Лабораториялық тәжірибе №4 «Fe2+, Fe3+, Cu2+ катиондарына сілтімен сапалық реакциялар»



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата27.10.2022
өлшемі0,85 Mb.
#45602
түріСабақ
  1   2


Автор: Айтжанова Нұрсұлу Амангелдиновна
Пән: Химия
Сынып: 9-сынып
Бөлім: Алғашқы химиялық ұғымдар
Тақырып: Лабораториялық тәжірибе №4 «Fe2+, Fe3+, Cu2+ катиондарына сілтімен сапалық реакциялар»
Оқу мақсаттары (оқу
бағдарламасына
сілтемеу):
9.4.1.9 Fe2+, Fe3+, Cu2+ катиондарын анықтау үшін сапалық реакция жүргізу
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:Fe2+, Fe3+, Cu2+ катиондарына сілтілер сапалық реактив болатынын біледі.
Оқушылардың басым бөлігі: Fe2+, Fe3+, Cu2+ катиондарына сілтілермен сапалық реакция жүргізеді
және реакция теңдеулерінің молекулалық, толық иондық, қысқартылған иондық теңдеулерін жаза
алады. Кейбір оқушылар:Ион алмасу реакциясы арқылы химиялық реакция белгісі ретінде тұнбаны
түсі арқылы ажыратады , тұжырым жасай алады және осы рекциялар арқылы катиондарды сапалық
талдау жолымен анықтайды. 
Бағалау критерийлері:
Fe2+, Fe3+, Cu2+ катиондарын сілтілер арқылы анықтау үшін сапалық реакция жүргізеді, тұнбаны
түстері арқылы ажыратады . Металл катиондарына сапалық реакциялар арқылы оларды сапалық
талдау жолымен анықтайды.
Құндылықтарды
дарыту:
Топтар арасында жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, сыни тұрғыдан ойланып жауап беруге,
өмір бойы білім алу
АКТ-ны қолдану
дағдылары:
Оқушылардың басым бөлігі: Fe2+, Fe3+, Cu2+ катиондарына сілтілермен сапалық реакция жүргізеді
және реакция теңдеулерінің молекулалық, толық иондық, қысқартылған иондық теңдеулерін жаза
алады.
Пәнаралық байланыс:
Жаратылыстану 6 сынып
Сабақ барысы
Сабақ
кезеңдері
Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
(6 минут)
1. Ұйымдастыру сынып оқушыларын топқа бөлу (суреттер қиындылары
арқылы 3 топқа топтасады) Тұнба, газ, әлсіз электролит «МИҒА ШАБУЫЛ»
әдісі 1. Бұл суреттер туралы қандай тұжырым жасар едіндер? 2. Ион
алмасу реакциялары дегеніміз не? 3. Ион алмасу реакциясын жүргізу
барысында қандай қауіпсіздіер ережелерін сақтау қажет, еске түсірейік?
4. Ион алмасу реакцияларының маңыздылығы неде? 5. Заттардың
құрамын сапалық анықтау неге негізделген? Бағалау: Мадақтау арқылы.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет