Лабораториялық тәжірибе Көмірсутектер молекулаларының модельдерін жасау



Дата18.04.2022
өлшемі12,7 Kb.
#31374

лабораториялық тәжірибе

Көмірсутектер молекулаларының модельдерін жасау

Қажетті заттар: Ермексаз, шырпы немесе «Молекулаларды құрастыруға арналған атомдар модельдері» жиынтығы.

Төмендегі заттардың модельдерін жасау:

А) Метан молекуласының моделін жасау.

Әуелі бір түсті ермексаздан немесе дайын шариктен көміртек атомын әзірлейді содан соң шариктен тетраэдр бағытында байланыс түзетін сіріңкені бекітетін орын белгілейді. Сутек атомдарын басқа түсті шариктерден жасаған жөн. Егер, ермексаздан жасалса, онда сутек атомы мөлшерін 1,5 есе кіші етіп алады да, сіріңке шырпыларының екінші ұшына бекітеді.



Ә) Пропан молекуласының моделін жасау.

Әуелі, бір түсті ермексаздан үш шарик әзірлеп, үшеуіне де тетраэдр бағытында 4 сіріңке шырпыларын бекітеді. Содан соң сол байланыстар тұрған бағытта ғана шырпының біреуін алып тастап, «көміртек атомдарын» бір-біріне бекітеді. Сонда «көміртек атомдары» өзара байланыс бұрышын сақтай отырып орналасқанын көресіңдер. Содан кейін бос сіріңкелердің екінші ұштарына «сутек атомдарын» басқа түсті ермексаздан жасап бекітеді.



Б) Пентан молекуласының моделін жасау.

Алдыңғы пропан молекуласын жасағандағыдай , 5 шарикті бір түспен жасап, «сутек атомдарын» (12) басқа түсті ермексаздан жасайды. Байланыс бағыттары бұрынғыша тетраэдр бағытында болуы тиіс. Сонда «көміртек атомдары» тізбегі кеңістікте зигзаг шішіндес болады. Әрбір байланыс өзегінен атомдар айнала қозғала алатынын өз қолдарыңмен жасап көріңдер. Пентан молекуласы байланыс өзегінен айналдырғанда, кеңістікте тұйықталып та, ирек-ирек болып та орналаса алатынына көз жеткізесіңдер.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет