Лабораториялық сабақтың тақырыбы №11



бет1/2
Дата31.01.2022
өлшемі22.32 Kb.
#24589
түріСабақ
  1   2

Лабораториялық сабақтың тақырыбы №11

Ауаны зарарсыздау және тазарту сатысы.



Лабораториялық сабақтың оқыту нәтижелері: 1 Ауаны тазарту жəне стрелизация жасаудың типтік технологиялық схемаларын біледі. 2. Технологиялық ауаны стерилизация жасау үшін қандай фильтрлегіш материалдар қолданылатынын меңгереді . 3. Ауаны тазарту жəне стерилизациялаудың өнеркəсіптік жүйесін үйренеді .

Лабораториялық сабақтың мазмұны Ауаны тазарту — физикалық-химиялық әдістердің көмегімен ауаны бөгде зиянды қоспалардан арылтып, оны табиғи қалыпты жағдайға жеткізу процесі. Ауаны негізінен өндіріс орындары, жылу, қуат өндіру көздері, автокөліктер ластайды. Сондықтан зиянды қоспалардың мөлшерін азайту үшін әр түрлі физика-химиялық әдістер (абсорбтау, адсорбтау, конденсаттау, тотықтыру т. б.) қолданылады. Сонымен қоса өсімдіктер мен ағаштарды көп өсіру қажет. Биологиялық өндірістің маңызды технологиялық көрсеткіштерінің бірі – цехтар мен бокстарды желдету үшін, стерилді культуралық сұйықтықтарды жəне ерітінділерді қысыммен беру үшін қолданылатын ауаны механикалық қоспалардан тазарту жəне стерилизациялау болып табылады. Ауаны тазарту жəне стерилизациялаудың техникалық системаларына қойылатын негізгі талаптарға ауаны микрофлорадан жəне басқа да қоспалардан тазарту болып табылады. Осы талаптарды қанағаттандырумен қатар, қарастырылатын системалар ауаның белгілі бір термодинамикалық сипаттамаларымен (темперетура, ылғалдылық, қысым) алынуын қамтамасыз ету керек, система жұмысының тиімділігі осы шамаларға байланысты. Микроорганизмдерді, жануарлардың клеткаларын жəне вирустарды терең жағдайда өсіру үшін биореакторға стерилді ауа беру керек немесе культуралық сұйықтықты аэрациялау үшін басқа газдар беру керек. Биореакторға берілетін ауа жəне басқа газдар өсіп отырған культуралықетті оттекпен, азотпен жəне т.б. газдармен қамтамасыз етіп қана қоймайды, биосинтез процесінде бөлінетін суспензияны гомогендеуге мүмкіндік беретін газ алмасу өнімдерін жəне физиологиялық жылуды шығарады, массалық жəне жылу алмасу процесінің жылдамдығын арттырады. Газ фильтрлерінің есептелетін критерийлері ең алдымен аэрацияға газдардың шығыны үлкен болатын өнеркəсіптік биореакторлар үшін сақталуы қажет, лабораториялық қондырғылар үшін міндетті емес. Стерилді ауа аэробты өндірістер үшін ғана емес жəне анаэробты өндірістер үшін де қажет, біріншісі өте үлкен қаражатты қажет етеді. Анаэробты өндірістерде стерилді ауа негізінен аппараттарда қысым тудыру үшін керек, сондай-ақ қоректің орталардың стерилденген ерітінділерінде көбік сөндіргіште тұқымдасуды болдырмау мақсатымен қолданылады, ал қажет болған жағдайда өнімді (полуфабрикатты) алу стадиясында да қолданылады. Аэробты ферменттеу процестері үшін стерилді ауаны алу масштабы 1 м 3 аэрацияланатын ортаға шығынына байланысты есептеледі. Əр түрлі биотехнологиялық өндірістер үшін ауаның шығыны ферментациялық ортаның 1 минуттағы 0,6 – 2,5 м3 мөлшерінде ауытқиды. Егер биосинтез уақыты 1 – 12 тəулік аралығында болса, қажетті ауаның шығынын есептеу өте оңай.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет