Лекция №1 Лекцияның тақырыбы : т iл бiлiмi және оның салалары



бет79/83
Дата07.01.2022
өлшемі221.83 Kb.
#20567
түріЛекция
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83
Полисинтетикалы тiлдер. Полисинтетикалы тiлдердi инкорпоративтi тiлдер деп те атайды. Полисинтетика грек тiлiнiң poly – көп, synthesis – бiрiктiру, тiркестiру, құрастыру сөздерiнен алынған; қазiрде көп құрамды, көп мағыналы дегендi бiлдiредi; ал инкопоративтi латынның incorporatio – бiрдеменiң iшiне қосылып кету немесе оны өзiне қосып алу дегеннен шыққан. Сонда екi термин мағынасының басын бiрiктiрсек, сөздерi мен сөйлемi, негiзiнен, түбiр мен негiз сөздi өз iшiне қосып ала отырып, бiрiңғай, бiркелкi морфологиялық тұтастықтай болып көрiнетiн тiл атаулы дегендi бiлдiредi.

Дәлiрек айтсақ, мұндай тiлдердiң бүтiндей сөйлемдерi күрделi бiрер ғана сөздер болып келедi; дегенмен, олардың әр мүше – морфемасының грамматикалық сипаты болады; сөз – сөйлем iшiндегi негiзде, яғни бүтiн бiр тұтастықта етiстiк те, есiм де, аффикс те қатар жүредi; бiрақ олар бүтiн бiр тұтастық ретiнде жымдасып – кiрiгiп, бүтiндей бiр сөз – сөйлем ретiнде бiр-ақ айтылады. Олардың құрамында алдымен бастауыш, одан соң баяндауыш, олардың орталарында анықтауыш, пысықтауыштар кiрiге жымдасып келедi.

Полисинтетикалы тiлдерге палеоазиат тiлдерi (чукчи, коряк, ительмен, юкагир, нивхи, камчадал), американ индеецтерi тiлдерi (алгонкин, ирокез, дакота, атабас, ацтек, майя, киче, кекчи, гуаран, кечуа т.б.) жатады.

Палеоазиат тобына жататын нивх тiлiнде сөйлем негiзгi екi құрам мүшеден, мәселен, субъект пен предикаттан ғана құралады.

Полисинтетикалы тiлдерде аффикстер арқылы жасалған сөздер мен сөз тiркестерi де бар. Бiрақ ол тiлдерде – полисинтетикалы тiлдерде агглютинацияның ара – жiгiн ажырату өте қиын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет