ҰЛАҒат қараша



жүктеу 1.23 Mb.
Pdf просмотр
бет1/8
Дата06.04.2017
өлшемі1.23 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8

Әбу Насыр әл Фараби:
Бақыттың мәні - парасаттылықта!
 ҰЛАҒАТ
       
ҚАРАША             

              
НОЯБРЬ
            
   
ЖЕЛТОҚСАН 
   2012     
ДЕКАБРЬ
       
АҚЫЛДАСТАР АЛҚАСЫ:
  
Зейнеп АХМЕТОВА, Бөлек АМАНБАЕВА, 
Мұзафар ӘЛІМБАЕВ, Өмірхан ӘБДІМАНОВ, 
Шәмша БЕРКІМБАЕВА, Қалдыбек БӨЛЕЕВ, 
Құбығұл ЖАРЫҚБАЕВ, Серғазы ҚАЛИЕВ, Жұмағали                       
НАУРЫЗБАЕВ, Жарылқасын НҰСҚАБАЕВ, Жәмила         
НАМАЗБАЕВА, Сақыпжамал ҰЗАҚБАЕВА.
 
 
 
«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» 
жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 
Республикалық ғылыми-психологиялық және 
педагогикалық басылымы. Жұрнал екі айда бір рет 
1994 жылдың шілде айынан бастап шығады. 
 
 
Республиканское научно-психологическое и 
педагогическое издание товарищества с 
ограниченной ответственностью «Қазақ тілі мен 
әдебиеті» және  «Ұлағат». Журнал выходит один 
раз  в два месяца с июля 1994 года. 

МАЗМҰНЫ - СОДЕРЖАНИЕ
Ғылым  ғаламында
Бейбіт ЖӘЛЕЛҰЛЫ.                       Ақпараттық-қатынастық технологияның 
                                                              ЖОО-дағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнін 
                                                              оқытуда қолданылуы...........................................3
Рақымжан ТҰРЫСБЕК.                 Жазушы еңбегі және 
                                                              қолтаңба құбылысы.............................................9
Басшылыққа алар тірегіңіз
Алмагүл БАЙЖАНҚЫЗЫ.             «Іскерлік шеберханасы» атты таңдау
                                                              курсының күнтізбелік жоспары........................25
Мінез-құлық мінбесі
Гүлден АЙҚЫНБАЕВА,
Құралай СТАМҚҰЛОВА,                Дарындылық мәселесінің
Нұрсұлу БЕЛЕСОВА.                       әдіснамалық негіздері........................................31
Білім ордасы: таным және тәрбие
Гүлжамиға ІЛИЯСОВА.                   Байыпты бағдарлама........................................38
Алтынгүл ЕРМЕКБАЕВА.               Әлем таныған Әуезов.......................................42
Педагог пайымы
Несіпбай БОЛҒАНБАЕВ.                 Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін
                                                               оқытудың тиімді тәсілдері................................45
Меңдібай ӘБІЛҰЛЫ.                        Панфиловшы Бердалы Басқаров.....................50
Интеграциялық сабақ
Гүлхан ӘКІМАНҚЫЗЫ.                  Абай мен Пушкин лирикасы............................55
Майпруза ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
Лидия БРАГИНЕЦ.                            Гобелен шеберлері............................................62
                                                  
Рухани дүниемізде
Сағдат СЕРІКБАЙҚЫЗЫ.               Имандылық - инабаттылық..............................72
Педагогикалық әдістеме: озық тәжірибе
Жұмакүл ЕЛШІБАЕВА.                   Айтыстардағы ауыспалы 
                                                               мағыналы сөздер...............................................76
Құралай УАХИТҚЫЗЫ,
Бақытгүл ТАБЫЛДЫҚЫЗЫ.         «Бір ел - бір кітап» акциясы.............................79
Нұргүл ЕЛЕМЕСОВА.                      Шешендік сөздер - құнды мұра,
                                                                асыл қазына.......................................................88
                                              
Сыныптан тыс тәлім
Айша ӘЛДІБЕКОВА.                        Тілдарын............................................................97
А.ТҰРБЕКОВА.                                  Құтты болсын Жаңа жыл!..............................105
Эльмира АРТЫҚОВА.                      Салт дәстүрім - салтанатым...........................115
Ашық сабақ ауылында
Сәуле ОРАЛБЕКҚЫЗЫ.                   Ахат Шәкәрімұлының әдеби мұрасының
                                                                жариялануы, зерттелуі...................................121
Тәуелсіздікке - 21 жыл
Айгүл БЕКҚҰЛИЕВА.                      Тәуелсіздік төрінде.........................................131
Алима КУБЕНОВА.                           Тәуелсіздік - тұғырым....................................134

3
Ғылым ғаламында
Бейбіт ЖӘЛЕЛҰЛЫ,
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың доценті, 
ф,ғ.к., Әдебиеттану және тіл білімі
 ғылыми-зерттеу институтының қызметкері.
АҚПАРАТТЫҚ-ҚАТЫНАСТЫҚ 
ТЕХНОЛОГИЯНЫң ЖОО-ДАҒЫ 
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ  
ПӘНІН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛУЫ
ХХІ  ғасыр  –  ақпараттану  ғасыры,  жаңа  типті 
өркениеттің  қалыптасу  кезеңі.  Студенттер  бұл 
әлемге жақсы дайындықпен келіп, компьютерленген 
тұрмыс-тіршіліктің  шынайы  келбеті  мен  мәнісін 
және электронды құрылғылардың өз өмірінің барлық 
кезеңіндегі  қажеттілігін  ұғынуы  тиіс.  Сондықтан 
да  қазіргі  білім  беруде  көркем  әдебиетке  жақын, 
шығармашыл  жастардың  өзін-өзі  іске  қосуын 
неғұрлым  нәтижелі  ету  –  өзекті  мәселелердің  бірі 
болып отыр.
ЖОО-да  филологиялық  білім  беру  әрекетінің 
мақсаттары:
- азаматтық парызын айқын түсінетін, жан-жақты 
білім алған, өзіндік әлеуетін іске асыра алатын тұлға 
қалыптастыруға жағдай жасау;
-  мәдени-рухани  бірегейлікке  қабілетті  тұлғаны 
жетілдіру үшін көркем-эстетикалық орта түзу.
Осы  мақсаттарға  сәйкес  мынадай  мәселелер 
туындайды: 

4
- өмірге көптеген электронды құрал-жабдықтарды 
әкеліп,  жоғары  ақпараттық  мәдениетті  талап  ететін 
ғылыми  техникалық  үдеріске  гуманитарлық-
эстетикалық (соның ішінде филологиялық) бағдарды 
қалай үйлестіруге болады?
-  бүгін  «оқытушы-студент-оқулық»  дәстүрлі 
негізіне  жаңа  буын  компьютер,  электронды  құрал-
жабдықтар  енді,  ал  ЖОО  санасына  «компьютерлік 
оқыту» ұғымы берік ұялады. ЮНЕСКО анықтамасы 
бойынша,  оқытудың  компьютерлік  технологиялары 
–  компьютерді  басты  техникалық  құрал  ретінде 
қарастыратын оқыту жүйесі болып отыр.
Қазіргі білім берудің басты сипаттамалары: 
- ашықтық; 
- ықпалдастық;
- кірігушілік (интеграцияға бейімделу);
- жекелеу, даралау. 
Бұлар  кең  көлемде  жүргізілетін  ақпараттануға 
негізделеді.
Бұдан  ұстаз-филологтардың  кәсіби  әрекетінде 
мынадай міндеттерді орындау жоспарланады:
-  компьютер  бағдарламаларын  оқытудың  түрлі 
кезеңдерінде  (түсіндіруде,  бекітуде,  қайталауда, 
бақылауда, т.б.) пайдалану;
-  компьютердің  оқытушыға  қатысты  түрлі 
қызметтерін  (оқытушының  жұмыс  құралы,  оқыту 
нысаны, әріптес ұжым, ойын ортасы, т.б.) қарастыру;
- компьютер бағдарламалары мен ғаламтор желісін 
сабақта және оқушылардың өздігімен дайындалуында 
пайдалану тәжірибесін талдау;
-  оқытушының,  студенттің  (оқушының)  АҚТ 
бойынша  жұмысының  нәтижесі  мен  тиімділігін 

5
анықтау.
Шығармашыл  жеке  тұлға  немесе  топ  компьютер 
сыныптарында мультимедиа жобаларын жасай алады. 
Мұндай жұмысты педагогтар алдын ала ойластырып, 
бейімдеп, оқу-тәрбие жоспарына кіргізеді.
Мұнда  дайын  бағдарламаны  қамтамасыз  етуді, 
Ғаламторлық  технологияларды  қолдануға,  «Tester» 
типті  бағдарламаларды  да  алуға  болады.  Осындай 
жұмыс нәтижесінде медиақор қалыптасып, толығады.
Қазірде  көптеген  білім  ошақтарында  Power  Point 
бойынша  қазақ  тілінен  лексикология,  фразеология, 
синтаксис,  морфология,  стилистика,  т.б.,  қазақ 
әдебиетінен  «Ежелгі дәуір әдебиеті», «Алтын Орда 
дәуірінің  әдебиеті»,  «ХІХ  ғасыр  әдебиеті»,  «Абай 
шығармашылығы»,  «М.Әуезов  шығармашылығы» 
және т.б. бойынша материал жинақталған. 
Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  сабақтарын  ақпараттық 
жаңа  технологиялар  бойынша  жүргізгенде  пән 
ерекшелігі міндетті түрде ескеріледі, яғни, руханият 
мәселелеріне,  шығармашыл,  соның  ішінде  тілдік 
тұлғаны  жетілдіру  бірінші  кезекте  тұрады.  Әрине, 
бұл – көркем мәтінмен, көркем сөзбен жұмыс істей 
алу  екені  түсінікті.    Сондықтан  филолог-педагог 
мына сұрақтарға жауап іздестіреді: 
- компьютер оқытушыны, оқулықты қаншалықты 
алмастыра алады? 
-  оны  (компьютерді)  сабақтың  қай  сатысында 
(түсіндіруде,  бекітуде,  қайталауда,  бақылауда,  т.б.) 
қолданған тиімдірек? 
- ол қандай дидактикалық қызмет атқара алады? 
Қазақ  тілі    және    әдебиет    сабақтарында  
компьютерлік  бағдарламалар  мен  жобаларды 

6
талдау,  компьютерлік  көрсетілімдерді  пайымдау 
жиірек  қолданыста  болып  жүр.  Мұндай  жұмыстар 
оқытушыға  әрбір  сабақтың  сапалы  жалғамасын 
дайындауға мол мүмкіндік береді.
Компьютер 
арқылы 
оқытудың 
мынадай 
артықшылықтары бар:
-  материалдың  қолжетімді  болуы  мен  қызықты 
баяндалуын (көп жағдайда ойын түрінде) қамтамасыз 
етеді;
-  көркем  шығармаларды  ұжымдық  талдауға 
мүмкіндік береді;
- оқулық материалы қайталанбайды;
-  диалектикалық  негізі,  кесте,  зерттеу  материал-
дары болады;
- анықтама материалының, сөздік мақалаларының, 
филолог  ғалымдар  туралы  деректердің  тез  арада 
табылуы қамтамасыз етіледі;
-  өз  бетімен  орындалатын  жұмысқа  қажет 
материалдар мол болады;
- меңгерілген материалды өз бетімен тексергенде 
өзіне  баға  қоюдың    амал-тәсілдерінің  болуымен 
ерекшеленеді;
-  зерделенетін  материалдың  студенттердің 
жұмыс  карталарында  міндетті  белгіленуі  (шолу 
тақырыптары) көрсетіледі;
-  материалдың  өзге  пәндермен  ықпалдастықта 
кіріктіріліп баяндалуы жүзеге асырылады. 
- шектес ғылымдар (әлемдік көркем әдебиет, тарих, 
философия,  әлеуметтану,  мәдениеттану,  бейнелеу 
өнері, музыка, т.б.) материалдарын пайдалануға мол 
мүмкіндік болады.

7
Компьютер еліміздің тұрмыс-тіршілігіне енгеннен 
бастап қазақ тілі мен әдебиеті пәнін нәтижелі оқыту-
ға  мүмкіндік  беретін  жоба-көрсетілімдер  (проект-
презентация)  кең  қолданысқа  ие  болды.  Сабақтың 
мұндай  әдіс-тәсілін,  яғни,  жоба-көрсетілімін 
студенттер (оқушылар) өздері де орындай алатындай 
деңгейге жеттік.
Пән  оқытушысының  әр  сабағына  студенттердің 
осындай  ізденістерімен  қатысуы  оларды  мазмұнды 
зерттеу  жұмысына  жұмылдыру  қажеттілігін 
анықтады, білімгердің іс-әрекетін ғылыми тұрғыдан 
бағалауды  өзектендірді.  Нәтижесінде  студенттердің 
жоба-көрсетілім дайындауы мынадай ұстанымдарды 
қалыптастырды:
- таңдалған тақырып бойынша көркем шығарманы 
(соның ішінде ғаламтордан да) зерделеу;
-  өзіндік сыни пікір қалыптастырып, оны баяндау;
-  белгілі  талаптарға  сай  (ғылымилық,  өзіндік 
шығармашылық  ой-пікір  айту,  көркем-эстетикалық 
талғамын,  әсерін  білдіру,  пайдаланылған  сайттарға 
гиперсілтемелер  жасау,  т.б.)  көрсетілім  түрлерін 
орындау;
- аталған жоба портфолиосын әзірлеу;
- жобаны қорғау;
-  өз  ізденісінің  мәселелері  бойынша  факультеті-
шілік,  университетішілік  форум  өткізу  немесе  өзге 
ғылыми  орталықтардағы  ғылыми-теориялық,  оқу-
әдістемелік  түрлі  жиындарға  (семинар,  конферен-
ция, т.б.) қатысу.
Осындай  бірізділікпен  өткізілген  жұмыстар  АҚТ 
арқылы  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнін  оқытудың 
тиімділігін дәлелдейді, себебі:

8
-  студенттердің  пәнге  деген  қызығушылығы 
артады;
- олардың үлгерімі мен білім сапасы жақсарады;
-  сабақ  жүргізу  барысындағы  берілген  білім 
мен  ақпаратты,  тапсырмаларды  сұрауға,  бағалауға 
жұмсалатын уақыт үнемделеді;
-  студенттер  берілген  тапсырмаларды  сабақ 
үстінде ғана емес, кез келген уақытта өз бетімен үй 
жағдайында да орындай алады.
Қорытындылай  келе  айтарымыз:  АҚТ-ны  қазақ          
тілі  мен  әдебиеті  сабақтарында  пайдаланудың 
ресурстары  шексіз.  АҚТ-ның  түрлі  деңгейдегі, 
түрлі мазмұндағы, түрлі стильдегі (ғылыми, көркем, 
публицистикалық,  т.б.)    кез  келген  мәтіндерді 
талдауда,  тіл  дамыту  сабақтарында,  емтихан-
сынақтарға  дайындалғанда  және  т.б.  жағдайларда 
қолданудың  мүмкіндіктері  әлі  толық  зерттелмеген. 
Соңғы  уақытта  түрлі  деңгейлік  білім  ошақтарында 
компьютерлік, 
мультимедиалық, 
интерактивті 
тақталары 
бар 
бөлмелердің 
(кабинеттердің) 
жабдықталып-жасақталуына  байланысты  ғаламтор 
арқылы  қашықтан  оқытудың  немесе  білімгерлердің 
өз  бетімен  ізденіп,  білім  алуларының  да  рөлі 
арта  түсуде.  Бұл  орайда  қазақ  тіліндегі  ғаламтор 
сайттарын көбейту, арнайы бағыттағы сайттар қорын 
түрлі материалдармен толықтыру және оларға тиесілі 
материалдар  енгізіп,  одан  әрі  байыта  түсуге  қазақ 
тілді  әрбір  азаматтың  атсалысуы  қазіргі  уақыттың 
маңызды мәселелерінің бірі болып отыр.

9
Рақымжан ТҰРЫСБЕК,
филология  ғылымдарының 
докторы, профессор.
Астана қаласы.
ЖАЗУШЫ ЕңБЕГІ ЖӘНЕ 
ҚОЛТАңБА ҚҰБЫЛЫСЫ
(Қаламгер Д.Досжан туындылары туралы)
                              Жалғасы. Басы өткен нөмірде.
Асылмұраттың  «Жауһар  әңгімелер  жинағын» 
мемлекеттік тапсырыспен  шығару  жолындағы  әрекет-
қимылдары мың сан қиырға бастады. Баспа бөлімінің 
бастығы  қолжазбаның  қыр-сырын  емес,  баспахана 
жайын,  зейнеткер  естелігін,  кәсіпкер  дастанын 
айтып,  сөз  төркінін  басқа  арнаға  бұрды.  Бас  маман  – 
Тұрардың  кемшілік-кедергісі  жазушыны  қабылдау, 
өзара әңгіме үстінде-ақ таңылған-ды. «Маңызды кісі» 
мен «елеусіз адамды» қабылдау сәттері де ерекше-тін. 
Қолжазба тағдырына да атүсті қарады. Өзара әңгімені 
де созбалаңға салып, сиырқұйымшақтатып-ақ жіберді. 
Бас  маманның  таным-түсінігі  төмендегіше  түзіліс 
құрады: «-Мен үшін тасқа басылғанның бәрі –  кітап. 
Кітап жазғанның баршасы – жазушы. Осы күні пәленше 
зейнеткер  естелік  жазыпты,  түгенше  әкім  жолжазба 
басқызыпты,  мұнайшы  мұнай  тарихын  баяндапты...
Тарихшы  ата-бабасының  шежіресін  тарқатыпты...» 
(Таңдамалы шығармалар,3-том, 257-бет).
Ал,  «Сонар»  баспасының  директоры,  «көзі 
жылтыраған  қара  торы»  Айнагүлдің  былығы  мен 
қылығы бір басынан асып түседі. Қызметтік этикасын 

10
әйелдік қызығушылығы басып, «ағатай» деген сөзімен-
ақ  қолжазба  тағдырын,  жазушы  еңбегін  қас-қағым 
сәтте  шешіп-ақ  береді.  Қаржы-қаражат  көзі  шығады-
ау  деген  мекеме,  компания,  фирмаға  қызметтік  хатты 
да  өз  мойнына  алады.  «Атыңыздан  өзім  жүремін, 
ағатай.  Шаршатпаймын  дегенді  де  жасырмай  жайып 
салады.  Әп-сәтте  «...  балшекер  қосқан  шай  алғызды, 
үстел үстіне жент, ірімшік, сықпа құрт, бауырсақ толып 
кетті».  Оның  үстіне:  «...Атыңызды  алдыма  айбар  етіп 
ұстаймын, баспаға қомақты қаржы құямын дейді. Тірі 
сөздің  киесі  мен  қасиетін  дәт-қуат  қыламын  дейді. 
«Айнагүл» деген есімімді классиктің аузынан естимін 
деп  ойлаппын  ба,  сірә,  дейді.  Шілдеде  шіреп  піскен 
жемістей  сабағымнан  үзіле  жаздаппын.  Қолжазбаны 
алып қаламын, бір түнде оқып шығамын, келесі кеште 
станокке  қоямын,  ағатай!»  дегенді  де  сенімді  түрде 
жеткізеді (3-том, 261-бет).
Осы  сәт  бұрылып  қараған-ды:  «Бойжеткеннің  кең 
ашылған  көз  шарасы  айдын  көлге  ұқсады.  Осынау 
көлде  не  жоқ  дейсіз:  жастық  оты...ләззат  ойыны..
әдемі әзіл...қылықты наз...қоңыр мұң..сезім көлі... сол 
сезім  кемерінен  асып,  көл  шырайын  шайқап-шайқап 
жібергені.  Кең  ашылған  жанарды  мөлдіреген  жас 
кемерледі. Мақұл сөзі еріксіз аузынан шығып кетті...
Көзі  жылтыраған  бойжеткеннің  жұмсақ  ерні  шоқ 
басқандай  –  күйдірді,  жанарын  жұмды,  көзін  ашса-ақ 
арбап алатындай сезінді (3-том, 262-бет).
Бұл  баспа  директорының  -    «бір  күні».  Былыққа 
батқан,  қылығын  көрсеткен,  «сезім  күшінің»  қуатты 
серпіні  танылған  сәулелі  сәттерінің  бірі  еді.  Жазушы 
еңбегі  мен  қолжазба  құқының  таразыға  түскен  мезеті 
де осы болатын-ды.
Ақиқатында:  «Осы  оқиғадан  кейін  дүние  өзгерді». 

11
Асылмұраттың  жазуы  өнбеді.  «Ойы  божырап,  сөзі 
қожырап» кетті. «Сөз киесі кеудесінен ұшып кеткенін 
сезінді». 
Әңгімеде,  сөз  жоқ,  жазушы  еңбегі,  қолжазбадан  – 
кітапқа дейінгі ізденіс мұраттары, тақырыпты меңгеру 
жолдары, көркемдік амал-тәсілдері, ой-сөз жүйесі алуан 
көрініс, қилы бояу-бедерлер кең орын алады. Алайда, 
Асылмұраттың  қолжазбаға  көзқарасы  мен  оның  кітап 
үлгісінде  қалың  көпшілікке  жету  жолындағы  ақ-
адал  көңілі  баспа  орындары  мен  ондағы  басшылық 
арасындағы  көзқарас,  қарым-қатынастардың  «күрделі 
жолдарынан»  ақыл-парасат,  таным  деңгейлерінің 
«алуандылығынан» 
кедергі-қайшылықтарға 
тап 
болады.  Асылмұрат  кітап  шығарудың  «бұралаң  - 
қалтарыстарымен» бірге жекелеген адамдардың (баспа 
қызметкерлерінің)  таным-түсініктері  мен  қарым-
қатынастарына  да  қайран  қалады.Олардың  өмірі  мен 
еңбегі,  көзқарас-мұраттары  қаржы-қаражатқа,  табыс-
пайдаға  құрылғандықтан,  халыққа  қызмет,  рухани 
байлыққа  қызығушылық,  ұрпаққа  ұлағат  мәселесі 
тым  төмен  деңгейде  көрініс  табады.  Автор  баспа 
төңірегіндегі  тоғышар  жандардың  ұлт  руханиятына 
атүсті,  селқос  қарайтындарын  әр  алуан  көрініс,  түрлі 
шегіністер арқылы көрсетіп, тіпті, сынап-мінеу негізін-
де адал еңбекті, өмір-өнегелерін, оның кітабы арқылы 
да қалың көпке жететінін нанымды баяндайды. 
Автор  үкімет  үйіндегі  бас  маман  (Тұрар)  мен 
баспа  директорын  (Айнагүл)  әрекет-қимылдарына 
сай  дәл,  нақты  көрсетеді.  Бірі  –  «маңғаз»,  келесісі  – 
«жылтың»  әрекеттерімен-ақ  қоғамға  кереғар,  ұлт  пен 
ұрпаққа  зиянды  екендіктерін  аңғару  қиын  емес.  Жең 
ұшынан  жалғасқан  сыбайластар  екені  де  танылып 
тұрады. Қоғам дамуын тежеп, ортақ байлықты талан-

12
таражға салып, ел игілігіне кері әсер-ықпал ететіндер 
қатарында болғанын да жасыру қиын. Қысқасы, «Сөз 
киесі»  әңгімесі  –  тарих  пен  таным,  адам  мен  тағдыр 
жайын  кеңінен  қозғап,  осының  негізінде  Асылмұрат 
сынды қаламгердің – өмірі мен еңбегін, көзқарасы мен 
қолжазбасын,  кітап  шығарудың  шырғалаң  жолдарын 
алуан  көрініс,  қилы  кедергі-қайшылықтарымен 
сабақтастықта сөз етеді. Жазушы еңбегі мен сөз киесінің 
ортақ  тұстарын,  терең  сырларын  кең  көлемде  ашады. 
Бастысы, әрине, адам өмірі мен еңбегі, жан-жүрегі мен 
сыр-сезімдері шынайы шындықтарымен, табиғи бедер-
белгілерімен  есте  қалады.  Демек,  «Сөз  киесі»  -  адам 
әлемі, оның өмір мұраты мен еңбегі, қоғамға көзқарасы 
мен  қатынасы,  келелі  келешегінің  анық-қанық  бедері, 
жарқын  жолы.Жазушы  еңбегі  мен  шығармашылық 
ісінде  қолжазба  мен  кітап  орны,  баспа  мен  баспагер 
байланысы алабөтен екенін ескерсек,автор осы бір нәзік 
те күрделі құбылысқа барынша батыл енеді. ҚаҺарман 
харакетін,  таным-талғамын  қаз-қалпында  көрсетеді.
Әрекет-қимылдарын,ой-сөз  жүйелерін  жұмыс  үстінде 
жан-жақты айқындайды.
Жазушы еңбегінің шырқау шыңы, шынайы сыры.
Зады,  «Сөз  киесі»  -  талант  тағылымының  терең 
иірімдерінен сыр қозғайды. Өмірді өнермен өрнектеп, 
қара  сөз  бояуға  көшеді.  Жан  сырынан  көңіл  сәулесі  
қаз-қалпында  көрініс  береді.  Жазушы  еңбегіне, 
көзқарасы  мен  қолтаңбасына  ден  қойсақ:  «Шығарма 
қалай жазылады? Әуелі өзім көркем туындының атын 
іздеймін.  Сәтімен  табыла  қалса  –  тілге  тиек,  кітапқа 
өзек  болар  сөзді  тауып,  соны  көз  алдыма  елестетуге 
тырысамын... Өзімнің көз алдыма әрдайым әуелі сөздің 
сұлбасы,  сосын  пішім,  сосын  салмағы  кәдуілгідей 
елестейді. Сөз сөйлемді құрайды, ойды туғызады. Сол 

13
сөйлемнен дүниеге келісімді ырғақ пен оралым келеді. 
Құйылып жеткен ойдың ырғағынан парақ беті толады. 
Параққа парақ қосылады. Осындайда таң қалатын бір 
нәрсе:  қазақ  тілінің  суреті  мен  көркі  ғаламат,  ешбір 
тілге  бергісіз,  бояуының  молдығы»  назар  аудартары 
анық  (Досжан  Д.  Өз  жайымды  өзім  айтам.-  «Қазақ 
әдебиеті», 1991,1 шілде).
Қаламгердің  тіл  өрнегі,  қолданыс  аясы  хақында 
Ә.Кекілбаевтың:  «...  жазушының  суретшілігі  басым, 
сөздің ішіне түсіп жазатын қазбагер жазушы» деуінен 
де  терең  таным,  кең  толғам,  айырықша  сыр  бар 
(Д.Досжан.  Көркемсөз  шебері.  Библиографиялық 
көрсеткіш. Астана, 2012, 6-бет).
«Сөз киесі» - талант табиғатының тамырлы таңбасы, 
қалам  күшінің  қуатты  қайнары,  шабыт  шалқарының 
айдынды әлемі.
«Сөз  киесінің»  қасиеті  мен  құдіреті,  сыры  мен 
сипаты –  осы.
Қоғамдағы  өнер  адамының  орын-үлесі,  өмірі  мен 
еңбегінің  лайықты  бағаланбауы,  талант  тағдыры  мен 
тұрмыс  тауқыметінің  көлеңкелі  тұстары  –  «Суретші» 
әңгімесінің басты арқауын, негізгі желісін құрайды.
Суретші  Жасбай  жеке  көрмесінің  –  Астанада, 
Президент 
мәдениет 
орталығында 
өтетіндігін 
естісімен-ақ,  шеберханадағы  жұмысы  жанданып, 
жаңа  қарқын  алып,  бұрынғыдан  бетер  қыза  түсті. 
«Көк түріктер» атты баталды кереметіне қайраты мен 
талантын  сарқа  пайдаланды  десе  де  болады.  Майлы 
бояуды да барынша қолданып, өнердің тылсым құдіреті 
мен  терең  иірім,  шынайы  сырларына  осы  жолы  көзі 
әбден-ақ  жетті.  Алайда,  «Көк  түріктері»  көшірме, 
табиғилық қырлары тапшы» дегенді көлденең тартқан 
арыз-жазбалар да алдан көлденеңдей берді. Суретшілер 

14
одағының  төрағасы  ол  жайды  бүге-шегесіне  дейін 
жайып салды. Жасбай да өз кезегінде «Көк түріктер» 
– көшірме емес, түпнұсқа!» дегенді дәлелдеп-ақ бақты. 
Астанаға  баратыны,  жеке  көрмесі  өтетіндігі  де  сәл 
кейінірек  анықталғанымен,  іссапарға  қатысты  қаржы-
қаражат  тағы  қолбайлау  болды.  Суретшілер  одағы 
арқадан  қағып,  «құрғақ  сөзбен»  шығарып  салды. 
Көрмені  ашқан  Мәдениет  комитетінің  орынбасары 
да  дағдарыс  толқынын  тілге  тиек  етті.  «Қол  қысқа» 
дегенді емеурінмен жеткізді. Көрме мұратына, қайсыбір 
туындылар табиғатына тоқталмады. Өнер құдіреті мен 
қасиетін,  өзіндік  өзгешеліктерін  де  ашпады.  Өнерді 
өгейсітіп, авторына селқос қарады.
Алайда,  көрме  қалың  көптің  қызығушылығын 
туғызды. Әсіресе, «Көк түріктер» ел тарихын, тағдыр-
талайы  мен  тағылымын,  танымал  тұлғалардың 
өмірі  мен  қызметін  жан-жақты  ашуымен,  арғы-бергі 
кезеңдерді  кең  көлемде  қамтуымен,  анық-қанық 
бояуымен, көркемдік өрнектерімен көз тартты. Асылы, 
сөз  жоқ:  «Сурет-суретшінің  бояуын,  қолтаңбасын 
сіңіріп  қоймайды.  Кенепке  өнерпаздың  жүрек  лүпілі, 
көз  майы,  сезім  сыры,  түйсік  тебіренісі...  түгел 
жұтылыпты.  Сиқырлы  аура  сезіледі.  Көп  қадалып 
қараған  кісінің  басы  айналып,  көзі  қарауытады.  Көп 
суреттен  өнерпаздың  жазмыш  жазуы...ыстық  лепесі...
көз сиқыры атойлап көзге ұрады. Түсінген кісі – қай-
қай майлы кескіндемеден (живопись) айырықша сиқыр 
табады. Арбалады. Табуға тұсалады» (3-том, 269-бет).
Бұл – өнер мен өнерпаздың өзіндік өзгешелігі. Өмір 
мұраты  мен  өнердегі  аураның  сан  қырлы,  сырлы-
сиқырлы сипаты.
Бұл  –  өнер  табиғаты  мен  тағылымы,  нығметі  мен 
қасиеті, қадірлі һәм кәделі сыр-сипаттары екені анық.

15
Өнер мұраты мен өнерпаз жолының мың қырлы, сан 
арналы ерекшеліктерінің бірі – осы.
Жасбайдың  пәтер  жалдап,  онда  Айманкеш  есімді 
келіншекпен кездесуі, өмір-тағдырын естіп білуі, оның 
суретін  салуы,  т.с.с.  табиғи  өріс  алады.  Тиісті  тұста 
Айманкеш  өзі,  өнері  мен  тағдыры  төңірегінде  сыр 
толғайды.  Дизайнер  –  суретші  болғанын,  жұбайының 
сәулетші екендігін, өнерде де әділетсіздік орын алғанын 
байыпты баяндайды (272-бет).
Ал, Жасбай болса, өмірге өнердің көзімен қарайды. 
«Дүниені өзіндік бояу, белгісімен көреді». Өмір жолы, 
мінезі  де  осы  тұрғыдан  қалыптасқан-ды.  Көзқарас 
мұраты,  ой  жүйесінен  де  осы  бағыт  танылады:  «Көп 
кісілер уағында өз бақытын сезіне бермейді. Денсаулығы 
мықты спортшылар тепсе темір үзетіндей болып жүріп, 
күндердің күні, ауырып төсек тартып жатып қалғанда 
барып  саушылықтың  қадірін  біледі.  Ақшаны  қаптап 
жаратып  жүрген  байлар  бір  күні  банкротқа  ұшырап, 
қара  нанға  қарап  қалғанда,  барлықтың  барақатын 
түсінеді.  Сұлулар  да  солай.  Жас  кезінде  «бетім  барда 
бетіме кім шыдар» деп, кімі паңдау келеді, кімі тантық». 
Бетіне әжім, самайға қырау түскенде барып әлгі арулар 
мөлдіреген,  жан  төзбеген  аршын  төс  тәкаппарлығы 
есіне  түсіп,  бармағын  тістелеп,  еңірейтіні  анық.  Не 
нәрсенің барақатын, бақытын дер мезгілінде ұғынатын 
дарынды суретшілер ғана» (3-том, 273-бет).
Өнер өрісі, суретші сыры – осы.
Жалпы,  «Суретші»  әңгімесінде  Жасбайдың 
адами  әлемі,  өнердегі  орын-үлесі,  тұрмыс-тіршілік 
тауқыметтері  жеке  көрме,  бір  іссапар  төңірегінде-ақ 
жан-жақты танылады. Өмір-уақыт шындықтары, талант 
пен тағдыр тайталасы, өнердің мәңгілік сипаттары да 
өзіндік  өзгешеліктерімен  есте  қалады.  Автор  Жасбай 

16
суретшінің өмірі мен өнердегі өрнектерін қатар көрсету 
негізінде  уақыт  шындықтарын,  тұрмыс-тіршілік 
иірімдерін  нанымды  ашады.  Бір  көрменің  баянынан 
өнер  өрімі  де,  суретші  сыры  да  ашылады.  Демек, 
«Суретші»  әңгімесі  –  өмір  мен  өнер  адамының  қыр-
сырын ашып, әлеуметтік астарын, көркемдік қырларын 
кең  көлемде  көрсетеді.  Жасбай  суретшінің  өмірі 
мен  өнері,  көрме  өткізу  ісіндегі  ізденіс  мұраттары, 
жанкештілігі  мен  жауапкершілігі  –  көзқарасы  мен 
қолтаңбасынан, 
табанды 
әрекеттерінен 
айқын 
аңғарылады. Жасбайдың еңбекке құштарлығы, өнерге 
сүйіспеншілігі шеберханадағы жанкешті әрекеттерінен, 
көрме өткізу ісіндегі көзқарас эволюциясынан да жіті 
көрінеді.  Автор  Жасбай  және  оның  ортасын,  отбасы 
мен  өнер  өрісіндегі  әр  қилы  құбылыс  -  көріністерді, 
кедергі-кемшіліктерді  қаз-қалпында  көрсету  негізінде 
өмір-уақыт шындықтарын, адамдар арасындағы қарым-
қатынасты, көзқарастар жүйесін сенімді суреттейді. 
«Суретші» әңгімесі – Жасбай сынды өнер адамының 
жанкешті һәм жауапкершілігі зор істегі көзқарасы мен 
қолтаңбасын кеңінен көрсететін көркем туынды.                                
Сурет  өнері,  суретші  өмірі  –  «Адамға  қанша  жер 
керек?» атты әңгіменің негізгі өзегін құрайды. Суретші 
Қосайдың  балалық,  жастық  кезеңі  алыс  ауылмен, 
қоршаған  ортамен,  табиғатпен  байланыстырылады. 
Автор: «Сурет балалықтан басталады», - деп Қосайдың 
жаны  құлазыған,  өмір-тұрмыстан  қажып,  қалжыраған 
тұстарын  жастық  кезеңімен  сабақтастықта  сөз  етеді. 
Дала  дидары,  таулы  қыраттар,  өзен-көлдер,  сағымға 
оранған айнала әлем, ауыл үйдің түтіні, бәрі-баршасы 
Қосай  жанына  жақын,  көңілін  әр  кез-ақ  баурап 
алады.  Алайда,  Астанадағы  үш  бөлмелі  пәтерінде  «... 
қылқаламыңды  құлаштай  сілтеп,  ойға  алған  көркем 

17
дүниелерді  келістіріп  сала  алмайсың.  Тынысың 
тарылып қалады» (3-том, 296-297-беттер).
Осыдан 
кейін-ақ, 
Қосай 
шығармашылық 
шеберханаға қатысты жер алу мәселесімен айналысты. 
Жер  ресурстары  агенттігіне  барды.  Төраға  жерге 
мораторий  жарияланғанын  жеткізді.  Дүниелік 
дағдарысты,  кадастрлік  зерттеулер  жүйесін  алға 
тартты. Жолай әкімдіктің жер басқармасын басқаратын 
– Төлеуғазы кезіккен еді. Ол да өз кезегінде дүниеауи 
үрдістерді еске алды. Өмір-тұрмыстан да сыр тартты. 
Барлықтың  жайын,  пейілдің  тарлығын,  кіріптарлық 
туралы  да  ой  қозғады.  Өнерге  жақындығын,  бірқатар 
сурет коллекциясы барын да еске алды. Жеке тұрғын үй 
шығармашылық  шеберханамен  бірге  деген  қаулының 
қажеттілігін,  оның  өзі  әкімдіктен  өтсе,  ырыс-несібе 
асып-таситынын  алға  тартты.  Өзара  әңгімеден  ортақ 
мақсат, мүдде де танылып тұрды.
Қосай  ойына  кеңестік  кезеңдегі  шығармашылық 
иесіне  жасалатын  қамқорлық  түсті.  Худфонд  арқылы 
іссапарға,  шетелге  шығатынын  еске  алды.  Социализм 
мен  капитализм  де  өзара  салыстырылды.  Қайтадан 
өнерге ден қойды. Жан азабын бастан кешті. Аяқталған 
суретті  жер  қатынастары  басқармасына  алып  барды. 
Төлеуғазыға  тарту  етті.  «Өзің  секілді  азаматтың 
бояудағы  бейнесі»  дегенді  де  айтып  қалды.  «Сурет 
жинайтын коллекционерсің!» деп те ойын анық-қанық 
жеткізді.
Көп ұзамай шығармашылық шеберханаға жеті сотық 
жер  бөлінгені  жөнінде  хат  та  жетті.  Осы  хаттардың 
қай-қайсысы  да  Қосай  өмірін,  өнерге  құштарлық, 
сүйіспеншілігін  танытқаны  анық.  Ақиқатында,  автор 
суретші Қосайдың өмір-тұрмысына еркін еніп, балалық, 
жастық кезеңін қоса көрсетіп, соның бәрінде де адам 

18
мұратына  ден  қояды.  Өмір-тұрмыстағы  орын  үлесі, 
еңбекке көзқарасы да негізгі назарда тұрады. Осы реттен 
алғанда, автор суретші Жасбай мен Қосай бейнелерін 
(қараңыз: «Суретші», «Адамға қанша жер керек?») өмір-
тұрмыстағы орнымен қатар көрсетіп, осы арқылы өнерге 
сүйіспеншіліктерін, мақсат-мұратқа адалдықтарын, сол 
жолдағы  кедергі-кемшіліктерді  жеңу  ісінде  жанкешті 
еңбектерін, табандылықтарын сенімді суреттейді. Өнер 
мұраты,  шығармашылық  арналар,  шеберханадағы 
азапты-жанкешті  еңбек,  көзқарас  жүйелері  жазушы 
ізденісін,  әр  алуан  көркемдік  амал-тәсілдерін  терең 
танытады. Бұл орайда, сөз жоқ автор ұстанымы, өнер 
мұраты  мен  тақырыбына  қатысты  іргелі  ізденістері, 
көзқарасы мен қолтаңбалары өзіндік өзгешеліктерімен 
назар аудартады. Әсіресе, өнер адамының жаратылысы 
мен  жанкешті  еңбегі,  өмір  мұратын,  дүние  дидарын 
қиял көкжиегімен кезіп, оны көңіл көрігінде қыздырып-
шыңдап,  жан-жүрек  таразысынан  өткізуі  –  көркемдік 
құпиясы  мен  шығармашылық  мүмкіндіктер,  шынайы 
шеберлік  арналары  арқылы  жүйелі  жеткізіледі. 
Бастысы,  әрине,  сырлы  әлем  –  сөз  өнерінің  мол 
мүмкіндіктері,  өнер  нығметінің  құдірет-қасиеті, 
суретші мұраты мен мұрасы өмірдің өзіндей қарапайым 
да  көркем,  нанымды  әсер  етеді.  Шығармашылық 
иесінің  жаратылысы  мен  қабілет-қарымы,  өмір  мен 
еңбекке  көзқарасы,  қоғам  мен  адам  табиғаты  туралы 
толғам-толғаныстары,  ең  негізгісі  –  өнер  мұраты  мен 
оның мәңгілік сипаты төңірегіндегі жан азабы мен ерен 
еңбектері, іргелі ізденістері мен көзқарас эволюциясы 
кең  көлемде  көрініс  береді.  Жазушы  еңбегі,  көзқарас 
пен  қолтаңбаның  айшықты-нашықты,  шын  шеберлік 
тұрғысынан көрінген сәті де – осы тұс еді.

19
Жазушы  еңбегіндегі  өнер  тақырыбы  –  «Виртуоз»  
және «Сәулетші» әңгімелері арқылы жаңа бағыт, соны 
сипат  алады.  Алғашқы  әңгімеде  Қожамжар  қарттың 
жалғыз  ұлы  –  Нұркен  Әшіровтың  өнер  нығметін 
қоңыр  домбыра  арқылы  еселеп  арттыруы,  қалың 
көпшілік:  -Виртуоз!,  -  деп  қабылдауы  («Біртуар») 
көркем  баяндалады.  Автор  әке  мен  баланың  ауыл-
елдегі 
өмір-тұрмыстарын 
көрсетіп, 
мерекелік 
концерттегі  өнер  құдіреті  мен  Нұркеннің  өзіндік 
ерекшелігін,  орындаушылық  шеберлігін  жан-жақты 
ашады.  Ал,  «Сәулетші»  әңгімесіндегі  Самат  пен 
Сәулеттің  жастығы  мен  ғашықтық  ғаламаттары, 
сәулетшілік  өнердің  өзіндік  ерекшеліктері,  аға  буын 
өкілдерінің  жастарға  сенімсіздік  білдіріп,  еңбектерін 
бағаламауы,  дұрысы  –  пайдалануы,  т.с.с.  сенімді 
суреттеледі.  Негізінен,  автор  өнер  тақырыбын  адам 
әлемімен,  қоғам-ортасымен  сабақтастықта  сөз  етіп, 
өмірге, еңбекке қатынас пен көзқарасты, адалдық пен 
тоғышарлықты,  қарапайымдылық  пен  әділетсіздікті 
өзара салыстыра береді. Өмірдің бұралаң жолын өнер 
адамы басындағы әр алуан хал, кедергі-кемшіліктермен 
қатар  көрсетеді.  Өмір  шындығын,  уақыт  тынысын 
–  өнер  төңірегіндегі  ізденіс  пен  көзқарас,  еңбекке 
қатысты  көрсетіп,  адам  мұратын  кең  көлемде  ашады. 
Атап өтер жайт, автор өнер адамының өмірі мен еңбегін, 
көзқарасы  мен  қолтаңбасын,  қоғамдық  құбылыс  пен 
кезеңдік  көріністер  тұсындағы  кедергі-кемшіліктерге 
қарамастан,  қаз-қалпында  көрсетеді.  Талант  табиғаты 
мен тағылымы кең орын алады.
Бұдан  басқа  –  «Дон  Кихот»,  «Өмір  арбасы», 
«Кешірім»,  «Жанып-сөну»,  «Жаңғақ»,  «Шырақшы» 
сынды  әңгімелер  тақырыптық  ізденісімен,  жанрлық-
көркемдік  ерекшеліктерімен  назар  аудартады.  Болған 

20
оқиғаның ізі, өмірлік жайттар көркемдік шындық пен 
шешім  тұрғысынан  табиғи  өріс  алады.  Адам  өмірі 
мен арман-аңсарлары, еңбек мұраттары шынайы бояу 
бедері,  суретті  көрініс,  нақыштар  негізінде  дамып 
отырады. Айталық, «Дон Кихотта» - адамгершілік пен 
ар  үлгісі,  еңбек  пен  бейнет  ісі  алға  шығады.  «Өмір 
арбасы»  отбасылық  өмірдің  қиын  да  қатпарлы,  сан 
қилы көріністерін келісті келісім, көркем өрнектермен 
баяндайды.  «Кешірім»  -  М.Әуезовтің  «талайлы 
тағдырын, «Алаш ісі» мен «Ашық хат» сырын, уақыт 
таңбасы  мен  тынысын  терең  танытады.  «Жанып-
сөну»  -  өмір  талқысы  мен  отбасы  салмағын  қатар 
сезінген  –  Нұрәлінің  мұңды-шерлі  халін,  өзін-өзі 
алдаған  һәм  жоғалтқан  сәттерін  сенімді  суреттейді. 
«Жаңғақ»  М.Әуезовтің  отбасылық  өмірі  мен  шешен 
шалы  Ахметтің  өзара  байланысын,  ғұмырбаяндық-
шығармашылық сыр-сипаттарды, жаңғақ ағашын күтіп-
баптаудағы өзіндік өзгешеліктерді уақыт пен кеңістік, 
кезең  -  заман  шындығы  аясында  кеңінен  көрсетеді. 
«Шырақшы»  –  Дайрабай  қарттың  өмір-тұрмыстан 
көргенін, дүние дидары туралы таным-түйсігін, толғам-
толғаныстарын, адам мен айуан ара-қатынасын, дін-діл 
төңірегіндегі көзқарас-өлшемдерін, уақыт таңбасының 
әсер-ықпалын қаз-қалпында көрсетеді. Демек, жазушы 
еңбегі  мен  қолтаңба  құбылысынан  –  өмірді  тану  мен 
оның  шынайы  шындықтарының  сыр-сипаттары,  адам 
мұраттарының өрнекті-өлшемді тұстары, дүние дидары 
мен дәстүр өнегелері, тәлім-тәрбие иірімдері оқиғалық-
танымдық желілер негізінде дамып, оның өн бойынан 
көзқарас  эволюциясы,  бояу  бедері,  мінез  сыры,  сөз 
суреті, ой өрісі арналы ағыс құрайды. Ой-сөз жүйесінен 
–  көңілде  қорытылған,  жан-жүрек  таразысында 
өмір  шындықтары  мен  көркемдік  шешімдер,  әдеби-

21
эстетикалық құндылықтар жан-жақты танылып тұрады. 
Көркемдік көкжиегі жаңа әлем ашады. Сөз суреті соны 
сипат алады. Өткір ұшталған қалам-қиял қанатындағы, 
ой көрігіндегі бояу бедерін, суретті сөзді сол сәтте-ақ 
қағазға көшіреді. Нәтижесінде: «Нағыз суреткер адамға 
жазу  да  сүйексіңді  мінезге  айналады»  (Досжан  Д.  Өз 
жайымды өзім айтам. «Қазақ әдебиеті», 1997, 1 шілде).
Авторлық  ұстанымға  мән  берсек,  болмысты,  өмір-
тұрмысты  көру  қажет.  Бояумен,  бедермен  беру  үшін 
де сергек сана, суреткерлік керек. Бояуға бедер, сөзге 
сурет,  ойға  қиял  дүниесін  дарытады.  Әр  алуан  адам, 
мінез  иелерінің  өмір-тұрмыс,  дағды-кәсіп,  еңбек 
көзқарастарын  еркін  ой  ағынына,  көркемдік келісімге 
құрады.  Ана  тілінің  мол  мүмкіндіктеріне  еркін  еніп, 
ұлт пен ұрпақ, дәстүр мен дін, тәлім-тәрбие иірімдеріне 
бойлайды.  Ұлттық  сөздің  қадір-қасиетін,  кәделі 
нығметін,  сауапты  тұстарын  арға  серік  етеді.  Сосын, 
сөз  жоқ:  ар  ісін  –  бәрінен  де  биік  қояды:  «...  әдебиет 
–  адам  мінезінің  айнасы.  Сол  мінезден  туындайтын 
шаркездік, шырғалаң көркем шығарманың өзегі болып 
жатады... Шығарма идеясыз жазылмайды. Бір нәрсеге 
табан тіреп, ой сабақтасаң, ол – логика болып шығады. 
Сол  ойдың  түп-төркінін  іздесең,  ол  –  психологиялық 
талдауға  маңдай  тірейді.  Қысқасы,  идеясыз,  табан 
тірейтін  мақсатсыз  іс  бітпейді»  («Көркем  шығарма 
сарапшысы  –  уақыт,  сыншысы  –  оқырман  қауым».  – 
«Егемен Қазақстан», 2004, 30 қаңтар).
Сондай-ақ,  жазушы  еңбегіндегі  таңдаулы  әңгіме, 
хикаяттары  табиғатынан  (мысалы,  «Кісі  ақысы», 
«Қымыз»,  «Ақыл  иесі»,  «Арыстанды-Қарабастың 
желі»,  «Адамға  қанша  қуаныш  қажет?»,  «Ергежейлі», 
«Қыдырдың  құбылысы»,  «Момындар»,  «Жігіттің 
бір  жұрты»,  «Қыз  әні»,  «Келіншек  асуы»,  «Жылы 

22
жауын»,  «Екі  дүние  есігі»,  «Шипалы  су»  әңгімелері; 
«Отырар», «Фараби», «Төрт патшаны көрген кейуана», 
«Пайғамбардың  өлімі»,  «Жылы  ағыс»,  «Жан  тәтті», 
«Үрей»  хикаяттары,  «Ата  кәсіп»,  «Ақыл  сатамын», 
«Арман баланың бастан кешкен қызықты оқиғалары», 
«Қарықбол  мен  Ақбата»,  «Келіншектаудағы  тас 
түйелер»,  «Келіншектаудың  көгілдір  бояулары», 
«Тегіне  тарту»  –    балаларға  арналған  туындылары, 
т.с.с.) арғы-бергі кезең көріністері, ел-жер жайы, белгілі 
адамдар өмірі мен өнегесі, тарих пен таным арналары, 
білім-ғылым жүйесі, тәлім-тәрбие иірімдері, балалық-
жастық  дәурен,  дүние  дидары,    уақыт  пен  кеңістік 
қатынасы, дәстүр тағылымы, өнердің өріс-өлкесі, т.с.с. 
өзекті тақырыптар кеңінен қозғалады.Іргелі ізденіс пен 
көркемдікке құрылады. Автор қайсыбір туындысында 
да өмір оқиғасы мен уақыт шындықтарына табан тіреп, 
осының  негізінде  адам  әлеміне,  еңбек  мұраттарына 
еркін енеді. Жазушы еңбегінде адам сөз арқылы – ой 
құнарына,  образ  әлемі  негізінде  -  сыр-сезімге  қадам 
жасайды.  Ақыл-парасат  -  басты  өлшем  етіледі.  Ерен 
еңбек  пен  талант  табиғаты,  талайлы  тағдыр  мен 
тауқыметті  өмір  ағыны  да  ой-сөз  жүйесімен,  бедерлі 
бояу  өрнектерімен  байланысты  беріледі.  Есімі  мен 
еңбегі  арғы-бергі  кезеңдерге  жеткен,  өмірін  өнермен 
өрнектеген Жалаледдин Руми ұстанған бағытқа мықтап 
ден қояды: «... бірінші – жазғаныңа өтірік сөз қоспау; 
екінші – жазып отырғанда жүректе кір, көлеңке болмау; 
үшінші – өзін-өзі жеңе білу» (Досжан Д. Шығармалары. 
4-том. Астана. «Фолиант», 2008, 16-бет).
Жақсы кітап жазудың көпке ортақ бір қыры, мың сан 
арналы сырлы сипаттарының тағылымды тұсы – осы.
Тұжырып  айтар  болсақ,  қаламгер  Д.Досжанның 
шағын жанрдағы туындылары – өмірдің өзінен өрбіген 

23
шындық сырларынан, адам мұраты мен еңбегін, дәстүр 
өнегелерін,  тұрмыс-тіршіліктерін  терең  таным,  іргелі 
ізденістермен байытқан, көзқарасы мен қолтаңбасынан 
ой  мен  сөз  жүйесі  бірлік  құрып,  көркемдік 
көкжиегі,  эстетикалық  көзқарастары  кең  өріс,  сан 
алуандылығымен мәнді болып табылады. Оның үстіне: 
«...  дүниені  суретпен  көреді,  аллегория,  шендестіруге 
жиі жүгінеді. Тіл құнары бай. Көбіне магиялық реализм 
әдісімен жазады. Кейіпкердің ішкі жан сарайын ашуда 
– ой ағынына, пәлсапалық түйін түюге, максималистік 
көзқарасқа  басымдықпен  қалам  тербейді.  Көркем 
шығармалары мен зерттеу еңбектерінің тақырып аясы 
кең.  Тіл  бояуы  кемпірқосақтай.  Символға,  қиялға 
еркін  тізгін  береді»  (Досжан  Д.  Көркемсөз  шебері. 
Библиографиялық көрсеткіш. Астана, 2012, 6-бет).
Жазушы  еңбегі  мен  қолтаңба  құбылысының  көпке 
ортақ  қыр-сыры,  шығармашылық  шеберхана  мен 
шеберлік тағылымының алуан арналы, мың сан иірімді 
сыр-сипаттары осындай.
          Д.Досжан туындыларында тарихнамалық сипат, 
шежірелік  белгі-ерекшеліктер,  ұлттық-этнографиялық 
нышандар,  кеше  мен  бүгін  байланысы  бұрын  да    сөз 
етілген. Қазір де айқын аңғарылады. Автор арғы-бергі 
тарихты,  өмір-уақыт  тынысын,  тұғырлы  тұлғалардың 
тағдыр-талайын  тарата  сөз  еткен  тұстарда  елдік 
мұратты,  халық  өмірін,  туған  жер  тағдырын,  еңбек 
адамдарының  тыныс-тірліктерін  негізгі  назарда 
ұстайды.  Айталық,  “Жусан  мен  гүлдер”  (1966), 
“Тұлпардың  ізімен”  (1967),  “Құм  жұтқан    кемелер” 
(1967)  сынды  алғашқы  прозалық  кітаптарында  – 
Қызылқұм мен Сырдария өңірі, тарих пен тағдыр, туған 
жер әуендері, уақыт-кеңістік қатынастары, салт-дәстүр 
өнегелері, кейіпкерлердің жан әлемі, қимыл-әрекеттері 

24
өзіндік  белгі-ерекшеліктерімен  есте  қалады.  Өмір-
уақыт,  диалектика  заңдылықтары  қоғамдық-кезеңдік 
сипатымен,  қоршаған  орта  мен  болмысқа  сай  көркем 
hәм пәлсафалық қырларымен әсерлі, бедерлі беріледі.
Басты  байқалар  жайт:  Д.Досжан  архив-тарих 
қойнауларын  жіті  зерделеп,  өмір-тұрмыс  сырларына 
еркін  бойлап,  адам  әлеміне  терең  үңіліп,  сол  арқылы 
қоғам-кезең сипаттарын, көзқарас эволюциясын, уақыт 
ағымын  байыпты  бажайлайды.  Тарих  тағылымына, 
тұғырлы тұлғалар тағдырына, ғажайып ғұмыр иелеріне, 
кейіпкерлер әлеміне шығармашылық сипат беріп, оның 
қайсыбіріне де сергек, ойлы, мінезді қалып танытады. 
Мұның өзі: “Адамның басына қонған бақыттың тұрақты 
болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты” (әл Фараби) 
екенін айқын аңғартады.
Ал, “Зауал”, “Дария”, “Табалдырығыңа табын” сынды  
трилогиялық туындылар  табиғатына ел-жер тағдыры, 
Арал  теңізінің  аспанға  ұшуы,  Сырдария  суының 
тартылуы,  құм  көшкіні,  адам  мен  оның  еңбегі,  қилы 
кейіпкерлердің қым-қуыт өмір соқпақтары (Мақұлбек, 
Доскей, Батыр), ауыл қарттарының (Мүлкімен, Нағанай, 
Құлшығаш)  өмір  мұраты,  т.т.  жатқызған  жөн.  Кітап 
авторы ауыл адамын, оның адал еңбегін, өмір мұратын, 
ел-жерге көзқарасын, келешекке үміт-сенімін қоғамға, 
ортаға  аса  қажет  маңызды  мәселе  ретінде  қозғайды. 
Мұның  бәрінен  автордың  азаматтық  көзқарасы,  ел-
жерді,  өмір-тұрмысты,  жалпы  айнала-әлемде  болып 
жатқан өзгеріс-құбылыстарды терең танып-біліп мәнді, 
түйінді  ойлар  қозғайтындығы  танылады.  Тақырыпқа 
түрлі қырынан келіп, қоғамдық-әлеуметтік сипаттарын, 
әдеби-тарихи негізін, көркемдік-пәлсапалық арналарын 
әсерлі ашады. Жазушы еңбегі мен мұраттарынан ортақ 
сипат, сырлар танылады.

25
Басшылыққа алар тірегіңіз



Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет