Лекция №10 ландшафттар



бет1/4
Дата22.10.2022
өлшемі444,04 Kb.
#44901
түріЛекция
  1   2   3   4

ЛЕКЦИЯ №10



ЛАНДШАФТТАР

Ландшафт құрамдас бөліктерінің арасында тұрақты қатынастар мен байланыстар қалыптасқан тұтас табиғи жүйе болып табылады (Кесте 5). Ландшафттың құрамдас бөліктерінің арасында әрқайсысының өзгеруі бүкіл ландшафттың өзгеруіне алып келетін бірнеше дербес топтарды бөліп қарауға болады. Ондай топтар биологиялық, климаттық, гидрогеологиялық, геологиялық, геоморфологиялық құрамдас бөліктер болуы мүмкін. Олар бір-біріне бірдей дәрежеде әсер етеді және кейбір құрамдас бөліктер мен олардың қасиеттері басқа құрамдас бөліктерге олардың әсеріне қарағанда күштірек әсер етеді.


5-кесте
Әртүрлі табиғи белдемдердегі биологиялық айналымның көрсеткіштері
(Л.Е.Родин, Н.И.Базилевич бойынша, 1965)

Көрсеткіштер

Тундра

Орманды аймақ

Далалық аймақ

Шөлейт аймақ

арикти-
калық

бұталы

шыр-
шалы

қайың-
шөп

сазды

құрғақ

жартылай
бұталы

уақытша-
жартылай бұталы

Биомассы,
ц/га

50

280

3000

4000

250

100

43

125

Көктеген бөлігінің қалдығы, ц/га

2,6

9,0

30,0

40,0

80,0

15,0

1,0

18,0

(Төшеніш) Төсеніш
қабат, ц/га

35,0

835,0

300,0

150,0

120,0

15,0

-

-

Төсеніш-тікқал-дықтық коэффициенті (ПОК) (Қалдықтөшеніш)

14,0

92,0

10,0

4,0

1,5

1,0

-

-

Ландшафт келесі сипаттары бар табиғи географиялық кешен:

  • жер бетінің табиғи шептермен шектелген, оның шегінде табиғи құрамдас бөліктері күрделі өзара қарым-қатынаста және бір-біріне бейімделген болатын өзіндік ерекшелігі бар және біртектес шағын тәлімі;

  • табиғаттың өзара байланысты және өзара шарттастықты заттары мен құбылыстарының жиынтығы, тарихи қалыптасқан және уақыт барысында дамитын физикалық-географиялық кешен немесе кешендер жиынтығы;

  • жер бедерінің, климаттың, өсімдіктер жамылғысының, жануарлар әлемінің, халықтың және адамзат мәдениетінің сипаттары жердің белгілі бір аймағында қайталанып отыратын, бірыңғай үйлесімді тұтастыққа тоғысатын облыс;

  • аумақтық жағынан бөлек орналасқан, бірақ негізгі белгілері бойынша ұқсас иерархиялық төменірек дәрежедегі тұрпатты кешендерді біріктіру үшін қолданылатын жалпылаушы ұғым;

  • барлық негізгі құрамдас бөліктері: жер бедері, климаты, сулары, топырақтары, өсімдіктері және жануарлар әлемі даму жағдайлары бойынша біртекті, бірыңғай, ажырамас жүйе құрай отырып, күрделі өзара байланыста және өзара шарттастықта болатын табиғи географиялық кешен.

Ландшафт – құрамына ішкі геожүйелердің: жерлердің, алқаптардың, фацийлердің өзіндік ерекшелікті жиынтығы кіретін, белдемдік және белдемдік емес белгілері бойынша біртекті генетикалық бірыңғай геожүйе.
«Ландшафт» ұғымының тек табиғаттанулық ғана емес, тұтынушылық құны да бар. Себебі, ландшафт – географиялық қабық құрылысының белгілі бір белдемге тән барлық белгілерін сақтаған ең шағын аумақтық бірлік. Онда табиғаттың өңірлік те, ішкі де ерекшеліктері ұштасқан, табиғи себепші шарттардың, тіршілік жағдайларының және адамдардың қызметінің сол жерге тән жергілікті кешені толық көрінеді.
Эталондық геожүйе ретіндегі ландшафттың оларды білу оның ресурстық әлеуетін адамның әлеуметтік-экономикалық сұраныстарына қатысты пайдаланудың және оны жақсарту тәсілдерінің дұрыс жолдарын таңдауға мүмкіндік беретін қасиеттер жиынтығы бар.
Ландшафттың тұтастығы бар, яғни ол құрамдас бөліктер мен ішкі жүйелердің өзара шарттастықты белгілі бір жиынтығынан құралған, көрші ландшафттармен зат пен энергия алмасатын ашық жүйе болып табылады. Ол тіршілік етеді, онда зат пен энергия, ақпарат алмасу және өзгерту үдерістері үнемі жүріп жатады. Оның ең басты табиғи қасиеті – биомасса өндіру. Ландшафт тіршілігінің нәтижесі және айнымас құрамдас бөлігі белдемдік және белдемдік емес топырақтардың белгілі бір жиынтығы болып табылады. Ландшафттың белгілі бір құрылымы мен құрылысы, оның орнықтылығына байланысты болатын қасиеттер мен жағдайлардың серпіні бар. Ландшафт дамуға, яғни эволюциялық қайтымсыз өзгеруге қабілетті.
Жазықтықтағы жекелеген ландшафттың ауданы ондаған мың гектардан жүздеген мың гектарға дейін болуы мүмкін. Ландшафт әртүрлі мақсаттарға арналған, ол ауыл шаруашылығының, орман және су қорының, елді мекендердің жерлерінен, өнеркәсіп, көлік, байланыс нысандарына бөлінген, тарихи-мәдени, ғылыми, саялы жерлерден, қорғаныс мақсатындағы жерлерден тұра отырып, бірден бірнеше әлеуметтік-экономикалық қызметтер орындайды.
Ландшафт туралы табиғи шекаралары бар, бірақ қазіргі жағдайда және әртүрлі көлем мен құрамдағы сан-алуан антропогендік факторлардың әсерінен қалыптасатын табиғи құрылыс ретінде айту керек сияқты. Сондықтан адамның, қоғамның және олардың мүдделерін қорғайтын мемлекеттің алдында мәдени ландшафтты құрудың ғылыми-тәжірибелік міндеті тұруы тиіс. Ол міндеттің жаhандық мақсаты – өсімдіктер мен жануарлар әлемінің генотиптерін, тарихи-мәдени ескерткіштерді сақтай отырып, адамның тұрмыс-тіршілігінің сапасын шын мәнінде жақсарту.
Ландшафттарды олардың орналасқан жеріне, табиғи құрамдас бөліктері қасиеттерінің қиылысуына байланысты тұрпаттарға, тұрпатшаларға, кластарға, класшаларға, түрлерге біріктіреді. Ландшафттың тұрпаты – аса ірі таксономиялық бірлік, ол жылумен және ылғалмен табиғи қамтамасыз етілуінің арақатынасы бойынша анықталады. Ландшафттың жұмыс істеуінің көптеген көрсеткіштері, оның өнімділігі, яғни биомасса өндіруі тап осы арақатынасқа байланысты.
Табиғи жүйедегі жылу және ылғалдың энергетикалық теңгермесін бағалау үшін М. И. Будыконың ұсынған гидротермикалық көрсеткішін кеңінен пайдаланады, яғни

«құрғақшылық белгісі» ( R ) радиациалық теңдіктің ( R ) жер бетіне жауған жауын-шашынды буландыруға кететін жылу шығынының ( LOc ) қатынастық шамасын көрсетеді [34].
Энергияның теңдігін сипаттайтын бұл көрсеткіш қажетті деңгейде жер бетіндегі биохимиялық, гидрохимиялық және топырақтың жүрісінің қарқынын көрсете алады.
Іс-жүзінде жоғарыда қарастырылған қатынастықты пайдалану, негізінен шаманың өзгеруін есептеуге, яғни жылу динамикасындағы энтропияның бағытын анықтауға және олардың тепе-теңдік жағдайындағы (өзінен-өзі жүретін жүріс-

терді), радиациялық «құрғақшылық белгісі» ( R ) және ландшафттардың түрі мен өсімдіктің өнімділігінің арасындағы байланысты анықтауға арналған. Осы байланысты А. А. Григорьев және М.И.Будыко, яғни радиациялық «құрғақшылық

белгісі» ( R ) мен ландшафттардың биологиялық өнімділігінің


( Б ) арасындағы байланысты тапқан. Сонымен қатар, физикогеографиялық белдеудіктердің ауысуына байланысты ұқсас ландшафттар аймағы қайталанып отыратындығы анықталған. Барлық географиялық белдеулікте биологиялық өнімділіктің ( Б ) ең жоғары шамасы радиациялық «құрғақшылық белгісінің» ( R ) мәні бірге тең болғанда байқалады (13-сурет).



13-сурет. А.А. Григорьев және М.И. Будыконың ұсынған географиялық аймақтың кезеңдік заңдықпен орналасу желісінің бейнесі (шеңбердің диаметрі ландшафттың биологиялық өнімділігіне сай келеді) (I – Субарктикалық және қоңыржай белдеу: 1- тундра; 2 – орманды; 3 – аралас және жалпақ жапырақты ормандар; 4 – орманды дала; 5 – дала; 6 – жартылай шөлді; 7 – қоңыржай шөлді белдеу; II – субтропикалық белдеу; 8 – мәңгі жасыл орман; 9 – субтропикалық дала; 10 – субтропикалық жартылай шөлді белдеу; 11 – субтропикалық шөлді; III – тропикалық, субтропикалық және эковаторлық белдеу: 12 – эковаторлық ормандар; 13 – субэковаторлық ормандар; 14 – саванна ормандары; 15 – бұталы өсімдікті саванналар; 16 – шөлге айналған саванналар; 17 – тропикалық шөл.)
Д. И. Шашко [35], «Географиялық аймақтардың кезеңдік заңы» атанған бұл заңдылықтық бірқатар ғылыми салалар үшін маңызды ізі барлығын, оның ішінде география, экология, ландшафттану, табиғатты пайдалану және ауылшаруашылық жерлерді пайдалану үшін маңызды екенін атап көрсеткен.

И. П. Айдаров [36] және Ж. С. Мұстафаев [37], көптеген тәжірибелік мәліметтерге жүйелік талдау жүргізу арқылы, топырақтың негізгі қасиеттерінің радиациялық «құрғақшылық белгісіне» ( R ) байланысты екендігін көрсетті (14-сурет).

Ж. С. Мұстафаев [37], «құрғақшылық белгісіне» ( R ) байланысты Қазақстанның географиялық аймағын ылғалдану дәрежесі бойынша аймақтарға бөлген, топырақ-мелиоративтік сипаттамасын құрған және гидротермикалық көрсеткішке байланысты топырақтардың қасиетінің сандық мәнін, әртүрлі табиғи және шаруашылық жағдайындағы топырақтың дамуына қажетті күн сәулесінің энергиясының шығынын анықтаған (15сурет).

белгісіне» ( R ) байланыстылығы (1 – қара топырақ; 2 – оңтүстіктің қаратопырағы;
3 – қара-қоңыр топырақ; 4 – қоңыр топырақ; 5 – ашық-қоңыр топырақ; 6 – сұр және ашық-сұр топырақ; 7 – сұр топырақ; 8 – тау етегіндегі ашық-қоңыр топырақ; 9 – тау етегіндегі қоңыр топырақ; 10 – тау етегіндегі қара-қоңыр топырақ; 11 – тау
топырақтары; Г - топырақтың 0-50 см қабатындағы қарашіріктің шамасы, %;
ППК - топыратың топырақтық-сіңірілетін кешені, %; рН - топырақтың қышқылдығы; d - топырақтың көлемдік салмағы).

15-сурет. Қазақстанның топырақ географиялық аймағының және биіктік белдеулігінің желісі
Сонымен, Докучаев – Григорьев – Будыконың географиялық аймақтық заңына сәйкес, топырақтың агроклиматтық қасиеті

«құрғақшылық белгісіне» ( R ) байланысты барлық уақытта өзгеріп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет