз арналарын  қосып,  
тепе-теңдік принципке  көшу керек.  Қандай 
болса да,  еліміздегі 22 телеарнаны Ресейдің 
кабельдік жүйесіне  енгізуіміз керек. 
– Бірақ,  бұл жайт, ресейлік кабельді 
арналарға шек қою еларалық текетірестік 
туындатпайды ма? 
–  Мұнда  тек  ұстанымның  мəселесі 
ғана    тұр.  Осыны  дұрыс  жеткізе  алсақ  
болды.  Ақпараттық  қауіпсіздік  немесе  
ақпараттық кеңістікті қорғау дегеніміз  
шетелдік  БАҚ-ты  өшіріп  тастау  деген 
сөз  емес.  Ал,  оның  салдары  қандай  бо-
ла тыны,  неге  апаратынын  алдымен 
ой лану керек. Егер, осындай ойланбаған, 
жүйе ленбеген саясатқа барып, ақпарат 
мəселесі қоғамдық ушықтыратын болса,  
бұл  қазіргі  қазақ элитасы үшін кешірілмес 
күнə  болар  еді.  Біздің  елде  шетелдік  ақ-
па  раттардың  үлес-салмағы  əр  түрлі. 
Ақ параттық  кеңіс тікте  тепе-теңдік 
жоқ. Мəселен, қырғыздың, өзбектің теле-
арналарын  көре  ал маймыз.  Қытайдағы 
Шың жанның өзінде үш қазақ телеарнасы 
бар. Неге солар ды қарамасқа? Мүмкін, тың 
ақпарат, жақсы идеялар бар шығар?! 
Тағы бір мəселе, ақпараттық тəуелсіздік 
деген  кезде  «символдық»  ұғымдарды 
ұмытпауымыз  керек.  Мəселен,  бірер  жыл 
бұрын басталып, тыйылып қалған  латын 
əліпбиі мəселесі қайтадан алға шығуы керек. 
Өйткені, əліпбиді ауыстыру ұлт тағдырына 
əсер  ететін  құбылыс.  Əрине,  бұл  қадамға 
жақсы дайындықпен бару керек. Оның  сал-
дары əр түрлі болуы да мүмкін. Бірақ, егер 
тəуелсіз ұлт боламыз десек, осы мəселені 
қайта көтеруіміз қажет. Бұл  қадам болашақ 
ұрпақтың  ақпараттық тұрғыда тəуелсіз бо-
луы үшін жасалған үлкен қадам болар еді. 
Латын қарпіне көшуді кейбіреулер Ресейдің 
ақпаратына қарсылық деп қабылдайды. Ла-
тын қарпінің мəселесі  тек қазақ тіліне 
қатысты.  Ақпараттық  тəуелсіздікке 
жасаған ең үлкен қадам осы болмақ. Себе-
бі,  болашақ  ұрпақ  бүгінгі  орыс  əлемінен 
алыстайды. Тоқ етерін айтқанда, бүгінгі 
күннің  ақпараттық  заңнамасы    қазіргі 
кезеңнің  ақпараттық  қауіп-қатерінен 
қорғауға пəрменсіз. Қазіргі міндет, біздің 
ақпараттық  кеңістікті  болашақ  үшін 
дайындау. 
– Өзіңізге белгілі, ақпараттық кеңістік 
тек технологиялық тұрғыда үлкен əлем. 
Осы  ақпараттық  кеңістікті  сыртқы 
күштердің əсерінен қорғау үшін қандай 
қадамдарға бару керек? 
–  Қазақстанда  арнайы  ақпараттық 
тұрғыдан қауіпсіздікпен қамтамасыз ету 
саласында  мықты  мамандар  жоқтың 
қасы. Соңғы кездегі жүріп жатқан əлемдегі 
саяси  қайшылықтар  біздің  саяси  док-
триналарымызды  қайта  қарап,  жазып 
шығуға  мəжбүрлеп  отыр.  Сəйкесінше, 
ХХІ ғасырдағы ақпараттық дəуірдегі, ин-
тернет заманындағы техногендік жəне  
технологиялық қауіптерге дайын болатын 
жаңа мүмкіндіктер мен кəсіби мамандарды 
дайындау керек.  Яғни, біздің əскердің белгілі 
бір бөлігі ақпараттық шпионаж, ақпараттық 
шабуыл,  вирустар,  ақпараттық  жүйелерді 
қорғау т.б.  төтеп бере  алатындай  күш керек.  
Сарапшылардың пікірінше,  Қазақстанның 
ақпараттық кеңістігін түгелімен жаулап алу 
үшін дайындалған 50-60 маманмен, 40-60 
млн.  АҚШ  Доллары  көлемінде  қаражат 
жеткілікті.  Біздегі  ақпараттық  жүйелер,  
ұялы операторлар жəне т.б. жүйелерді құрту 
үшін жоғарыда айтылған күш жетіп жатыр. 
Мұндай ресурс көршілеріміздің екі-үшеуінде 
бар. Бір Қытайдың өзінде мыңдаған маман 
ақпараттық  шабуыл,  кибершабуылға  дай-
ындалып  отыр.  Сондықтан,  ақпараттық 
қауіпсіздік саласына салғырт қарауға бол-
майды. Ендеше, біздің ақпараттық кеңістікке, 
қауіпсіздікке жауап беретін заңнама, сыртқы 
саяси  доктрина  жəне    ұлттық  қауіпсіздік 
мəселелерін  қайта  сараптап,  қамтылмай 
қалған тұстарын қайта қарап,  толықтыру 
керек. 
А. САРЫМ. Ақпараттық кеңістіктің бұйдасын бос жіберу – қазақ элитасы үшін үлкен күнə

№12    2014    А И АТ
30
30
– Біздің елдегі ақпараттық кеңістікке 
шетелдік ақпарат ағынының  толассыз 
келуі  Қазақстан  ақпарат  саласының 
əлсіздігін болмаса сұранысқа ие еместігін 
көрсетпей ме? 
–  Жоғарыда  айтып  өткенімдей,  
шетелдік  телеарналарды  жауып  та-
стау арқылы біз ақпараттық қауіпсіздік 
мəселесін шеше алмаймыз. Ол үшін  біздің 
өзіміздің БАҚ-дары бəсекеге қабілетті, сапа-
сы жоғары болуы керек. Менің түсінігімде, 
Қазақстандағы  телеарналар  бір-бірімен 
ешқандай  бəсекеге  түспейді,  қоғамның 
назары үшін жұмыс істейтіндері кемде-
кем. Телеарналар өз функциясы, яғни қоғам 
үшін қызмет ету керектерін ұмытпаулары 
тиіс.  Əрине,ол    үшін  сөз  бостандығы, 
ашық, плюралистік ұстаным керек екені 
тағы  белігі.  Сондықтан,  ақпараттық 
кеңістігімізге  еркіндік  беру  керек.  Жəне 
өзіміздің  санамызды  үйрету  қажет. 
Бізде  инновация  керек  деп  жатыр.  Бірақ, 
инновация демократиясы əлсіз, тұйық елде 
дамымайды.  Ол  тек  бəсекелестік  қайнап 
тұрған  жерде  ғана  инновация  болады. 
Біздегі БАҚ-та қайнап жатқан идея, қызып 
жатқан  тірі  процесс  жоқ.  Қайта  қитұрқы 
пікір  айтатындарды  жолатпауға  тырыса-
ды.  Қаратізім  саясаты  айналып  келгенде 
қоғамды  тұйықтай  түседі.  Ақпараттық 
саясат дегеніміз өз заңдылықтары мен қай-
шы лықтары бар саясат болуы керек. Олай 
болмаса ақпараттық тəуелсіздікке қол жет-
кіземіз  деу бос əурешілік. 
– Ақпараттық қауіпсіздік мəселесі ту-
ралы билік не деп жатыр? Халық  қалау-
лылары бұл туралы қандай пікірде? 
– Соңғы уақытта ақпараттық қауіпсіздік 
мəселесі жиі айтылып  жүр. Əсіресе,  шетел-
ге кетіп жатқан, сепаратистік, террористік 
бағытты ұстанғандар өзге ақпарат ықпалында 
кеткендер. Бұл мəселе Парламентте қойылып 
жүр.  Менің  ойымша,  ол  бірнеше  сатылы 
парламенттік тыңдауларда талқылануы тиіс. 
Бұл əдеттегі үкімет сағаты мамандар өз ойын 
айтып, яғни қарама-қайшы пікір айтылса да, 
осы мəселені төтесінен қойып,  үлкен жиын 
жасау керек сияқты. Бəрін егжей-тегжейлі, 
ашық түрде тал қылау керек. Əлемде бірде-
бір ел өзінің ақпа раттық кеңістігін өзге 
елдің  құзырына  беріп  қоймаған.  Біздің 
елдің  ақпараттық  кеңістігі  «феномен». 
Қанша жерден одақтас болсақ та, біздің 
елдің өзіндік ерекшелігі, мақсат-мүддесі, 
өз ішкі мəселелері бар. Бүгінгі ақпараттық 
кеңістіктегі кейбір мəселелер қазақ қоғамын 
тітіркендіріп, оның наразылығын тудыруда. 
Егер,  ресейлік  ақпарат  легін  тоқтатын 
болсақ, елдегі орыс азшылығының наразы-
лығын тудыратыны тағы рас. Сондықтан, 
мəселенің  басын  ашып  алу  керек.      Біздің 
елде орыстілді аудиторияға бір идеология, 
қазақтілді аудиторияға өзге идеология жүр-
гізіп  жатыр.  Осының  салдарынан  елдегі 
шынайы саясат жоғалып кетеді. Мем лекет 
те  үлкен  механикалық  аппарат  се кілді, 
оның басқарушы тетігі бір ғана бұй   рықты 
орындайды.  Бұл  да  сол  секілді    жағдай. 
Сондықтан, ондағы ақпарат та бір жақты, бір 
пайымнан туындаған ақпарат болуы керек. 
– Еліміздің ішкі тұтастығын нұқсан 
келтіріп,  іріткі  салатын  ақпаратты  та-
ра тушыларға  қалай  тосқауыл  қоюға 
болады. Мəселен, Қазақстан туралы нега-
тивті  пікір  айтып  жүрген  Тайшыбеков 
секілділердің тірлігіне қалай қарсы тұра 
аламыз? 
– Бұл  жағдайда екі жол бар. Біріншісі, сол 
Тайшыбековтың əрекетін біздің  Қылмыстық 
кодекс бойынша тексеріп қарайтын бол са, 
ішінде  заңға  томпақ  келетін  талай    тұс -
тары бар. Жақында ғана мемлекеттік про-
ку ратура  арнайы  сепаратизмге  қатысты 
мəлімдеме  жасады.  Осыған  қарамастан, 
Тай шыбеков  азаматтарды  ашықтан  ашық 
Домбасқа барып, соғысуға шақырған  бо-
латын. Енді заң бойынша,  Қазақстан аза-
маттарын мұндай соғыстарға үгіттейтіндер 
он  жылға  дейін  сотталуы  мүмкін.  Мем-
лекетке,  оның  тұтастығына,  егемендігіне 
қайшы,  ұлтараздық  наразылықты  тудыру 
секілді  мəселелер  бойынша  Қылмыстық 
кодекстің  бірнеше  баптары  бар.  Менің 
ойымша, мұндай іріткі салушыларды жазаға 
тарту саяси мəселелерге еш əсер етпейтін 
жағдай. Екінші жолы, ел азаматтарының 
90 жылдары қолданған бейресми саясаты.  
Мұндай  елде  іріткі  тудырушыларды  елге 
сыйдырмай,  ығыстырып  шығару.  Қазір 
шетелдерде Қазақстанға қарсы саясат жүр-
гі зіп жатқандар сол тоқсаныншы жылдары 
елден  аластатылғандар.  Бұл  сол  кездегі 
билік  тегілердің, құқық қорғау органдарының  
бейресми саясат еді. Дəл қазір бұл саясатты 
жүзеге  асыруға  толық  мүмкіндіктер  бар. 
Егер,  Қа зақстанды  мойындамайтындар 
болса,  жолы ашық. Бұл əлемде қолданылып 
жатқан жаза. Мемлекеттің саясатына,  заңына 
том пақ келетін идея айтқаны үшін жазаға 
тартылу заңды процесс. 
– Біздің ақпараттық кеңістіктің əлсіздігі 
Келелі кеңеске орай

№12    2014    А И АТ
31
31
жат пиғылдағылар оңтайлы пайдаланып 
отырған секілді... 
–  Сөзсіз!  Себебі,  дін  жолына  түсіп, 
Си риядан  бірақ  шыққандары  сол  жақтың 
ақпаратын сіңіргендер, ал, солтүстіктегілер 
Ресей-Украина конфликтісінде Ресейдің не 
Украинаның  позициясын  жақтайтындар 
бар.  Бірақ, Қазақстан тарапы бұған нақты 
ұстанымы,  яғни,  өтіп  жатқан  соғыстың 
Қазақстанға  қатысы  жоқ  екені  жəне  оны 
біздің  ешқайсысын  қолдамайтынымыз 
ақпараттық  салада  да  орын  алуы  керек.  
Егер, қазақтілді БАҚ антиресейлік бағытты  
ұстанса, орыстілді  басылымдар ашықтан 
ашық  антиукраиндық  саясатын  жақтап 
отыр. Бірақ, екеуі де Қазақстан азаматтары 
жəне  бір  қоғамда  өмір  сүріп отыр.  Біздің 
елдегі қазақтілді жəне орыстілді БАҚ осы 
кезге дейін мемлекеттік тіл, ұлттық саясат 
жəне осы екеуінің төңірегінде туындайтын 
мəселелер  бойынша    айтысатын.  Қазір 
осындай мəселелер саны артып келе  жатыр. 
Жəне  белгілі бір уақыт өткеннен кейін  бұл 
текетіреске айналуы мүмкін. 
– Келесі жылы бірқатар БАҚ  жекеше-
лендіріледі деген сөз бар. Биылдың өзінде 
кейбір басылымдар қысқарып, веб нұс-
қаға  көшірілді.  Бұл  процесс  еліміздегі 
ақ  параттық кеңістікке қалай ықпал етуі 
мүмкін? 
– Соңғы жиырма  жылдың ішінде Қа-
зақстандағы  баспасөз  бен  баспа  нарығы 
ешуақытта нарық заңдарына бағынып көр ген 
емес. Олар субсидия мен нұсқамаға қарап 
отыр.  Қазақтілді  басы лымдардың  біразы 
мемлекетке қарайды.  Ертең шынайы нарық 
жағдайына жіберетін болсақ, нарық сынына  
өткені ғана  қалады.  Қазір сапалы мазмұны, 
рейтингісі жоғары, таралымы үлкен басылым 
некен-саяқ. Егер, келесі жылы біраз басы-
лым  жекешеленіп,  нарық  жолына  түсетін 
болса, бəсекелестік пайда болуы ықтимал. 
Əрине, өзіміздің əріп тестер болғандықтан, 
бір жағынан қыс қаруы өкінішті. Бірақ, бізге 
шынайы  нарық  жетпей  отыр.  Қай  басы-
лым қызық, оқыр маны көп, журналистері 
мықты болса, сол басылым ғана ақпараттық 
кеңістікте қалар еді. 
– Басылымдардың интернет нұсқаға 
көшірілуі  аймақтардағы  ағайын  үшін 
қолжетімді ме?  
– Қазір мынадай үрдіс қалыптасып отыр. 
Басылымдардың  интернет  нұсқаларының 
болуы аймақтардағы оқырмандардың газет-
журналдарға  жазылуға  деген  ынтасын 
құртып отыр. Жақсы материалдарды интер-
неттен оқып  алатын күн туды. Шетелдерде 
арнайы жазылу деген ұғым жоқ. Күнделікті 
басылымдарды  дүңгіршектерден  алып 
оқи ды. Тіпті, кейбір мемлекеттерде күніне 
екі  рет  басылатын  газеттер  де  бар.  Біздің 
еліміздің  аумағы  үлкен  болғандықтан, 
мүмкін ауылды жерлерге жеткізіп беру əлі 
керек  шығар.  Екінші  жағынан  ауыл  үшін 
интернет тегін болғаны дұрыс секілді. Тағы 
бір  мəселе,  егер  газет-журнал  шыны-
мен қызықты болса, оқырман өзі келіп 
сатып  алатын  жағдайға  жеткізу  керек. 


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет