Лекции по дисциплине «Web-технологии» Целью курса «Web-технологии» является обучение методам проектирования приложений для использования в среде Интернет, а


Дәріс №5. Интернеттегі web серверлер. Web – сервер



Pdf көрінісі
бет10/22
Дата09.09.2022
өлшемі0,93 Mb.
#38729
түріЛекции
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22
5 Дәріс №5. Интернеттегі web серверлер. Web – сервер 
жұмысының механизмі. Статистикалық және динамикалық беттер. 
CGI технологиясы. Скриптер 
Дәрістің мақсаты: интернеттегі web-серверлер жұмысының 
механизмімен, функцияларымен, статистикалық және динамикалық web-
беттермен, CGI технологиясымен танысу.
Дәрістің мазмұны: статистикалық және динамикалық беттер. CGI- 
технологиясы. Скрипт программа. 
Web-сервердің функциялары. 
Web-сервердің басты тапсырмасы қолданушылардан HTTP-сұраныс 
қабылдау, сұраныстарды өңдеу және оларды сандық компьютерлік кодқа 
айналдыру. Содан кейін, HTTP-жауапты миллиондаған нөлдер мен бірлерді 
кескінге, медиа-ағынға, әріптерге, HTML парақтарға айналдырады.
Кез келген веб сервер қолданушыға ыңғайлы болатындай веб браузері 
болғаны дұрыс. Ол веб серверге интернет ресурстардың URL-адресқа 
өзгертілген сұраныстарды жібереді. 
Стандартты функциялармен қатар, кейбір веб серверлердің 
қосымшалары болады. Мысалға алатын болсақ, сәйкес келетін 
программалық қамтамалар
ресурсқа қолданушының қатынас жасауын 
бақылап отырып, оларды жеке журналға жазуы мүмкін.
Көп жағдайда веб 
сервер мэйл сервермен бірге орнатылады.
Бұл қолданушыларға сайттың 
өзінен тікелей, бір ғана гиперсілтемені баса отырып поштаның бетіне тез 
арада өтуге мүмкіндік береді.


25 
Веб сервер не үшін қажет? 
Жоғарыда атап өткендей, веб сервер ақпарат алмасу үшін Интернет 
желісін қолданатын барлық қолданушылар үшін қажет.
Дегенмен, көп 
мөлшерде оған қатынас жасайтын адам емес, программалар мен 
құрылғылар. Мысалы, антивирустық программалар серверден желіден 
іздеуді және өзінің мәліметтер базасын жаңартуды сұрайды.
Веб 
серверлермен белсенді жұмыс жасайтын ұялы телефондар, теледидарлар, 
Интернетке қатынас жасай алатын басқа да құрылғылар. Программаларды 
автоматты жаңартуға баптауға болады. Бұл жағдайда қолданушының 
қажеттілігі болмайды. Кейбір жаңартылатын мәліметтер базасын жеке 
түрде қадағалап отырғаны дұрыс. 
Ең танымал веб серверлер. 
Атақты және кең таралған веб серверлар болып Microsoft IIS және 
Apache табылады. Осылардың арасында ең танымалы Apache. Оның 
программалық қамтамасы барлық бар болатындардың ішінен 60% 
қолданылады. Көп жағдайда бұл мүмкіндік Apache серверінің тегін 
болуына байланысты. Өндірушілер күнделікті өздерінің өніміндегі 
қателіктерін 
ретке 
келтіреді. 
Бұл 
программаның 
кемшілігі 
мамандандырылған программистер мен қолданушыларға арналған, сол 
себептен де болар қызмет көрсету және баптау біршама күрделі.
Microsoft компаниясы, керісінше, өзінің IIS веб серверін түсінуге 
қолайлы болатындай етіп, ортастатистикалық қолданушыларға дайындауға 
тырысып жатыр.
Олардың баптауын мамандардың көмегінсіз жүргізуге 
болады. 
Apache де, IIS де көптеген операциялық жүйелермен жақсы жұмыс 
жасайды. Мысалы, Mac OS, Linux, Microsoft Windows түрлі 
модификациясымен және т.б. көптеген түрлерімен. Бұл екі сервер жұмыс 
жасағанда ыңғайлы, жылдамдығы жақсы, оларға қосымша модульдерді 
қосуға болады.
Браузердің адрестік жолындағы қажетті URL-ді теріп болған соң
браузер пайдаланған протокол (HTTP) жөнінде мәлімет және сервер атын 
алады. Сервер атын IP- адреске ауыстыру үшін браузер DNS серверіне- 
жүгінеді. Алынған IP- адрес негізінде браузер ізделінді Web- сервермен 
байланыс орнатады және HTTP протоколын пайдалана отырып ізделінді 
ресурсты сұрайды. Сервер браузерге серверде сақталатын HTML бетін 
жібереді. Браузер HTML- тэгтерін оқу нәтижесінде сіздің компьютеріңіздің 
экранында бет ашалады, одан сіз өз сұранысыңыздың нәтижесін көре 
аласыз. Әдетте қарапайым Web беттерде тек текст қана емес графиктерден 
де тұрады, яғни әртүрлі типтегі бірнеше файлдан тұрады. Браузер ол 
файлдарды тану үшін, сервер қандай файлды (HTML форматындағы текст 
немесе JPG форматындағы графика және т.б) жіберу керек жөнінде мәлімет 
береді, содан соң файл мазмұны жіберіледі. Әдетте, Web беттер көптеген 
файлдардан тұрғанына қарамастан бір рет сұраныс уақытысынды Web 
сервер тек қана бір файлды жібереді. Яғни, html текст алып одан 


26 
графикалық элементке сілтеме тауып, браузер серверге жаңа сұраныс 
жібереді ( html текст келген серверге ғана жіберу міндетті емес). Әрбір жаңа 
файлды көшіріп алу үшін браузер жаңа HTTP сұранысын жіберу керек. 
Бұнда қазіргі серверлермен браузерлер көп ағынды режімде жұмыс 
істейтіндіктен бір мезгілде бірнеше сұраныс орындалуы мүмкін. Егер 
берілген адресте сұранып отырған ресурс жоқ болса онда Web сервер 
мынандай мәлімет береді: 404/File not found ( файл табылмады). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет