Лекция №2. Білім беруді ақпараттандыру зерттеу жұмыстарында және педагогикалық кадрларды дайындау бағыты ретінде. Білім беруді ақпараттандыру мемлекеттік бағдарламасы жайында



Дата19.02.2023
өлшемі27,26 Kb.
#69332
түріЛекция

Лекция №2. Білім беруді ақпараттандыру зерттеу жұмыстарында және педагогикалық кадрларды дайындау бағыты ретінде. Білім беруді ақпараттандыру мемлекеттік бағдарламасы жайында.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін көтеру – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің біріне айналып отыр. Сондықтан педагог мамандардың біліктілігін көтеруді ақпараттандыру туралы тұжырымдама, стандарт және оқу-тақырыптық жоспарларын жасақтау қажет. Аталған қажеттілікті шешу барысында педагог мамандардың біліктілігін ақпараттық технологияны өз қызметтеріне пайдалану саласы бойынша тұжырымдама, модульдік жұмыс бағдарламалары жасақталды. Сонымен бірге білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Ал, қазіргі таңда жоғарыдағы аталған мәселе қалай жүзеге асырылып жатыр деген сауал туындайды. Әсіресе, мемлекеттік тілде осы бағыттағы мәселелер әлі де жеткілікті деңгейде емес.
Психологиялық-педагогикалық ғылымда өңделген қызмет принципіне сәйкес болашақ педагогтарының жеке тұлғаларының шығармашылық қасиеттерінің дамуы тек қоғамдық тәжірибені меңгеру, педагог мамандардың өздерінің белсене қызмет ету арқылы жүзеге асатын меңгеру негізінде ғана жүре алады. Адамзат мәдениетінің қол жеткізулеріне ие болу үшін әр жаңа ұрпақ осы қол жеткізулер үшін істелген қызметке ұқсас қызметті жүзеге асыруы керек. Осыған байланысты педагог мамандардың мамандандырылған қызметіне сәйкес оқу қызметін ұйымдастыру маман даярлау жүйесінің қажетті кешені болып табылады.
Қоғамда ақпараттандыру, есептеу техникасы құралдары кеңінен таралуымен байланысты, оқу процесін ұйымдастыруға, сол сияқты білім берудің мазмұнын өзгертуге де елеулі ықпал етеді. Білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың негізгі субъектісі - мұғалім. Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалімдер қажет. Ол бір уақытта педагог- психолог және оқу процесін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек. Компьютердің мүмкіндіктерін ескере отырып, оқыту мәселелеріне талдау жасасақ, психологияның, педагогиканың іргелі оқыту теориясынан психологиялық-педагогакалық, әдістемелік мәселелер туындайды.
Орта мектепте информатиканың жеке пән болып оқытылуы, көптеген педагогикалык ізденістер мен ғылыми-әдістемелік еңбектердің туындауының жандана түсуіне алып келді. Информатиканың қазіргі қоғамдағы алатын орнын, ерекшеліктерін ғылыми-әдістемелік тұрғыда негіздеуге арналған көптеген ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі заманғы оқыту интелектуалдык ерекшеліктеріне сүйене отырып білім беруді кажет етеді.
Жаңа технологиялар - педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мүғалімді алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалык талаптарға сай қолданылуы керек. Сырткы эффектіні қуып кетпей, окыту програм-масының тек сыртқы емес, ішкі тиімділігіне көп көніл бөлген дұрыс. Компьютердің сызбалық мүмкіндігін молдығы дәрістік экспсриментті бояулы суреттермен, сызбалармен, кестелер мен байыта түсуге жол ашады, оларды есеп шарттарына да пайдалануға болады.
Компьютерді мұғалім косымша материалдар, әртүрлі анықтамалык мәліметтерден акпараттар беру үшін көрнекі кұрал ретінде пайдалана алады. Мұндай мәліметтерге физикалык формулалар, физикалык шамалардьң өлшем бірліктері, графиктер, схемалар, иллюстрациялар, физикалык кұбылыстардың динамикалык бейнесі, тәжірибеге арналған кұрылғылардың тізімі, аспаптардың сипаттамалары және т.б. жатқызуға болады. Мұғалім араласпай-ақ, оқушылар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті акпараттарды жинақтауда электрондык техникаларды енгізу уакыт үнемдейді, карастырып отырған кезеңде акпараттың толыктығын жоғарылатады, ақпараттык-аныктамалык жүйе кұрамында электрондық кұрырғылармен жұмыс істеу дағдысын калыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Жаңа акпараттық технология кұралдарын информатика пәнінің кіріктірілген сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектуалдык қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалык мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Есептеу техникасымен жұмыс жасату оқушылардың алгоритмдік дүниетанымын қалыптастырады:

  • өз әрекетін саналы түрде жоспарлайды;

  • құбылыстарға модельдер кұра біледі.

Ақпараттық технологияның мұғалім жұмысына ең тиімдісі – оқушылардың білім олқылықтарына үнемі зерттеу жасап, түзету жұмыстарын жүргізуге пайдасы бар.
Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдерден шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Сондықтан, ХХІ ғасырдың информатика ғасыры, яғни ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан-жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді.
Білім беруді ақпараттандыру бағдарламасы мектеп оқушыларын компьютерлік оқытуға, ақпараттық-қатынастық технологиялар (АКТ) саласындағы қазіргі заманғы жетістіктерді олардың белсенді игеруіне, Қазақстан Республикасында біртұтас ақпараттық-білімдік ортаны жасауға бағытталған. Осының барлығы, ақыр соңында, білім берудің сапасын жаңарту мен арттыруға, мектеп оқушылары мен болашақ кәсіпқойлардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға, әлемдік қоғамдағы Қазақстан азаматтарының мәдениаралық және тілдік қатынастары үшін негіздерді жасауға бағытталған болатын.
Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыру саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың 2002-2004 жылдарға арналған тұжырымдамасы негiзiнде әзiрлендi.
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 22 қыркүйектегі № 3645 N973645 өкiмiмен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасы орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыру жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламасын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 U010573 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын одан әрi дамыту мақсатында әзiрлендi.
Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясының басымдықтарының бiрi болып табылатын Бiлiм беру мынадай негiзгi үрдiстермен: бiлiм берудiң ұлттық моделiнiң қалыптаса бастауымен; Қазақстанның бiлiм беру жүйесiнiң дүниежүзiлiк бiлiм беру қоғамдастығына кiрiгуiмен сипатталады.
Индустриалдық өркениет ақпараттық өркениетке ұласып жатқан қазiргi дүниеде мемлекеттер қызметiнiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк құрамдас бөлiктерiне белсендi ықпал ететiн, экономика мен қоғамдық қатынастардың ғаламдық сипат алуы процестерiн айқындайтын ақпараттық-коммуникациялық сала жүйе құраушы фактор болып табылады. Яғни, жаңа ақпараттық технологияларды экономика мен басқарудың барлық саласына жылдам енгiзудi қамтамасыз ететiн, ұлттық инфрақұрылымды қалыптастыру қажет.
Экономиканың жай-күйi, адамдардың тұрмыс деңгейi, ұлттық қауiпсiздiк, мемлекеттiң дүниежүзілiк қоғамдастықтағы рөлi ақпараттық-технологиялық даму мен оның қарқынына байланысты. Тұтас дүние қалыптастыру және адамзат қоғамдастықтарының, жеке адамдар мен бүкiл дүниежүзiлiк қоғамдастықтың өмiр сүруiнiң жаңа жағдайларын қамтамасыз етуде ақпараттық-телекоммуникациялық технологияларға маңызды роль тиесілі.
Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды қалыптастыруға ықпал ететін факторлардың бiрi - халықтың бiлiм деңгейiн көтеру болып табылады. Бiлiм беру - ақпараттық-телекоммуникациялық технологияларды өмірге енгізудің шешуші факторларының бiрi болып табылады.
Бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыру білім берудің қазақстандық моделi үшiн зор перспективаларға жол ашады. Қазiргi дүниеде ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды меңгеру оқи әрi жаза білу сияқты қабілеттермен бір қатарға тұрды. Алынған білім мен дағдылар одан әрі де қоғамның дамуын, көбiнесе, айқындайтын болады.
Ақпараттандыруды енгiзу бүкiл бiлiм беру жүйесін реформалаудың аса маңызды құралдарының бірі болып табылады.
Бағдарламада мынадай ұғымдар пайдаланылады:

  • қашықтан оқыту (қашықтықта бiлiм беру) - электронды және телекоммуникациялық құралдар арқылы бiлiм беру ұйымдарынан шет қалған адамдарды оқытудың нысандарының бiрi, дамыту мен оқу-дүние тану қызметiне мақсатты әрi әдiстемелiк ұйымдастырылған басшылық;

  • ақпарат - оларды ұсыну нысандарына қарамастан, адамдар, заттар, фактiлер, оқиғалар, құбылыстар мен процестер туралы мәлiметтер;

  • ақпараттандыру - ақпараттық ресурстарды қалыптастыру мен пайдаланудың негiзiнде азаматтардың, мемлекеттiк билiк органдарының, жергiлiктi өзiн өзi басқару органдарының, ұйымдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң ақпараттық қажеттiлiктерiн қанағаттандыру мен құқықтарын iске асыруға арналған ақпараттандыру әдiстерi мен құралдарының негізінде ақпаратты жасау мен өңдеу индустриясын құруды ұйымдастырудың әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық процесi;

  • ақпараттық жүйе - ақпараттық процестердi iске асыруға арналған ақпараттық технологиялар мен оларды қамтамасыз ету құралдарының жиынтығы;

  • ақпараттық ресурстар - ақпараттық жүйелердегі (кiтапханалық немесе мұрағаттық, қорлар, деректер банктері және басқа да ақпараттық жүйелер) ақпараттар жинақтары және/немесе құжаттардың жиынтығы;

  • ақпараттық өнім - пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін дайындалатын электронды құжат және/немесе құжаттандырылған ақпарат;

  • ақпараттық-телекоммуникациялық жүйе - ақпараттық жүйелер, құралдар мен телекоммуникациялар желілерінен тұратын ақпараттық желі;

  • ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар - қазiргi заманғы байланыс және қатынас жасау құралдарына негiзделген технологиялар;

  • білім берудің ақпараттық инфрақұрылымы - тиiстi ақпарат көздерiнде орналастырылған деректер, мәліметтер мен білім бар, білім берудің ақпараттық ресурстары; ақпаратты жинауды, өңдеуді, сақтауды және беруді жүзеге асыратын ұйымдық құрылымдар, сондай-ақ ақпараттық ресурстарға қол жеткiзудi қамтамасыз ететiн құралдар;

  • халықаралық ақпарат алмасу - Қазақстанның мемлекеттiк шекарасы арқылы, соның ішінде почта байланысы мен ғаламдық ақпарат желiлерiн пайдаланып, ақпарат өнiмдерiн беру;

  • бiлiм беру - мақсаты қоғам мүшелерiнiң адамгершiлiк, санаткерлiк, мәдени әрi дене дамуының және кәсiби бiлiктiлiгiнiң жоғары деңгейiне жету болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздiксiз процесi;

  • оқыту бағдарламасы - белгiлi бiр пән немесе оның бөлiмдерi бойынша оқыту алгоритмi диалог режимiнде iске асырылатын бағдарлама;

  • ақпаратты пайдаланушы - оған қажеттi ақпаратты алу үшiн ақпараттық жүйеге немесе делдалға өтiнiш жасаушы және оны ақпаратты меншiктенушi немесе иесi белгiлеген тәртiпке сәйкес пайдаланушы субъект;

  • электронды оқулық - бiлiм беру қызметi субъектiлерiн оқытудың автоматтандырылған процесi болып табылатын ашық әдiстемелiк жүйе.

Бағдарламада барлық білім беру деңгейін ақпараттандырудың бағыттары, жолдары мен тетiктерi қамтылады әрi мыналарға:

  • бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыру саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру мен iске асыруға;

  • Қазақстандағы бiлiм берудi ақпараттандыру жүйесiн құқықтық, ғылыми-әдiстемелiк, техникалық әрi ұйымдастырушылық қамтамасыз етудi жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды дайындауға;

  • бiлiм берудi ақпараттандыру саласындағы салалық және аймақтық бағдарламаларды әзiрлеуге негiз ретiнде қызмет етедi.

Білім беру жүйесін ақпараттандырудың қазіргі жай-күйін талдау
Білім беру жүйесін бағдарламалық қамтамасыз ету. Талдау республикада оқу мақсатындағы бағдарламалық қамтамасыз етуді дамыту мынадай түрлері бойынша жүзеге асырылуда екенін көрсетті:

  1. бақылау және тестiлеу бағдарламалары;

  2. тренажерлiк бағдарламалар;

  3. оқыту ақпараттық-анықтамалық жүйелер;

  4. оқытатын әрi дамытатын компьютерлiк бағдарламалар;

  5. электронды оқулықтар;

  6. мультимедиалық бағдарламалар.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет