Лекция №1 Социально-экономическая ситуация в Казахстане – предпосылки борьбы за независимость



Дата17.04.2023
өлшемі1,25 Mb.
#83466

Дәріс №8. «Саяси мәдениет пен мінез-құлық».

Дәріс сұрақтары

1.Саяси мәдениеттің түсінігі, мәні, құрылымдық компоненттері мен қызметтері, типологиясы.

2. ҚР-дағы саяси мәдениет – қазіргі жағдайы мен даму үрдістері.

3.Саяси мінез-құлық түсінігі, негізгі теориялары, жіктелуі. Саяси әлеуметтену: мәні, кезеңдері, үлгілері мен факторлары.

  • Саяси мәдениет – бұл саяси процесс субъектілерінің нақты қызметінде көрініс табатын және сабақтастық негізінде қоғамның саяси өмірін жасақтауды қамтамасыз ететін, тарихи қалыптасқан тұрақты құндылықтардың, ережелердің, наным-сенімдердің, мінез-құлықтар модельдерінің жүйесі.
  • Саяси мәдениет түсінігін алғаш рет ғылыми әдебиетке ХVIII ғасырда неміс философы Иоганн Гердер енгізді.
  • XX ғасырдың 50 жылдарының екінші жартысы – 60 жылдардың басында американ ғалымдары Г.Алмонд, С.Верба, Л.Пай өз еңбектерінде саяси мәдениет мәселесін кеңінен зерттеді.

Саяси мәдениеттің құрылымы:

  • Саяси сана мәдениеті. Саяси наным-сенімдер, саяси ережелер, саяси құндылықтар, дәстүрлер, салттар, нормалар;
  • Саяси мінез-құлық мәдениеті. Саяси қатынасу мәдениеті, саяси қызмет мәдениеті;
  • Саяси институттардың қызмет істеу мәдениеті. Электораттық процесс мәдениеті, әлеуметтік-саяси жанжалдарды қабылдау және реттеу мәдениеті, саяси шешімдерді шығару және жүзеге асыру мәдениеті.

Саяси мәдениет қызметтері:

  • Танымдық қызметі. Ол азаматтардың қажетті қоғамдық-саяси білімдерін, көзқарастарын қалыптастырып, саяси біліктіліктерін арттырады.
  • Интегративтік қызметі - өмір сүріп тұрған саяси жүйе және қоғамның таңдап алған саяси құрылысы шеңберінде ортақ қабылданған саяси-мәдени құндылықтар негізінде келісімге жету.
  • Коммуникативтік қызметі - саяси процеске қатысушылардың арасында байланыс орнатуға, сондай-ақ саяси мәдениет элементтерінің ұрпақтан ұрпаққа берілуіне және саяси тәжірибенің жинақталуына мүмкіндік жасайды.
  • Реттеушілік қызметі қоғамдық санада қажетті саяси құндылықтардың, ережелердің, мақсаттардың, мотивтердің, мінез-құлық нормаларының қалыптасуына және бекуіне ықпал етеді.
  • Тәрбиелеушілік қызметі азаматтардың толыққанды саяси тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасайды және адамдардың саяси әлеуметтенуіне әсер етеді.

Саяси мәдениеттің түрлері

  • Патриархалдық саяси мәдениет жергілікті құндылықтарға бағытталуымен сипатталады (кландық, тайпалық, рулық құндылықтар) және жергілікті патриотизм, туысқандық, сыбайластық түрінде көрініс береді. Азаматтардың саяси өмірге араласуы төмен деңгейде болады.
  • Бағыныштылық саяси мәдениетте азаматтардың саяси жүйеге қатынасы баяу және шеттетілген түрде болады. Олар дәстүрлерге иек артады, бірақ саяси саналы болып келеді. Көпшілік билікке бағынышты, одан бір қолдау күтеді (әлеуметтік жәрдемақылар, кепілдемелер), бірақ оның үстемдігінен қорқады.
  • Қатынасу мәдениеті саяси белсенділікпен, араласушылықпен және рационалдықпен ерекшеленеді. Азаматтар заңның көмегімен (сайлаулар, демонстрациялар) саясатқа және билікке ықпал етуге тырысады.
  • Саяси мінез-құлық - субъектілердің саяси тәжірибеге қатысты бағыты мен әрекетін көрсететін саяси шындық пен өзара іс-әрекеті. Саяси мінез-құлық адам мінез-құлқының жоғары сатысы.
  • Саяси мінез-құлық жеке тұлғаларғатоптарғаұйымдарға қатысты айтылады. Саяси мінез-құлық алға қойылған мақсаттармен реттеледі. Оның мәні, бағыты, құндылығы, сипаты мен ерекшеліктері адамның дүниетанымына тәуелді. Саяси мінез-құлық кең мағынада ерекше қызметті білдіреді.

көтеріліс бүлік революция

терроризм экстремизм сепаратизм


Саяси мінез-құлық
түрлері:
  • Саяси жанжал – бұл саяси субъектілердің арасындағы саяси мүдделерге, құндылықтарға, мақсаттарға және көзқарастарға негізделген қақтығыстар, қарама-қайшылықтар.
  • Саяси жанжалдардың басты себептеріне билік құрылымдарын, экономикалық қорларды иелену, сондай-ақ идеологиялық күрестер жатады.

геосаяси, саясаткерлер,

өркениеттік, саяси топ

мемлекеттік, мүшелері

ұлттық, кландық,

аймақтық,

партиялық т.б.


Саяси жанжалдар
Топтық
Жеке
даралық
  • Саяси жанжалдарды шешудің бірінші жолы – келіссөздер жүргізу.
  • Компромисс – бұл саяси жанжалға қатысушы жақтардың кейбір талаптардан бас тартуы, өзара келісімге келуі.
  • Консенсус – бұл саяси жанжал кезеңінде қарсыластың пікірімен келісіп, ортақ шешімге келу болып табылады.

Саяси жанжалдардың Саяси жанжалдардың жағымды қызметтері жағымсыз қызметтері

Тұрақтандырушы рөл Қоғамның іргесінің

атқарады; шайқалуына,тұрақсыздығына

әкелуі мүмкін;

Қарама-қайшылықтардың Адамдардың жаппай

шешілуіне және қоғамның қырылуына және

жаңғыруына ықпал етеді; материалдық

құндылықтардың

жойылуына

алып келеді;

Құндылықтарды бағалауды Билік құрылымдарындағы

реттейді; саяси дағдарысқа алып

келеді.

Жаңа құрылымдардың

қалыптасуына

алып келеді.

  • Этносаяси жанжалдарға этностар, ұлттар арасындағы қақтығыстар, шиеленістер жатады.
  • Этносаяси жанжалдардың мақсаттары мыналар:

  • автономия мен өзін-өзі басқаруды қамтамасыз ету;
  • белгілі бір жерге, аумаққа иелік ету құқығын алу;
  • өз мәдениетін жалпымемлекеттік мәдениетпен бірдей мәртебеге жеткізу.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет