Лекция №5. Тақырыбы: Қабылдау



бет1/4
Дата01.03.2023
өлшемі20,5 Kb.
#70793
түріЛекция
  1   2   3   4

Лекция №5.
Тақырыбы: Қабылдау
Жоспары:
1. Қабылдаудың жалпы сипаттамасы
2. Қабылдаудың негізгі тәсілдері мен теориялары
3. Қабылдаудың қасиеттері: заттылығы, тұрақтылығы, тұтастығы, құрылымдылығы, таңдамалылығы, мағыналылық.
1. Қабылдаудың жалпы сипаттамасы
Қабылдау – заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнелеуі болып табылады. Сонымен, қабылдау – түйсіктегідей бір анализаторлардың ғана емес, бірнеше анализаторлардың бірлесіп қызмет істеу нәтижиесі. Қабылдау – ми қабығының күрделі анализдік және синтездік қызметінің нәтижесі.
Айналадағы заттар мен құбылыстардың сезім мүшелерімізге əсері нəтижесінде қабылдаудың заттылығы қалыптасады. Қабылдаудың бейнесі сыртқы дүниенің белгілі затына қатысты болады. Бұл ара-қатынас біздің мінез құлқымыз бен іс-əрекетіміздің бағдарлау қызметінің негізі болып есептеледі. Қабылдаудың толықтығы мен дəлдігі қоғамдық тəжірибе мен адамның тəжірибесіне, заттардың белгілері мен қасиеттері жайлы жинақталған білімдерге тəуелді. Қабылдау бейнесінің өзі де оны құрастыратын бөлшектердің ерекшеліктеріне тəуелді болып келеді.
Психикалық қабылдау процесі – субъекттің затты тануға бағытталған тікелей іс-әрекеті. Қабылдау өткен тәжірибе іздерін жаңғыртуға да байланысты. Осыған орай субъект өзіне келіп жеткен ақпаратты бұрыннан бар біліктерімен салыстырады, мәнді белгілерін айырады, жаңа ақпараттың болар маңызы жөнінде болжам жасайды. Қабылдау барысындағы іс-әрекет ешқашан да бір сезім қызметінің аймағымен шектелмей, бірнеше сезім мүшелерінің жұмысы нәтижесінде қалыптасады. Заттың санада қабылдануы психикалық іс-әрекеттің ең жоғары сатысы – тілмен тікелей байланысты. Адам зат қасиеттерін енжар танып қоймастан, олар ішіндегі мәнді деп есептегендерін айыра талдай және біріктіре, заттық бейнеге келтіріп, оны сөзбен баламаластырады, белгілі категориялар тобына қосады.
Қабылдау түйсінуге қарағанда, неғұрлым күрделірек және жоғарырақ сатыда тұрған психикалық процесс болып табылады. Қабылдау түйсінулердің жай ғана қосындысы емес, ол сонымен қатар заттың жеке қасиеттерін тұтас бейнелеуден пайда болатын күрделі процесс.. Қабылдауға түйсінулермен қатар ой элементтері елестеулер мен ұғымдар да еніп отырады. Заттар мен құбылыстарды қабылдаған кезде соларды түйсіну қабылдаумен бірге біз ол заттардың қайта пайда болғанын, иә болмағанын, олардың қасиеттерінің қандай екенін елестетіп түсінігімізді, ұғымымызды кеңейтіп отырамыз. Адам заттарды қабылдаған кезде көбінесе олардың мазмұнын түсініп, ой жіберіп, оларды санасынан өткізіп отырады. Анық және дұрыс қабылданған заттар ғана түсінікті болады. Керісінше, адам заттарды дұрыс түсінбесе, оларды қате қабылдайды. Сөйтіп, қабылдау процесінде түйсінулермен бірге елестету, түйсіну, ұғыну тағы басқа жан қуаттары да араласып отырады. Мұның нәтижесінде адам қабылдауы толығырақ, дәлірек болып шығады.
Қабылдау процесі тек тітіркенуден ғана пайда болмай, субъекттің өзіне де байланысты көрініс береді. Қабылдайтын көз, құлақ емес, әрекетшең адам, сондықтан қабылданған бейне мазмұны қабылдаушы тұлға ерекшеліктерімен де сипатталады.
Қабылдау ниеттелмеген (ырықсыз) және ниеттелген (ырықты) болып екіге бөлінеді. Ниеттелмеген қабылдауда алдын ала белгіленген мақсат не міндетті көздемейміз, ол сыртқы орта ықпалынан туындайды. Ал ниеттелген қабылдау, керісінше, әуел бастан алға қойылған міндетпен реттеліп, қажетті зат немесе құбылысқа назар аудару мақсаты қойылады. Ниетті қабылдау қандай да іс-әрекетке қосылып, оның орындалу барысында жүзеге асады. Бірақ кейде қабылдау өз бетінше біршама дербес әрекет сипатына да ие болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет