Лекции по дисциплине «Web-технологии» Целью курса «Web-технологии» является обучение методам проектирования приложений для использования в среде Интернет, а


 Дәріс №7. Интернеттің іздеу технологиялары



Pdf көрінісі
бет13/22
Дата09.09.2022
өлшемі0,93 Mb.
#38729
түріЛекции
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22
7 Дәріс №7. Интернеттің іздеу технологиялары 


31 
Дәрістің мақсаты: қажетті ақпаратты іздеу принциптерімен, іздеу 
машинасының жұмыс механизмімен танысу. 
Дәрістің мазмұны: қажетті ақпаратты іздеу принциптері. Іздеу 
машинасының жұмыс механизмі. Индексті құру. 
Web-тен іздеу. 
Интернетте миллиондаған сайттар бар, соның ішінде өзекті 
ақпаратпен қоса көптеген ескі қорлар орналыстырылған. Интернет – белгілі 
бір басқарушысы жоқ демократиялық ақпарат көзі болып табылады. Кез 
келген адам желіге өзінің қорын орналастыра алады. Қорытындылап 
келгенде, интернетте ақпараттың қайталанбауына, оның стандартқа сай 
келуіне көп адамдар мән бере бермейді. Желіде барлығы бар екені белгілі, 
бірақ желіден қажетті ақпаратты алу қиын. Яғни, мәліметті табу үшін, оны 
жақсы іздей білу керек. Осы бөлімде интернет желісімен жұмыс істейтін 
іздеу аспаптары сипатталып, іздеу жүйесінің жұмыс механизмі 
түсіндірілген, іздеу оптимизациясына практикалық түсініктеме берілген. 
Интернетте ақпаратты іздеуге арналған мынадай әртүрлі аспаптар 
бар: іздеу машиналары (поисковиктер), индекстелген каталогтер 
(рубрикаторлар), рейтингілер, метаіздеуіш жүйелер және тематикалық 
сілтемелердің тізімі, онлайн энциклопедиялары мен анықтамалар. Осы 
кезде әртүрлі үлгідегі ақпаратты табуда іздеу аспаптарының түрлі 
категорияларын қолдану тиімді болып келеді. Әр категорияны жеке 
қарастырайық. 
Индекстелген каталогтар. 
Каталог 
дегеніміз 
тақырыптары 
бойынша 
топтастырылған 
иерархиялық құрылым түрінде берілетін мәліметтер. Иерархиялық 
құрылымның бірінші деңгейіндегі тематикалық бөлімі «спорт», «демалыс», 
«ғылым», «дүкендер» сияқты кең тараған тақырыптардан тұрады. Ал әр 
бөлімнің бөлімшелері болады. Осылайша, біртіндеп каталог бұтақтары 
арқылы саяхат жасап, іздеу облысын кішірейте отырып, сіз өзіңізге керекті 
облысты дәл анықтай аласыз. Мысалы оқу орындарын іздеу барысында 
мынадай тізбек пайда болуы мүмкін: Білім-> Оқу орындары -> Жоғары оқу 
орындары ->Институттар
Қажетті ішкі катологты тапқаннан кейін, одан сілтемелер жинағын 
аласыз. Катологтарды программалар емес, адамдар құрастырғандықтан, 
катологтағы барлық сілтемелер профильді болып табылады. Егер сіз ортақ 
тақырыпта жалпы ақпарат іздесеңіз, онда каталогтарға қатынаған дұрыс. Ал 
егер сізге нақты бір құжатты табу керек болса, онда каталог тиімсіз іздеу 
құралы болып табылады. 
Желіде ортақ қолданылатын каталогтардан басқа, ерекшеленген 
каталогтар да бар. Егер де бір каталогта өте көп қор орналасса, онда оларды 
кең таралуына байланысты бірнеше бөліктерге бөлуге (ражнирование) 
болады. Мысалы, Яндекс каталогында бөліктеу басқа сайттардың біздің 
сайттағы сілтемелерінің индексімен жүргізіледі. 


32 
Желіде каталогтардан басқа рейтингтер де бар. Каталогтан рейтингтің 
айырмашылығы, мұнда қорларды тікелей оның иесі суреттесе, ал каталогта 
- авторы, демек оның редакторлары суреттейді. 
Сілтемелердің тематикалық жинағы. 
Сілтемелердің тематикалық жинағы – бұл кәсіби топтармен немесе 
жеке жинақтаушылармен құрылған тізімдер. Шектелген кәсіби тақырыпты 
ірі каталогтің жұмыскерлер тобына қарағанда сол жұмыстың кәсіби маманы 
жақсы ашуы мүмкін. 
Домендік атты теру. 
Каталог – бұл ыңғайлы іздеу жүйесі, бірақ егер сізге Intel немесе IBM 
компаниясының сервері керек болса, сіз каталогке қатынай алмайсыз. 
Сәйкес сайттардың атын табу қиын болмайды: www.intel.com, www.ibm.com. 
Сол сияқты, сізге егер ауа райына арналған сайт қажет болса, оны 
www.weather.com серверінен іздеген дұрыс болады. Көп жағдайларда 
кілттік сөз арқылы сайтты табу мәтінде көп кездесетін сөзден тұратын 
құжатты тапқаннан ыңғайлы. 
Іздеу кезінде танымалы емес компаниялардың адресінің атын ойдан 
тергенде, бірде-бір іздеу жүйесінде тіркелмеген сервермен байланыс 
орнатуы мүмкін болғандықтан, ол іздеудің басқа түрлерімен табысты 
бәсекелесе алады. Осыған ұқсас іздеулер тиімсіз, сондықтан ізделінетін 
сайттың атын таба алмайтын болсаң, іздеу машинасын қолдану керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет