Лабораториялық ЖҰмыс №8 Мыстың массалық үлесін мыс купоросының ерітіндісінде анықтау



Дата10.04.2022
өлшемі25,41 Kb.
#30509

ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС №8

Мыстың массалық үлесін мыс купоросының ерітіндісінде анықтау
Жұмыстың мақсаты: мыс мөлшерін анықтау мысалында жанама тәсілімен титрлеу арқылы тотықтырғыштарды анықтаудың иодометриялық әдістемесімен танысу; қарастырылатын тотығу-тотықсыздану жүйесінің потенциалына қосымша алмасу химиялық әрекеттесулердің әсерін қарастыру.
Тотықтырғыштарды иодометриялық титрлеу үшін жанама титрлеу қолданылады: анықталатын тотықтырғышқа калий иодидінің артық мөлшері қосылып, бөлінген иод натрий тиосульфатының ерітіндісімен титрленеді.

Орынбасушыны титрлеу әдістемесі анализденетін ерітіндіге көмекші реагенттің артық мөлшерін қосып, онымен анықталатын зат стехиометриялық реакцияға түседі. Нәтижесінде анализденетін затқа қатысты жаңа қосылыстың эквивалентті мөлшері түзіледі және ол жанамашы деп аталады. Жанамашыны жұмысшы ерітіндімен тікелей титрлейді. Есеп анықталатын зат пен жұмысшы ерітіндінің эквиваленттері мөлшерінің теңдігіне негізделген.



Иодометриялық титрлеу көптеген тотықтырғыштарды анықтау үшін қолданылады. Құймаларда, кендерде, жоғары температуралы асаөткізгіштерде мыс мөлшерін анықтауда иодометрия дәлдігі бойынша ешбір электрохимиялық әдістен кем қалмайды. Әдіс иодид-иондарына қатысты мыс (II) иондарының әсеріне негізделген. Мыс тұздарының калий иодидімен әрекеттесуі нәтижесінде мыс (II) мыс (I) дейін мыс иодидінің ерімейтін тұнбасының түзілуімен тотықсызданады. Бөлінген бос иод натрий тиосульфатымен титрленеді:














E0 (I2/2I-) = 0,54 B

E0 (Cu2+/CuI) = 0,86 B
Бұл шамалардың мәндері мыс (II) иондарының иодид-иондармен тотықсыздану реакциясы жүре алмайды, өйткені иод мысқа (II) қарағанда күштірек тотықтырғыш. Демек, реакция іс жүзінде байқалатынға қарсы бағытта жүреді. Титрлеу рН-тың 2-4 шектерінде жүреді, сілтірек орталарда иодид-иондардың тотығуын баяулататын түзілуі мүмкін болса, қышқылдырақ орталарда иодидтің оттекпен тотығуы әбден мүмкін.

Жұмысты орындау келесі кезеңдерден тұрады:



  1. Оқытушыдан мыс сульфаты ерітіндісінің зерттелетін сынамасын алу және одан анализденетін ерітіндіні дайындау;

  2. Мыстың (II) оған эквивалентті бос йод мөлшеріне алмасу реакциясын жүргізу;

  3. Бөлінген иодтың бос мөлшерін стандартталған натрий тиосульфаты ерітіндісімен титрлеу;

  4. Анализденетін ерітіндідегі мыс мөлшерін есептеу;


Анықтау әдістемесі
Өлшеп алынған CuSO4·5H2O өлшендісін 100 мл өлшеуіш колбада ерітеді, ерітіндіге гидролиз процесін басу үшін күкірт қышқылын қосады. Содан соң анализденетін ерітіндіні сыйымдылығы 50-100мл өлшеуіш колбаға аликвотаны ауыстырып (10 мл), 4 мл 2н H2SO4, 5 мл 20% калий иодидін қосады, араластырады. Пробкамен жауып, 5 мин қараңғы жерге қояды. Натрий тиосульфатының жұмысшы ерітіндісімен иод бояуының жоғалғанынша титрлейді. Тұнбаның бетіндегі ерітінді түсі сарғыш болғанда колбаға 3мл крахмал қосып, көк ерітнідінің тиосульфаттың бір артық тамшысынан түссізденгенінше титрлеуді жалғастырады. Бюретка шкаласының көрсеткіштерін жұмыс журналына жазады.
Ерітіндінің 3 аликвоталық бөлігін титрлеп, параллель титрлеу нәтижелерін салыстырады: олар макробюретка үшін 0,1мл және жартылай микробюретка үшін 0,02мл артық болмау керек.
2CuSO4 + 4KI = 2CuI↓ + 2K2SO4 + I2









2

1



I2 + 2Na2S2O3 = 2NaI + Na2S4O6

Анализденетін ерітіндідегі мыс мөлшерін есептеу
Алдыңғы жұмыстағы натрий тиосульфаты эквивалентінің молярлы концентрациясын және мыс бойынша тиосульфат титрін ескере отырып, анализденетін ерітіндідегі мыс мөлшерін есептейміз:
m(Cu) =
m(CuSO4*5H2O) - 100%

m(Cu) - X


X =

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет