Лекция №11 Лекцияның тақырыбы: Ирак түріктерінің әдебиеті



бет1/3
Дата03.12.2022
өлшемі26,57 Kb.
#54598
түріЛекция
  1   2   3

Лекция № 11 Лекцияның тақырыбы: Ирак түріктерінің әдебиеті
Лекцияның оқыту нәтижелері:
ПОН1- Түркі әлемі әдебиетіндегі классикалық туындылардың мазмұнымен танысады;
ПОН2 – Түркі әлемі әдебиетіндегі классикалық шығармалардың көркемдік әлеміне бойлайды;
ПОН3- Түркі әлемі әдебиетіндегі классикалық шығармалардың идеялық-эстетикалық деңгейін түсінеді.
ПОН4 – Түркі әлемі әдебиетіндегі туындыларының көркемдігі, композициясы мен сюжеті, көркем әдебиеттің тегі мен түрі, троптар мен фигуралар, өлең құрылысы туралы білімді меңгереді.
ПОН5 – Түркі әлемі әдебиетіндегі туындыларында көрсетілген көркем сананың эстетикалық заңдары мен формаларын түсінеді.
ПОН6 - Түркі әлемі әдебиетіндегі туындыларының идеялық-эстетикалық деңгейі мен мазмұндық әлеуетін түсінеді.


Лекцияның мазмұны: . Түркі халықтарының беделді орынға ие. Түркі әлемі әдебиетінің жазушылары өнерімен қатар, халықаралық әдеби марапаттары және аударылған шығармалары түркі әлемінің әдеби өкілдерімен қоса xалықтарын да танытуда. Тарих бойы әдебиет тек әдебиетпен шектелмеген. Поэзиядан, әңгімелерден және романдардан басқа, олар ортақ құндылықтар мен моральдық элементтерді танымал ету құралы ретінде әрекет етті. Әдебиеттердің осы функциялары басқа кезеңдерде оларды тікелей қолдануға тырысқанымен, басқа уақытта автор мұны мақсат етпеді, бірақ мұндай өзара әрекеттерді өнердің өздігінен әсер етуі деп атайды. Бүгінде өнер туындылары өз мақсаттарынан басқа, әдебиет пен өнер, дипломатияның көрнекті элементі ретінде жұмыс істей бастады. Институционализацияланған және мәдени дипломатияның атымен таралған бұл тәжірибелер бүгінгі күнде мемлекет тарапынан қамқорлық және қолдау көре бастады.
Мәдени дипломатия халықаралық қатынастарда күн сайын «суық соғыс» кезеңінде елдердің саяси насихаттау әдістерінен немесе елдердің туризмді жылжыту бағдарламалары әдістерінен бөлек әдістер мен әдістерді әзірлеу жолымен күшейе түседі. Қазіргі Ирак аумағы — ежелгі мәдениет ошақтарының бірі. Осы жерде б.з.б. 4-мыңжылдықта шумер-аккад мәдениеті пайда болып, қала-мемлекеттер (Ур, Урук, Ашшур, Лагаш, Умма, т.б.) өркендеді. Б.з.б. 2-мыңжылдық басында Оңт. Месопотамияда Вавилон мемлекеті, Солтүстік Месопотамияда Ассирия мемлекеті құрылды. Б.з.б. 1-мыңжылдықтың ортасынан бастап бұл аумақ парсы патшаларына бағынышты болып, кейін

ұзақ уақыт Иран, Парфия, Рим империялары арасында, артынан Иран мен Византия арасында таласқа түсті. 630 ж. Месопотамияны арабтар жаулап алды. Сөйтіп, ол 661 ж. Араб халифатының бір аймағына айналды.
762 ж. Бағдат қаласы салынды. Ирак жерін 11 ғ-да салжұқтар, 13 ғ-да Шыңғыс хан әулеті, 14 ғ-дың аяғында Әмір Темір басып алды. Әмір Темір мемлекеті ыдырағаннан кейін бұл аумақ түркі билеушілеріне кезек-кезек бағынып, 16 ғ-дың басында парсылардың Сефеви әулетінің қол астына өтті. Көп ұзамай Иран мен Осман сұлтандығы арасында Ирак үшін күрес басталып, 17 ғ-да түріктер Месопотамиянытолығымен бағындырды. 17 ғ-дың орта тұсынан бастап елге ағылшын саудагерлері келе бастады. 18 ғ-да Англияның ықпалы күшейіп, 1779 ж. Бағдат және Басра қалаларында Ост- Индия компаниясының агенттіктері ашылды. 1860 жылдан бастап Ирак дүниежүзілік саудаға тартылып, шетке арпа, бидей, құрма шығарып тұрды. 1869 ж. Суэц каналы ашылғаннан кейін елге шет ел капиталы ағылып, барған сайын еуропалық мемлекеттерге тәуелділігі күшейді. Енді Месопотамия үшін Ұлыбританиямен Германия арасында күрес басталды.

Иракта түріктердің ең кемінде мың жылдық тарихи тамыры бар. Ирак әдебиеті араб тілінде дамыған. Оның шарықтап дамыған дәуірі — орта ғасырлар. Ол кезде Бағдат шаїары мәдениеттің, ғылым мен әдебиеттің ортасы болған (қ. Бағдат). Алайда, жиі-жиі болған соғыстардан халық есін жия алмай, Ирак әдебиеті құлдырап кетті. 19 ғ-да және 20 ғ-дың басында елде экономика дамып, ұлт-азаттық қозғалысының күшеюіне байланысты мәдени өмір де ілгері басты. Бұл кезде Абу әл-Мухсин әл-Казими (1865 — 1935), Жемәл Сидки әз-Захави (1863— 1936), Мааруф ар-Русафи (1875 — 1945), т.б. ақын-жазушылар өз шығармаларына ұлт бостандығы үшін күрес тақырыбын арқау етті. Әсіресе, ұлт-азаттық көтерілісі кезіндегі (1920) Махди әл-Басири, Мұхаммед әл-Бәкір әл-Хилли, Хейри әл-Хиндави, Хабиб Адиди, т.б. ақындар шығармалары осы тақырыпты терең қозғады. 20 ғ-дың 50-жылдары Ирак әдебиетінде орыс, Еуропа әдебиетінің ықпалымен прозалық шығармалар жазылып, роман жанры қалыптасты. Бірақ көпшілік романдарда схематизм басым болды. Елдегі 1958 жылғы төңкерістен кейін Ирак әдебиеті жан-жақты дами бастады. Солардың ішінен шығармалары халық арасына кең тараған Мұхаммед Махди әл-Джавахири, Бахр әл-Улюм, т.б. ақын-жазушылардың есімін атауға болады.


Иракты 1918 жылы ағылшындар басып алғанға дейін және 1926 жылы 5 маусым күні Мұсыл облысы түрік әлемінен ажыратылғанға дейін мұнда түрік үстемдігі болған еді. Ирактағы түрік әдебиетін 2 кезеңге бөліп қарастыруға болады:


  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет