Лауазымдық міндеттері


Білім беру ұйымдарының әлеуметтік педагогі



бет9/12
Дата26.10.2022
өлшемі77.65 Kb.
#45418
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Білім беру ұйымдарының әлеуметтік педагогі


84. Лауазымдық міндеттері:
жеке тұлғаның психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін және оның шағын ортасын, өмір сүру жағдайларын зерделейді, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің мүдделері мен қажеттіліктерін, проблемаларын, жанжалды жағдайларын, мінез-құлқындағы ауытқуларды анықтайды және оларға әлеуметтік көмек пен қолдауды уақтылы көрсетеді;
әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың міндеттерін, нысандарын, әдістерін, баланың жеке және әлеуметтік проблемаларын шешу тәсілдерін айқындайды, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке басының құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда әлеуметтік қорғау және әлеуметтік көмек бойынша шаралар қабылдайды;
білім алушылар, тәрбиеленушілер және ұйым, отбасы, орта, әртүрлі әлеуметтік қызметтердің, ведомстволар мен әкімшілік органдардың мамандары арасында делдал болады;
жеке тұлғаның қоғамдағы өмірге бейімделуін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарында және тұрғылықты жері бойынша білім алушыларды, тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, білім беру, дамыту және әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асырады;
жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, кемтар балалардың, мүгедек балалардың, бала кезінен мүгедектердің патронат, тұрғын үймен, жәрдемақылармен, зейнетақылармен, мүліктік және мүліктік емес құқықтармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
сабақтан тыс уақытта білім алушылардың, тәрбиеленушілердің таланттарын, ақыл-ой және дене қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасайды;
әлеуметтік ортада адамгершілік, адамгершілік сау қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді;
білім алушылар, тәрбиеленушілер және мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік қызметтер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді;
педагогтармен, ата-аналармен және өзге де заңды өкілдермен өзара іс-қимыл жасайды;
білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың, тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
білім беру ұйымдарында білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеуге, бекітуге және іске асыруға қатысады;
білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
85. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдары және білім беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;
педагогика және психология, физиология, гигиена;
тәрбие жұмысының әдістемесі, үйірмелер, секциялар, студиялар, клубтық бірлестіктер сабақтарының бағдарламалары;
педагогикалық этиканың нормалары;
балалар ұжымдары, ұйымдар мен қауымдастықтар қызметінің негіздері;
еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
86. Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары педагогикалық білімі немесе "Әлеуметтік педагог" бағыты бойынша кәсіптік білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс стажына талап қойылмайды;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде әлеуметтік педагог лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл, педагог – сарапшы үшін-кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл және педагог-шебер лауазымындағы жұмыс өтілі – 5 жыл.
87. Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог-модератор":
"педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
озық тәжірибені үйрену, оны тәжірибеде қолдану;
оқу-тәрбие жұмысын талдау дағдысының болуы;
білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысу;
2) "педагог-сарапшы":
"педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:
тәрбие жұмысын талдау әдістерін қолдану;
шығармашылық семинарларға жетекшілік ету;
озық тәжірибені енгізу;
3) "педагог-зерттеуші":
"педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:
ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыс әдістерін қолдану;
жаңа әлеуметтік-педагогикалық бағдарламалар, педагогикалық технологиялар әзірлеу;
оларды апробациялау бойынша жұмыс жүргізу;
әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелерін әзірлеу бойынша шығармашылық топтардың жұмысына басшылық ету;
4) "педагог-шебер":
"педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:
ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыс әдістерін қолдану;
жаңа әлеуметтік-педагогикалық бағдарламалар, педагогикалық технологиялар әзірлеу;
оларды апробациялау бойынша жұмыс жүргізу;
әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелерін әзірлеу бойынша шығармашылық топтардың жұмысына басшылық ету;
облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-те мақұлданған әдістемелік материалдардың болуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет