Ландшафттану



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата24.03.2017
өлшемі2,39 Mb.
#10132
  1   2   3   4   5
10132

Л. Ж. Ерубаева

ЛАНДШАФТТАНУ

Павлодар

Қазақстан Республикасыныи Білім және ғылым миниирлігі

С. Тораигыров атындагы Павлодар мемлекеггік университет!

л. 


Ж.  Ерубаева

ЛАҢДШАФТТАНУ

Оқу құралы

Павлодар

Кереку


2016

ӘОЖ 712 (075.8)

КБЖ 26.82я73 

Е75'

С. Тораиғыров атындағы Павлодар мемлекеттік 

университетінің Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды

Пікірсарапшылар:

Б.  3.  Жумадилов  —  биология  гылымдарының  кандидаты, 

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының доценті;

Ш.  Ш.  Хамзина  —  педагогика  гылымдарының  кандидаты, 

Инновациялық Еуразия университетінің доценті;

М. А. Алькеев — PhD докторы, қауымдастырылған профессор.



Ерубаева JI. Ж.

575 Ландшафттану : оқу құралы 

Кереку, 2016. -  52 б.

ISBN 978-601-238-585-4

Бұл 

оқу 


құралында 

ландшафттанудың 

даму 

кезеңдері, 



ландшафтты  кұрастырушы  компонентгер  мен  ландшафт  түзуші 

факторлар,  ландшафт  морфологиясының  ерекшелігі  сипатталып, 

физикалық-географиялық  аудандастыру  ұғымы  қарастырылады.  Бұл

оқу  құралы 

5В060900-география 

мамандығының  студенттеріне 

арналгаД—.........   ~



атындағы

Іэкэдөмик  0«f

атындағы  f

Т   Й

і ь Л

ОЖ 712 (075.8) 

КБЖ 26.82я73

-   “   —   ----- — —  ©  Ерубаева  Л. Ж., 2016

ISBN978-601-238-585-4 

© С. Торайғыров атындагы ПМУ

Материалдың дұрыс болуына, грамматнкалык жэне орфографиялык қателерге

авторлар мен құрастырушылар жауапты



Жер  бетіндегі  жаратылыс  жагдайы  эр  түрлі  территориялық 

табигат  кешендерінің  ерекшеліктерін,  олардың  кұрамын,  байланысын 

бір-біріне  тигізер  эсерін,  құрамдас  бөліктерінің  өзара  орналасу 

заңдылыктарын  ландшафттану  гылымы  зерттейді.  Неміс  тілінен 

аударганда ландшафт -  жердің сыртқы  көрінісі деген мағына береді.

Ландшафт  дегеніміз  —  геологиялык  негізі,  жер  бедері,  климат 

жағдайы,  гидрологиялық  режимі,  топырак  жамылғысы,  өсімдіктер 

мен  жануарлар  дүниесінен  тұратын  биоценоздары  бірдей  болып 

келетін біртекті территориялық кешен.

Ландшафттану  пэнінің  негізгі  мақсаты  —  табиғи  объектілер

туралы  білімімізді  жетілдіру.  Ландшафттану  пәнінің  қажеттілігі

біріншіден  табиғат  ресурстарын  дұрыс  пайдалануға  үйретеді.

Ландшафттану  пэінің  негізгі  бір  бағыты  табигат  пайдаланудагы

әлемдік  экологиялық  мәселелерді  зерттеп  одан  шығу  жолдарын 

көрсету.

Ландшафттану 

міндеттеріне 

ландшафтылардың 

түзілу 

заңдылықтарын, 



кұрылымын,  дамуын,  эволюциясын,  аймақтың 

лифференциацияын  жэне  ландшафт  интеграциясын  анықтау  кіреді, 

сонымен  катар  олардың  компоненттері  мен  бөліктері  арасындағы 

өзара  ішкі 

байланысты,  зат 

пен  энергия 

алмасуды,  табиғи 

факторлармен  адам  әрекеті  әсерінен  пайда  болатын  ландшафт 

қасиеттерінің өзгерістерін анықтау кіреді.

Кіріспе


3

1 Ландшафттану үғымыиың  калыптасу тарихы

1.1  Ландшафттанудың объектісі және зерттеу  пәні

Ландшафттану  объектісі  -   ландшафттық  сфера  және  оның 

кұрылыстық бөлімдері  ландшафттар.  «Ландшафттык сфера»  терминін 

1950  жылы  Ю.  К.  Ефремов  енгізген.  Ландшафттык  сфера  -   бұл 

құрлықта  -   атмосфера  және  жер  қыртысының,  ал  теңізде  -  

кұрлықтың,  су  калыңдығы  жэне  атмосфераның  тікелей  өзара 

әрекеттесудің  зонасы.  Ландшафттық  сфера  географиялык  кабықтың 

биологиялық  фокусын  білдіреді.  Ландшафттык  сфера  -   құрлықты, 

мұхитты, 

мұз 


жамылғысын 

жауып 


жатқан 

ландшафт 

компоненттерінің жиынтыгы.

Құрлықта  ландшафттык  сфераның  куатылығы  полюстерден 

экваторга  қарай  өседі.  Арктикалық  шөлдер мен  тундрада -  5-10  м,  ал 

тропикалық белдеуе  100-150 м.

Ландшафттык сфера құрылысы:

- территориалды және аквальді ландшафттар;

- материктер мен мұхиттардың ландщафттары;

- ландшафттык зоналар және зонашықтар;

-  физикалық-географиялық  елдер,  провинциялар,  облыстар, 

аудандардың ландшафттары.

Ландшафт  кұрлысының  морфологиялық  бірліктері:  ландшафт, 

жергілікті жер, қоныс, фация.

Ландшафт  -   бұл  бір-бірінен  өзінің  қасиеттерімен  ерекшеленетін 

табиғат компоненттерінің өзарабайланысының нэтижесінде ландшафт 

сферасының  шегінде  негізделген  үш  өлшемді  кеңістікті-уакыттық 

біртұгас жүйе.

Ландшафттанудың зерттеу пәні:

1)  ландшафттар  қасиеттері  табиғатгы  кұрастырушы  және 

табигатты пайдалану объектілері ретінде;

2) ландшафттардың кеңістіктік ұйымдастырылуы;

3)  уакытша  ұйым  (генезис,  функционалдығы,  динамикасы, 

жағдайы және дамуы);

4) 

ландшафт 



табиғи-шаруашылық 

территориялық 

жүйе 

(антропогендік  ландшафттар).  Сырткы  эсерлерге  ланндшафттардың 



тұрақтылыгы, табиғи-ресурстық потенциал, ландшафт функциялары;

5)  Ландшафттардың  тұрақты  дамуы.  Мәдени  ландшафттардың 

қалыптасуы.

Ландшафттанудщың ғылымдар жүйесіндегі орны:

-  географиялык  ғылымдар  кешенді  және  компонентті  болып 

бөлінеді;

4


ландшафттану  -   кешенді  гылым.  Географиялық  ғылымдар 

теориясь^

ландшафттану,  жер  қабығыньщ  құраушы  бөліктері  ретінде  әр- 

түрлі  көлемдегі территориалды және аквальді геожүйелерді зерттейтін 

жертану  жэне  аймақтық  физикалық  геофафиямен  бірге  жалпы 

физикалық географияның бір бөлігі болып табылады.

Қазіргі ландшафттанудың қдоылысы:

теориялық  ландшафттану  (жалпы  ландшафттану,  ландшафттық 

елтану,  ландшафт  морфологиясы,  ландшафт  түрлері  мен  жіктемесі, 

ландшафт 

геофизикасы, 

ландшафт 

геохимиясы, 

ландшафт 

биофизикасы, 

ландшафт 

эстетикасы, 

ландшафт 

экологиясы, 

палеоландшафтгану, аквальді ландшафттану);

әдістемелік  ландшафттану  (далалық  ландшафттық  зерттеулер

эдісі, ландшафттанудағы  математикалық әдістер,  ГАЖ технологиялар 

және т.б.);

қолданбалы  ландшафттану  (мелиоративті,  агроландшафттану,

урболандшафттану, 

ландшафттық 

мониторинг, 

геоэкологиялық 

экспертиза, ландшафттық дизайн).

Ландшафттану эдістері:

- философиялық әдістер: диалектикалық, анализ жэне синтез т.б.;

- жалпы ғылыми:  жүйелік, тарихи, математикалық, экологиялық, 

экспертті, картографиялық;

- нақты ғылыми.



1.2 Ландшафттану ілімінің даму кезеңдері

«Ландшафт» термиині  немістің «die Landschaft» пейзаж, өлке, ел,

провинция  деген  сөзінен  шыққан.  Бұл  терминді  1805  ж.  Г.  Гомейер

алғаш  қолданган.  «Ландшафттану»  терминін  1884  жылы  О.  Опель

және  И. 

Виммер  ұсынган.  Бірақ  ландшафттану  3.  Пассарг,

В.  В.  Докучаев,  Л.  С.  Берг  еңбектерінің  нәтижесінде  гылым  ретінде 

дамыды.


Ландшафттанудың даму кезеңдері:

1) ландшафт, компоненттердің өзара байланысы деген ой пікірдің

қалыптасуы  (XIX ғ.  аягы -   1930 ж.).  В.  В. Докучаевтың географиялық

кешен  туралы  идеясы.  Ландшафт  туралы  ілім  В.  В.  Докучаев  және

оның  шәкірттері  (Г.  Н.  Высоцкий,  Г.  Ф.  Морозов,  О.  О.  Борзов,

Л.  С.  Берг,  А.  Н.  Краснов,  Р.  И.  Аболин  жэне  т.б.)  идеяларының  одан 

әрі дамуы болып табылады.

Орыс  тілдес  кеңістікте  «ландшафт»  терминін  1913  жылы 

Л.  С.  Берг  қолданған,  сонымен  катар  осы  жылды  ландшафттанудың 

гылым ретінде туындауымен байланыстырады.

5


О. 

О.  Борзов  географиянын  негізгі  объектісі  территориялык 

кешен  деп  ойласа,  Г.  Н.  Высоцкий  генетикалык  бір  тұтастылыгымен 

ерекшеленетін жер бетінің жеке территорияларын бөлуді ұсынды;

2)  ландшафт  морфологиялык  бірліктердің  жүйесі  ретінде  (1930- 

1960  жж.).  Ландшафт  морфологиясынын,  ландшафттық  зерттеулер 

әдістерінің  даму  кезеңдері.  Мәні:  ландшафт  жүйелі  бір  тұтас 

территориялык  бірліктерден  (фация,  коныс,  жергілікті  жер)  тұрады. 

1945  жылы  Л.  С.  Берг  фация  ұгымын  енгі^ді.  Ал  Л.  Г.  Раменский 

30-шы  жылдары  ландшафттың  аудандық  ұғымын  калыптастырып, 

коныс және эпифация терминдерін енгізді.

1948 


жылы  Николай  Адольфович  Солнцев  ландшафттың 

морфологиялык  кұрлысының  ілімін  қалыптастырды.  А.  Г.  Исаченко, 

Ф.  Н.  мильков,  К.  И.  Геренчук,  К.  Г.  Раман,  Г.  Е.  Гришанков 

зерттеулерін  одан  әрі  дамытты.  Осы  кезеңде  ландшафтанудың  жаңа 

бағыттары 

— 

ландшафт 



геохимиясы 

(М. 


А. 

Глазовская,

A.  И.  Перельман)  және  биогеоценология  (В.  Н.  Сукачев)  дамыды. 

60-шы  жылдары  бірнеше  колданбалы  жұмыстар  жүргізілді:  ауыл 

шаруашылыкка 

байланысты, 

аудандық  жоспарлау  жұмы стары, 

демалыс  зоналарын  кұру,  судың беткі  ағындарын зерттеу жұмыстары, 

медециналық география, геологиялык және тоңдық түсірілімдер;

3)  Лан.дшафтты  геожүйе  ретінде  қарастыру 

(1960-1970  жж). 

Геожүйелер  туралы  ілімді  калыптастырган  Виктор  Борисович  Сочав 

(1963  ж.).  Бұл  ілімді  одан  эрэ  дамытушылар  В.  С.  Преображенский,

B.  Н.  Николаев, Д. А.  Арман, Г. Е. Гришанков және т.б. Ландшафттың 

біртұтастылық  касиеттері  айқындалды,  ішкі  және  сыртқы,  тікелей 

және  кері  байланыстар,  ландшафттың  өзіндік  ұйымдастырылуы  және 

сызықтык 

еместігі, 

ландшафыт 

геожүйелерінін 

тұрактылыгы, 

ландшафттың даму болашагы және т.б. карастырылды;

4)  Ландшафт  динамикалык  жүйе  ретінде.  Бұл  кезең  ландшафт 

динамикасының 

зерттелуімен 

(1970-1991 

жж.) 

сипатталады. 



Геожүйелердің 

инварианттылығы 

туралы 

ой 


калыптасты 

(В.  Б.  Сочав).  Ландшафт  динамикасын  зерттеу  үшін  жаңа  эдістер 

карастырылды:  кешенді  ординациялар  (В.  Б.  Сочава,  А.  А.  Крауклис), 

геомассалық 

әдіс 

(Н. 


Л. 

Беручашвили), 

геофизикалык 

(Н.  Л.  Беручашвили,  К.  Н.  Дьяконов,  Г.  П.  Миллер),  кешенді 

ландшафттық (И. И. Мамай).

Осы  кезеңде  адамның  ландшафтка  эсер  ету  мэселелері  алдыңғы 

қатарга  шыкты.  Жана  гылыми  багыт  — антропогендік  ландшафттану 

калыптасты. Оньщ негізін салушы Ф. Н. Мильков;

5)  Ландшафт  гылымының  казіргі  кезеңі.  Ландшафт  интефальді 

табиги-шаруашылық жүйе  (1991-2006 жж.).  Ландшафттык зерттеулер

6


Ш



 В  Ш Ш Ш Ш

і

 ■

* s r  В

■■

■ н и  ш

ш

і

£

т

£

“=

  ■

  ■

  =

;

^ ш т т М т  

1

 



"  И Г —

—  


—  -  

-   -  


---------- — —  - -  

* v

даму үстінде (В. А. Николаев).



7



Ландшафта ну  компоненттері,  ландшафт  калыптастырушы 

факторлар жопе ландшафт морфологиясы

2.1 

Ландшафтты 

күрастырушы 

компоненттер 

жэне 

калыптастырушы факторлар

Ландшафт белгілі бір заңдылық бойынша әрекет ететін  көптеген 

факторлардың  әсерімен  калыптасады,  дамиды.  Қалыпты  жағдайда 

ландшафт  кұрайтын  факторлардың  әрекеті  белгілі  бір  шеп  бойымен 

қайталана  береді  де,  ландшафтысын  кұрайтын  кұрамдас  бөліктер 

бірімен  -   бірі  үйлесім  тауып,  динамикалык  тепе-теңдік  калпын 

сақтайды. 

Кейде 


барлық 

факторлар: 

ауа 

ылгалдылыгы, 



температуралық  режимі,  жауын  -   шашыннын  жылдык  мөлшері, 

топырақ  құнары,  т.б.  орташа  жылдык  көрсеткіштерінен  ауыткымаса 

да, ландшафт өзгерісінен төтенше  кұбылыс байқалып калады.

Ландшафттың 

түзілуі 

әр 


уакытта 

геологиялык 

-  

геоморфологиялык факторлардың  әрекет етуінен  басталады.  Олардын 



сипаты  азоналы  болып  келеді.  Геологиялык  -   геоморфологиялык 

факторларға  жер  бетінің  құрлықтык  жондар  мен  мұхит  шараларына 

бөлшектенуі,  жер  беті  жыныстарының  кұрамы,  кұрлык  бетінің  жасы, 

бедері,  тау  жоталарының  биіктігі,  беткейлерінің  көрінісі,  еңістігі  т.б. 

жатады.

Жер бетінің кұрлыктық жондар мен мұхиттық шаралары бөлінуі 



ландшафтыны  бөліктерге  бөлінетін  заңдылыктың  негізгі  факторы

болып саналады.

Таулы  аймақтар  жыныстық  айырмаларымен  бірге  аскар  биік, 

керілген  кең,  сом  тұлғалары  аркылы  ландшафтты  айкындап  тұратын 

тоскауыл  рөлін  аткарады.  Тау  жоталарының  жел  өтіне  бағытталған 

беткейлері  сырттан  келген  ауа  агымының  ылгалын  тосып  калады  да, 

гумидті  ландшафтының  калыптасуына  колайлы  жағдай  туғызады,  ал 

желдің ығындағы беткейлерде аридті ландшафтысы калыптасады.

Су  жэне  климат  факторлары  кешеніне  теңіз  ағыстары,  жер  беті 

мен  жер  асты  суы,  күн  энергиясы  мен  жауын  -   шашын  жатады. 

Алғашкы  екеуі  азоналы,  соңгылары  зоналы  жүйедегі  ландшафтысын 

қалыптастырады. 

Теңіз 

агыстары 



-  

жылу 


мен 

ылғалдың 

зоналылығына  өзгеріс  енгізетін  фактор.  Жер  беті  мен  жер  асты  суы 

жаратылысына  карай  зоналы  фактордын  -   жауын  -   шашыннын 

туындысы  болып  саналады.  Бірақ  олар  ландшафтының  түзілуінде 

интразоналы  фактордың  рөлін  аткарады.  өзен,  көл  маңы  және  жер 

асты  суының  жер  бетіне  шыккан  көздерінде  ылғал  қоры  жеткілікті 

болгандыктан,  шөл,  шөлейт, дала,  орманды  дала  зоналарында  оазисті 

ландшафтысы калыптасады.

8


Оаэистер  саялы  көк  —  жасыл  көркімен  ерекшеленіп  тұрады.

Күннен  келетін  жылу  энергиясы  —  жердегі  барлық  экзогенді

геоморфологиялық  процестерді  дамытушы  фактор.  Оның  мөлшері

жеР шары бойынша бірдей емес және жер беті, мұхиттық шаралар мен

кұрлықтарға  бөлінуіне,  құрлық  беті  жыныстарының  литогенді

құрамына,  өсімдік  жамылғысына,  жер бедері  пішініне  қарай  әр  жерде

ӘР  түрлі  мөлшердегі  жылу  баланысы  түзіледі.  Дегенмен,  ол 

экватордан полюстерге қарай кеми береді.

Осыған  орай  жер  беті  ландшафтысы  географмялық  белдеу, 

геофафиялық зона және оның бөліктері жалпы географиялық зоналық 

заңдылықпен түсіндірілетін процестердің нәтежиесінде пайда болған.

Ландшафтының 

түзілуі 

әр 


уақытта 

геологиялық- 

геоморфологиялык 

факторлардың 

әрекет 

етуінен 


басталады. 

Олардың 


сипаты 

азоналы 


болып 

келеді. 


Геологиялық- 

геоморфологиялық  факторларга  жер  бетінің  құрлықтық  жондар  мен 

мұхит  шараларына  бөлшектенуі,  жер  беті  жыныстарының  құрамы,

құрлық бетінің жасы,  бедері,  тау жоталарының биіктігі,  беткейлерінің 

көрінісі, еңістігі т.б. жатады.

Жер  бетінің  қүрлықтык  жондар  мен  мұхиттық  шараларға 

бөлінуі  ландшафттарды  бөліктерге  бөлетін  зандылықтың  негізгі 

факторы  болып  саналады.  Басқаша  айтқанда,  климат  мұхиттан 

қашыктаған  сайын  континентті,  немесе,  мұхитқа  жакындаған  сайын 

теңіздік  климат  болып  қалыптасады.  Климаттың  ерекшеліктеріне 

карай  ландшафтының  басқа  да,  әсіресе  биогендік  құрамдас  бөліктері 

секторлық  (бөлік)  багытта  бөлінеді.  Жылу  мен  ылгалдың  бойлық 

багыттардағы әр түрлі мөлшерлерде бөлінулерінің айқын  мысалдарын 

Исландия минимумы мен Сібір максимумдарының әсерлерінен  көруге 

болады.  Мұхиттар  мен  құрлықтардагы  ауа  массасының  климатқа 

тигізетін  әрекетіне  қарай  Еуразия  құрлығыньщ  ландшафтысы  төрт 

бөлікке  бөлінеді.  Алгашқысына  Батыс  Еуропа  жатады.  Мұнда Атлант 

мұхитының әрекеті байқалады.  Екіншісі -  Шыгыс Еуропа.  Бұл бөлікте 

ауа 

массасының 



батыстан 

шығысқа 


карай 

ауысуы 


айкын 

байқалғанымен,  ландшафтының  калыптасуында  континентті  ауа 

массасының  әрекеті  басым  болады.  Үшіншісі  -   Орта  және  Шыгыс 

Сібір  жерлерін  қамтып,  Сібірлік  бөлікке  жатады.  Мұнда  ландшафт

мәңгі  тоң  жагдайында  қалыптасқан.  Төртінші  -   Шыгыс  бөлігі 

муссонды ауа массасымен ерекше көзге түседі.

Жер  беті  жыныстарының  литогенді  курамы  жер  асты  және

топырақтагы  судың  режимін  топырақ  кабатының  тұздылыгын, 

механикалық құрамдарын түрлендіре түседі.

Атап  айтқанда,  жазык  жерде  жер  беті  жынысының  литогенді

9


құрамы  саздакты,  кұмды  келеді.  Соган  орай  сазды  жынысты  жерде 

зоналы  ландшафтыны  сор,  құмды  жынысты  жерде  шагылдар  ерекше 

көріктендіреді.

Тауда  жер  беті  жынысынын  литогендік  кұрамы  өте  күрделі 

бопады.  Ол  тасты  шөгінді  жыныстар  мен  жанартаулык  кұрамдас 

бөліктердің 

катпарлы-жақпарлы 

қабаттарынан, 

кесектасты 

блоктарынан  тұрады.  Сондықтан  жер  беті  жыныстарының  топырак 

пайда  болатын  қабаты  жартасты,  қорымтасты,  киыршыктасты  болып 

келеді.


Жер  беті  жыныстарының  осындай  әр  түрлілігі  сол  өңірдің 

ландшафтысын  күрделендіреді.  Халқымыз  табитаттың  осындай 

ерекшеліктеріне  үлкен  мән  берген.  Бұган  Қызылтас,  Сарытау, 

Ақшокы,  Қаракия,  Акжон  сияқты  көптеген  жер  аттары  дәлел  бола 

алады.  Таулы  аймактар  жыныстық  айырмаларымен  бірге  аскар  биік, 

керілген  кең,  сом  тұлғалары  аркылы  ландшафтты  айкындап  тұратын 

тоскауыл  рөлін  атқарады.  Тау  жоталарының  жел  өтіне  багытталган 

беткейлері  сырттан  келген  ауа  агымының  ылғалын  тосып  қалады  да, 

гумидті  ландшафтының  қалыптасуына  қолайлы  жағдай  тугызады,  ал 

желдің  ыгындағы  беткейлерде  аридті  ландшафтысы  калыптасады. 

Мәселен,  Іле  Алатауының  терістігі  гумидті  ландшафт,  ал  оның 

қарсысындағы  Күнгей  Алатауының  күнгей  беткейі  желдің  ыгында 

жаткандықтан, аридті болып келеді.

Тау  жоталарының  ландшафтысын  айқындауға  тигізетін  эсері 

барлық  географиялық  белдеулерде  бірдей  бола  бермейді,  ол  ауа 

массасы  айналымының  багытына,  таудың  биіктігіне,  орналаскан 

жеріндегі  климат  жагдайына  байланысты  болады.  Еуразияның 

шығысындағы таулар  меридиан  багытында орналаскандыктан, Тынық 

мұхиттан  муссонды  тосады  да,  Арктиканың  суык  ауа  массасынын 

ауысуына  эсер  етпейді.  Орал  таулары  онша  биік  болмагандыктан, 

батыстан  соғатын  желдің  де,  Сібір  антициклонынын  да  екпінін  баса 

алмайды.  Іле  Алатауы  мен  Алтай  тауларының  биіктік  айырмасы 

болмаса  да, 

карсы 


беткейлі  лан  беткейлерінің  ландшафттык 

белдеулері  бір-біріне тіптен ұксамайды,  ал Алтай тауларының ылғалы 

жеткілікті  болғандыктан,  ондағы  қарсы  беткей  ландшафт  айырмасы 

онша күрделі емес.



Тау  беткейлерініц  көрінісі  де  ландшафт  айырушы  фактордың 

рөлін  аткарады.  Күнгей  беткейге  күн  сәулесі  көп  түсетіндіктен,  жылу 

балансы 

артып, 


ылғал 

балансы 


кемиді, 

жылу 


мен 

ылғал 


баланстарының  ауыткуы  артады  да,  ландшафтысы  аридті  багытта,  ал 

теріскей  беткейде  жылу  балансы  кеміп,  ылгал  балансының  артуына 

байланысты  жылу  мен  ылгал  қатынасы  үйлесімді  болгандыктан,

10


ландшафаысы  гумидті  бағытта  дамиды.  Тау  беткейлері  көрінісінің 

айырмасы  қоңыржай  белдеуде  гана  айқын  байқалады,  ал  ыстық  және 

суық  белдеулерде  онша  жақсы  байқалмайды.  Ыстық  белдеуде  күн 

сәулесі  жер  бетіне  66-90  градус  бұрышпен  түскендіктен,  қарсы 

беткейлердің жылу балансында айырма болмайды. Суық белдеуде күн 

көкжиектен  онша  биікке  көтерілмейді,  сондықтан  одан  келген  жылу 

мөлшері  мардымсыз  болады.  Осыған  байланысты  қарсы  беткейлердің 

жылу  балансы  айырмасының  практикалық  мәні  жоқтың  қасы. 

Көптеген 

жагдайда 

тау 

беткейлерінің 



циркуляциялық 

жэне 


инцоляциялық  әрекеті  қатар  дамиды.  Мүндайда  тау  жоталарының 

ландшафт  айыру  әрекетінің  қарқынын  арттырып,  қарсы  беткейлердің 

ландшафт айырмасы айқындала түседі.

Тау  жоталарының  ландшафт  айыру  әрекетінің  қарқыны  тау 

беткейлерінің  еңістігіне  де  байланысты.  Беткейлері  жатық,  Карпат 

таулары  ландшафтысының  айырмашылыгы  шамалы.  Тянь-Шань 

тауларынын 

беткейлері 

тік, 

еңіс 


болғандықтан, 

етегіндегі 

жазықтардан  тік  көтерілген  ауа  тез  суынады  да,  шық  нүктесі 

белдеуіндегі  (1600-2200  м)  бұлттылықты,  жауын-шашын  мөлшерін 

молайтады.  Шық  нүктесі  белдеуінің  үстіндегі  ауа  құрамында  ылғал 

өте  аз  болады,  ол  қарсы  беткейге  ылгалсыз  құргақ  күйінде  ауысады. 

Бұл 

айтылғаннан 



Тянь-Шань 

тауларының 

қарсы 

беткей 


ландшафтысының ұқсас қүбылыс болмайтындығын түсіну қиын емес.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет