Лекция №5+6 Оқу тобы: 1508-19, 1508-29 Физикалық есептерді шығару әдістері. Есеп шығарудың алгоритмдік әдісі. Жоспары: Есептер шығарудың маңызы, олардың оқу үрдісіндегі орны. Есептердің классификациясы



Дата18.06.2022
өлшемі108,49 Kb.
#37026
түріЛекция

ЛЕКЦИЯ №5+6 Оқу тобы: 1508-19, 1508-29 Физикалық есептерді шығару әдістері. Есеп шығарудың алгоритмдік әдісі. Жоспары: 1. Есептер шығарудың маңызы, олардың оқу үрдісіндегі орны. 2. Есептердің классификациясы. 3. Есептер шығарудың әдістері. Есептер шығарудағы алгоритмдік әдіс. 4. Физика есептерін шығару кезіндегі оқушылардың өзіндік жұмыстары. Қазіргі таңда мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытып, сапалы білім беруде әрбір ұстаз алдында өз бетімен білім ала алатын және алған білімін өмірдің түрлі жағдайларында қолдана білетін жеке тұлға қалыптастыруда оқытудың қандай инновациялық әдістәсілдер мен технологияларын өз тәжірибемде қолдансам деген сыни көз қарас, мақсат және міндеттер тұр. Мұғалім бұл міндеттерді шешуде ақпараттық ресурстарды және техникалық жабдықтарды қолдана білу үздіксіз сапалы білім берудің негізгі шарты деп санайды. Оқушылардың оқу үдерісінде ақпаратты қалай қабылдайтындығы туралы АҚШ-тың ұлттық зертханаларының зерттеулері бойынша оқушылардың 10 %- тек оқу арқылы қабылдаса, 75-80 %-ы практика, тәжірибе барысында қалыптастырады екен. Есептер шығарудың маңызы, олардың оқу үдерісіндегі орны. Физика пәнінен есеп шығару – оқу үрдісінен бөліп алуға болмайтын бір бөлігі болып табылады, себебі ол физикалық ұғымдарды қалыптастыруға, оқушылардың физикалық құбылыстарды оқып –үйренуіне, ойлау қабілетін дамытуға, білімдерін нақтылауға, оны практикада қолдана білуге үйретуде маңызы зор. Есептер шығару физикалық заңдарды оқып- үйренуде, тереңірек және нақты білім алуға, алған білімдерін берік меңгеруге, логикалық ойлау қабілетінің дамуына, белсенді болуына, физика пәніне деген қызығушылығын арттыруға, алға қойған мақсатқа жетуде табаңдылыққа, өзіндік жұмыс істеу, өз бетімен білім алу дағдысына ие болуға көмектеседі. Есептер шығаруды мына жағдайларда қолданады: а) проблемалық ситуация туғызуда; ә) жаңа мәлімет беруде; б) практикалық іскерлік пен дағдыларды қалыптастыруда; в) білімін(нақтылығын және тереңдігін) тексеруге; г) бекітуге, материалды қайталауға; д) техникалық құрылғылардың жұмыс істеу принциптерін түіндіруде; е) оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін жетілдіруде. Физика есептерінің оқу үрдісін ұйымдастыруда алатын орны ерекше. Оқушыларға есептерді шыгартып үйретудің мынандай тәсілдерін беруге болады. 1. Мұғалім есепті оқып, талдау жасап, әр түрлі сұрақтар беру арқылы сыныпты есеп шығаруга жұмылдыра отырып, тақтаға есепті өзі жазып, берілгенін жазып көрсетеді. Мұндай тәсіл жаңа сабақты түсіндіріп болғаннаи кейін қолданылады. Мұғалім орташа қиындықтағы есепті таңдап алғаны дұрыс. 2. Есепке талдау жасап талқылау мұғалімнің басшылығымен бүкіл сынып болып талқыланып, одан кейін бір оқушыны тақтаға Ішығарьп, қалғандары орындарында шығару. 3. Мұғалім қандай есепті шығару керектігін айтады, оқушылар оны өзінше орындайды. Мұнда мұғалімнің әр есептің түріне қарай кететін қателерге кеңес беріп отырғаны жөн. Мұнда оқушыларға әр деңгейдегі есеп карочкаларын жасап, өздік жұмысты сол арқылы орындаса да болады. Бұл үш тәсілден басқа есепті шығаруды сыныптан тыс уақытта физикаға қызығатын оқушылардың есеп шығару үйірмесін ұйымдастыру арқылы шығаруға болады. Физика есептерінің классификациясы Физика есептерін: мазмұнына байланысты; берілу тәсіліне қарай; шешу тәсіліне қарай классификациялауға болады . Есептердің осы түрдегі классификациясының өзі шартгы түрде, кейде бірдей есептер классификациялау тәсіліне қарай түрлі топтарға жатқызылуы мүмкін. Мазмұнына қарай физикада есептерді механика, молекулалық физика, электрдинамика т.б. больп бөлінеді. Олар мәтінмен, суретпен, графикпен және сапалық-сұрақ есептермен берілген. Бұл есептер физиканы оқыту әдістемесіндегі қолданылуына, қиындық деңгейіне қарай бөлінеді. Олар жеңіл (жаттығу), орташа және қиын, шығармашылық болып бөлінеді, Жеңіл есептер немесе жаттығу есептері деп бір немесе екі формула қолданып шығаратын, жеңіл тәжірибе жасау арқылы шығарылатын есептерді айтады. Бұл есептерді материалды бекіту үшін қолданады. Физика есептері: Мазмұнына қарай: а) механика ә)молекулалық физика және термодинамика б) электродинамика в) оптика және кванттық физика Берілу тәсіліне қарай а) мәтінмен берілг ә)суретпен берілген б) графикпен берілген в) сұрақ есептер Қиындығына қарай а) жаттығу ә) орташа б) қиын в) шығармашылық 4. Шыгару әдісте-месіне байланысты а) сапалық ә) есептеу б) эксперименттік в) графиктік Орташа және қиындау есептер деп бірнеше формуланы, кейде бір тараудағы формулаларды немесе бірнеше бөлімнің формулаларын қолданып шығаратын есептер мен белгілі бір дағдыны керек ететін эксперименттік есептерді айтады. Мұндай есептерді толық тарауды немесе бөлімді қайталанған кезде, оқушылардың білімін нақтылап тереңдету үшін шығарған дұрыс. Шығармашылық есептердің өзі іздену (яғни, неге деген сұраққа жауап іздейтін) есептер, конструкторлық (яғни қалай жасау керек) есептер болып болып бөлінеді. Шығармашылық есептер есептер жинағында жұлдызша арқылы ерекшеленіп тұрады. Оларды сыныптағы физика пәнін жақсы оқитын оқушымен жұмыс істеген кезде, олимпиадаларға (мектептегі сынып аралық, мектеп аралық) қатысатын оқушыларға беріп, шығартып үйреткен кезде пайдалануға болады. Есептің берілу тәсіліне қарай (4 түрге бөледі) мәтінді, графиктік, сұрақесептер, сурет-есептер болып бөлінеді. Мұндай бөлінудің өзі шартты түрде, себебі кей есептер суретімен, графиктерімен қоса жүреді. Есептер шығарылу әдістемесіне байланысты сапалық, сандық немесе есептеу-есептері, графиктік, эксперименттік болып бөлінеді. Мүндай бөліну қажетті және маңызды, себебі мұғалімнің оқушылардың математикалық дайындықтарына қарай есеп таңдауына көп септігін тигізеді. Сапалық есептердің физикалық құбылыстар мен зандылықтарды оқып үйренуде маңызы өте зор. Мысалы, тербелісті оқып үйренгенде: 1. Алтыбақанға бір адам емес, екі адам отырса тербеліс периоды өзгере ме? 2. Серіппедегі дененің массасын екі есе арттырсақ, оның тербеліс периоды қалай өзгереді? 3. Егер де дене бекітілген серіппені қатаңдығы бұрынғыдан екі есе артық серіппемен ауыстырсақ, дененің тербеліс периоды қалай өзгереді? —деген сапалық есептерді шығару арқылы тербеліс периодын анықтауға берілген формулаларды оқушылардың естерінде қалдырып, бекітуге болады. Әрі олар оның практикада күнделікті өмірде қолданылуымен танысады. Сапалық есептердің ерекшелігі мұнда оқушылардың ойын жинақтап, белгілі бір физикалық құбылыстардың мағынасын ашуға көмектеседі. Оларды логикалық ойлау арқылы физиканың заңдылықтарына сүйене отырып шығарады. Мысалы: суға көлемдері бірдей мыс және алюминий кубтар батырылған. Осы кубтарға шама жағынан бірдей кері итеруші күштер әсер ете ме? Есептеу есептеріне тән қасиет берілген сұраққа жауапты ,тек математикалық амалдарды қолдана отырып табуға болады. Мұндаи есептерді көбінесе жоғарғы сыныптарда қолданады. Шығарылудағы математикалық тәсілдерді қолдануға байланысты есептер арифметикалық, алгебралық, геометриялық болып бөлінеді. Осылардың ішінде көп қолданылатыны — алгебралық. Есептеу есептері физикада жиі кездеседі. Соның ішінде шамалардың сан-мәнімен берілген есептер көп. Қазіргі кезде есептегіш құралдардың көптігін ескерсек, мұндай есептерді шығару көп қиындық туғызбайды. Әйтседе физика пәнінің мүғалімдері таза физикалық есептерді (шамалардыңщ сан-мәндері берілмеген есептер) уақыт үнемдеу үшін көптеп шығарылғаны дұрыс. Мысалы: 1. Сыйымдылықтары С1, және С2 жазық конденсаторлар U1 және U2 потенциалдар айырымына дейін зарядталған (U1≠ U2). Осы конденсаторларды параллель қосқан кезде олардың электрстатикалық энергиясы кемитіндігін көрсетіңіздер. Неге олай болады? 2. Радиусы R және сыну көрсеткіпгі п мөлдір шарға бір диаметрінің бағыты бойынша жіңішке параллель жарық шоғы түседі. Жарық шоғы шар центрінен қандай f қашықтықта қиылысады? 3. Қатандығы k серіппеге ілінген массасы М ыдысқа һ биікгіктен массасы т дене құлайды да ыдыста қалады, яғни оның ыдыс түбіне соғылуын абсолют серпімсіз деп есептеуте болады. Ыдыс пен дене тербеле бастайды. Тербеліс амплитудасын анықтаңыздар (1-сурет). 4. Массасы m, температурасы Т болатын бір атомды идеал газдың ішкі энергиясын есептеп табындар. Мұндағы төртінші есепті идеал газдың ішкі энергиясы тақырыбын оқыи үйренгенде, жаңа материалды өткен кезде, яғни жаңа сабақты түсіндіруге қолдануға болады. Эксперименттік есептерді шығару үшін, арнаулы құрал-жабдықтардың көмегімен тәжірибе жасап, нәтижесінде алынған шамалар арқылы есеп шығарылады. Эксперименттік есептерді шығару үрдісінде оқушылардың қызығушылығы артып, бақылағыштығы дамып, құрал-жабдықтармен жұмыс істеу дағдылары мен икемділіктері жетіледі. Оқушылар физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды тереңірек танып біледі. Графиктік есептер деп график бойынша берілген есепке керекті шамаларды анықтап шығаруға болатын есептерді айтады. Графиктік есептерді шығару үрдісінде графиктерді салу, графиктерден қажетті шамаларды тауып, есептеулерде қолдана білуге дағдыланады. Графиктерді салу, тұрғызу кезінде оқушылар физикалық шамалар арасындағы функциялық тәуелділігін түсінуге, ұқыптылыққа уйренеді, яғни олардың танымдық және политехникалық мәні өте зор. Есеп шығарудың алгоритмдік әдісі Әрбір жаңа тақырыпты өткен кезде мұғалім тақтаға бір есепті түгелдей талдай отырып, түсіндіріп, оқушыларды есеп шығаруға үйретуі керек. Соңғы кезде физиканың есептеріне алгоритмдік әдісті қолданып жүр. Алгоритмді енгізу оқушыларды қиын есептерді шығарудың жалпы әдісімен қаруландырады. Есеп шығару үрдісі күрделі, оны мынандай кезеңдерге бөлуге болады: 1. Есептің берілгенін оқып, жаңа терминдердің, қиын ұғьмдардың мағынасын түсіндіру. 2. Есептің шартын қысқаша жазу, суреті болса салу. 3. Есепті талдау, физикалық мәнін, берілген есептерде қарастырылатын физикалық процестер мен заңдарды түсіну, физикалық шамалардың арасындағы тәуелділікке көңіл аударылады. 4. Шығарудың жоспарын құру, тәжірибе жасау, есепке керекті тұрақтылар мен кестелердің мәндерін жазу, графиктер мен суреттерге талдау жасау. 5. Физикалық шамаларды БХБ жүйесіндс жазу. 6. Ізделініп отырған физикалық шамамен берілген шамалардың арасындағы заңдылықты тауып, оны жазу. 7. Теңдеулерді құру және оларды шешу (қондырғыны жинау және оны жасау). 8. Ізделініп отырған шаманы есептеу, төжірибе нәтижесіне талдау (анализ) жасау. 9. Алынған жауапты талдау, шығарудағы ықшамдауларды қарастыру. 10.Есептің басқаша шешу жолдарын қарастыру және олардың ішінен тиімдісін алу. Алгоритм және алгоритмдік тәсілді қолдану кезінде оқыту, есепті шешу әдісін меңгеру үрдісін анағүрлым тездететіні, оқушыларға есеп шығару әдістерін үйретуде алгоритмді қоддану тиімділігін тексеруге жүргізіліген зерттеу және тәжірибе жұмыстары көрсетті. Мұғалімдерге алгоритм өте ұзақ және күрделі болып көрінуі мүмкін, бірақ бір-екі есепті бірлесіп, алгоритм көмегімен шығару арқылы оқушылардың оны тез меңгеретініне оңай көз жеткізуге болады. Физика есептерін шығару кезіндегі оқушылардың өзіндік жұмыстары Оқушылардың өзінше ойлана алу және алған білімді пайдалана білу икемділігін қалыптастыруда физика есептерін шығарудағы өзіңдік жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру маңызды роль атқарады. Физика есептерін өзінше шығара алмау, оқушылардың пән бойынша жақсы нәтижелер көрсетпеуінің негізгі себептсрінің бірі болып табылады. Арнайы өткізілген зерттеулер көрсеткендей есеп шығара алмайтьш оқушьшардың пайызы сыныптан-сыныпқа көшкен сайын өседі екен.Өздігінен есеп шығару икемділігін қалыптастыру мұғалімнің үнемі көңіл аударып отыруын қажет ететін күрделі мәселелердің бірі. Оқушыларды өздігінен есеп шығаруға үйретуді біртіндеп бастау керек. Алдымен жеңіл жаттығу есептерін, онан кейін күрделірек есептерге көшіп, тек сонан кейін өздеріне есеп шығартқан жөн.Есеп шығару барысында өзіндік жүмыс элементтерін қиындығының өсуі бойынша біртіндеп қосады. Арнайы жүргізілген зертгеулер негізінде бұл жұмыстың мынадай деңгейлерін келтіруге болады: 1. Алдымен оқушыларды есеп мазмұнын жеке талқылауға үйретілуі, оларды есептің мазмұнын қысқаша жазу және оны шешу әдістерімен таныстыру қажет. Ол үшін оқушыларды есеп шартын жазуға жиі тақта алдына шығарып, содан кейін бірігіп талқылау арқылы оны жазудың тиімді тәсілдерін табады. Есеп шығару бойынша өзіндік жұмыстың дағдыларын қалыптастырудың келесі деңгейі — шешуді жалпы түрде орындау икемдіктерін қалыптастару және оның дұрыстығын физикалық шамалардың өлшем бірліктерімен жаттығулар орындай отырып тексеру. 2. Физика есептерін шығарудағы өзіндік жұмыстарды дайындаудың негізгі элементі -оқушылардың жуықтап есептей алу дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Мұндай дағдыны оқушылар алдымен математика сабақтарында алады, бірақ оны физика сабақтарында да бекіту қажет. Осы мақсатта 7 сыныпта алғаш физика есептерін шығарғанда, оқушылар бірігіп талқылаған есептің шығару әдісі мен шығару жоспарын тақтаға жазғаннан кейін, есептеулерін жеке орындауды ұсынған жөн. 3. Оқушылар есеп шартын қысқаша жазу тәсілдерін, сонымен қатар физикалық шамалардың өлшем бірліктерін түрлеңдіру тәсілдерін игергеннен кейін, өзіндік жұмысқа есепті шығару тәсілдерін табуды қосу керек. 4. Есепті шығарудың ең ыңғайлы тәсілін табу оқушылардың көп ізденуін қалыптастырады. Сондықтан есеп шығарудың жаңа тәсілін таба алуы үшін, оларға жүйелі түрде бір есептің әр түрлі шешілу жолдарын көрсеткен пайдалы. Мұны әсіресе, қиын есептер шығарғанда қолданады. Сонымен қатар бір есепті әр түрлі жолмен шығару, есептің дұрыстығын тексеру тәсілінің бірі болатындығын ескеру қажет. Бұл әдісті оқушылардың пайдалана білуі өте маңызды.Оқушылар физика есептерін шығаруға байланысты әдіс-тәсілдерін толық игергеннен кейін, оларға есептерді өздеріне толық шығаруды, сонымен қатар алынған нәтижелерді тексеруді және талдауды тапсыруға болады
Лекция №6. Есеп шығару әдістемесі Жоспар: 1.Физикалық есептерді классификациялау және оларды шығаруға үйрету әдістемесі. 2.Есептер шығару алгоритмдері. 3.Сандық, сапалық, графикалық есептерді шығару әдістемесі. 4.Шығармашылық есептер және олардың түрлері. 5.Физика есептерін шығару кезіндегі оқушылардың өзіндік жұмыстары Дәріс мақсаты: Есептердің классификациясын көрсету, оларды шығару әдістемесін меңгерту Дәріс мазмұны. 1.Физикалық есептерді классификациялау және оларды шығаруға үйрету әдістемесі Есеп шығару – оқу үрдісінің бөліп алуға болмайтын бір бөлігі болып табылады, себебі ол оқушыларға физикалық ұғымдарды қалыптастыруда, физикалық құбылыстарды игертуде, олардың ойлау қабілетін дамытуда септігі мол. Есептер шығаруды мынадай жағдайларда қолданады: -мәселелік жағдайлар туғызғанда; -жаңа мәлімет беруде; -практикалық іскерлік пен дағдыларды қалыптастыруда; -оқушылардың білімін (нақтылығын, тереңдігін) тексеруде; -оқушылардың алған білімін бекітуде, материалды қайталауда; -техникалық құралдардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіруде; -оқушылардың ығармашылық қабілеттерін жетілдіруде және т.б. Есептерді шығарудың басты шарты – оқушылардың бойында физикалық заңдылықтар жайында білім қорының болуы, физикалық шамаларды дұрыс түсінуі, сондай-ақ оларды өлшеу тәсілі мен өлшем бірлігін білуі болып табылады. Есептерді шығарудың міндетті шартына оқушылардың математикалық дайындығы да жатады. Есептерді шығару физикалық құбылыстарды бақылауды және эксперименттерді жүргізуді қажет ететін белсенді танымдық үрдіс. Эксперимент пен бақылау есептердің шартын анықтауға, жетіспейтін мәліметтерді алуға, шамалар арасындағы байланыстылықты тағайындауға мүмкіндік береді. Мұндай мақсаттарға суреттердің, графиктердің де септігі бар. Есептерді шығару ойлау үрдісі болғандықтан – бұл талдау мен салыстыру үрдісі. Есеп шартын талдау – есепте берілген құбылыстың жалпы суреттемесін көзге елестетуге мүмкіндік береді, осының салдарынан қарастырылып отырған есепте қандай жағдайлар маңызды, қандай мәліметтер арасында байланыс орнату керектігі анықталады. Берілген құбылысты түсіну үшін есеп шартына байланысты кейбір мәселелерді қысқартуға болады. Мысалы, механикада көбіне үйкеліс, геометриялық оптикада «жұқа» линзаның қалыңдығы ескерілмейді және т.с.с. Оқушыларда есеп шығару дағдысын қалыптастыруда есептің шартын жазу техникасына қойылатын талаптың маңызы зор. Есеп шығару үрдісі күрделі, оны мынадай кезеңдерге бөлуге болады: 1)есептің берілгенін оқып, жаңа терминдердің, қиын ұғымдардың мағынасын түсіну; 2)есептің шартын қысқаша жазу, суреті болса салу; 3)есепті талдау, берілген есепте қарастырылатын физикалық процестер мен заңдылықтарды түсіну, фиизкалық шамалардың арасындағы тәуелділіктерді қарастыру, физикалық мағынасына көңіл аудару; 4)есеп шығарудың жосапарын құру (тәжірибе жасау), есепке керекті тұрақтыларды және кестелік мәндерді жазу; 5)физикалық шамаларды СИ жүйесінде жазу; 6)ізделініп отырған физикалық шамамен берілген шамалардың арасындағы заңдылықты тауып, оны жазу; 7)теңдеулерді құру және оларды шешу; 8)ізделініп отырған шаманы есептеу; 9)алынған жауапты талдау. Физикада есептерді көптеген белгілері бойынша классификациялайды: мазмұнына, қойылуына, сұрақты зерттеу тереңдігіне, шығару тәсіліне, қиындық дәрежесіне байланысты және т.б. Мазмұны бойынша ең алдымен есептерді оның физикалық материалына байланысты ажыратады. Мысалы: механика, молекулалық физика, электродинамика т. б. Есептің бұлай ажыратылуы шартты нәрсе, көбінесе есептер физиканың бірнеше бөлімдерін қамтиды. Техника, өндірістік, ауылшаруашылық, транспорт және байланыс жайындағы материалдарды қамтитын есептерді политехникалық мазмұнды есептер деп атайды. Политехникалық есептердің мазмұны меңгерілетін бағдарлама материалымен тығыз байланысты болуы керек. Бірқатар есептер тарихи сипаттағы мәліметтерден: физикалық тәжірибелерден, ғылыми ашылулардан (жаңалықтардан), тіпті тарихи ертегілерден тұрады. Ондай есептерді тарихи мазмұндағы есептер деп атайды. 2.Есептер шығару алгоритмдері. Әрбір жаңа тақырыпты өткен кезде мұғалім тақтаға бір есепті түгелдей талдай отырып, түсіндіріп, оқушыларды есеп шығаруға үйретуі керек. Соңғы кезде физиканың есептеріне алгоритмдік әдісті қолданып жүр. Алгоритмді енгізу оқушыларды қиын есептерді шығарудың жалпы әдісімен қаруландырады. Есеп шығару үрдісі күрделі, оны мынандай кезеңдерге бөлуге болады: 1. Есептің берілгенін оқып, жаңа терминдердің, қиын ұғьмдардың мағынасын түсіндіру. 2. Есептің шартын қысқаша жазу, суреті болса салу. 3. Есепті талдау, физикалық мәнін, берілген есептерде қарастырылатын физикалық процестер мен заңдарды түсіну, физикалық шамалардың арасындағы тәуелділікке көңіл аударылады. 4. Шығарудың жоспарын құру, тәжірибе жасау, есепке керекті тұрақтылар мен кестелердің мәндерін жазу, графиктер мен суреттерге талдау жасау. 5. Физикалық шамаларды БХ жүйесіндс жазу. 6. Ізделініп отырған физикалық шамамен берілген шамалардың арасындағы заңдылықты тауып, оны жазу. 7. Теңдеулерді құру және оларды шешу (қондырғыны жинау және оны жасау). 8. Ізделініп отырған шаманы есептеу, төжірибе нәтижесіне талдау (анализ) жасау. 9. Алынған жауапты талдау, шығарудағы ықшамдауларды қарастыру. 10. Есептің басқаша шешу жолдарын қарастыру және олардың ішінен тиімдісін алу. Алгоритм және алгоритмдік тәсілді қолдану кезінде оқыту, есепті шешу әдісін меңгеру үрдісін анағүрлым тездететіні, оқушыларға есеп шығару әдістерін үйретуде алгоритмді қоддану тиімділігін тексеруге жүргізіліген зерттеу және тәжірибе жұмыстары көрсетті. Мұғалімдерге алгоритм өте ұзақ және күрделі болып көрінуі мүмкін, бірақ бір-екі есепті бірлесіп, алгоритм көмегімен шығару арқылы оқушылардың оны тез меңгеретініне оңай көз жеткізуге болады. 3.Сандық, сапалық, графикалық есептерді шығару әдістемесі. Сұрақтарды зерттеу әдісіне және сипатына байланысты есептерді сапалық және есептеу (сандық) есептері деп ажыратады. Сапалық есептер деп есепті шығару барысыда физикалық шамалардың арасында тек сапалық тәуелділігі ғана тағайындалатын есептерді айтады. Заң бойынша мұндай есептерді шығару барысында есептеулер жүргізбейді. Кейде есептің мұндай түрін әдістемелік әдебиеттерде сұрақ –есептер, логикалық есептер, сапалық сұрақтар деп атайды. Сандық есептер деп есепті шығару барысында физикалық шаманың арасындағы сандық тәуелділік тағайындалатын есептерді айтады. Шығарылу тәсілдеріне байланысты есептерді ауызша, экспериментті, есептеу және графикалық есептер деп ажыратады. Бұлай ажыратудың өзі шартты түрде ғана, өйткені есепті шығару кезінде көбінесе бірнеше тәсілді қолданады. Сапалық есептерді әдетте меңгерілген материалды бекіту құралы ретінде қолданады. Мектеп физика курсының көптеген тақырыптары үшін сапалық есептер негізгі бөлім болып табылады. Есептің мұндай түрі қарастырылған мәселенің физикалық мәнін қалай меңгергенін қысқа уақытта анықтауға мүмкіндік береді. Сапалық есептерді логикалық ой қорыту негізінде шешеді. Сапалық есептерді шығаруда талдау мен салыстыру (анализ және синтез) өзара тығыз байланыста болады, оларды кейде бір-бірінен ажырату мүмкін емес. Сапалық есептерді шығарудың схемасы мынадай: Есептердің шартын оқу, оның шартындағы барлық терминдерді анықтау (мағынасын түсіну); Есептің шартын талдау, физикалық құбылысты анықтау, түсіну; Талдаудың аналитика-синтетикалық тізбегін құру; Алынған жауапты оның физикалық мағынасымен түсіндіру. Сапалық есептерді шығару әдістеріне қарай оларды екі негізгі топқа ажыратамыз: 1.Қарапайым сапалық есептер: оларды шешу бір физикалық заңдылыққа негізделеді, мұнда ой-қорыту тізбегі қарапайым. 2.Күрделі сапалық есептер: бұл бірнеше қарапайым есептердің комбинациясы немесе жиынтығы болып келеді. Оларды шешуде біршама күрделі ой-қорыту тізбегін құруға тура келеді және бірнеше физикалық заңдылықтар талданады. Мысалы сұрақ есептерін қарастырайық:Бірінші мысал: Неліктен сүрініп кеткен адам алға қарай құлайды? Бұл есептегі басты мәселе инерция құбылысы болып табылады. Сондықтан бұл есепті шешуде ой қорыту тізбегі инерция құбылысын сипаттайтын физикалық заң негізінде құрылады. Қарастырылған жағдайда бұл - Ньютонның бірінші - иерция заңы. Есепті шығару барысында оқушылар заңның негізгі тұжырымдамасын еске түсіреді. Инерция заңын есепке қолдана отырып, мынадай қорытынды жасайды: сүрінген кезде адамның алға қарай құлау себебі қандай да бір кедергінің салдарынан сүрінген аяғы тоқтайды, ал дененің басқа бөлігі инерция бойынша алға қарай қозғалуын жалғастырады. Сұрақ есептерде физикалық формулалармен өрнектелетін әртүрлі тәуелділіктер де қолданылуы мүмкін. Екінші мысал: Қандай тәсілмен адам еденге түсіретін қысымын екі есе арттыруға болады? Алдымен физикалық мәнін талдайық. Есепте қысым жайында сұралып тұр. Қысым – қысым күшінің модулінің ауданға қатынасымен анықталады. Р=F/S. Ендеше қысым қысым күші сияқты ауданға да тәуелді. Сондықтан, біріншіден дәл сол ауданға түсіретін қысым күшін екі есе арттырып қысымды екі есе арттыру. Мұны мынадай тәсілмен жүзеге асыруға болады. Адам қолына өз салмағына тең қосымша жүк алып тұруы керек. Екіншіден, ауданды екі есе кемітіп қысымды арттыруға болады. Ол үшін адамға бір аяғымен тұру жеткілікті және өз тепе-теңдігін бұзбас үшін өз қалпын сәл өзгертсе жеткілікті. Сондай-ақ сапалық есептер график түрінде де берілуі мүмкін. Мұнда зерттеу объектісі физикалық шамалардың графиктік тәуелділігі болып табылады. Кейбір жағдайларда есептің шарты гафикпен берілуі, ал кейбірінде есептің шарты бойынша график тұрғызылуы мүмкін. Есептеу есептері – есептің нәтижесі математикалық амалдардың және есептеулердің көмегімен алынатын есептер. Ондай есептерді әртүрлі жолдармен шығаруға болады. Есептерді шығаруда қолданылатын математикалық амалдарға байланысты алгебралық, геометриялық, тригонометриялық және графиктік тәсілдерге ажыратады. Физикалық есептерді алгебралық тәілмен шығаруды қарастырайық. Физика есептерін бұл тәсілмен шығаруда формулаларды пайдаланады, оларды құрады және алгебралық теңдеулерді шешеді. Алгебралық тәсілді қолданудың қарапайым жағдайы – есепті дайын формула бойынша шығару. Күрделірек есептерді шығаруда бірнеше формулаларды немесе теңдеулер жүйесін қолданып шығарады. Қарапайым есепті алгебралық әдіспен шығарудың мысалын қарастырайық (дайын формула бойынша).Мысалы: Ұзындығы 1 км көлденең қимасының ауданы 10 2 мм мыс өткізгіштің кедергісін анықта. Бер: l 1км 1000м м Ом мм2 *   0,017 2 S 10мм Талдауы: S l R   Шешуі: R 1,7Ом 10 1000  0,017  R  ? 4.Шығармашылық есептер және олардың түрлері. Шығармашылық есептердің өзі іздену (яғни, неге деген сұраққа жауап іздейтін) есептер, конструкторлық (яғни қалай жасау керек) есептер болып болып бөлінеді. Шығармашылық есептер есептер жинағында жұлдызша арқылы ерекшеленіп тұрады. Оларды сыныптағы физика пәнін жақсы оқитын оқушымен жұмыс істеген кезде, олимпиадаларға (мектептегі сынып аралық, мектеп аралық) қатысатын оқушыларға беріп, шығартып үйреткен кезде пайдалануға болады. 5.Физика есептерін шығару кезіндегі оқушылардың өзіндік жұмыстары Оқушылардың өзінше ойлана алу және алған білімді пайдалана білу икемділігін қалыптастыруда физика есептерін шығарудағы өзіңдік жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру маңызды роль атқарады. Физика есептерін өзінше шығара алмау, оқушылардың пән бойынша жақсы нәтижелер көрсетпеуінің негізгі себептсрінің бірі болып табылады. Арнайы өткізілген зерттеулер көрсеткендей есеп шығара алмайтьш оқушьшардың пайызы сыиыптан-сыныпқа көіикен сайын өседі екен. Өздігінен есеп шығару икемділігін қалыптастыру мұғалімнің үнемі көңіл аударып отыруын қажет ететін күрделі мәселелердің бірі. Оқушыларды өздігінен есеп шығаруға үйретуді біртіндеп бастау керек. Алдымен жеңіл жаттығу есептерін, онан кейін күрделірек есептерге көшіп, тек сонан кейін өздеріне есеп шығартқан жөн. Есеп шығару барысында өзіндік жүмыс элементтерін қиындығының өсуі бойынша біртіндеп қосады. Арнайы жүргізілген зертгеулер негізінде бұл жұмыстың мынадай деңгейлерін келтіруге болады: 1. Алдымен оқушыларды есеп мазмүнын жеке талқылауға үйретілуі, оларды есептің мазмұнын қысқаша жазу және оны шешу әдістерімен таныстыру қажет. Ол үшін оқушыларды есеп шартын жазуға жиі тақта алдына шығарып, содан кейін бірігіп талқылау арқылы оны жазудың тиімді тәсілдерін табады. 2. Есеп шығару бойынша өзіндік жұмыстың дағдыларын қалыптастырудың келесі деңгейі — шешуді жалпы түрде орындау икемдіктерін қалыптастару және оның дұрыстығын физикалық шамалардың өлшем бірліктерімен жаттығулар орындай отырып тексеру. 3. Физика есептерін шығарудағы өзіндік жұмыстарды дайындаудың негізгі элементі – оқушылардың жуықтап есептей алу дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Мұндай дағдыны оқушылар алдымен математика сабақтарында алады, бірақ оны физика сабақтарында да бекіту қажет. Осы мақсатта 7 сыныпта алғаш физика есептерін шығарғанда, оқушылар бірігіп талқылаған есептің шығару әдісі мен шығару жоспарын тақтаға жазғаннан кейін, есептеулерін жеке орындауды ұсынған жөн. 4. Оқушылар есеп шартын қысқаша жазу тәсілдерін, сонымен қатар физикалық шамалардың өлшем бірліктерін түрлеңдіру тәсілдерін игергеннен кейін, өзіндік жұмысқа есепті шығару тәсілдерін табуды қосу керек. 5. Есепті шығарудың ең ыңғайлы тәсілін табу оқушылардың көп ізденуін қалыптастырады. Сондықтан есеп шығарудың жаңа тәсілін таба алуы үшін, оларға жүйелі түрде бір есептің әр түрлі шешілу жолдарын көрсеткен пайдалы. Мұны әсіресе, қиын есептер шығарғанда қолданады. Сонымен қатар бір есепті әр түрлі жолмен шығару, есептің дұрыстығын тексеру тәсілінің бірі болатындығын ескеру қажет. Бұл әдісті оқушылардың пайдалана білуі өте маңызды. Оқушылар физика есептерін шығаруға байланысты әдіс-тәсілдерін толық игергеннен кейін, оларға есептерді өздеріне толық шығаруды, сонымен қатар алынған нәтижелерді тексеруді және талдауды тапсыруға болады. Есеп шығаруға арналған әрбір сабақта өзіндік жұмыс орындалуы қажет. Мысалға, “Қысым” тақырыбы бойынша есеп шығару кезіндегі өзіндік жұмыс элементерін енгізуді қарастырайық. 1-есеп. Ауданы 155 м2 плитаға массасы 1150 т экскаваторы тірелген кездегі оның топыраққа түсіретін қысымын анықтаңыздар? 2-есеп. Массасы 25000 кг экскаватордыц шынжыр табандарының ұзындығы 4 м, ал әрбір шынжыр табанының ені 800 мм екендігі белгілі, оның топыраққа түсіретін қысымын есептеңдср. 3-есеп. Егер гранит тұғырдың ұзындығы 4 м, табанының ауданы 1,5 м2 екендігі белгілі болса, оның топыраққа түсіретін қысымын табыңдар. 4-есеп. Масштабты сызғышты пайдаланып, үстелдің үстіне кіші бетімен тірелген білеушінің түсірген қысымын анықтаңдар. Бірінші есепті тақтаға бір оқушыны шақырып шығартқан жөн. Есептің мазмұнын талдай отырып, оқушылар қысымды есептеу формуласын еске түісреді және оны жазып алады ды, формулаға кіретін шамалардың физикалық мағынасын және есеп шығару үлшін қысым күшін (Ғ) табу керектігін байқайды. Талқылауды жалғастыра отырып, олар қысым күшінің экскаватор салмағына тең екендігін, оны масса арқылы (m) табуға болатынын анықтайды. Мұндай талқылаудан бүкіл сынып есептеудің шешу жолын талдауға қатысып, есептеудің дұрыс жүргізілгендігін тексереді. Бірінші есепті осылай шығарған соң, екінші есепті оқушылардың өздеріне шығартуға болады. Ол алғашқы есепке ұқсас, бірақ біраз күрделірек, себебі мұнда оқушылар ауданды өздері есептеп, онан кейін жалпы тірек ауданын табады. Үшінші есеп одан да күрделірек. Мұнда тұғырдың массасы және ол дайындалған граниттің тығыздығы көрсетілмеген. Сондықтан есепті шығарудың жолын бірігіп талқылау керек, сонда есепті оқушылар өздері шығара алады. Егер сыныпта есеп шығара алатын күшті оқушылар тобы болса, онда өздері шығаруы мүмкін. Төртінші есеп — эксперименттік. Оны әрбір оқушыға білеуше мен масштабты сызғыш таратып беріп, өздеріне шығарту қажет. Оқушылар сыртқы өлшемдері дайындалған затты анықтап, оның тығыздығын кестеден алады. Білеушенің сызықтық өлшемдерін есептеу арқылы тірек ауданын және көлемі мен салмағын есептейді, сонан кейін барып, қысымды табады. Бұл жұмысты “Қысым” тақырыбы бойынша бақылау тапсырмасы деп қарастыруға болады. Оны орындау қысым формуласын білуді; білеушенің сызықтық өлшемдерін есептеп, олар арқылы аудан мен көлемді есептеуді; кестеден заттың тығыздығын табуды; кесектің массасын анықтауды және қысымды есептеуді талап етеді. Осы есептерді шығару арқылы оқушылардың тек алған білімдерін ғана емес, бұрын өткен материалдарды оқу барысында алған икемділікгері мен дағдыларын тексеруге болады. Жұмыс барысында әр оқушы жеке орындауы үшін қатар отырған екі оқушыға әр түрлі заттан жасалған және әр түрлі өлшемді білеушелер берілуі тиіс. Білеушелерді нөмірлеп, оны дәптерлерінде көрсетуін ұсыну керек. Бұл мүғалімге оқушылардың шығарған есептерін тексеруге жеңілдік әкеледі. Үй тапсырмасының маңызды бөлігін есеп шығару жұмыстары алады. Есеп шығару арқылы орындайтын тапсырмаларды үнемі тексерген дұрыс. Мұғалім жиі-жиі, айына екі рет дәптерлерді жинап, үйге берілген есептерді бағалап, оны журналға тіркеп отыруы қажет. Оқушылардың есеп шығара алу икемдіктері мен дағдылары артқан сайын, оларға өзіндік жұмыс үшін күрделі есептер берген жөн. Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруда мұғалім әр оқушымен жеке жұмыс істеуі керек.
Лекция 7. Бағалау әдістері Жоспар: 1. Негізгі және орта мектепте оқушылардың білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын тексерудің ерекшеліктері 2. Оқушылардың білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын тексерудің әдістәсілдері. 3. Физика бойынша оқушылардың білімдерін және іскерліктерін бағалау Дәріс мақсаты: Студенттерді оқушылардың білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын тексерудің әдіс-тәсілдерімен таныстыру. Дәріс мазмұны: Оқушылардың үлгерімін тексеруді дұрыс ұйымдастыру олардың жұмыстарына бақылау жасау үшін қажет. Ол оқушылардың ой-өрісінің дамуына, олардың ойлауы мен сөйлеуіне әсер тетеді, олардың білімдерін жүйеге түсіреді, сондай-ақ мұғалімнің қолданған әдісінің тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Оқушылардың өздерінің оқу еңбегіне есеп беріп тұруы оларды жауапкершілікке тәрбиелейді. Физикадан үлгерімді тексеруге – білімді, іскерлікті және дағдыны тексеру кіреді. Оқушылардың үлгерімін тексерудегі негізгі талаптарға – тексерудің жүйелілігі және бағаның әділ қойылуы жатады. Оқушылардың физикадан білімін ауызша және жазбаша, ал іскерліктер мен дағдыларды эксперименттік және графиктік есептерді шығарудың, бақылау және лабораториялық жұмыстардың көмегімен тексереді. Оқушылардың білімін тексерудің ең кең тараған түрі – ауызша тексеру. Оның көмегімен мұғалім мен оқушының арасында тікелей байланыс жүзеге асады. Білімді ауызша тексеруді сабақтың барысында, қайталау уақытында және жаңа материалды оқып үйренуге дайындық кезінде, сабақтың соңында өткізуге болады. Білімді ауызша тексеру тәсілі екі формада: жеке және жаппай өтеді. 1)жеке дара сұрауда оқушылардың бірі тақтада физикалық құбылысты, заңды немесе құрылғының, приборлардың жұмыс істеу принципін, есептің шешуін жүйелеп түсіндіреді, тәжірибелер жасайды. 2)білімді жаппай тексеруді сабақтың кез-келген кезеңінде өткізуге болады: материалды қайталағанда, жаңа материалды оқып үйрену процесінде және т.б. Білімді тексерудің жазбаша тәсілі бақылау жұмыстарын, тест тапсырмаларын өткізу жолымен жүзеге асады. Жұмыстың ұзақтығы түрліше болуы мүмкін: 10-15 минуттан бір сабақ бойына дейін. Бір сағаттық бақылау жұмысын бір тоқсанда бір-екі рет өткізеді. Практикалық іскерліктер мен дағдыларды тексеруді приборлар мен аспаптардың көмегімен оқушылардың түрлі тәжірибелерді орындау жолымен өткізеді. Мұндай практикалық тексеру жұмыстары жеке-дара, сондай-ақ жаппай өткізіледі. Жеке-дара практикалық тексеруде оқушы қандай-да бір тәжірибені қайталап көрсетіп береді, приборлардың, машинаның құрылысын, жұмыс істеу принципін түсіндіріп береді немесе физикалық шамаларды өлшеу тапсырмасын орындайды. Жаппай практикалық тексеруде мұғалім бүкіл сыныпқа тапсырма береді де, жұмыс барысын қадағалайды. Мұғалім өзінің бақылауларына және оқушылардың жазбаша есеп беруін негізге ала отырып баға қояды. Мұндай жұмыстардың қатарына лабораториялық жұмыстарды жатқызуға болады. Физика бойынша оқушылардың білімдерін және іскерліктерін бағалау Оқушыладың білімі бес балдық жүйемен бағаланады. Бағаларды қою кезінде мұғалім анықталған критерийлерді жекетшілікке алады, оларға білімдердің тереңдігі, көлемі және меңгерген білімді жалпылай алу мен талдай білу, алған білімдерін танымдық және практикалық іскерліктерге қолдана білу жатады. Білімдерді бағалау кезінде мұғалім физика бойынша жалпы білім беру бағдарламасында келтірілген білімдерді бағалау нормаларын басшылыққа алады. Бағдарламада бағалау кезінде қолданылатын білімдер мен іскерліктер ажыратылып көрсетілген. Оларға мыналар жатады: Физикалық құбылыс жайында: 1.Құбылыстың белгілрі, оның анықтамасы. 2.Оның өту мен байқалу шарттары. 3.Ол құбылысты қазіргі заманғы ғылыми көзқарас тұрғысынан түсіндіріп, дәлелдеу. 4.Оның басқа құбылыстармен байланысы. 5.Құбылыстың практикада ескерілуі. Физикалық шама жайында: 1.Физикалық шамамен сипатталатын құбылыстың қасиеттері. 2.Бұл шамамен басқа шамалардың арасындағы байланысты көрсететін формула. 3.Физикалық шаманың анықтамасы. 4.Оның өлшеу бірліктері. 5.Физикалық шаманы өлшеу тәсілдері. Физикалық заң жайында: 1.Физикалық заң қандай шамалардың арасындағы байланысты тағайындайды. 2.Заңның тұжырымдамасы. 3.Заңды дәлелдейтін тәжірибелер мен эксперименттік факт. 4.Заңды осы заманғы ғылыми теориялар негізінде түсіндіру. 5.Заңды практикада қолданудың (ескерудің) мысалдары. Нысан жайында: 1. Нысанның жалпы сипаттамасы. 2. Пайда болу шарттары. 3. Нысанның физикалық қасиеттері. 4. Сапалық сипаттамалары. 5. Модель. 6. Нысанды сипаттайтын негізгі теңдеулер. 7. Оның мүмкін күйлері. 8. Практикада пайдаланылуы. Тәжірибе жайында: 1. Тәжірибенің мақсаты. 2. Тәжірибенің сызбасы (схемасы). 3. Тәжірибе өтетін жағдайлар. 4. Тәжірибе жасау. 5. Тәжірибенің қорытындысы. Приборлар жайында: 1. Құрылғының қызметі. 2. Құрылғының сызбасы (схемасы). 3. Құрылғының жұмыс істеу принциптері. 4. Қолданылуы. Бағалауға келесі іскерліктер жатады: - табиғат пен техниканың құбылыстарын түсіндіру үшін ұғымдарды, заңдарды және теорияларды қолдану; - оқулықпен өзбетінше жұмыс істеу; - белгілі заңдар мен формулалар негізінде есептерді шығару; - физикалық шамалардың анықтамалық кестелерін пайдалану. Лабораториялық жұмыстарды бағалау кезінде келесі іскерліктер ескеріледі: - тәжірибені жүргізуді жоспарлау; - схема бойынша қондырғыны жинау; - өлшеуіш приборларды қолдану; - бақылаулар жүргізу, өлшеуіш приборлардың мәліметтерін алу, шамалар тәуелділіктерінің кестесін құру және графиктер тұрғызу; - өлшеу нәтижелерін бағалау және өлшеу қателіктерін есептеу (жоғарғы сынып үшін); - істелеген жұмыс бойынша қысқаша есеп беру және қорытынды жасау. Бағдарламада оқушылардың ауызша жауаптарын бағалау нормасының мысалы келтірілген. «5» бағасы қойылады, егер оқушы: - қарастырылған құбылыстардың және заңдылықтардың, заңдардың мен теориялардың физикалық мәнін дұрыс түсінгенін білген кезде, негізгі ұғымдарға, заңдарға және теорияларға дұрыс анықтама бергенде, сондай-ақ физикалық шамалар мен олардың өлшем бірліктерін және өлшеу тәсілдерін дұрыс анықтағанда; - алынған жауаптың сызбаларын, схемаларын және графиктерін дұрыс орындағанда; - жауапты жеке жоспар бойынша құрғанда, баяндау барысында жаңа мысалдарды қолданғанда, практиалық тапсырмаларды орындау кезінде жаңа жағдайларға білімдерді қолдана білгенде; - физика курсы бойынша меңгерілген және бұрын меңгерілген материал, сондай-ақ басқа пәндерді игеру кезінде меңгерілген материал арасында байланыс орната білгенде; - қателіктерді дұрыс талдағанда.
Лекция 8. Физикадан ұйымдастырылатын сыныптан тыс жұмыстар Жоспар: 1. Физика бойынша сыныптан тыс жұмыстар 2. Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері мен формалары Дәріс мақсаты: Сыныптан тыс жұмыстардың түрлерімен, оны ұйымдастырурдың әдіс-тәсілдерімен таныстыру. Дәріс мазмұны: Мектеп физикасы бағдарламасында көрсетілген білімдер мен дағдыларды оқушыларға меңгертумен физиканы оқытудың мақсаттары толық орындалды деп айтуға болмайды. Өйткені физиканы сүйетін оқушылардың білімін тереңдетіп, дағдыларын дамытумен қатар, нашар үлгеретін балалардың ынта ықыласын көтеріп, олардың пәнге деген қызығушылығын арттыруымыз керек. Бұл міндетті нәтижелі шешудің бір жолы- физикадан сыныптан тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастыра білу. Әрине, ол мұғалімнің теориялық, физика-техникалық, эксперименттік дайындығының дәрежесіне және оның әр жақты әдістемелік шеберлігіне байланысты. Физиканы оқыту процесіне байланысты мұғалімнің басшылығымен оқушылардың сабақтан басқа уақытта істейтін қосымша жұмыстарын физикалық сыныптан тыс жұмыстар деп атайды. Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізгенде мұғалім төмендегідей мақсаттарды жүзеге асыруды көздейді: - Оқушылардың физикалық-техникалық білімдерін толықтыру, тереңдету, кеңейту, дамыту: - Мектеп оқушыларының өз бетінше жұмыс істеуге ынта-жігерін, шығармашылық қабілеттерңн арттыру: - Оқушыларды оқулықпен, ғылыми-көпшілік әдебиеттермен, интернет желісіндегі ақпаратық ресурстармен өз бетінше жұмыс істеуге үйрету; - Жас жеткіншектерге саяси, ғылыми, эстетикалық тәрбие беру. Физика пәні бойынша орындалатын сыныптан тыс жұмыстардың өзі екі үлкен топқа бөлінеді: 1. Физика оқу бағдарламасының ауқымына кіретін сыныптан тыс жұмыстар. Бұған физика сабақтарына қатысты жүргізілетін қосымша жұмыстар жатады:  бағдарламада көрсетілген экскурсияларды өткізу;  физикадан нашар үлгеретін оқушылармен істелетін жұмыстар (қосымша сабақ, әр балаға жеке түсіндіру, емтиханға дайындау);  физиканы қызыға оқитын оқушылармен қиын және қызықты есептер шығару, физикалық экспериментті даярлау, қолдан физикалық приборлар мен көрнекті құралдар жасау, олимпиада өткізу, жаңа приборлармен танысу;  оқушылардың үй тапсырмаларын орындауына көмектесу (консультация, реферат- баяндамалар жаздырту, табиғат құбылыстарын бақылау, үйде тәжірибелер жасау және өлшеулер жүргізу). Жалпы мұндай жұмыстар физикадан оқу материалының қалыпты және нәтижелі өтілуіне, оқушылардың білімдері мен дағдыларының жүйелі түрде қалыптасуына, сынып оқушыларының үлгерімін жақсартуға септігін тигізеді. 2. Физика оқу бағдарламасының шеңберінен тыс жататын жұмыстар. Олардың физика сабақтарына тікелей қатысы бола бермейді. Бұл оқушылардың еркі бойынша ұйымдастырылуы керек. Бұл мынадай жұмыстардың түрлерінен тұрады:  оқушылардың арнаулы физикалық білімдерін тереңдету;  қолданбалы физика салаларын (электротехника, радиотехника, робототехника және т.б.) оқу;  физикалық приборлардың модельдерін жасау және т.б. Бұларды ұйымдастырудың формалары да әртүрлі, мысалы: қосымша әдебиеттерді оқыту, реферат жаздыру, физикалық кеш өткізу,тақырыптық көрмелер ұйымдастыру, қабырға газеттерін шығару, үйірме жұмыстарын ұйымдастыру. Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың жеке, топтық және жаппай қатыстырылуымен орындалатын болып 3-ке бөлінеді. Сыныптан тыс жұмыстар көбіне үйірме түрінде өткізіледі.Үйірмелер физикалық және физика-техникалық болып бөлінеді.Үйірмелерге қатысатын оқушылар саны 10-15-тен аспауы керек.Үйірме жұмысы барлық пәннен мектеп бойынша жоспарлануы қажет. Физика үйірмесінің күнтізбелік (календарлық) жоспары, оған қажетті әдебиеттер тізімі физика кабинетінде ілініп тұруы тиіс. Жалпы үйірмелер мынадай талаптарға сай ұйымдастырылады: 1.Үйірмені ұйымдастыру туралы ұсынысты оқушылардың өздері бергені дұрыс. Ол үшін мұғалім қандай үйірмелер ұйымдастыратынын, оларды кімдер жүргізетінін және әдебиеттер тізімін, үйірме кестесін жазып, кабинетке хабарландыру іліп қоюы керек. 2.Үйірмеге оқушылар өз еріктерімен қатысқаны дұрыс. 3.Төменгі және жоғарғы сыныптар үшін бөлек-бөлек топтардың болғаны дұрыс. 4. Үйірмеге қатысқан оқушылардың жұмыстарын барлық мектеп оқушыларына таныстыру үшін көрме ұйымдастырған жөн. 5. Үйірме сабақтарында оқу бағдарламасының міндеттерін орындауға болмайды. Физикадан сыныптан тыс жұмыстарға физика апталығын, кештерді және т.с.с. мәселелер жатады. Жалпы физика кешін өткізу мынадай кезеңдерден тұрады: I. Дайындық кезеңі (1-1,5 ай ) а) мұғалім мен кешті өткізетін оқушылар тобының кештің жоспарын жасауы; ә) баяндамашыларды бөлу; б) тәжірибелер мен экспериментті таңдап алып, даярлау; в) конкурс пен викторинаға есеп сұрақтар таңдау; г) көрнекіліктер жасау; е) кештің бағдарламасы көрсетілген көркем жазылған хабарландыруды күні бұрын (5-6 күн) іліп қою. II. Кешті өткізу кезеңі (2-2,5 сағат) а) кеш өтетін бөлмені безендіру; ә) кешті жүргізу, өткізу; б) кештің материалдарын жинау; III. Кештің өтілуін талдау, қорытындылау: а) оқушылардың сұрақтарына жауап беру; ә) кештің негізгі бөлімдеріне жауапты оқушылардың есебін тыңдап, талдау; б) кешті өткізудегі кемшіліктердің себептерін ашу; в) кешті қорытындылап, баға беру. Физика және техника бойынша үйірмелер Физикалық үйірмелер – оқушылардың сыныптан тыс өзіндік жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы. Оқушылар үйірмеге өз тілегі бойынша жазылады. Үйірме жұмысының мазмұны оқушының ғылымға қабілетін ашуды, болашақ мамандығын сенімді таңдауына көмектесуді қамтамасыз етуі тиіс. Көптеген мектептерде тұрақты, табысты жұмыс істейтін үйірме аттары «Радиоэлектроника», «Робототехника», «Техникалық моделдер және моделдеу» тәріздес болады. Физика пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстардың тағы басқа сан-алуан интенсивті, қызғылықты түрлері бар: физикалық олимпиада, физикалық кеш. викторина, шығармашылық кеш, т.с.с. Қазіргі оқытудың негізгі мақсаты барлық еңбек түрі, формасы бойынша белсенді іс-әрекет қабілетін қалыптастыру. Бұл, оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін басқару құралдары мазмұны мен құрылымына да байланысты. Сондықтанда білім - өзінің негізгі ағартушылық мақсатынан, оқушы тұлғасының дамуы мен оның танымдық іс-әрекетін басқару құралына айналуы керек. Бұл, өз кезегінде, болашақ маман, бүгінгі оқушы өзінің болашақ мамандығында білімді таза күйінде пайдаланудан гөрі, оның нақтылы практикалық жағдайларда қолдана білу қабілетінің болғанын қажет етеді деген сөз. Сол себепті, өскелең жастарды тәрбиелеу жүйесінде сыныптан тыс жұмыстардың әртүрлі формаларының маңызы ерекше. Сыныптан тыс жұмыстың негізгі түрлерінің бірі – пәндік үйірмелер: радиоэлектроникалық, электротехникалық, физикалық, физика-техникалық үйірмелер.Үйірме олимпиада мен кештерге қарағанда құрамында тұрақты оқушылармен үнемі жұмыс жасайды және мұғалімге оқу-тәрбиелік міндеттердің кең шеңберін бүкіл оқу жылы бойында нақтылы жүйеде шешуге мүмкіндік береді. Сыныптан тыс жұмыстың үш басты бағыты: білім беру, конструктивтітехникалық және оқу-зерттемелік бағыттар дәл сол үйірме жұмыстарында көрініс алады. Үйірме сабағының мазмұны әдетте сабақта алынған білімдер мен шеберліктерді тереңдету және кеңейтуге бағытталған. Мұндай типтегі үйірме жұмысының жоспары оқу жұмысының жоспарымен соншалықты тығыз байланыста болуы мүмкін, немесе едәуір автономды болуы керек. Төмендегі 1-кестеде «Физик-экспериментаторлар» үйірме жұмысының бағдарламасы келтірілген: Кесте 1 № Үйірме жұмысы барысында оқушыларға берілетін теориялық білімдер мен практикалық сабақтардың тақырыбы Сағат саны Мерзімі 1 Физикалық құралдар, олардың құрылысы мен жұмыс принципін оқып үйрену. Заманауи сандық және компьютерлік құралдарды өлшеу жұмыстарында қолдану. 4 2 Зертханада және үйде сақталатын қауіпсіздік ережесі. Механикалық және электрмен жұмыс істейтін құралдарды жұмысқа қосуды және өлшеу жұмыстарында пайдалануды үйрену. 4 3 Зертханалық жұмыстарда қолданылатын материалдар және олардың физика-химиялық қасиеттерін оқып үйрену. 4 4 Материалдарды қырқу, желімдеу және пісіріп бекітуге қолданылатын құралдардың техникалық сипаттамалары мен талаптарын, олардың қолданылу тәсілдерін меңгеру. 4 5 Бұрандап, дәнекерлеп бекітуде қолданылатын құралдарды, оларды қолданудың техникасы мен технологиясын меңгеру. 4 6 Ток көздері. Электр өлшегіш құралдар. Мультиметрлер. Электр схемалары және оларды оқып үйрену. Электр схемаларын құрастырудың қарапайым үлгілері. Аналогты және санды өлшеу құралдары. Электронды осциллограф. 4 7 Автоматика және телемеханика жүйелеріне кіріспе. 4 8 Схемотехника. Жартылай өткізгішті микроэлектронды тізбектер және олардың қолданылуы мен жұмыс принципін оқып үйрену. 4 9 Микропроцессорлар және микропроцессорлы техника. Компьютерлік модельдеуші бағдарламалар көмегімен олардың құрылысы мен жұмыс принципін оқып үйрену. 4 10 Қарапайым роботехникалар және оларды жасау мен басқару бағдарламаларына кіріспе. Компьютерлік модельдеуші ортаны қолданып роботехникалық құралдар құрастыру. 4 11 Электр энергиясын өндіретін құралдар. Электр энергиясын өндіру және тұтынушыларға тарату. 4 12 Күннен және желден электр өндіргіш құралдардың құрылысын, жұмыс принципін оқып үйрену. Қарапайым үлгідегі модельдер құрастыру, эксперименттер жүргізу. 4 13 Күн элементтерін қолданатын энергия өндіргіштер, тұтынушылар. Компьютерлік модельдеуші ортаны қолданып модельдеу, модельдік эксперименттер жасау. 4 14 Жарық шығарушы құралдарды заманауи үлгідегі жартылай өткізгішті жарық шығарғыш элементтермен алмастыру тиімділігі, құралдар құрастыру және эксперименттер жүргізу 4 15 Әр түрлі деңгейдегі бақылаулар мен сайыс түріндегі сабақтар өткізу. Оқушылардың еңбегін бағалау, марапаттаулар. 12 Аталған жоспар 68 сағаттық оқу жүктемесін құрайды және үйірмеге қатысушылар 7-10 сынып оқушыларынан, олардың оқу-танымдық қызығушылықтарына қарай іріктеліп алынады. Дарынды оқушылармен үйірме сабақтарын ұйымдастыру барысында алдымен оқушыларды зерттеп, олардың ішінен физика мен техникаға қызығушылығы бар оқушыларды іріктеп аламыз. Мұғалімнің оқушыларды алдын ала жақсы білуі, оған олардың өз ынтасы мен қабілетіне сәйкес үйірме таңдауына көмектесуге, сонан соң үйірме мүшелеріне тапсырмаларды дұрыс бөліп беруіне мүмкіндік береді. Әр үйірме мүшелерінің саны 15-тен артық болмауы тиіс. Үйірме жұмысының жоспары мен мазмұны мектеп оқушыларының ынтасымен, жеке басының ерекшелігі мен жас ерекшелігіне қарай құрылады. Бірақ үйірме жұмысының жалпы бағытын мұғалім алдын ала өзі анықтайды. Оны таңдап алу мұғалімнің көздеген мақсаты мен дайындық дәрежесінде, оқушылардың тілегіне, мектеп талабына, физика кабинетінің жабдықталуы жағдайына, материалдардың бар-жоғына және бірқатар басқа да факторларға байланысты болады. Үйірме мүшесіне берілетін тапсырма әрі оның шамасы жететіндей, әрі жеткілікті дәрежеде күрделі болуы керек. Аса терең ойлану мен шығармашылықты қажет ететін тапсырманы орындағанда ғана оқушы моральдық қанағаттанушылық алатыны және оған пайдалы болатыны ескерілуі қажет. Сондықтан әр тапсырма олар үшін жаңа, сапа жағынан олардың жұмысының өсу сатысы болуы тиіс. Сабақтан тыс уақыт қорының болуы мектеп оқуышыларының жанжақты дамуына тиімді әсер етіп, олардың саяси-идеалық және рухани тәрбиеленуіне, оқушылардың белсенді өмірлік ұстаныма айналады. Физика пәні бойынша сабақтан тыс оқу-тәрбиелік тапсырмаларды талдау барысында мектеп оқушыларының сабақтағы және сабақтан тыс жұмыстарының негізгі мақсатын прнцип ретінде басшылыққа алу қажет. Жалпы білім беретін мектептерде физика пәнін оқыту барысында мектеп оқушылары физика ғылымының негізі бағыттарын қоғамдық және ғылыми-техникалық дамудың негізгі талаптарына сәйкес терең және жете білуі қажет, оқушылардың өз білімін ұштастырсам деген ынта-жігерінің болуы және оны өз бетінше толықтырып, сараманда қолдана білуі керек. Үйірме жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру арқылы оқыту мен тәрбиелеудің негізгі міндеті оқушылардың жоғары рухани байлығын арттыру, оқушыларды белсенді еңбек және қоғамдық қызметке дайы, саналы түрде мамандық таңдауға көмектесу. Бұл міндеттердің тек физика сабағында шешімін табуы мүмкін емес. Оның көбі сабақ аясына сыймайтын әртүрлі жұмыс формалары мен әдістерін талап етеді. Физика сабағында сабақ жоспарымен келетін тақырыптарды үйренуде қатаң бекітілген сабақ уақыты мұғалім мен оқушының ынтасын шектейді. Сондықтан сабақта тақырыптың барлығын қамтып үлгермейтіндіктен сабақтан тыс уақытта оқып-үйрену қажет және ол өзінің нәтижесін берері сөзсіз. Қорыта айтқанда, жаңа инновациялық технологияларды қолданып жүйелі түрде жүргізілген сыныптан тыс жұмыстар дарынды оқушылардың қабілетін дамытуға және олардың физика мен техниканың белгілі бір саласына деген ерекше ықыласын қалыптастыруға әсер етеді.
Тақырыбы: Білім беру реформаларының қажеттілігі және тиімділігі. Қазақстандағы білім жүйесінің даму деңгейі ҚР Конституциясына сәйкес білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау салаларында мемлекеттік кепілдіктер берілетіні анық жазылған. Дамыған елдердің тәжірибесіне қарап, білім беру мен денсаулық сақтау, ғылымды дамыту, спорт, жұмыспен қамтуға бағытталған реформалар мен инвестицияның нәтижесінде ұлт өмірін сапалы қылуға, постиндустриалды қоғам талаптарына жауап беретін интеллектуалды қоғам орнатуға, табысты жастарды тәрбиелеуге болатынына көз жеткіземіз. Мемлекеттің әр қадамы нәтижелі болу үшін тұлғаның бәсекеге қабілеттілігі де жоғары болуы керек. 1991 жылдан бастап білім беру саласындағы мемлекеттік саясат білім беру жүйесін сапалық жағынан жақсарту мақсатын қойды. Осы аралықта білім беруді басқару мен қаржыландырудың құқықтық-заңнамалық базасы қалыптасты. Мамандардың пікірінше, Қазақстанда жоғары білім беру саласын реформалау 1995 жылдан бастап қарқынды жүрді. Жалпы, Қазақстанның тәуелсіздік алған жылдардан бергі білім беру жүйесін келесі кезеңдерге бөліп қарастырамыз: 1.1991-1994 жж. - жоғары білімнің заңнамалық және нормативтікқұқықтық базасының қалыптасуы; 2. 1995-1998 жж. - жоғары білім беру жүйесін және оның мазмұнын жаңарту; 3. 1999-2004 жж. - білім беруді басқару мен қаржыландыру, білім беру ұйымдарына академиялық еркіндік беру; 4. 2005-2010 жж. - «2015 жылға дейінгі Қазақстанның білім беру жүйесін дамыту тұжырымдамасы» негізінде нарықтық экономикаға жоғары білім беру жүйесін бейімдеу; 5. 2011 жж. қазіргі уақытқа дейін - жаңа кезең, инновациялық дамуға бейімделген, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды дайындаудың ұлттық моделін қалыптастыру. Білім беру саласында жүргізілген реформаға сәйкес, 90-шы жылдары бірқатар өзгерістерге қол жетті: білім беру мекемелерінің құзіреті кеңейді; жалпы орта білім мен мемлекеттік оқу орындарында кәсіби білімді тегін оқытуға мемлекет кепілдігі берілді; үш тілде оқыту жүйесі енгізілді; мемлекеттік емес оқу орындарына рұқсат беріліп, басқа мемлекет азаматтарына ҚР азаматымен тең дәрежеде білім алуға рұқсат берілді; кредиттік жүйе мен тегін оқу гранты бөлінді; жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарына кәсіби білім алу мен мобильділік бойынша оқуға мүмкіндік берілді; ЖОО жоғары білімді шыңдауға мүмкіндік беретін негізгі әлеуметтік орын ретінде дербестікке ие болды. 1997 жылы Қазақстанда жаңа әлеуметтік стратегияның құрылуына негіз болған ұлттық жобалар дайындалды. Бұл бағдарламалар адами капиталды дамыту, оның білімі, денсаулығы, игілігіне қатысты сұрақтардың шешімін табуымен маңызды. Білім сапасын көтеруге байланысты елімізде 2005 жылға дейін «Ауыл мектебі» атты мемлекеттік бағдарлама жүргізілді. Бағдарламаның негізгі мақсаты еліміздегі ауылдық мектептерді белгілі бағыттар бойынша дамыту болды. Көптеген аймақта мектептер жетіспегендіктен, жауапты министрлік ауыл мектептерін білікті мамандармен қамтуды қолға алды. Осы шаралар «Білім» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жалғасын тапты. Мемлекеттің білім беру саясатын дамытудың ұзақмерзімді құжаты - 2004 жылы қабылданған «ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» болды. Тұжырымдама – білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын ғылыми-теориялық, әдіснамалық құжат. Тұжырымдама ҚР Конституциясына, «Білім туралы» ҚР Заңына, «Ғылым туралы» Заңға, «Қазақстан-2030» Стратегиясына, «Қазақстанның 2015 жылға дейінгі индустриалдық-инновациялық даму стратегиясына», «Білім» мемлекеттік бағдарламасына, Балалардың құқықтары туралы конвенцияға және т.б отандық және халықаралық маңызды құжаттарға сәйкес әзірленді. Білім беруге байланысты қабылданған құжаттар экономикалық, қоғамдық жаңғыртудың барлық қажеттіліктеріне жауап береді және білім жүйесіне деген халықаралық талапты ескереді. Қазақстандық жүйенің құрылымы ЮНЕСКО ұсынған Халықаралық стандарттық білім беру бағдарламасының (1997 ж.) классификация өлшемдеріне сәйкес келтірілген. Білім туралы жаңа заңның 8-ші бабына сәйкес, білім алу жүйесі жеті сатыдан тұрады: мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Жоғары білім саласын халықаралық дәрежеге көтеру Қазақстанның халықаралық аренада бәсекеге қабілетті мемлекет болуына тікелей ықпал етеді. Оны жүзеге асыру үшін 2012 жылдан бастап Қазақстанда көптілді білім беру жүйесі енгізілуде. 2012-2013 оқу жылында Қазақстанның 35 мектебінде көптілді оқыту жүйесін енгізу қолға алынды, сонымен қатар, 1 сыныптан бастап ағылшын тілін үйрету жобасын қолға алынды. Республикада новаторлық әдістемелер, орта мектептерде үш тілде сабақ берудің жаңа стандарттары сынақтан өткізілуде. Қазақстанның Болон процесіне жедел кіруі нәтижесінде еліміз үш деңгейлі моделге енді: бакалавриат-магистратура- PhD докторантура. Қазіргі күні 42 жоғары оқу орны еуропалық агенттіктердің сапа менеджменті жүйесінің сертификаттау аудитінен өтіп үлгерді. Докторлық және магистратуралық бағдарламалары үшін кластерлі бастамалар негізінде озық мамандықтардың тізімі анықталды. Бұл құжаттар мемлекет саясатының білім саласындағы негізгі міндеттерін айқындады. Қазақстанда өткізілетін әлеуметтік-экономикалық реформалар нәтижесінде, жоғарғы оқу орындарын қоса алғанда, соңғы жылдары алға қойылған келесі міндеттерді атап өтуге болады: 1. жоғарғы білім жүйесін демократияландыру және басқарудың бір орталықтан жүргізілмеуі;. 2. жоғарғы оқу орындарының құрылымы мен жүйесін әртараптандыру; 3. жаңа заңнамалық және нормативтік-құқықтық базаны құру; 4. жоғары білім берудің жаңа мемлекеттік стандарттарын қалыптастыру. Жалпы, Қазақстанның білім беру жүйесін жаңғырту арқылы үлкен нәтижелерге қол жеткізуге болады, егер келесі жағдайлар орындалса: үкіметтің білім беру саясатында орнатқан барлық бағдарламалары білім беру жүйесінің аясында жинақталған әлем тәжірибесінің мүмкіндігіне негізделіп жасалуы қажет. Ұлттық білім беру жүйесі әлем бойынша жаһандану үрдісін кешуде. Сондықтан, көптеген мемлекеттер үшін, әсіресе, Орталық Азия үшін, өзінің білім беру жүйесін өзгертуде дұрыс бағыт таңдау мәселесі тұр. Жаңа заманның негізгі үрдістері білім беру саясатына да ықпалын тигізе бастады. Білім беру жүйесі әлеуметтік саясаттың басты бағыттарының біріне айналуда, себебі, жаңа әлемде мемлекеттің экономикалық жетістіктері білім беру жүйесімен, азаматтардың білімділігімен, мамандардың бәсекеге қабілеттілігімен анықталады. Жолдаудағы білім берудің бейнесі Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жағдайында ұзақмерзімді стратегия арқылы білім реформасын жүзеге асыруға болады. Сол мақсатта ҚР білім беру жүйесі белгілі даму сатыларынан өтіп келеді. Оған ҚР Президентінің жыл сайынғы халыққа Жолдаулары негіз болуда. Атап айтқанда, «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында білім беру мәселесі төртінші ұзақмерзімді басымдықта көрсетілді. Басымдық атауында «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты» деп көрсетілгенімен, құжаттың аталған бөлігінде азаматтардың денсаулығы мен салауатты өмір салтын сақтау мәселесіне мән берілген.Атап айтқанда, тәуелсіздік жарияланған алғашқы жылдардағы өршіп тұрған нашақорлық пен наркобизнес, темекі мен алкогольді тұтыну мәселені ерекше көңіл аударылған. Білім беру мәселесі кейінгі бағдарламаларда тарқатылып айтылды. Соңғы жылдардағы құжаттарға көңіл аударатын болсақ, 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауының «Жаңа әлеуметтік саясат» тармағында 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап білім беру саласы қызметкерлерінің жалақысы – 29 пайызға дейін артатыны айтылды. Сонымен қоса 2017 жылдан «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» бағдарламасы басталатыны жарияланды. Бұл Жолдауда негізінен дағдарысқа қарсы күрес, қаржы секторын тұрақтандыру, бюджет саясаты, жаңа инвестициялық саясатқа ден қойылған. 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында үш тілдік оқыту, мұғалімдердің деңгейі, кәсіптік білім беру туралы қозғалады. «Төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсарту» бөлімі келесі жылғы жолдаудың алғышартындай көрінеді. Яғни, әр жылдағы білім беру мәселесінің жолдаудағы өзектілігі әртүрлі деңгейде. Сол кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық проблемалар мен бетбұрыстарға байланысты болып отырады. 2018 жылы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында білім беру мәселесі назардан тыс қалған жоқ. Бұл құжатта білім беру саласын дамыту «Қазақстан-2050» даму стратегиясы, «100 нақты қадам – Ұлт жоспарында» қойылған міндеттер аясында қарастырылған. Атап айтқанда, жаңа индустрияландыру талаптарына білім беру жүйесін, коммуникация мен стандарттау салаларын бейімдеу қажеттігі айтылды. Әдеттегідей оқу орындары жалпы аталмай, агроөнеркәсіп кешенін дамыту мақсатында аграрлық университеттердің рөлін қайта қарау міндеті қойылды. Яғни, аграрлық университеттер ауыл шаруашылығымен біте қайнасқан ғылыми және оқыту орталығы болуы тиіс. Ол тапсырманы оқу орындары толықтай орындамай отырғаны белгілі. Бұл жолдауда өнеркәсіптік төңкеріс жағдайында еліміздің бейімделуіне 10 даму қағидасы алға қойылған. Оның ішінде «Адами капитал – жаңғыру негізі» жетінші қағидасында білім беру сапасын арттыру мен интеллектуалдық ұлт қалыптастыру сұрақтары қарастырылған. Жалпы, бұл Жолдаудағы негізгі идея заманның өзгерістеріне бейім болу, инновациялық дамудың көшінен қалып қалмау. Бұл жерде ең алдымен оқыту бағдарламасын жаңартқан жөн. Ол дегеніңіз – мектептерді компьютерлік сыныптармен қамту арқылы жастарды жаңа технологиялық қалыпқа бейімдеу (3Д принтер, робот техникасы, жасанды интеллект және т.б); жекелеген пәндерді ағылшын тілінде оқытуды бастау, оқу орны мен кәсіпорын, корпорациялардың арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Педагог-мамандардың мәртебесі тұрақты көтеріліп келеді. Педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау, ЖОО педагогикалық кафедралар мен факультеттерді дамыту туралы айтылғанымен, мәселе келесі Жолдауда қайталанып отыр. 2018 жылы 5 қазандағы Жолдауда «білім», «білім беру» сөзі 13 рет кездеседі. Бұл Жолдауда салыстырмалы түрде білім беру тақырыбына басымдық берілген. Білім саласы халықтың тұрмыс сапасын арттырудың маңызды бөлігі ретінде қарастырылады. «Тұрмыс сапасын арттыру» бөлімінде бес тармаққа жіктеліп қарастырылған. Егер биылғы Жолдаудағы білім бағытына қатысты ең маңызды ойларды тізбектейтін болсақ: - 5 жыл ішінде әлеуметтік салаға бөлінетін қаражатты ЖІӨ 10 пайызына жеткізу. - Мектепке дейінгі білім беруді жақсартудың «Жол картасын» әзірлеу. - Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесі бірыңғай стандарт қылу; - Үш ауысымда оқыту мәселесін шешу, оған бюджеттен қосымша 50 миллиард теңге қарастыру; - «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылдау; - ЖОО жауапкершілігін күшейту, Назарбаев Университетінің тәжірибесін ел көлемінде енгізу. Бұл ретте Назарбаев Университетінде заманауи зерттеу орталығын ашу және «Жаңа формацияның басшысы» бағдарламасын даярлау туралы да сөз болды. Яғни, аталған ЖОО тек білім беру ғана емес, ғылыми-инновациялық және мемлекеттік басқару саласындағы үлесі арта түспек. «Қазақстан-2050» Стратегиясындағы білім Стратегияда «Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары» деп осы мәселеге арнайы тоқталу арқылы оның маңыздылығын көрсетеді. Қазақстандағы білім беру саласын дамыту бойынша аталған құжатта мынадай негізгі төрт басымдықтары анықталған: - Мектепке дейінгі білім берудің жаңа әдістеріне көшу; -Халықаралық үлгідегі куәліктер беру арқылы инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамытуды қамтамасыз ету; -Жеке бизнестің, үкіметтік емес және қайырымдылық ұйымдарының, жеке адамдардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыру; -Оқыту әдістемелерін жаңғырту және өңірлік мектеп орталықтарын құра отырып, білім берудің онлайн-жүйелерін дамыту. Стратегияда айтылған ең алғашқы басымдық бойынша, балалардың бастапқы мүмкіндіктерін теңестіруге арналған «Балапан» бағдарламасының маңыздылығы арта түсетіні анық. Осы бағдарлама жүзеге асырылған уақыттан бері елімізде 3 956 жаңа балабақша мен шағын орталықтар іске қосылған. Алайда еліміздегі соңғы жылдардағы туу көрсеткішінің артуы және ішкі миграция себебінен облыс орталықтарында және Астана, Алматы қалаларында мемлекеттік балабақшалардың жетіспеу мәселесі туындайды. «Қазақстан-2050» Стратегиясында осы өзекті мәселе назарға алына отырып, «Балапан» бағдарламасын 2020 жылға дейін ұзарту шешімі жайлы айтылды. Сондай-ақ, Үкімет пен әкімдердің алдына балаларды мектепке дейінгі білім беру және тәрбиемен 100% қамту міндеті нақты қойылды. Балалар кез-келген мемлекеттің келешегін қалыптастырушы және тұрақты қолдауды қажет ететін қоғамның бөлігі. Екіншіден, Президент бірқатар Жолдауларында техникалық білім беруді дамыту туралы жиі сөз қозғап келеді. Өйткені, мемлекеттің индустриалды-инновациялық дамуы, экономикалық өркендеуі үшін ең алдымен осындай мамандық иелерінің маңызы артады. Стратегиядағы инженерлік білім беру мәселесі де осы мақсаттан туындаған деп есептейміз. Кәсіби-техникалық және жоғары білім ең бірінші кезекте ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешектегі сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстауы керек. Бұл жұмыспен қамту мәселесін шешуге де едәуір септігін тигізеді. Сонымен қатар, ЖОО тек оқыту ғана емес, ғылыми-зерттеу және инновациялық орталық ретінде орны туралы жиі айтылып келеді. Жолдауда қозғалған осы мәселенің нақты іске асуы ретінде «Назарбаев» ДББҰ ашылуын келтіреміз. Бұл заманауи университет Қазақстандағы білім беру саласының жаңа кезеңі болып табылады. «Назарбаев» университеті академиялық автономия кепілдігі берілген жоғары оқу орны ретінде оқу бағдарламаларын жетілдіріп қана қоймай, ғылыми-зерттеушілік қызметін де дамытып келеді. Үшіншіден, әлеуметтік жауапкершілікті арттыру мәселесіне орай Стратегияда: жоғары және орта білім беру жүйесін дамыту үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі желісін құру; кәсіпорындардағы міндетті өндірістік тәжірибені заңнамалық тұрғыда бекіту тапсырмалары енгізілген. Еліміздегі ірі корпорациялар мен кәсіпорындар, кәсіпкерлер әлеуметтік аз қамтылған отбасынан шыққан балаларды оқыту, балалар үйі тәрбиеленушілерінің ЖОО оқу ақысын төлеу және тұрғын үймен қамтамасыз ету сұрақтары бойынша жауапкершілік алуы қажет. Төртіншіден, оқыту әдістемелерін жаңғырту бағыты бойынша сұраныс жоқ ғылыми және білім пәндерінен арылу, пәндерді қажеттілігіне қарай оқыту, елдің даму жағдайына бейімдеу ұсыныстары айтылды. Жалпы, Жолдауда ерекше аталып өткен осы мәселелер Қазақстанның өз тәуелсіздігін жариялаған уақыттан бергі білім беру саласының олқылықтары мен жетістіктерін терең саралау нәтижесінде туындаған тапсырмалар деп білеміз. Өйткені, білім беру бойынша жаңа көзқарасты қажет ететін сұрақтар да жоқ емес. Қорытынды Қоғамның әлеуметтік-экономикалық өзгерістері кезінде, сапалы білімнің реформасын тек қана толығымен өңделген стратегия арқылы жүзеге асыруға болатынын түсіну нәтижесінде Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі едәуір жетістіктерге қол жеткізіп, алдағы уақытта бұл үрдіс жалғасатынына көз жеткізуге болады. Қазақстанның білім беру жүйесін жаңғырту арқылы үлкен нәтижелерге қол жеткізуге болады, егер келесі жағдайлар орындалса: үкіметтің білім беру саясатында орнатқан барлық бағдарламалары білім беру жүйесінің аясында жинақталған әлем тәжірибесінің мүмкіндігіне негізделіп жасалуы қажет. Ұлттық білім беру жүйесі әлем бойынша жаһандану үрдісін кешуде. Сондықтан, көптеген мемлекеттер үшін, әсіресе, Орталық Азия үшін, өзінің білім беру жүйесін өзгертуде дұрыс бағыт таңдау мәселесі тұр. Жалпы, Жолдауда ерекше аталып өткен осы мәселелер Қазақстанның өз тәуелсіздігін жариялаған уақыттан бергі білім беру саласының олқылықтары мен жетістіктерін терең саралау нәтижесінде туындаған тапсырмалар деп білеміз. Екінші жағынан, көптеген проблемалар жыл сайын Жолдауда көрініс тауып отыратынын жасыра алмаймыз
Білім беру жүйесіндегі құзіреттілік және оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыруға инновациялық технологияларды қолдану әдістері. Білім беру жүйесіндегі құзыреттілік тәсіл және құзірет ұғымы «Құзырлық» сөзі туралы қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде: «құзыр (компетенция) – жалпы алғанда қайсыбір тапсырманы орындауға қабілеттілік немесе бір нәрсені жасау» деп берілген. Латын тілінен аударғанда «құзырлық – өз ісін жетік білу, танымы мол, тәжірибелі» деген мағынаны білдіреді. Белгілі бір саладағы құзырлылықты меңгерген тұлға өз саласына сәйкес білім мен біліктілікпен қаруланған қандай да бір негізі бар ой - тұжырым жасайтын және тиімді әрекет ете алатын адамды есептеуге болады. Тұлға құзырлылығының құрылымын анықтауда өте көптеген тәсілдер бар. Құзырлылық күрделі құрылым, оқытудың кіріктірілген нәтижесі ретінде атай отырып, төмендегі түрлерін немесе құзырлылық бағыттарын бөліп алуға болады. Оларды үш топқа бөлуге болады: 1) Әлеуметтік құзырлылықтар қоршаған ортамен, қоғам өмірімен, тұлғаның әлеуметтік қызметімен байланысты (ынтымақтаса білу, әр түрлі өмірлік жағдайларда проблемаларды шеше білу, өзара түсіністік дағдылары, әлеуметтік және қоғамдық құндылықтар мен біліктер, коммуникациялық дағдылар, әр түрлі әлеуметтік жағдайлардағы икемділік). 2) Мотивациялық құзырлылықтар ішкі мотивациямен, қызығушылықтарымен, тұлғаның жеке таңдауымен тығыз байланысты (оқуға деген қабілеті, өнертапқыштық, бейімделе білу дағдылары және жылдам әрекет ету білігі, қызығушылықтары мен тұлғаның ішкі мотивациясы, практикалық қабілеттері, өз таңдауын жасау білігі). 3) Функционалдық құзырлылықтар ғылыми білімдерді және фактілік материалдарды пайдалана білу білігі (техникалық және ғылыми құзырлылық, өмірде және оқуда пайдалана білу білігі, ақпарат көздерін өзінің дамуы үшін пайдалана білуі). Оқушылардың құзырлылықтарын қалыптастыру жолдары: Оқушылардың құзырлылықтарын қалыптастыруды жүзеге асыру тек білім берудің жаңа мазмұны арқылы ғана емес, сол сияқты, жаңа оқыту әдістері мен технологияларына да қатысты. Технологиялар мен әдістердің тізімі ауқымды, олардың мүмкіндіктері әр түрлі, сондықтан негізгі стратегиялық бағыттарды анықтау қажет, әрине, өмірдің әр түрлі жағдайларына дайын рецепт жоқ. Өнімді технологиялар мен әдістердің әлеуеті өте жоғары, ал оларды оқыту барысында пайдалану оқытудың нәтижесі-құзырлылыққа ықпал етеді. Төмендегідей негізгі міндеттерді бөліп алуға болды: - оқушылардың дамуына, өзіндік дамуына жағдай жасау; өнімді білім, білікті игеру; - бүкіл өмір бойына өз білімін толықтыруға деген қажеттілікті дамыту. Оларды орындау үшін мұғалім нені басшылыққа алуы керек? Ең алдымен, мұғалім қолданатын технологияға тәуелсіз төменде келтірілген ережелерді есіне сақтауы керек: 1. Ең бастысы , Сіз оқытып отырған пән емес, Сіз қалыптастырып отырған тұлға. Тұлғаны Сіз оқытатын пән қалыптастырмайды, пәнді оқытатын мұғалім қызметі арқылы қалыптасады. 2.Белсенділікті қалыптастыру үшін уақытты да, күшіңізді аямаңыз. Бүгінгі белсенді оқушы – ертеңгі қоғамның белсенді мүшесі. 3. Оқушыны білім алуға, оқу-танымдық қызметтің өнімді әдістерін игеруге көмектесіңіз. 4. «Неліктен?» деген сұрақты жиі пайдаланыңыз, бұл себепті ойлауға үйрету үшін қажет: себеп-салдар байланысын түсіну дамыта оқытудың міндетті шарты болып табылады. 5.Әңгімелеп айтқан білмейтінін, практикада қолданатын адам білетінін есіңізге сақтаңыз. 6.Оқушыларды ойлауға және өздігінен әрекет етуге үйретіңіз. 7. Шығармашылық ойлауды проблеманы жан-жақты талдаумен дамытыңыз, танымдық міндеттерді бірнеше тәсілдермен шешіңіз, жиі шығармашылық есептерді жоспарлаңыз. 8. Оқушыларға оларды оқыту перспективасын жиі көрсетіңіз. 9. Білім жүйесін игеруді қамтамасыз ету үшін сызбаларды, жоспарларды қолданыңыз. 10. Оқыту үрдісінде әр оқушының жеке қабілеттерін есепке алыңыз, бірыңғай деңгейдегі білімі бар оқушыларды кіріктірілген топтарға біріктіріңіз. 11.Оқушылардың өмірлік тәжірибелерін, олардың қызығушылықтарын, даму ерекшеліктерін есепке алыңыз. 12. Өз пәніңізден ашылған жаңалықтар бойынша ақпаратты біліңіз. 13. Оқушылардың зерттеу жұмысын ынталандырыңыз. Оларды эксперименттік жұмыстың техникасымен, есептерді шығару алгоритмімен, анықтамалық материалдармен, шығармалармен таныстыруға мүмкіндік табыңыз. 14. Білім ол үшін өмірлік қажеттілігі екенін түсінуге үйретіңіз. 15. Оқушыларға әр адамның өмірлік жоспарларын жүзеге асыру үшін барлығына үйренетін болса, онда ол өмірден өз орнын табатынын түсіндіру қажет. Құзыреттілік тәсіл бірінші орынға оқушының хабардарлығын емес, нақты құбылыстарды танып білу мен түсіндіруде; қазіргі заманғы техника мен технологияны игеруде; практикалық өмірде; мамандық таңдау кезінде өзінің кәсіби білім алуға дайындығын бағалауда; еңбек нарығын бағдарлау қажет болғанда; өмірден өз орнын анықтауға; өмір салтын, кикілжіңдерді шешу тәсілдерін таңдауға байланысты мәселелерді шешу қажет болғанда туындайтын өмірлік мәні бар мәселелерді шешу біліктілігін шығарады. Білім беру жүйесінде оқушының бойында коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияның рөлі ерекше. Бұл технологияны қолдану оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін және жұмыс істеу шеберлігі мен қабілеттіліктерін арттырады. Бағдарламаны жақсы меңгеруге, өз жұмысын жоспарлауға, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді. Оқушының қазіргі заман талабына сай білім алуына, білім сапасына тікелей әсер ететіндер – ақпараттық құралдар. Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай: « Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады.» Мұғалімнің ізденісі, жан-жақтылығы айтылып кеткен құзыреттілік арқылы айқындалады. Құзыреттіліктің мазмұны жеке кәсіптік, интегралдық сипаттама ретінде төмендегі қызметтерді жүзеге асырумен анықталады. 1. Болжау; 2. Ұйымдастыру; 3. Бақылау; 4.Реттеу; 5.Үйлестіру; 6.Сәйкестендіру; 7. Белсенділігін арттыру; 8.Зерттеу. Құзырлылық оқыту перспективалы болып табылады, өйткені мұндай тәсілмен жұмыс істегенде оқу қызметі зерттеуге және практикалық бағдарланған мәнде болады, білім игеру құралына айналады. Әр күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалып қоймай уақыт талабына сай ертеңгі болашақ жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілікті жүктейді. Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді , өз білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Өйткені еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында. Мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі – сапалы білім және жақсы тәрбие алған шәкіртінде. Оқушы шығармашылығын дамыту ісі үздіксіз жүргізіле бермек. Бұл қоғам талабына сай туындайтын қажеттілік. Құзырет ұғымы. Құзырет (Компетенция) – нақты әрекет пен үдерістерге байланысты тиімді, өнімді әрекеттер жасай алатындай дара тұлға сапаларының өзара байланысқан бірлестігі (білім, білік, дағдылар, қызмет түрлері). Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың нәтижесінде «кәсіби міндеттерін дербес әрі шығармашылық тұрғыдан шешуге, кәсіби қызметтің тұлғалық және қоғамдық маңызын түсінуге, оның нәтижелері үшін жауап беруге қабілетті кәсіби құзыретті жеке тұлғаны, бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім беруді басқарудың тиімді жүйесі құрылатын болады» делінген [2]. Бұдан «құзыреттілік» ұғымы білім беру, маман даярлау саласының қолданыстағы терминіне айналғанын көреміз. «Құзыреттілік» термині әдетте белгілі бір әлеуметтік - кәсіби статус иесіне байланысты қолданылады және оның сол істі атқарудағы түсінігі, білімі, білігінің орындалуға тиіс мәселенің нақты өз деңгейінде шешілуімен сәйкестілігі арқылы сипатталады. «Құзыреттілік» термині Webster сөздігіне сүйенсек, сауаттылық сөзінің синонимі ретінде 1596 жылы пайда болды. Уақыт өте келе бұл терминнің мағынасы өзгерді. ХХ ғасырдың екінші жартысында дағдының қолданбалы мәніне байланысты «функционалдық сауаттылық» мағынасына ие болды. 1980 – 1990 жылдары сауаттылық анықтамасы жаhанданудың, оның ішінде жаңа ақпараттық технологиялардың қолданылуына байланысты одан әрі кең мағынаға ие бола бастады. 2002 жылы БҰҰ -ның Бас Ассамблеясы «Сауаттылықтың он жылдығы» туралы резолюция қабылдап, сауаттылықты «адам құқықтарын негіздеуші» және адамның өзіне барлық «өмірлік дағдыларды» сіңіруінде маңызды мәнге ие деп көрсетті. ХХІ ғасырда сауаттылықты неғұрлым кең мағынада – оқытудың мақсатын нақтылауға әкелетін білім қоғамы ретінде түсіне бастады. «Методикалық терминдер сөздігінде» «Құзыреттілік (Компетенттілік) (латынның competentis – бейім сөзінен) – қандай да бір оқу пәнін оқу үдерісінде қалыптасатын білім, білік, дағдылар жиынтығы, сонымен қатар, қандай да бір қызметті орындай алу қабілеттілігі», – деп көрсетілген. Орыс тілінің сөздігінде «құзыреттілік» термині «әлдекімнің жақсы хабардар болуы мәселесі төңірегінде» берілген. «Құзыреттілік» терминін ХХ ғасырдың ортасында Н. Хомский енгізген болатын, алғашында ол ана тілінде нақты тілдік қызметті орындау үшін қажет қабілеттіліктер ұғымын берген. Кәсіби құзыреттілік мәселелері, болашақ мамандардың құзыреттілігі туралы пікірлер кәсіби маман даярлау мәселелерімен айналысып жүрген отандық және шетелдік ғалымдар, педагогтар, психологтар еңбектерінде көрініс табуда. Бүгінгі күні шетел ғалымдарының еңбектеріндегі кәсіби құзыреттілік анықтамалары «тереңдетілген білім», «міндетті шешудегі теңдік жағдайы», «қызметті орындаудағы қабілеттілік» (Britell G.K., Blank W.E.) және басқалар бұл ұғымның мәнін толық аша алмайды. Кордуэлл М. «Психология от А до Я» атты анықтамалық – сөздікте адамның құзыреттілігінің бірнеше түрінің анықтамасын ұсынады: когнитивті құзыреттілік – мәселені шешу және мақсатқа жету қабілеттілігі; әлеуметтік құзыреттілік - өзге адамдармен қарым – қатынас орнату қабілеттілігі. Білімнің тұлғалық және әлеуметтік мәнін байланыстырудағы құзыреттіліктің маңыздылығына тоқтала келе, А.В. Хуторской оны қазіргі білім берудегі дағдарыстан шығудың бір жолы және жеке тұлғаның өзара байланысты сапаларының үйлесімі ретінде қарастырады. Құзыреттілік және құзырет ұғымдары мәселесін талдаған ғалымдардың (Дж. Равен, Р. Уайт, Н. Хомский, А.В. Хуторской, Н.В. Кузьмина, А.К. Маркова т.б.) пікірлеріне сүйене отырып, И.А. Зимняя өзінің ғылыми пікір алмасуында білім берудегі құзыреттіліктің үш кезеңін атап көрсетеді. Болашақ мұғалімді терең әдіснамалық және теориялық тұрғыда даярлау қай кезде де күн тәртібінен түспек емес. Білім беруді жаңарту негіздерінің бірі ретінде құзыреттілік тұрғыдан келуді жақтаушылар күтілетін нәтижелер тұжырымдамасын құруда. Бұл тұрғыдағы көзқарасты М.В.Рыжков өз еңбегінде: -«құзыреттілік» ұғымы тек танымдық (когнитивтік) және технологиялық құраушы ғана емес, әрі мотивациялық, әлеуметтік және мінез құлықтық, яғни оқыту нәтижелерін (білім, білік, дағды), құндылық бағдар жүйелерін қамтиды; - құзыреттілік – алған білім, білік, тәжірибе, мінез-құлық тәсілдерін нақты жағдаятта, нақты іс - әрекет жағдайында жұмылдыру қабілеті; - құзыреттілік ұғымында «нәтижеден» қалыптасатын білім мазмұны интеграциясы; - құзыреттіліктер тек білім беру мекемелеріндегі оқыту үдерісінде ғана емес, яғни дәстүрлі және дәстүрден тыс білім алу жағдайында да қалыптасады. «Кәсіби құзыреттілік» ұғымы туралы бірыңғай пікір жоқ екені байқалады. Көбіне бұл ұғым кәсібиліктің жоғары деңгейін бейнелеуде қолданылады. Кейбір авторлардың еңбектерінде «кәсіби құзыреттілік» ұғымы «кәсіби қызметке даярлық» (В.А. Сластенин, Н.Н. Лобанова, А.И. Панарин және т.б.) және «педагогикалық кәсібилік» (А.И. Пискунов, В.В. Косарев және т.б.) ұғымымен теңестіріледі. Білім беру саласында құзыретті маман қалыптастыру мәселесінің зерттелуі ХХ ғасырдың 80-90-жылдары қарқынды жүре бастады. Кәсіби – педагогикалық құзыреттілік пен оның жекелеген түрлерінің жалпы феноменологиясы В.А. Адольфтің, Е.В. Бондаревтің, Н.В. Кузьминаның және т.б. еңбектерінде кӛрініс тапты. Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігінің әртүрлі аспектілерін К.А. Абульханова, Л.И. Мищенко, М.В. Прохорова, Е.И. Рогов, Д.С. Савельев, В.А. Сластенин, Н.Ф. Талызина, А.И. Щербаков және т.б. зерттеді. Сонымен, білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын, тұлғалықізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің ісқимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, отандық, шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті атаймыз
Тақырыбы: Білім берудегі дәстүрлі технологияларға шолу Білім сапасын арттыруға бағытталған инновациялық -педагогикалық технологиялар. Жалпы инновациялық бiлiм прогресiнiң негiзiнде педагогиканың екi маңызды проблемасы жатыр: - педагогикалық тәжiрибенi оқыту проблемасы; - психологиялық – педагогикалық ғылым жетiстiктерiнiң практикасына дейiн жеткiзудiң проблемасы. Бiлiмдегi иновациялық процестiң нәтижесi теория мен практиканың тоғысында пайда болатын – теориялықта, практикалықта жаңалықтарды пайдалану болып табылады. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Инновациялық технологияны пайдалану — өмір талабы. Білім сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технологияларды оқып, үйреніп, сараптай келе, мынадай тұжырым жасауға болады: - білім алушылардың білім, білік сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технология түрлері сан алуан, оларды таңдау жэне одан шығатын нәтиже оқытушының кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты; - жаңа инновациялык технологияларды енгізу жүйелі әрі мақсатты түрде жүргізілгенде ғана жетістікке жетуге болады; - жаңа инновациялық оқыту технологияларын енгізу барысында әрбір оқу орнының материалдық-техникалық базасының бүгінгі талапқа сай еместігі, әрі жетіспеуі, кадрлық әлеуеттің төмендігі көп кедергі жасайды. Инновациялық оқыту білімді тереңдетумен қатар оқушының оқу әрекетіне жетелеп, олардың оқуға деген ынтасын оятады. Технологиялық инновациялар – бұл жаңа заманның компьютерлік және телекоммуникациялық технологиялары. Технологиялық инновациялар экономикалық механизмдерде, оқытушылар мен білім алушылар еңбегін ұйымдастыруда түбегейлі өзгерістерге, оқытушылық қызмет сипатына зор үлес қосылады. Қазіргі заманғы оқыту технологияларына келесі талаптар қойылады: ● оқыту мақсатының нақты қойылуымен, оның ғылыми негізделуі, іс - әрекетінің нәтижесінің жоғары сапалы болуы; ● оқу материалын толық қабылдау мүмкіндігінің болуы; ● оқу процесінде қарым - қатынастың еркін болуы; ● оны үнемі жетілдіріп, толықтырылып отыру мүмкіндігінің болуы. Инновациялық әдістердің ең негізгісінің бірі – «интерактивті оқыту әдісі». Негізгі қағидасы - педагогикалық қарым - қатынас пен қарым - қатынас диалогы арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту. Интерактивті әдіс - тәсілдерді жиі пайдалану, әр сабақта оның мүмкіндіктерін түрлендіріп отыру – педагогтар қауымының басты міндеті. Интерактивтік оқу технологиясы (ИОТ) – деп нәтижесінде оқу әрекеті барысында олардың өзара мотивациялық, интеллектуалдық, эмоциялық және басқа да жақтарынан жетістіктерге жетуді сезіну ситуациясын тудыра алатын, білім алушыларға педагогикалық әсерлі танымдық қарым - қатынас құруға кепілдік беретін, оқытушы мен білім алушының іс - әрекетін оқу - ойындар түрінде ұйымдастыру тәсілдерін айтамыз. Интерактивті әдістерге мыналар жатады: ♦миға шабуыл әдісі; ♦топпен жұмыс; ♦проблемалық шығарма әдістері; ♦рөлдік ойындар; ♦зерттеулер; ♦іскерлік ойындар; ♦сын тұрғысынан ойлау әдісі; ♦пікірталастар және т. б. Инновациялық іс-әрекеттің негізгі функцияларына педагогикалық үдерістің компоненттерінің өзгерістерін енгізеді: мақсаттары, білім беру мазмұны, оқытудың формасы, әдістері, тәсілдері, технологиялары, басқару жүйесі және т.б. Қазіргі кезеңде қолданылып жүрген инновациялық технологияның негізіне жататындар: - әрбір білім алушының жеке және дара ерекшеліктерін ескеру; - оқушылардың қабілеттері мен шығармашылығын арттыру; - оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру. Инновациялық технология түрлеріне: - ынтымақтық педагогикасы; - білім беруді ізгілендіру технологиясы; - проблемалы оқыту технологиясы; - тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы; - түсіндіру, басқарып оза оқыту технологиясы; - деңгейлік саралап оқыту технологиясы; - міндетті нәтижеге негізделген деңгейлеп саралап оқыту технологиясы; - модульдік оқыту технологиясы; - жобалап оқыту технологиясы. Міне, барлық аталған оқыту технологиялар нақ осы инновациялық технологияның өзі. Әр қайсысының білім беру процесінде жеке орны, маңызы, ерекшелігі және кемшілктері бар. Барлық жаңа технологияның алдымен қоятын мақсаты — білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру болып табылады. Қазіргі білім беру саласындағы инновациялық технологияларын меңгермейінше сауатты, жанжақты білгір маман болу мүмкін емес. Инновациялық технологияны меңгеру мұғалімнің зейін-зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген ұстаздық келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Инновациялық білім беру құралдарына: — аудио-видео құралдар; — компьютер; — интерактивті тақта; — интернет; — компьютер – мультимедaялық құралдар; — электрондық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен , инновациялық сайт және тағы басқалары жатады. Мұның бәрін бір сөзбен айтқанда оқу үрдісінде немесе сабақтарда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды немесе цифрлық білім ресурстарын білім беруге пайдалану деп атауға болады. Инновация модификациялық, комбинаторлық, радикалдық инновация деп үш түрге бөлінеді. Модификациялық инновация — бұл, қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу. Бұған, В.Ф.Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектілері және оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады. Комбинаторлық инновация — бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел. Радикалдық инновация — білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады. [3] Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру — жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегі алғы шарттар қажет:  оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;  оқушылардың сабақтастылығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру;  оның ғылыми-әдістемелік, оқыту-әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау;  жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандартымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру технологиясын игеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу;  оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу . Қазіргі білім беру жүйесіндегі жаңа педагогикалық технологиялардың танымалдыққа ие түрлеріне тоқталып кетейік:  Саралап оқыту;  Дамыта оқыту;  Деңгейлеп оқыту;  Шоғырландырып, қарқынды оқыту;  Модульдік оқыту;  Блок-модульдік оқыту;
Лекция 11. Жаңа технологияларды қолдану Жоспар: 1. Жасампаздық педагогика – мұғалімдік қызметтің жоғарғы сатысы. 2. М.В.Монахов, Ж.Қараев, В.Ф.Шаталов, Т.Т.Ғалиев, М.Жанпеисова технологиялары, оқытудың ақпараттық технологиялары және т.б. Дәрістің мақсаты: Жаңа педагогикалық оқыту технологияларын білім беру үрдісінде қолдана білуді үйрету. Дәрістің мазмұны. Білім беру үрдісінде жаңа технологияларды қолдану. Білім саласындағы міндеттерді жүзеге асыру үшін, мектеп ұжымында әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерді сабақтарында енгізіп отырады. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше жан-жақты сауатты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік және көптеген адами қабілеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Оқыту мен тәрбиелеуге тың әдіс-тәсілдер енгізілді. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиімді деп танылған жаңа технологиялары дүниеге келеді. Кез-келген оқыту технологиясы мұғалімнен терең теориялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті, шәкірттердің жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді. Сондықтан оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға даяр, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын педагогтар ғана бүгінгі қоғамның мүддесі мен әр баланың үрдісінен шыға алады. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім, жеке тұлғаны тек қана педагог қалыптастыра алады. Бастауыш сынып мұғалімі үшін оқушы жазылмаған тақта секілді таза, пәк. Бастауыш сыныпта оқытудың негізгі міндеті-баланың жеке басының жан-жақты қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау мен дамыту, білімдерін ашу, дұрыс түсінік қалыптастыру. Білім берудің түрлі тәсілдері әртүрлі білім жетілдіру курстарында оқытылып отырады. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің педагогтарын Кембридж университетінің білім берудегі тәсілдерін үш деңгейлі курс арқылы жалпай оқыту қолға алынған. Осы оқу жылының сәуір айында үш айлық үшінші деңгейдегі оқыту басталып маусым айында аяқталған болатын. Курс екі тілде оқытылып әр облыстарда және Астана қаласы бойынша арнайы дайындалған тренерлер дәрістер жүргізді. Білім берудің кешенді міндеттерін және мұғалімнің әртүрлі жағдайларда жұмыс істейтіндігін ескерсек, тиімділік деген сөзге аса мән беріп сол курста негізге алынған жеті модуль туралы қысқаша тоқталайын. 1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер. Білім беру – жекелеген құбылыс немесе дағды емес, ол оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені деп айқындалған. Бағдарлама жалпы алғанда әлемдік дәрежеге жету мақсатын көздей отырып, жаңаша қырда қолданылатын технологияларды тиімді пайдалану. 2. Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау. Өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. 3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.Бағалау –одан арғы білім туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. Мұғалімдер мен оқушылар өздерінің қандай мақсатқа жететіндерінің өлшемдерін түсіну. Осыған байланысты бағдарлама критерийлі бағалау тәсілдерін қарастырады. 4. Оқытуда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды АКТ пайдалану. Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану қоғамдағы өзгерісті танып білуге және оларды тез қабылдауда мол мүмкіндік береді. Жоспарланған сабақты тиімді өткізуге көмектеседі, оқушының ой өрісінің дамуына, зерттеулік жұмыстар жүргізуіне ықпал етеді. Бағдарлама соңында мұғалімдер ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сенімді және сыни тұрғыдан пайдаланушыларға айналады. 5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.Талантты және дарынды оқушыларға білім беруді дамытудың инклюзивті тәсілі негізінде осындай балаларды анықтау туралы ой-пікірлер мен зерттеулер жасау. Оқушылардың қабілеттерін дер кезінде анықтай білген ұстаз болашақ талантты да тани біледі.. 6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқу. Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі ширақтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді. Сол себепті бастауыш сынып оқушыларына сергіту сәтін жүргізуде жас ерекшеліктерді ескеріп отырып орындату қажет. 7. Білім беруді басқару және көшбасшылық. Аталған модуль білім берудің кез келген жүйесіндегі тұрақты даму мен өзгерістердің сырттан енгізілуі мүмкін емес, олар нақты сыныптардағы мұғалімдердің тәжірибесі мен түсініктеріндегі өзгерістерден бастау алу керек деген тұжырымға саяды. Қандай жағдай болмасын, өзіңіздің өмірлік ұстанымыңызды таңдай білу, адамдық көшбасшылыққа негізделеді. Олай болса, бағдарламаның негізгі идеясы сыни тұрғыдан бағалау, өзгерту және тәжірибе мен білім саясатын қайта бағалау мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістердің іске асырылатыны негізделеді. Мектеп жұмысының бағдарламасына балаларға көшбасшы болуға үйрететін тренингтер, рөлдік ойындар кіреді. Осы модульдерді тиімді пайдалану арқылы құзыретті мұғалім өз тәжірибесін жетілдіре түспек. Құзыретті мұғалімнің міндеті оқушының жеке тұлғалық ерекшелігіне мән беру. Құзырлы білім беруде ұстанатын факторы оқушының өздігінен білімнің мәнін меңгеруі және бағалай білуі. Бағдарлама нәтижесінде - тәуелсіз, ғылымға қызығушылығы оянған, білім алуға бейім, сенімді, жауапты, сын тұрғысынан ойлай алатын, өзгелермен еркін тіл табысатын, сандық технологияларда құзыреттілігін көрсететін оқушылар дайындалады. Оқытудың жаңа ақпараттық- коммуникациялық технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жанжақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11 – бабының 9 тармағында оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті қойылған. Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез – құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап eтедi. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз. Бүгінде мектептерді компьютерлендіру толықтай аяқталды. Орта білім берудің 12 жылдық моделі енгізілуде. «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс» делінген. Ал Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бағдарламада «Е-learning» электронды оқыту жүйесі бойынша білім беру сапасын және басқару тиімділігін арттыру үшін оқу процесін автоматтандыру, педагогтар мен оқушыларды ең жақсы білім беру ресурстарына және технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсаты атап көрсетілді. Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті қүру енгізілді. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін модернизациялаудың тиімді тәсілдері пайдаланылуда және одан әрі жетілдірілуде. Физика сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру атты баяндамамда қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік беретіндігі туралы баяндалады. Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыпастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр. Физика сабақтарында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:  оқушының өз бетімен жұмысы;  аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;  білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;  шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық құбылыстарды түсіндіру арқылы жүзеге асыру;  қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;  қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;  экономикалық тиімділігі;  іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;  қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;  оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор. Оқытушы сабағында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оның тиімділігін жүйелі түрде көрсете біледі. Ақпараттық - коммуникациялық технологияны пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі деп ойлаймын. Оқушы тұлғасының дамуына ықпал жасайтын электрондық оқулықпен сабақтар жүргізудің негізгі міндеттері оқушылардың базалық білім, ептілік, дағдыларын игеру жүйесін жетілдіру, оқыту үрдісінде теориялық және өнімділік ой құрастыру әрекеттері арқылы танымдық қабілеттерін белсендіру, танымдық қызығулары арқылы оқуға деген мотивациясын дамыту, оқу материалын игеруде және оқу іс-әрекеттерінде жете ұғынуға талпындыру, өзіндік жұмыстарының ізденісті-зерттеу түрлерін ұйымдастыру, оқу үрдісінде компьютерлік технологияларды қолдану, әр түрлі шапшаңдықпен және әр түрлі көлемді оқу материалын игерудің мүмкіншілігін ашу. Осы міндеттер негізінде дәстүрлі білім беру жүйесінде де оқушы дамуына жәрдемдесетін оқу тобында оқытушылар мен оқушылардың күш-жігерлерін біріктіретін оңтайлы жағдай тудыратын тілектестік жұмыс жағдайын қалыптастыру, оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы әрекеттестік ұстанымы мен жеке тұлғалық түсінісушілік негізінде іске асырылуы, шығармашылық мүмкіншілігін тудырып, қабілеттерінің жанжақты дамуына ынталандыруды көздеген әр түрлі әдіс-тәсілдерінің кең қолданылуы (диалог-сабақтар, есеп талдау, әр түрлі тәсілмен шығару, кері есеп құрастыру, есепті тексеру, пікірталас, іскерлік ойын сабақтары, т.б), балалардың эмоционалды-сезімділік және абстрактілі,қисынды ой құрастыруын дамытуға ықпал етілуі, танымдық қызығуын арттырып және білім алу нәтижелерін жүйелі талдаудан өткізіп бағалау, өздерінің жетістіктерін өздеріне талдатып, өзіндік бағалау әрекеттерінің ұйымдастырылуы сияқты ерекшеліктері де бар. Электрондық оқулық пән оқытушылары үшін бұл күнделікті дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны сабақта қолдану оқытушының шығармашылықпен жұмыс жасауына, белсенділігін арттыруына мол мүмкіндік береді. Білім беру ұйымдарының даму болашағы қоғамның даму үрдісімен үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әртүрлі тегімен анықталады. Оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде. Оқу процесінде оқытудың ақпараттық – коммуникациялық технологияларын тиімді пайдалану және қолдану айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Атап айтсақ, оқушылардың өз бетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр. Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар мен тарау бойынша тест жұмыстарын орындап, анимациялық практика тапсырмаларымен жұмыс жасауға дағдыланады. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп есептеймін. Осылайша оқыту құралдарының бірі – электрондық оқулық. Ол оқушыларды даралай оқытуда жаңа ақпараттарды жеткізуге, сондай-ақ игерілген білім мен біліктерді тестік бақылауға арналған бағдарламалық құрал. Пән оқытушылары білім беру жүйесін ақпараттандыруды дамыту бағытында кәсіптік лицейдің оқу – тәрбие үрдісін ақпараттандыру мен барлық пәндерге ақпараттық – коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану және өз пәнін оқытудың сапасын арттыру жағдайында олардың ақпараттық құзырлылығы қалыптасқан тұлға болуы қажет. Басқаша айтқанда, бұл кеңістікке ең алғаш еніп, оны жүйелі және кәсіби бағытта енуін қамтамасыз ететін мұғалім. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Онлайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс. Білім беру жүйесін ақпараттандыру мен ақпараттық – коммуникациялық технологияны оқу – тәрбие үрдісінде пайдалану оқушының өз мамандығына қызығушылығы мен мамандық сапасын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда қоғамның даму жолдарын анықтайтыны сөзсіз. Білім беруді ақпараттандыру процессі – пән оқытушылары мен әдіскерлерге, білім мекемесін басқарушыларға жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне жан-жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды. Ақпараттық – коммуникациялық технологияны, бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі зор мәнге ие болып отыр. Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыруқазақстандық білім беру жүйесін жаңа сапалылық деңгейге көтерудің алғы шарты. Осыдан, ақпараттық қоғамда өмір сүре алуға байланысты құзырлылықты ескерсек, информатика мұғалімдерінің ақпараттық-коммуникациялық құзырлығын қалыптастыру деңгейлері мынандай болады: Бастапқы деңгей: • информатика мен ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану салалары бойынша жалпы түсінік; • ақпараттық-коммуникациялық технологиямен қарапайым жұмыс жасау тәсілдерін меңгерту. Алгоритмдік деңгей: • ақпараттық-коммуникациялық технологияның дидактикалық мүмкіндіктерін меңгерту; • бағалау мен өзіндік бағалау дағдыларын дамыту. Эвристикалық деңгей: • ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін түрлі ақпараттарды өңдеуде қолдану; • интерактивтік тақтаның мүмкіндіктерін информатикадан электрондық сабақтарды жасақтауға пайдалану; • физика пәнін сапалы түрде оқытуға педагогикалық технологиялардың ішінен тиімдісін таңдай білу. Шығармашылық деңгей: • қолданбалы программалық құралдармен жұмыс жасау технологиясын меңгерту арқылы оның мүмкіндіктерін физиканың бағдарлы бағытына қолдануға дағдыландыру; • олимпиадалық есептерді шешудің әдіс-тәсілдерін таңдай білу. Аталған деңгейлердің даму шыңына жеткен оқытушыны біз апараттықкоммуникациялық құзырлығы қалыптасқан тұлға деп атай аламыз. Сондықтан оның бейнесі келесі параметрлер мен белгілер арқылы бейнелеуге болатындығын айқындай аламыз. Сонымен қазіргі жаңа қоғамның сұранысына сәйкес Қазақстанның педагогика ғылымындағы әлемдік стандартқа сай білім алу қажеттіліктері оқушылардың өзіндік жұмыстарының жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, жетілдіру деңгейіне тікелей байланыстылығы мен бұл мәселенің теориялық тұрғыдан толық зерттелмеуі арасындағы қарамақайшылықтың орын алғандығын байқадық. Осы қарама-қайшылықтан пайда болған жаңа ақпараттық технологияларды оқу процесінде қолдану әрекетінде, қандай педагогикалық шарттар болуы қажет деген сұрақ бізге зерттеу мәселесін анықтап, тақырыпты «Физика пәнінде ақпараттықкоммуникативтік технологияны қолдану тиімділігі» деп таңдауымызға себеп болды. Егер оқушылардың өзіндік жұмыстарын жаңа ақпараттық технология жағдайында ұйымдастырудың мазмұны мен құрылымын және педагогикалық мәнін ашатын құзыреттілік – іс-әрекеттік теориялық тұрғыдағы негізі меңгеріліп, біздің ұсынып отырған құрылымдық-мазмұндық моделі жүзеге асырылса, онда жаңа ақпараттық технологиялар негізінде ұйымдастырылған педагогикалық жұмыстары тиімді болады, өйткені оның педагогикалық шарттары анықталады: • жаңа ақпараттық технологияны қолдану барысындағы педагогтардың өзіндік жұмысының құрылымдық-мазмұндық моделін жасау • бүгінгі әлемдік және отандық тәжірибе қолданыс тапқан жаңа ақпараттық технологиялардың жетістіктерін ескере отырып, педагогтардың жұмыстарын электронды интерактивті арқылы білім беру қорларының кешені арқылы ұйымдастыру» бағдарламалық жобасын дайындау және оның сапалығын тәжірибе-эксперимент жүзінде тексерістен өткізу. Педагогтарға көмек үшін жүйелілік, тұлғалық-бағдарлық, құзыреттілік-ісәрекеттік теориялары, интерактивтік оқыту бойынша, компьютерлік оқыту бағдарламалары құрастырлады. Физика сабағында сабақты қызыты қылып өткізу үшін мынандай сабақтар түрлерін қолдануға болады:физикалық есептер шығару, диагностикалық тестілеу, электрондық нұсқадағы тәжірибелік жұмыстар жүргізу,физикалық диктант алуға болады. Сонымен қатар, жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, дәріс, семинар, студенттердің өзіндік жұмыстарында интерактивтік оқыту әдістері мен компьютерлік оқыту бағдарламаларын, автоматты оқыту жүйелерін, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы болашақ мамандардың дербестік және құзыреттілік-іс-әрекеттік қабілеттерін жетілдіру мүмкіндіктері мен қолданылатын әдістемелер сарапқа салынды; жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру тәсілдері (физика пәнінің оқыту жүйесін негізге ала отырып) тәжірибелік-эксперимент кезеңдері, оның нәтижелерінің толық мазмұны көрініс тапты. “Кез-келген білім бағдарламасының табысты орындалуы оқытушыға байланысты. Оның кәсіби шеберлігі нысаналы бағдарламаны да, оқу жоспарын да биік деңгейде жүзеге асыруға ықпал ете алады, ал оқытушының кәсіби дәрменсіздігі істі құлдыратады”,-делінген. Осы орайда педагогикалық ұжымға білім бағдарламасының табысты орындалуына, оқу жоспарын биік деңгейде жүзеге асыруға, нәтижеге бағытталған білім беруге – тек кәсіби шеберлік пен шығармашылық ізденіс қажет екендігін айтқым келеді. Атап айтсақ, оқушыларының өз бетімен ізденісін, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарды ұйымдастыруға ерекше қолайлы, тиімді жағдай туғызуда деп есептейміз. Соның ішінде атап айтсақ мектеп курсының «физика» сабағында жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау – маңызды рол атқарады. Физикалық құбылыстарды және процесстерді оқыту барысында копьютерді пайдаланып оны оқушыларға жеткізудің маңызы зор. Сонымен қатар оқушылар физикалық практикумдар мен лабораториялық жұмыстардың есептеу нәтижелерін және есептерді компьютердің көмегімен өз бетінше шығара алады. Компьютерлік технологияны пайдалануды 3 нұсқаға бөлуге болады: 1. Жанама технология: физика пәні бойынша құбылыстарды оқытуда әр түрлі тақырыптарды әркезде оқыту үшін компьютерді қолдану; 2. Негізгі технология: Кейбір қиын тақырыптарды компьютердің көмегімен оқыту; 3. Монотехнология: Оқытудың әр түрлі әдісін қолдану, мысалы; тұтас оқыту үрдісі, диагностика, мониторинг, білім тексеру компьютер арқылы атқарылады. «Физика» пәнінде ақпараттық технологияларды қолдануда оқытушы неге қол жеткізеді? • Физикалық құбылыстарды мен процесстерді, көрнекті және динамикалық тұрғыда дыбыс, көрініс арқылы ұстануға; • сабаққа мультимедия және телекоммуникация арқылы көрнекіліктер реттеп, дайындауға; • оқушының пән бойынша алған білімін физикалық жаттығулар мен тапсырмалар арқылы тексеруге; • Физика пәні бойынша әр түрлі деңгейлік тапсырмалар беруге; • әр-түрлі диагностикалар жүргізуге; Физика сабағында ақпараттық технологияларды пайдаланып, мұғалім келесі сабақ түрлерін өткізе алады: 1. Презентация сабақ 2. Зерттеу сабақ 3. Практикум сабақ 4. Интернет-жоба сабақ 5. Телеконференция сабақ 6. «Он-лайн» сабағы Жалпы айтатын болсақ ақпараттық технологияны кез-келген пән бойынша, кез-келген тақырыпта қолануға болады. Ақпараттық технологияны қолдану оқушылардың білімдерін, оқу мәдениетін дамытуға, тақырыптарды жанжақты оқып үйренуге мүмкіндік береді. Жоғарыда аталған оқу құралдарының ішінде электрондық оқулықтың маңызы зор. Өйткені электронды оқулықты оқушы өз бетімен іске қосып, кез-келген оқу материалдарын тауып, меңгеруіне мүмкіндік бар. Электрондық оқулықтың ерекшелігі- модулдікке сәйкестігі, жоғары мобильділігі мен оқуға, үйренуге икемділігі. Бұл оқулық ғылымипедагогикалық құрал. Электрондық оқулық оқытушыға үлкен ақпараттық білім алқабына жол көрсетеді. Жалпы электронды оқулық неге мүмкіндік береді? • Теориялық материалдарды өз бетімен оқып, үйренуге • Сурет, сызбаларды, бейне көріністерді, дыбыс және музыканы тыңдап, көруге • Әр-түрлі деңгейлі,шығармашылық тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді. XXI ғасыр жаңа технологиямен ақпараттандыру ғасыры. Ел өмірінің барлық салаларында компьютерлендіру процесі аяқталып, алдымызда келешек жас ұрпаққа компьютердің қыр-сырын терең меңгертіп, әлемдік білім кеңістігіне ену мақсаты тұр. Еліміздің болашағы саналатын жас ұрпақ тәрбиесіне, ғылым мен білімнің өркендеуіне ақпараттық технологиялардың тікелей байланысы болғандықтан, осы ақпараттық технологиялардың жұмысын толық та, өте жақсы меңгертіп,өзіміздің жаңа сабақтарымызға қолдануымыз керек деп ойлаймыз. Қорыта келгенде ХХІ ғасыр компьютерлік ақпараттар заманы. Жер бетінде болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістер туралы спутник арқылы, интернет арқылы күн сайын, сағат сайын мағлұмат алып отырған жас жеткіншектерді басқа нәрсемен таңдандыру жаңа сабақты айтып, тыңдата білу мұғалімге оңай емес. Оқытудың компьютерлік технологиясы компьютермен жұмыс істеу техникасын меңгеру, сыныпта белсенділік көрсету, жеке жұмыс істеу, жекелеп көмек көрсету, проблемалық оқыту технологиясы, тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы (В.Ф.Шаталов) теория және практиканы блок түрінде топтау, тірек-схема, тірек-конспект түрінде берілген теориялық, материалдарды сыныпта меңгеру, үйде өз бетімен іздену, жұмыс істеу, түсіндіре басқарып - оза оқыту (С.Н.Лысенкова) алынатын білімнің алғашқы бөлігін алдын-ала оқыту, деңгейлеп саралап оқыту текнологиясы бірнеше деңгейде тапсырма беру және т.б. Республикадағы ауыл мектептерінің оқу-тәрбие үрдісінде деңгейлеп оқыту технологиясы (Ж.Д.Қараев) жүйелік негізде оқыту технологиясы (Г.Г.Ғалиев), шоғырландырып-қарқынды оқыту технологиясы (Қ.А.Әбдіғәлиев., Н.Н.Нурахметов), блоктық-модульдық технологиясы (М.Н.Жанпеисова) қолдау табуда.
Лекция 12. Жобалап оқыту технологиясы Қазіргі таңда Қазақстан мектептері бірнеше технологиялармен жұмыс істеп келеді Жобалап оқыту технологиясы оқушының жеке тұлғасына көзқарасты өзгертеді. Жобалау технологиясы - оқушылардың жоспарлау жəне күрделене беретін тапсырмаларды орындау арқылы меңгеретін білім. Жобалау технологиясы 19 ғасырдың 2-ші жартысында АҚШ ауылшаруашлығы мектептерінде пайда болған. Оның негізін қалаған - Джон Дьюи атты психолог жəне педагог , философ. Дьюидің ілімін жалғастырушыКолумбия университетінің жанындағы мұғалімдер колледжінің профессоры Ульям Херд Килпатриктің ойынша, балаларды өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру арқылы үлкен өмірге дайындау - бұл технологияның негізі. Ол оқушыны оқу үдерісін ұстазбен бірге тең дəрежеде жүзеге асырушы ретінде қарастырады, оның жас жəне жеке ерекшеліктерін ескеріп отырады. Мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы психологиясын қайта құру, қайта қарау жұмыстары жүргізіліп келеді. Бірінші кезекте оқушыға субъект ретінде қарау керек. Оқытудың мазмұны мен түрі толыға түседі, яғни əдістемелік жүйе адамгершілік тұрғыдан байи түседі. Жобалап оқыту технологиясының қолжетімділігімен, қабылдау шапшаңдығын арттыруымен, барлық мұғалімнің қолдануына тиімді екендігімен ерекшеленетінін тəжірибе көрсетіп отыр. Одан басқа, технология кез-келген сыныпта, кез-келген пəн бойынша қолданыла береді, оның жанжақтылығы осында. «Педагогикалық технология – барлық жағынан ойластырылған, жобалау, ұйымдастыру жəне оқу процесін жүзеге асыру барысында оқушы мен мұғалім үшін барлық жағдайды жасауды көздейтін педагогикалық қызметтің моделі. Технологияны дұрыс жүзеге асыру үшін ең алдымен төмендегі əдістемелік принциптерді сақтау қажет: мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне сену керек; оқу үдерісінің кез-келген кезеңінде оқушылардың білім-білік, дағдыларына кепілдік беру; оқу үдерісін тақырып жағынан жобалау; баланың дұрыс дамуы; кертартпа іс -əрекеттер мен шектеулерді жоя отырып, дəстүрлі мектеп қорын дұрыс пайдалана білу оқу үдерісінде оқушы мен мұғалімнің бірлескен жұмысын дамыту; мұғалімнің өзін жайлы сезінуі жəне оқушының өзін жайлы сезінуі; оқыту технологиясын жобалауда мазмұны мен жүйелілігінің бірлігінің болуы; əрбір оқушының жалпы білім беру стандартының базалық деңгейін міндетті түрде меңгеруі; Оқу технологиясын жобалауда міндетті нормалардың сақталуы ( Бұл принцип бірінші рет мұғалімдерге бала денсаулығы мен дамуына нұқсан келмейтіндей етіп оқытуға шек жасайды. Бірінші сыныптан соңғы сыныпқа дейін барлық мұғалімдер ғылыми негіздегі кеңестер мен психологопедагогикалық жəне физиологиялық бағыттағы шектеулерді ескеріп, орындап отырады.) Оқу процесін жобалау технологиясы бойынша мұғалім жұмысының кезеңдері: Оқу процесін технологиялық карта атласы түрінде жобалау; Жобаны шынайы оқу процесінде жүзеге асыру, оқу процесінің сапасы жөнінде ақпарат жинау; Жинақталған ақпаратқа талдау жасау; Жүргізілген талдау негізінде жобаға өзгерістер енгізу. Жобалап оқыту технологиясы жобалау кезінде де жəне оны жүзеге асыру кезеңінде де қолданылатын мынадай бес түрлі сатылардан тұрады: — мақсат қою ( кіші мақсаттар жүйесі) — диагностика — оқушының өзіндік жұмысының мөлшері — жобаның логикалық құрылымы; — түзету Жобалаудың «паспорты» бес құрамы бір-бірімен тығыз байланысты: — кіші мақсатардың мазмұны диагностиканың мазмұнын анықтайды; — диагностиканың мазмұнынан үй жұмысының мазмұны, көлемі жəне ауырлық деңгейі анықталады; — үй жұмысы көлемінің жеткілікті не жеткіліксіз екені диагностика жүргізілген кезде анықталады; — логикалық құрылым – бұл оқу үдерісінің мазмұн мен жүйе жағынан бірлігі — түзету – мұғалімнің диагностикадан өтпеген оқушымен тікелей жұмысының бағдарламасы. 1. Мақсат қою. Мақсат қою – бұл мұғалімнің өзі анықтайтын кіші мақсаттар жүйесі. Атап айтқанда, бағдарламаның мазмұнына талдау жасай отырып, білім беру стандарты талаптарына, өзінің жеке əдістемелік іс-тəжірибесіне сүйене отырып, мұғалім тақырыптың негізгі мазмұнын мақсат қою тіліне айналдырады. Кіші мақсаттар белгілі бір жүйемен жүргізілуі керек. Оқу тақырыбының кіші мақсаттары тақырыптың көлеміне қарай 2-5 аралығында болады. Кіші мақсаттар қою мұғалімнен міндетті түрде оқушыларға түсінікті арнайы əдістемелік тілмен жазылуын жəне нақты жеткізе білу дағдысын талап етеді. Сондықтар мақсаттар «білу», «түсіну», «жасай білу», «елестете алу», «сипаттама бере білу» жəне т.б. сөздермен беріледі. Мұғалімнің əдістемелік шеберлігі кіші мақсаттарды нақты жəне дəл қоя білуінен, яғни тақырыптың басты сұрағын анықтай білуінен көрінеді 2. Диагностика. Диагностика – бұл кіші мақсаттардың орындалуын ( əрбір кіші мақсаттың орындалғанын не орындалмағанын) анықтау үшін мұғалім құрастырған өзіндік тексеру жұмыстарының жүйесі. Әрбір кіші мақсатқа өз өзіндік жұмыс (ӨЖ) үлгісі құрылады. 3. Үй тапсырмасын мөлшерлеу ( оқушының аудиториядан тыс өзіндік жұмысы) Бұл бөліктің негізгі практикалық тұрғыдағы мақсаты – арнайы жасалған жаттығулар жүйесіндегі белгілі бір тапсырмалап көлемін өз бетінше орындау арқылы оқушыны диагностикаға дайындау. 4. Оқу процесінің логикалық құрылымы — оқу процесіндегі сабақтар жүйесінің жалпы құрылымы. 5. Түзету – диагностикадан «сынақ» ала алмаған оқушыларға, яғни стандарт деңгейін меңгермеген оқушыларға арналған. Бұл өз кезегінде осындай оқушыларды стандарт деңгейіне жеткізудің бағдарламасы болып табылады. Бұл бөлікте технология авторы үш нəрсеге ерекше көңіл бөлуге кеңес береді: Бірінші – мұғалімнің пікірі бойынша осы бөліктегі кіші мақсаттарға жету жолында кездесетін қиындықтар Екінші – осы тақырыпта оқушыларға кездесетін үнемі жіберілетін қателіктер Үшінші – оқушыны білім беру стандарты деңгейіне көтеретін əдістемелік жəне педагогикалық сипаттағы шаралар жүйесі. Осы үш ұстаным əр кіші мақсаттарда қайталанып отырады. Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат - оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру жəне сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта əр түрлі жағдаяттарда, əр түрлі қоғамдық ортада өзін өзі көрсете білуге бейімдеу. Егер оқушы жобасы тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса - ол болашаққа дұрыс тұлға болып қалыптасады. Әр түрлі жағдаяттарды дұрыс шешім қабылдап отырып, əр түрлі адамдармен тіл табыса отырып, əр ортада дұрыс бағыт - бағдар бере алады. Сонымен, жобаның тиімділігі - көзбен көріп, құлақпен естіп, есте сақтай отырып, оқушыны ізденіске іскерлік пен танымдық ынтаға , шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мəселелерді шеш білуге , тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде. Жобалау технологиясы негізінде - оқушылардың жұппен немесе топпен бірігіп дайындайтын шығармашылық жұмыстар жатыр. Оқушылардың жоба жұмыстарын ұйымдастыру үшін жоғарғыда айтылғандай, оны жоспарлай білу қажет. Жоба жұмысы кезеңдері. Жұмыстың мазмұны. Мұғалімнің тəрбиелік мақсатты шешудегі негізгі іс-əрекеттері. Оқушылардың іс - əрекеттері. 1. Дайындық кезеңі Жоба тақырыбын анықтау. Бір бағыт төңірегінде оқушыларды тақырып таңдауға ынталандырады. Топтағы əрбір оқушының пікірін ескере отырып жұмысты жоспарлауға үйретеді. Әр оқушы өмірлік тəжірибесіне (егер ол болса) , сүйене отырып, өз ойын ортаға салады, бірігіп жобаның мақсаты анықтайды. 2. Жоспарлау Топқа бөлу. Ақпарат жинау жəне талдаудың жолдарын көрсету. Әрбір топ мүшесі алдындағы жұмысын анықтау. Оқушыларды өз бетімен акпарат жинауды бағыттайды. Әрбір топ мүшесінің пікірін ескере отырып, ұжымдық талқылау шешімін тыңдайды, қажет болса өз ойымен бөліседі. Оқушылардың жобасы бойынша күнделігін тексереді. Топ арасында əркімнің атқаратын қызметін анықтайды, өз тақырыптарын анықтау жұмыс істеу кезеңдерін жоспарлап , бірінші нəтижеге жету уақытын белгілейді. "Қоғамдық " тапсырманы орындауға дайындығын көрсетеді. 3. Зерттеу жұмысы. Ақапарат жинау, аралық нəтижені талдау, зерттеудің негізгі құралдары: сұқбат, анкета бақылау, алынған түрлі ақпаратты талдау. Оқушы күнделігін бақылап, əрбір жетекшісімен топ мүшелерімен жеке - жеке сөйлесу , талдау, нəтижені салыстыру арқылы алдағы жұмысқа бағыт беру. Жеке жəне жұптық жұмыс , анкета сұрақтарын құрастыру. Қажет болса сценари жазу, қоғамдық ұйымдар мен қарым қатынас қалыптастыру.Білімін əр пəндік салада кеңейтеді, түрлі қоғамдық жұмыстармен танысады, шығармашлық, белсенділік, талаптылық қасиеттерін бойында қалыптастырады. 4. Нəтижені талқылау. Ақпаратты талдау , шешім шығару, тұсау кесердің қандай түрде өтетінін жоспарлау. Бақылайды, кеңес береді. Топ ішіндегі жеке оқушылардың еңбегін бағалай отырып, бірігіп қорғау үшін ынтымаққа бір-біріне деген сыйластыққа шақырады. Тұсау кесерге келгетін қонақтар тізімін жазады, қажетті аудиовидо техниканы жабдықтайды. Топ арандағы əркімнің рөлін анықтап, алынған ақпараттың арасынан ең негізгіні белгілеп жазады. Проблемаларды сұрақтарды анықтап, оны бірге шешуге дайындалады. 5. Жұмыстың тұсаукесері . Тыңдайды, проблемалық сұрақтарды қоя отырып, оқушыны сөйлетуге мүмкіндік жасайды. Алынған нəтиже туралы есеп береді. Бір-бірін мұқият тыңдайды, сөйлеу мəнерін ескере отырып, бір-бірінің ойларын жалғастырып отырады. 6. Бағалау жəне жоспарлау. Шығармашылық жұмысты бағалайды, еңбек иелерін алдыңғы үлкен мақсаттарға жетелейді. Ұжымды талқылай отырып бір-біріне, өздеріне баға береді, алдағы жұмыс құрайды. Технологиядағы жобаның түрлері: Ғылыми жоба; Шығармашылық жоба; Ойын түріндегі жоба; Ақпараттық жоба жəне т.б түрлері бар. Мерзіміне қарай қысқа мерзімді жоба болып бөлінеді. Сонымен, оқушыларға дайын өнімді қабылдайтын ғана емес, өз бетімен ізденетін, дербес іс-əрекет жасай алатын тұлға ретінде қарау - жобалау технологиясының негізі. Нақты тақырып төңірегінде оқушының алдында əр кезеңде мақсат қоя біліп, сол мақсатқа қол жеткізудегі іс-əрекеті. Конфуцийдің естігенімді-ұмытамын, көргенімді-есте сақтаймын , өзім істегенімді - меңгеремін дегені - бұл технологияның негізгі ұстанымы
Ғылым және ғылыми зерттеулер туралы. Ғылыми танымның, білімнің және ғылыми зерттеулердің мәні. Ғылыми зерттеу әдістері туралы. Физиканы оқыту орта білім берудің маңызды компоненті болып табылады, өйткені ғылыми – техникалық прогресс дәуірінде физика жаратылыстанудың, техниканың және өндірістің тілі мен құралы ретінде пайдаланылады. Еліміздің ғылыми – техникалық потенциалы мектеп физика курсын оқыту сапасына байланысты болады. Оқыту – білім беру, ол оқушыны ғылыми білімнің жаңалықтарына ынталандыру, құлшындыру. Бүгінгі жалпы білім беретін мектептердің мақсаттарының бірі - әрбір шәкіртті жеке тұлға ретінде жалпы мәдениетін көтере отырып, жан – жақты дамуына мүмкіндік тудыру, оқушының өзіндік іс - әрекетін дамыту, оқу үрдісін ең тиімді тәсілмен ұйымдастыру. Физиканы кәсіби меңгеруге даярлаумен қатар таңдап алған мамандығына тәуелсіз барлық оқушыларға физикалық даярлықтың кепілді деңгейін қамтамасыз ету оқытудың маңызды мәселесі болып табылады. Мектептегі физикалық білім беруді қайта құрудың негізгі міндеті, оқытудың әдістемелік жүйесінің дамуы және ақпараттық міндетті атқару функциясының басым болуы, осы ақпаратты қолдану біліктілігін қалыптастыруға басты назар аудару болып табылады. Қазіргі кездегі техника құрылымының принциптерін білу және оны қолдануды, ғылыми білімді қабылдауы, саяси, экономикалық әлеуметтік ақпараттарды меңгеруді нақты физикалық білімсіз түсіну қиын. Яғни, мектептерде жеке пәндерді тереңдетіп оқыту оқушылар білімін жоғарылатуға көп септігін тигізеді. Осы жекеленген пәндер бойынша жалпы білім беретін сыныптарға қарағанда терең білім беретін сыныптарда білім дәрежесі анағұрлым жоғары екекндігі күнделекті сабақта дәлелдеуге болады. Себебі, өзім іс – тәжірибеде жүргенде сыныптарды салыстыра отырып көз жеткіздім. Оларға тапсырма берілсе ой қорыту, тұжырым жасау арқылы жауап дайындау, оны орындау мүмкіншіліктер толық жетеді. Сонымен қоса оқушыларға жеке пәнді оқыту ынтасын дамытуға, білімге деген құштарлығын арттыруға септігін тигізетін сенімді айтуға болады. Сондықтан жеке пәндерді тереңдетіп оқыту ауыл мектептерінде өте қажет. Қала мектептерінде оқушылар мұндай тәсілді пайдаланып жеке пәндер бойынша білім алу енгізілгелі біраз уақыт болды. Ал ауыл мектептерінде ондай тәсілдерге барып оқу жеке санаулы оқушылардың мүмкіншілігі жоқ. Сондықтан тереңдетіп оқыту тиімді және қажетті. Оқушылардың айналадағы табиғи құбылыстар мен процестерді диалектикалық тұрғыдан дұрыс түсінуі үшін, олардың өмір мен техникада қолданылуын білуі үшін, политехникалық дағдыларын қалыптастыру үшін, физикалық шамалар мен өлшемдерді меңгеруі үшін мектепте физиканы оқыту қажет. Физиканы оқыту процесінде оқушыларды табиғат құбылыстарын бақылай білуге, оларды талдауға, олардың заңдылықтарын түсініп, практикада қолдана білу ебдейліктеріне үйретеміз, сөйтіп жас жеткіншектерді терең ойлауға дағдыландырамыз. Жоба әдісінің негізінде оқушылардың танымдық дағдыларын, өз білімдерін өз бетінше құрастыра білуін, ақпараттық кеңістікте бағдарлай білуін, сыни және шығармашылық ойлауын дамыту жатыр. Жоба әдісі-бұл белгілі бір пән аясында қолданылатын дидактикалық және жеке әдістер саласы. Әдіс-дидактикалық категория. Бұл практикалық немесе теориялық білімнің белгілі бір саласын, белгілі бір қызметті игерудің әдістері, амалдары жиынтығы болып табылады. Бұл таным жолы, таным процесін ұйымдастыру тәсілі. Сондықтан, егер біз Жоба әдісі туралы айтатын болсақ, онда мәселені (технологияны) егжей-тегжейлі дамыту арқылы дидактикалық мақсатқа жету әдісін айтамыз, ол нақты немесе нақты түрде жасалған практикалық нәтижемен аяқталуы керек. Жоба әдісі "жоба" тұжырымдамасының мәнін құрайтын идеяға, оның белгілі бір практикалық немесе теориялық маңызды мәселені шешу кезінде алуға болатын нәтижеге прагматикалық бағдарлануына негізделген. Оны нәтижені көруге, нақты практикалық іс-әрекетте қолдануға болады. Мұндай нәтижеге қол жеткізу үшін балаларды өз бетінше ойлауға, проблемаларды табуға және шешуге үйрету керек, осы мақсат үшін әртүрлі салалардағы білімді, әртүрлі шешімдердің нәтижелері мен ықтимал салдарын болжай білу, себеп-салдар байланысын орната білу қажет. Жоба әдісі әрдайым студенттердің өзіндік іс - әрекетіне бағытталғанжеке, жұптық, топтық тапсырмаларды қамтиды. Оны студенттер белгілі бір уақыт аралығында орындайды. Бұл әдіс топтық әдістермен үйлеседі. Жоба әдісі әрқашан қандай да бір мәселені шешуді қамтиды. Мәселені шешу, бір жағынан әртүрлі әдістерді, оқыту құралдарын қолдануды қарастырады; ал екінші жағынан, ғылымның, техниканың, технологияның, шығармашылық салалардың әртүрлі салаларынан білімді қолдана білу, білімді біріктіру қажеттілігін білдіреді. Орындалған жобалардың нәтижелері" нақты " болуы керек, яғни егер бұл теориялық мәселе болса, онда нақты шешім керек; ал егер практикалық мәселе болса - қолдануға дайын нақты нәтиже (сабақта, мектепте, нақты өмірде) болуы керек. Егер біз педагогикалық технология ретінде жоба әдісі туралы айтатын болсақ, онда бұл технология өзінің мәні бойынша зерттеу, іздеу, проблемалық әдістердің жиынтығын қамтиды. Жоба әдісі студенттердің құзыреттілігін қалыптастыру үшін ең аз ресурсты қымбат тәсілмен іс-әрекетке барынша жақын жағдай жасауға мүмкіндік береді. Жобамен жұмыс жасау кезінде мектеп оқушыларында проблемаларды шешу құзыреттілігін қалыптастырудың ерекше мүмкіндігі пайда болады (өйткені мектепте жоба әдісін жүзеге асырудың міндетті шарты оқушылардың өз мәселелерін жоба арқылы шешуі болып табылады). Коммуникативті және ақпараттық құзіреттілікті құрайтын іс-әрекет әдістерін игеруге мүмкіндік бар. Жобалау қызметі келесі кезеңдерді қамтиды: - жобалық ойды әзірлеу (жағдайды талдау, проблеманы талдау, мақсат қою, жоспарлау); - жобалық ойды іске асыру (жоспарланған іс-әрекеттерді орындау); - жоба нәтижелерін бағалау. 2. Жоба әдісінің артықшылықтары Жоба әдісі-бұл оқушының өз мәселелерін шешетін және шешетін білім беру жағдайларын жасауға мүмкіндік беретін әдістер мен әдістердің жиынтығы және оқушының өзіндік іс-әрекетін қолдау технологиясы. Жоба-бұл мұғалімнің арнайы ұйымдастырған және балалардың өз бетінше орындайтын, оқушының субъективті маңызды мәселесін шешуге арналған ісшаралар кешені, ол өнімді құрумен және оны ауызша немесе жазбаша презентация аясында ұсынумен аяқталады. Жоба әдісінің бірқатар артықшылықтары бар: - бұл теория мен практика арасындағы ақылға қонымды тепе-теңдікті сақтай отырып, оқу қызметін ұйымдастыруға мүмкіндік береді; - білім беру процесіне табысты интеграцияланады; - оқу процесіне оңай енеді. Бұл технология отандық дидактиканың, педагогикалық психологияның, жеке әдістердің жетістіктерін сақтай отырып, кез-келген оқу пәні бойынша кез-келген бағдарламада, білім беру стандартында қойылған мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді; - бұл әдіс гуманистік, оқу материалын сәтті игеруді ғана емес, сонымен бірге балалардың зияткерлік және адамгершілік дамуын, олардың тәуелсіздігін, мұғалімге және бір-біріне деген ізгі ниетін қамтамасыз етеді; - жобалар балаларды біріктіреді, қарым-қатынас дағдыларын дамытады, басқаларға көмектесуге ниет білдіреді, командада жұмыс істей алады және бірлескен жұмыс үшін жауапкершілікке үйретеді; - оқушының білім мөлшерін пассивті жинақтау процесінен ақпараттық ресурстардың қол жетімділігі жағдайында оны әр түрлі іс-әрекеттерді игеруге ауыстыруға мүмкіндік береді. Жобалық оқыту оқушыларды шынайы білімге ынталандырады, өйткені ол: - тұлғалық бағдарланған; - көптеген дидактикалық тәсілдерді қолданады; - өзін-өзі ынталандыратын, бұл жұмысқа деген қызығушылықтың артуын білдіреді; - өз тәжірибеңізден және нақты істегі басқалардың тәжірибесінен үйренуге мүмкіндік береді; - өз еңбегінің өнімін пайдаланатын оқушыларға қанағат әкеледі. Жоба әдісіне деген қызығушылықтың артуы жалпы білім беруді модернизациялаудың негізгі бағыттарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді: - оқу мазмұнын біріктіруге; - ақпараттық технологияларды қолданушылық дағдыларды дамытуға; - ақпараттық, коммуникативтік және әлеуметтік құзыреттерді қалыптастыруға; - оқушылардың өз бетінше білім, практикалық дағдылар мен қабілеттерді қалыптастыруына. 3. Физика сабақтарында жоба әдісін қолдану Қазіргі уақытта мектептерде физиканы зерттеуде проблема бар. Бұл, ең алдымен, физика бойынша ескірген немесе істен шыққан демонстрациялық және зертханалық жабдықтардың жетіспеуіне байланысты; ескі оқыту әдістері қолданылады, ең бастысы: орта мектепте пәнді оқу үшін сағаттың жеткіліксіздігі. Бұл әдісті қолданудың мақсаты-балаларға физиканы зерттеуде компьютерлік коммуникация және бағдарламалық қамтамасыз ету құралдарын қолдануға үйрету, ең қиын пәндердің бірін оқуға деген ынтаны арттыру және мұғалімдерге сабақта компьютерлік техниканы қолданудың артықшылықтарын көрсету. "Сабақты қызықтырып өту сабақ бере алудың жетістігі" - деген көрнекті физик А.Эйнштейннің бұл сөздерін әр мұғалім есте ұстауы керек. Физикалық зерттеулерді жетілдіру мақсатында белгілі ғалым Я. И. Перелман келесі әдістерді ұсынды: 1. Ғылыми ережелерді қазіргі заманғы оқиғалармен суреттеу. 2. Техникадан мысалдар келтірілу. 3. Көркем әдебиет, аңыздар, тарихи мысалдар қолданылады. 4. Парадокстар қолданылады. 5. Күтпеген салыстырулар жасалады. 6. Күнделікті өмірден алынған мысалдар қарастырылады. 7. Математикалық фокустар, жылжымалы үстелшелер талданады ойындар, көрнекі иллюзиялар және т. б. 8. Ғылым мен техника тарихы саласына экскурсиялар жасалады. Физика сабақтарында жобалық әдісті қолданған кезде проблемалық жағдай туындайды, нәтижесінде студенттер зерттеу мәселелерін өз бетінше тұжырымдайды. Оқушылар өз идеяларымен, ойларымен бөліседі, дамуды ұсынады, топтарда және мұғаліммен, сондай-ақ ата-аналармен өзара әрекеттеседі. Жұмыс барысында балалар ерекше проблемаларға тап болады, оларды жеңеді, көптеген жаңа нәрселерді үйренеді, өз білімдерін пайдаланады.
Физика пәнін оқытудың әдістемесін жетілдіруге қолданылатын цифрлық білім беру ресурстары Ақпараттық коммуникациялық технологиялар - бұл ақпаратты автоматты түрде жинау, өңдеу, сақтау және тарату үшін қолданылатын әдістер, механизмдер мен құралдар жиынтығы болып табылады. Цифрлық білім беру ресурстарының міндеті – сабақтағы мұғалімді алмастыру емес, сабақты ұйымдастыру мен жүргізу үшін оған қосымша материал ұсыну, оқу материалын аудиалдық және көріністік сүйемелдеу, оқушылардың ой-өрісін дамыту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Мектепте ақпараттық технологияларды қолдану мақсаттары:  Оқушылардың оқуға деген ынтасын нығайту, олардың танымдық белсенділігіне деген қызығушылығын ояту, оқу процесіне назар аударуға көмектесу;  Оқытудың неғұрлым тиімді және заманауи әдістемесіне қол жеткізу, әрбір оқушыға уақыт және өзге шығынсыз жеке қарауды қамтамасыз ету;  Оқу процесін әр түрлі және қызықты ету;  Сабаққа дайындалуға және оқу нәтижелерін бақылауға уақытты үнемдеу үшін;  Оқушылардың ақпараттық сауаттылығын қалыптастыруға үлес қосу үшін;  Өз жұмысын жоспарлау мен жүйелеуде жаңа деңгейге шығу.үшін. Интерактивтік тапсырма – тапсырманы орындау кезінде оқушының ісәрекеттерін және кері байланысын автоматтық тексеруді қамтамасыз ететін бақыланатын жаттығу іс-әрекетінің алуан түрлілігі есебінен оқушылардың іс-әрекеттерін ұйымдастыруға бағытталған тапсырма. Мультимедиа – мәтін, дыбыс, кескін, анимация, бейне және интерактивтік өзара әрекеттесу амалдары сияқты ақпаратты ұсыну мен берудің әр түрлі формаларын біріктіретін ақпаратты беру амалдары немесе ақпаратты беру тәсілдері. Мультимедиалық түсіндіру – білімдерді көрінерлік етуге мүмкіндік туғызатын анимацияланған оқиғалар желісі, безендірулер, тарихи карталар, мұрағаттық құжаттар, виртуальдық тәжірибелер және т.б. көмегімен сабақ тақырыбының мазмұнын көрнекі түрде деменстрациялайтын дыбысталған таныстырылым. Цифрлық білімдік контент – оқу-танымдық процессті және білімдік процесс субъектілерінің ара қашықтық өзара әрекеттесуін автоматтандаруды қамтамасыз ететін педагогикалық пен ақпарқатынастық технологиялардың кірігуі негізінде қолданбалы компьютерлік бағдарламалар формасында ұйымдастырылған электрондық оқытудың мазмұндық құрауышысы. Цифрлық білімдік ресурстар – қолданбалы компьютерлік бағдарламалар: мультимедиалық таңыстырылымдар, интерактивтік тапсырмалар мен тестілейтін бағдарламалар формасында мемлекеттік оқу бағдарламаларына сәйкес оқу пәндерінің әрбір тақырыбы бойынша дайындалынған, әлденеше рет пайдаланудың виртуальдық оқу нысандары болып табылатын оқытудың сыныптық-сабақтық жүйесі үшін цифрлық форматтағы дидактикалық материалдар. Электрондық оқытудың ақпараттық жүйесі – Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесінде (жалпы орта білім беру жүйесінде де, техникалық және кәсіптік орта білім беру жүйесінде де) e-Learning жобасы ауқымында дайындалынатын кіріккен бағдарламалар жүйесінің кешені. Цифрлық білім беру ресурстары (ЦБР) пән бойынша типтік оқу бағдарламасына сәйкес нақты оқу тақырыбына арналған дидактикалық материалдар болып табылады. Олар оқу пәнінің белгілі бір тақырыбы бойынша мультимедиалық түсіндіруді, интерактивті тапсырмаларды және тестілік сұрақтарды қамтиды. ЦБР-ды құрастыруда оқу процесінің барлық құрауыштары: мақсаттылығы, мазмұндылығы, іс-әрекеттестігі мен нәтижелігі жүзеге асырылады. Мақсат тұлғаның іс-әрекеттік педагогикалық жүйесінің жүйе түзетін құрауышы, орталығы болып саналады, сондықтан оқыту нәтижелері оқушылардың оқыту мақсаттарын жете түсінуден тура пропорционал тәуелділікте тұрады. Оқуда оң құлшыну себептерінің бар болуы – оның табыстылығының маңызды шарты. Іс-әрекетке құлшыныс сол немесе басқа мақсат бала үшін жете түсінілген, тұлғалық-маңызды болғанда пайда болады. Сондықтан кез келген оқыту процесінде оқушының осы материалды не үшін және неге оқып білуі, атап айтқанда оған алда оқып білу мен меңгеру тұрғанын, оқу міндеті және алда тұрған жұмыстың ақырғы мақсаты қандай екендігін айқын жете түсінуі қажет. Сонымен, оқушыларға сабақтың басында оқу материалын оқып білудің айқын алгоритмі беріледі, оқу материалын оқып білу бойынша әрекеттердің логикалық тізбегі анықталады. Оқытудың мақсатты нұсқаулары оқушылар үшін оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың мағынасы мен тәсілдерін түсінікті етеді әрі оның белсенді етілуіне айтарлықтай ықпал жасайды. Сондықтан цифрлық білімдік ресурстардың гипермәтіні сөздің кең мағынасында оқу материалының тасушысы ретінде түсініледі, бұл тек жазба түрдегі вербальдық мәтін ғана емес, «ақпарат базасы» және оқу материалын, бейне үзінділерді және т. б. мультимедиалық түсіндіруді қамтитын сондай ақпараттық білімдік кеңістік болып табылады. Осының барлығы оқушыға пәндік білімдер саласына бойлай енуге, білімдер алуға қатынасы бойынша объект емес субъект болуға мүмкіндік береді. ЦБРдың мазмұнын тым толық ашу үшін кейбір беттерде бірнеше анимация немесе бейне бар, ал беттердің саны 1-ден 10-ға дейін ауытқып отырады. Теориялық материалды көзге көрнекі бейнеде, кәсіпқой диктордың дыбыстауымен анимациялық ұсыну әртүрлі сезім мүшелеріне әрекет етуді қамтамасыз етеді, материалды бейнелік қабылдауға, жете түсінуге және аса терең есте сақтауға, пәнге қызығушылықты арттыруға мүмкіндік туғызады. ЦБР-ды кәсіби дыбыстау мектеп оқушыларына оқу материалын тек көру арқылы ғана емес, есту арқылы қабылдауға мүмкіндік береді де, оқу материалын аса тиімді қабылдауын, түсінуі мен жете ұғынуын, сондай-ақ оқушылардың сауатты сөйлеуіне мүмкіндік туғызуын қамтамасыз етеді. Мұғалімдердің міндеті – мектеп оқушыларының ақпараттық білімдік орта секілді гипермәтіндермен жұмыс істеуін ұйымдастыру, осы ортада оларды бағдарлануға үйрету. Ақпаратты игеру оқытудың ұжымдық, топтық, дербес те әдістерін қолданумен жүзеге асырылады. Оқушыларға белгілі бір білімдердің жинағын беру ғана маңызды емес, одан да маңыздысы – қойылған оқу міндеттерін шешу үшін қажетті ақпаратты өз беттерімен таңдай, өңдей, талдай және жинақтай білу біліктерін қалыптастыру. Әр кезеңдегі жұмыс нәтижелерін мұғалім қойған сұрақтарға жауап ретінде дәптерге толтырылған кесте немесе схема түрінде бекіту мүддеге сай. Оқушылар тақырыпты оқып білу үшін айтарлықтай бастыларын: анықтамаларын және жаңа ұғымдарын дәптерге жазады. Сұрақтарға жауап. Мәтінді тағы да бір рет тыңдап, қарап шығып, алдын ала қойылған сұрақтарға жауап береді. Осы тәсілдің нұсқасы ретінде, оқушылардың назарын шоғырландыру үшін бейнеқатарды тыңдау кезінде назарға сұрақтар мен тапсырма беруге болады. Егерде бірнеше компьютермен жұмыс істелінсе және оқушылар сәйкес түрде шағын топтарға бөлінсе, онда ұқыптылыққа жарыс секілді ұйымдастыруға болады. Бекіту тәсілі – кадрды тоқтату және мұғалімнің пікірі бойынша игеру кезінде оқушыларға қиындық тудырады деген белгілі бір схемаға, белгілі бір ұғымға мектеп оқушыларының назарын аудару, сол бойынша әңгіме құру. ЦБР-дың мәтінімен жұмыс істеу кезінде қағаз тасуыштағы мәтінмен жұмыс істеудің барлық әдістемелік тәсілдерін: оқушылардан түйінді сөздерді, терминдер мен ұғымдарды дәптерге жазу, мәтін бойынша сұрақтар қою және т.б. қолданылатын болады. ЦБР-да іс-әрекеттік құрауыш нәтижелері лездік автоматтық тексеру мен демонстрациялаудың интерактивтік тапсырмалары түрінде берілген. Интерактивті тапсырмалар пән бойынша оқушылардың біліктіліктері мен машықтарын қалыптастыруға, сондай-ақ өзіндік танымын және тұлғалық өсуін, олардың өмір сүруінің әртүрлі сферасындағы стандарттық емес міндеттерді, мәселелерді және жағдаяттарды шешуге дайындығын қамтамасыз ету үшін арналған. Оқыту процесін қарқынды ету тапсырма типтерінің алуан түрлігі есебінен іс-әрекеттің максималь мүмкін болатын түрлеріне мектеп оқушыларының максималь санын қатыстыру арқылы қол жетеді. Осы кезде тілектестік атмосфера жасалады: оқушы дұрыс емес жауап беруден қорықпайды, өйткені электрондық оқулық өз жауаптарын қайталауға және түзетуге мүмкіндік береді. Сол уақытта оған бірден дайын шешімнің немесе дұрыс жауаптың кілті берілмейді, мектеп оқушысын өз бетімен дұрыс жауапты табуға итермелейтін жол көрсетудің икемді жүйесі беріледі. Және тек бірнеше дұрыс емес талаптанудан кейін ғана жауаптары бар кілтке қатынауға болады. Жақсы ұйымдастырылғын бекіту кезінде оқушылар жақ-жақты ойлауға мәжбүр болады, зерігуге және алаңдауға себеп жоқ, материал бекітілді, меңгеру немқұрайды емес (тек жадпен), жеткілікті түрде жете түсінілген. Оқушыларда дұрыс ойлаудың машықтары бекітіледі және дамиды. Мектеп оқушыларының сабақта тапсырмаларды орындау уақытында мұғалімнің нашар оқитындармен жұмыс істеуіне, жеке сұрақтарға жауап беруге, сабақтың келесі кезеңіне дайындалуға және т. б. уақыт босайды. Бастысы сол, ақпараттық-білімдік орта жағдайларында мұғалімнің шығармашылығы үшін сыныпқа және оқушылардың шынайы мұқтаждығына байланысты толықтырылатын тәсілдер банкі ашылады. Электрондық оқытудың технологиялық кезеңдерінің жиынтығын оқыту процесінің міндетті құрауышы болып саналатын бағалау-нәтижелік құрауыш аяқтайды. Оның оқыту процесінің барлық сатысында орны бар және автоматтандырылған тестілерді енгізу арқылы ЦБР-да іске асырылады. ЦБР-дың тестілейтін бағдарламасында әрбір тақырып бойынша он сұрақ бар және оқушылардың білімін нысаналы бақылауды қамтамасыз етеді. Электрондық оқытудың ақпараттық-білімдік орта жағдайларында мұғалім тарапынан бақылауды алмастыруға педагогикалық түрде маңызды оқушының өзін-өзі тексеруі, ақпарқатынастық тұлғаның өзекті сапасы ретінде оқушы өзін-өзі баламалы өзіндік бағалауы қалыптасады. Компьютерлік тестілеуді пайдаланудың мәнісі соған саяды, нәтижелер жедел түрде, тез арада, тестілеудің аяқталуы бойынша бірден ұсынылады. Соңында оқушы орындалған тестінің нәтижесін өзі көре алады: тестіге жауаптан кейін диаграмма түрінде берілген білімді меңгерудің жалпы картинасы шығарылады, бұл мектеп оқушысының үлгерім деңгейінің бағасы болып саналады. Өзіндік дамыту нәтижелеріне қатысты бағалаушылық әрекеттерді жүргізуге оқушыны жүйелі ояту, оқу және шынайы мәселелердің оңтайлы шешіміне қол жеткізу үшін пайдаланылған «құралдар бағасы» рефлексиясы оның нысанға енуіне дайындығын қалыптастырады. Осы кезде сұрау кезіндегі білімдерді субъективтік бағалау туралы мәселе алынып тасталады. Өйткені, дұрыс орындалған тапсырмалар санын санай отырып, бағаны компьютер қояды; жауапты лездік талдау болады, бұл сұралушының өз білімдеріне немесе бекітілуіне, не дұрыс емес енгізілген жауабын түзетуіне, не мұғалім көмегіне жүгінуіне мүмкіндік береді. Автоматтандырылған тестілеуді пайдалану кезінде уақыт өте ғаламат үнемделетін болады. ЦБР-ды пайдаланусыз бір сабақтың ішінде орташа үлгеретін 5, 6 оқушыны бағалай аласың. Осы уақыт ішінде, бірақ ЦБР тестілерін пайдаланып, барлық оқушылардың білімдерін жаппай тексеруді ұйымдастыруға болады. Жарысушылық элементі тексеру процесіне қосымша қызығушылықты алып келеді. Сонымен, физика пәні бойынша ЦБР-ды пайдалану кезінде жүзеге асырылатын ақпараттық білімдік ортаның ең маңызды ерекшеліктері болып мыналар саналады: – бүкіл сабақ бойы әрбір оқушының мақсатты оқу іс-әрекетін ұйымдастыру; – оқушының ұстанымын оқыту нысаны рөлінен оның белсенді қатысушы рөліне өзгерту; – мұғалімнің ұстанымын жалғыз білімдер көзінен оқушылардың оқу ісәрекетін бақылау мен түзетуді жүзеге асыратын дербес кеңес беруші ұстанымына өзгерту, яғни педагогтың міндеттерін ақпараттықтан кеңесшіүйлестірушіге түрлендіру. Сабақта оның іс-әрекетін өзгерту нәтижесінде оның оған дайындық сипаты мен мазмұны өзгереді: енді ол жаңаны түсіндіруді қалай жақсы өткізуге дайындалмайды, мектеп оқушыларының іс-әрекеттерін қалай жақсы басқаруға дайындалады
Тақырыбы: Компьютерлік технологияларды физика пәнін оқытуда қолдану. Қашықтықтан оқыту технологиясы. Пeдaгoгикaлық тeхнoлoгия eкі нeгізгі мәceлeні aтaп көpceтeді: 1) Teхнoлoгия - түпкі нәтижeнің кeпілі; 2) Teхнoлoгия - бұл бoлaшaқ oқy пpoцecінің жoбacы. Eкінші қopытынды: пeдaгoгикaлық тeхнoлoгия - бұл мұғaлімнің кәcіби қызмeтін қaмтaмacыз eтeтін жәнe түпкілікті жocпapлaнғaн нәтижeгe кeпілдік бepeтін тeхнoлoгиялық пpoцeдypaлap жиынтығы. Пeдaгoгикaлық тeхнoлoгияның apтықшылықтapы: 1. Teхнoлoгия түпкі maқcaтты нaқты aнықтayғa нeгіздeлгeн. Teхнoлoгиядa мaқcaт opтaлық кoмпoнeнт peтіндe қapacтыpылaды. 2. Maқcaт дәл aнықтaлғaн тeхнoлoгия бaқылay мeн oғaн жeтy әдіcтepін жacayғa мүмкіндік бepeді. 3. Teхнoлoгия қoлaйлы нұcқaны іздeп пeдaгoгикaлық экcпopтқa көшyгe мүмкіндік бepeді. 4. Тeхнoлoгия oқy пpoцecінің жoбacын бoлжaйды. Oқy іc -әpeкeтінің дизaйны oқyшы тaбыcының тұpaқтылығынa әкeлeді. Компьютерлік технологиялар. Компьютерлік сабақтардың түрлері: 1. Мультимедиалық жабдықтармен өтілетін сабақ; 2. Компьютерде өтілетін сабақ; 3. Интернетпен өтілетін сабақ. Мультимедиалық жабдықтармен өтілетін сабақ: Мұндай сабақта мультимедиалық техникалық құралдар түрлі ұсынымдағы ақпараттарды аралас пайдалануға мүмкіндік береді: дыбыстық, графикалық, видео және аудио ақпараттарды. Мұғалім оқу процесінің басты тұлғасы да, басты ақпарат көзі де болып қала береді, ал мультимедиалық құралдар ақпараттың барынша көрнекі және жан-жақты, тартымды да қолжетімді болуына қызмет етеді, сол арқылы оқу мазмұнының жеңіл де сапалы қабылдануын қамтамасыз етеді. Мультимедиалық сабақ мына бағыттарда өтілуі мүмкін: Бұл сабақта мынадай мультимедиалық оқу құрал-жабдықтары қолданылуы мүмкін: Мұғалім сабақтарда түрлі электрондық оқу материалдарын – мәтіндік құжаттарды, электрондық оқулықтар, суреттер, графиктер, плакаттар, флипчарттар мен презентацияларды, клиптер мен фильмдерді кеңінен пайдалана алады. Мысалы, физикадағы фундаменталды тәжірибелердің компьютерлік сызбалары мен модельдерін (Резерфорд тәжірибесін, Франка және Герц тәжірибелері және т.б.). Сондай-ақ, мысалы, атомдық реактордың, электростанцияның, элементар бөлшектерді үдеткіштің құрылысын сипаттайтын сызбалар мен модельдерді көрнекі түрде көрсету өте тиімді. Интернетте физиканың түрлі оқу фильмдері кең таралған – «Фотоэффект», «Молекулалық физика», «Электромагнетизм», «Трансформатор», «Радиоактивтілік және атом ядросы», «Атом мен оның ядросының құрылысы»және т.с.с. . Компьютерде өтілетін сабақ : Сабақты не оның бір бөлігін оқушылардың тікелей компьютерлерде жұмыс істеуі арқылы өткізуге болады. Әрине, бұл сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай қажеттіліктен туындауы тиіс. Сабақтардың мынадай түрлері болуы мүмкін: Бұл сабақтарда ең басты кейіпкер – оқушы. Компьютерде тікелей сабақ оқитын, жұмыс істейтін басты тұлға оқушылар болғандықтан, олардың компьютерлік сауаттылығы мен мәдениетіне жоғары талап қойылады. Компьютерде жылдам істеп, тиісті ақпарат пен программаларды тиімді іздеп тауып, іріктеп, өзіне керегін жедел пайдалану жолдарын білуі тиіс. Сондықтан алдымен мұғалімнің өзі осы жоғары талаптарға сай болуы қажет. Мұндай сабақтарда мұғалімнің компьютерлік техника мен программаларды, локал желіні немесе интернетті дұрыс басқарып, сабақты техникалық жағынан дұрыс ұйымдастыру ролі өте маңызды. Оқушылардың ешбір техникалық кедергісіз үздіксіз жұмыс істеуіне барынша жағдай жасап, мұғалім негізінен бақылаушы, көмекші ретінде іс-әрекет жасауы тиіс. Оқушылар еркін оқып, еркін қимылдауға мүмкіндік алып, дербестікке, өздігінен ойлау мен іс-әрекет жасауға дағдыланады. Интернетпен өтілетін сабақ : Қазіргі кезде интернетте кез-келген пән бойынша оқу материалдары артығымен жеткілікті. Тіпті https://bilimland.kz порталында, youtube, kaztube, educator, iLearning және тағы басқа видеохостингтерде дайын видеосабақтар толып тұр. Оларды сабақтан тыс уақытта интернеттен жүктеп алып пайдалану бір басқа, ал егер мектеп интернетінің жылдамдығы мен сапасы жоғары болса, көптеген сабақтарды тікелей интернетке қосылу арқылы онлайн режімде өтуге болады. Небір өте мазмұнды көрнекіліктерді де интернеттен тікелей онлайн пайдалану мүмкіндігі бар. Онлайн есеп шығару, онлайн тест тапсыру, онлайн оқулықтар оқу және т.б. өте қолайлы жасалған оқу құралдары барын, онлайн конференциялар мен семинарларға, пән олимпиадаларына қатысуға болатынын қазіргі кәсіби мұғалім білуі және пайдалануы міндетті. Мұндай сабақтар өте көңілді де қызықты, оқушылардың өте жоғары белсенділігімен өтеді. Сабақтардың мазмұны да барынша терең игеріледі. Бір ғана маңызды шарты – мектеп интернетінің мүмкіндігі, яғни жылдамдығы өте жоғары болуы керек. Тіпті мұғалім өзінің арнайы жеке оқу сайтын жасап, оны оқушыларды қашықтан оқытуға пайдалануына болады. Оқушы кез-келген уақытта, кезкелген жерде еркін оқи алатын жағдай жасалады. Компьютерлік технологиялар. Мектептің физика курсында компьютерлік модельдерді пайдалану: Компьютерлік технологияларды физика пәнін оқытуда пайдаланудың ең болашағы бар бағыттарының бірі физикалық құбылыстар мен процесстерді компьютерлік модельдеу болып табылады. Компьютерлік модельдер дәстүрлі сабақтарға енгізуге де ыңғайлы және жаңаша түрдегі сабақтарды ұйымдастыруға да жол ашады. Компьютерлік модельдер басқа да көрнекілік құралдарымен бірге оқу процесінің тиімділігін әлдеқайда көтереді. Компьютерлік модельдердің негізгі көрсеткіші ретінде оқушылардың интеллектуалды қабілеттерінің дамуын атауға болады. Компьютерлік модельдерді пайдалану физикалық құбылыстар мен процесстерді сенімді де дәл көрсетіп, оларды экспериментте түрлі жағдайда қайталап, мәнмағынасын терең түсінуге мүмкіндік береді. Оқушының компьютерлік эксперименттер жасауы кезінде компьютермен диалог арқылы жұмыс істеуі оның танымдық әрекеттерін арттырып, өздігінен ғылыми зерттеу жүргізу және ойлау қабілет-дағдыларын анағұрлым дамытады. Қазіргі кезде физиканы оқуға арналған компьютерлік программалар өте көп. Оларды интернеттен еш қиындықсыз жүктеп алып, мектеп компьютерлеріне орнатып, физика сабақтарында пайдалануға болады. Бұл программаларды сабақтарда пайдалану мақсатына сай былай топтауға да болады:  оқыту программалары;  демонстрациялық программалар;  компьютерлік модельдер;  компьютерлік лабораториялар;  лабораториялық жұмыстар;  есеп топтамалары;  бақылау программалары;  компьютерлік дидактикалық материалдар. Әрине, көптеген программалар осының бәрін қатар пайдалануға арналған әмбебап түрде жасалады. Бұл мұғалімге де, оқушыларға да өте ыңғайлы. Мысалы, мынадай сабақтар өтуге болады: Зерттеу-сабақ. Мұғалімнің басшылығымен оқушылар компьютерде кішігірім зерттеу жүргізіп, керекті нәтижелер алуға жұмылдырылады. Бұл компьютерлік модельде өте жылдам орындалады. Оқушылар өздігінен шығармашылық жұмыс істеуге, теориялық білімді тәжірибеде жаратуға мүмкіндік алады. Физикалық құбылыстың моделін тікелей көзбен көре отырып, мәнісіне тереңірек үңіледі. Мұғалім тек көмекші ретінде қолдауы керек. Физика есептері модель түрінде беріледі. Есептерді шығарып, артынша нәтижелерін компьютерде бірден тексеру сабағы. Нәтижелер компьютерлік модельде тәжірибе түрінде тексеріледі. Оны әрбір оқушы өздігінен жасап, шығармашылық-танымдық қызығу тудырады. Бұл бір ғылыми зерттеу секілді өтуі мүмкін. Есептерді оқушылардың өзіне құрастыруға беруге де болады. Қазіргі кезде практикалық сабақтарды интернеттегі виртуал лабораторияларда онлайн режімде өтуге де болады.
Лекция №15-1 Физикадан оқу сабақтарын ұйымдастырудың формалары. Жоспар: 1.Физика сабақтарының жүйесі. 2. Күнтізбелік және тақырыптық жоспарлау. 3. Оқушылардың сабақ үстіндегі және сабақтан тыс уақытта өз бетінше орындайтын жұмыстары. Дәріс мақсаты: Оқу сабақтарын ұйымдастырудың формаларымен таныстыру. Дәріс мазмұны. 1.Физика сабақтарының жүйесі. Орта мектепте оқу сабақтары сыныптық-сабақтық жүйе негізінде ұйымдастырылады. Сабақтар нақты кесте бойынша жүргізіледі. Физикадан сабақтар жүйесіне, оқу сабақтарынан басқа, экскурсиялар, үйдегі жеке сабақтар, факультативтік сабақтар, сыныптан тыс сабақтардың алуан түрлі формалары, өз бетінше білім алу сабақтары т.б. Оқу жұмысын жоспарлағанда оқу сабақтарының барлық түрлерін ескеру қажет, бірақ негізгі роль сыныптағы сабақтарға беріледі. Сабақтардың формасын таңдау оқутәрбиелік міндеттермен және оқу материалының мазмұнымен анықталады. Сабақ оқу-тәрбиелік процестің негізгі бөлігі болып табылады. Негізгі дидактикалық мақсат бойынша физика сабақтарын келесі типтерге бөлуге болады:  Жаңа материалды оқып-үйрену сабағы;  Білімдерді бекіту және практикалық дағдыларды қалыптастыру;  Білімді жалпыламалау, жүйелеу және тереңдету;  Білімді тексеру және есепке алу;  Аралас сабақ. Аталған соңғы типке қандай да бір дидактикалық мақсатты бөліп айту қиын сабақтар жатады. Мұндай сабақтарда қойылған міндеттердің маңыздылығы шамамен бірдей болады. Типтес сабақтардың дидактикалық мақсаттары ғана емес, құрылымы да бірдей болады. 2. Күнтізбелік және тақырыптық жоспарлау. Физика пәнінің мұғалімі оқу жұмысына дайындықты жылдық, жартыжылдық жоспардан және әр сабақты өткізуге арналған жоспар түзуден бастайды. Оқу жұмысының тиімділігі және реттілігі, сабақтардың жүйелілігі, бағдарламаны орындау сапасы, соңында, оқушылар білімінің тереңдігі және беріктігі жоспарлаудың нақтылығына байланысты болады. Физика сабақтарына дайындықтың ерекшелігі мұғалімнің физикалық эксперимент дайындауы: көрсетілімді таңдау, құрал-жабдықтарды дайындау және қондырғыны жинақтау, жаппай орындалатын зертханалық жұмыстарға, тәжірибелерге және эксперименталдық есептерге қажетті приборларды жинақтау, тақырыптарға қатысты виртуалды эксперименттер дайындау. Жоспар түзуге қажетті құжаттар: оқу стандарты, мектептің оқу жоспары және үлгілік оқу бағдарламалары. Жоспарлаудың екі түрі бар: күнтізбеліктақырыптық және сабақ жоспарлары. Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауда тақырыптарды сабақтарға б-ліп жазу керек, онда жоспарланатын негізгі сабақтар мен бірге жаппай орындалатын лабораториялық жүмыстар, есептер шығару сабақтары, білімді тексеру сабақтары, экскурсиялар, қайталау сабақтары т.б. қамтылуы тиіс. Жоспарда мұғалім мен оқушының іс-әрекеттері нақты формаларға келтіріліп жазылады. Сабаққа дайындықтың соңғы кезеңі – сабақ жоспарын түзу, яғни өтілетін әр сабақты бөлек жоспарлау. Мұндай жоспарлар мұғалімге сабақтың барлық элементтерін қөз алдына нақты келтіруге көмектеседі: мазмұнын, ретін, сабақ элементтеріне бөлінген уақытты (хронометраж), сабақтың бөлшектерін т.б. Сабақ үстінде жасайтын, айтатын, ұйымдастыратын нәрселерді ойластыру мен жазуға мұғалім өте көп күш және уақыт жұмсайды, басқа айтқанда, оның барлық еңбекпен өткен өмірі кетеді. Сондықтан, оқытушылық іс-әрекетті бастағаннан ақ сабақтарды жоспарлаудың тиімді тәсілдерін меңгеріп алған дұрыс болады. Практиканттар мен жас мұғалімдерге сабақтың жоспар-конспектін түзген пайдалы, кейіннен оны екіге бөлуге болады: сабақ жоспары және конспекті. Біріншісі жыл сайын басынан жазылады, ал екіншісі нақты сабаққа қатысты жаңа әдістемелік нұсқаулармен, ғылым және техниканың жетістіктері жайлы материалдармен, қызықты есептермен, жаңа электрондық нұсқадағы материалдармен т.б. толықтырып отырады. Сабақ жоспарының бірыңғай жазу формасы жоқ, бірақ онда келесі мәселелер орын алуы тиіс: сабақтың тақырыбы мен мақсаттары, үй тапсырмасының орындалуын тексереру, оқушылардың алған білімдерін актуалдандыру құралдары мен әдістері, жаңа материалды өту реті мен әдістері, өтілген жаңа тақырыптарды бекіту және оқушылардың өз бетінше орындайтын жұмыстарын ұйымдастыру, үй тапсырмасы және оған түсіндірмелер, қажеттіқұрал-жабдықтар мен көрнекілік құралдар, сладтар, видеофильмдер, компьютерлік бағдарламалар т.б. Түрлі типті сабақтарды өткізу жоспарлары өзгеше болады. Түзілген жоспар мұғалімнің сабақ үстіндегі әрекеттерін шектемеуі керек, жағдайға байланысты жорпардан кейбір ауытқулар болуы мүмкін. Сабақтар кейін жоспардың жетілген жерлері мен кемшіліктерін талдап берілген жаңа ақпараттар қөлемінің, қолданылған әдіс-тәлісдер тиімділігінің, көрсетілімдердің, виртуалды оқу материалдарының оптималды түрін таңдау жайлы өз ескертпелерін жазып қойған жөн болады. Бұл әрекеттер келешекте жұмыс істеу әдістерін жетілдіруге, осы тақырыптағы сабақтарға дайындық уақытын үнемдеуге көмектеседі. 3. Оқушылардың сабақ үстіндегі және сабақтан тыс уақытта өз бетінше орындайтын жұмыстары. Физикадан оқушылардың өз бетінше орындайтын жұмыстарын ұйымдастыру екі өзара байланысқан мендеттерді атқаруға бағытталуы керек: Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін өз беттерінше оқып-үйрену арқылы дамыту, яғни оларды өз бетінше білім алуға үйрету. Алған білімдерін өздігінен оқуда және практикалық іс-әрекеттерінде қолдана білуді үйрету. Өз бетенше жұмыс істеуге дағдыланған оқушы оқу материалын белсенділікпен және терңірек меңгереді, шығармашылық еңбекке, өздігінен білім алуға дайын болады. Физика пәнін оқуда оқушылардың өз бетінше орындайтын жұмыстарының келесі түрлері бар: - Оқулықпен, анықтамалық, ғылыми-көпшілік кітаптармен, мерзімдік басылымдармен және интернет-ресурстармен жұмыс жасау, конспекттер түзу; - Есептер шығару және жаттығулар орындау; - Лабораториялық жұмыстар және фронтал эксперимент жасау; - үлестірмелі материалдармен жұмыс; - Сыныптастарының жауаптары мен баяндамаларына сын пікір ауту, оларды толықтыру; - Рефераттар мен мәлімдемелер дайындау; - Үй жағдайында кейбір қарапайым тәжірибелер мен бақылаулар жүргізу. Параграфтардың немесе тараудың соңында берілетін сұрақтар жүйесінің және жаттығулардағы есептердің, практикалық тапсырмалардың, мәтіндердегі суреттер мен кестелердің, зертханалық жұмыстарды орындауға берілген нұсқалардың білімдік салмағы бар. Олардың мазмұны әдістемелік тұрғыдан негізделген, оқыту процесінде оларды тиімді пайдалану қажет. Оқушылардың өз бетінше орындайтын жұмыстары тек сабақ үстінде ғана емес, сабақтан тыс уақытта да орындалуы тиіс. Оқушылар үй жұмысын орындау барысында, үйірме сабақтарында, ғылыми жобалар дайындағанда, интернетте жұмыс істегенде, олимпиадаға дайындық кезінде т.б. кездерде өз бетінше жұмыс істейді. Сондықтан оқушылардың өз бетінше сабақта және сбақтан тыс уақытта орындайтын жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру өте маңызды мәселе. Бақылау сұрақтары: 1. Оқу сабақтарын ұйымдастырудың формалары жайында түсіндіріңдер.. 2. Оқуды ұйымдастырудың негізгі формасы қандай? 3. Мұғалім іс-әрекетінің құрылымы қандай іс-шаралардан тұрады? 4. Физика мұғалімінің негізгі құжаттарын атап беріңдер. Пайдаланылған әдебиеттер 1. Акитай Б.Е. Физиканы окыту теориясы және әдістемелік негіздері: Оқу құралы. -Алматы: Қазақ университеті, 2006. -280 бет. 2. М. Құдайқұлов, Қ. Жаңабергенов, «Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі», Алматы, «Рауан», 1998ж., 310 6. 3.«Основы методики преподавания физики», В.Г.Разумовский, А.Н. Бугаев, Ю.Н. Дик и др.-М, «Просвещение», 1984г., 397с. 4.«Физиканы оқыту методикасы 6-7», Орехов В.П., Усова А.В. Алматы,«Мектеп», 1978ж. 5.Орта мектепке арналған негізгі оқулықтар. 7-9 кл. «Физика және астрономия», «Физика» 10-11 кл. 2010. 6.«Физика жэне астрономия», «Физика» Орта жалпы білім беретін мектеп сыныптарына арналған оқу бағдарламалары. Астана, 2010 ж. 7.Анциферов Л.И., Пищиков И.М., Практикум по методике и технике школьного физического эксперимента, М., «Просвещение», 1984г. 8.Методика преподавания физики в средней школе: Частные вопросы. Под ред. С.Е.Каменецкого, Л.А.Ивановой-М.: Просвещение, 1987. -336 с. Лекция №15-2 Физикадан оқу материалын ауызша баяндаудың формалары және ерекшеліктері. Жоспар: 1.Оқыту әдістерін классификациялау 2.Әңгімелеу, әңгімелесу, түсіндіру, лекция 3.Оқу матераилдарын ауызша баяндаудың ерекшеліктері. Дәрістің мақсаты: Физикадан оқу материалын ауызша баяндаудың формалары және ерекшеліктерімен таныстыру. Оқыту әдістерінің ерекшеліктерін түсіндіру. Дәрістің мазмұны. 1.Оқыту әдістерін классификациялау Оқыту мақсаттарына жетуге бағытталған мұғалім мен оқушылардың бірігіп және өзара байланысып атқаратын жұмыстар барысында жасалатын іс-әрекеттерді оқыту әдістері деп атайды. Оқыту әдістерін талдау және сипаттау ыңғайлы болу үшін оларды классификациялайды. Әдістерді топтарға бөлу негізіне не алынғанына байланысты олардың түрлі классификациялары бар: Ақпаратты тасмалдау түрі бойынша – вербальды (сөздік), көрнекілік және практикалық. Негізгі дидактикалық міндеттер бойынша – білімді алу әдістері, біліктерді қалыптастыру әдістері, білімді қолдану әдістері, шығармашылық іс-әрекеттер әдістері, білім мен біліктерді тексеру әдістері. Танымдық іс-әрекеттердің сипаттары бойынша – түсіндірмеліиллюстративтік әдіс, репродуктивтік әдіс, проблемалық оқыту әдісі, эвристикалық әдіс, зерттеушілік әдісі. Адамның іс-әрекетінің түрі бойынша (Ю.К.Бабанский бойынша) – оқутанымдық іс-әрекеттерді ұйымдастыру және іске асыру әдістері, оқутанымдық іс-әрекеттерді жігерлендіру және мотивациялау әдістері, оқутанымдық іс-әрекеттердің тиімділігін бақылау және өзіндік бақылау әдістері. 2. Әңгімелеу, әңгімелесу, түсіндіру, лекция Әңгімелеу – диалогпен бөлместен дәйекті түрде баяндау. Физика сабақтарында әңгемелеу, әдетте физикалық эксперименттті және көрнекілік құралдарды қолданумен қатар жүргізіледі. Сабақ тақырыбы бойынша әңгемелесуге оқушылардың білімі жеткіліксіз болған жағдайларда осы әдісті қолданады. Әңгемелеу әдісі оқушыларды физикалық заңдар мен құбылыстардың ашылу тарихымен, физикалық құралдар мен қондырғыларды құрастырылуымен, ұлық ғалымдар мен өнертапқыштардың өмірбаянымен, ғылым мен техниканың жетістіктері және даму перспективасымен таныстырғанда қолдану тиімді болады. Әңгімелесу – ауызша баяндаудың бір әдісі. Бұл әдісті орта мектептің барлық сыныптарында қолдануға болады, бірақ көбіне физиканы оқытудың екінші басқышында қолданылады. Әңгімелесу әдісін жаңа білімдерді өту үшін, оларды бекіту, тереңдету және жүйелеу, үй тапсырмасын және оқушылардың білімдерін тексеру үшін, зертханалық жұмыстардың, фронтал тәжірибелердің үйде орындалған бақылаулардың және виртуал эксперименттің нәтижелерін талқылағанда пайдаланған дұрыс болады. Жаңа білімдерді меңгеру мақсатында әңгімелесу (эвристикалық әңгімелесу) қандай да бір сұраққа жауап іздеу барысында белгілі мысалдарға, тәжірибелерге, бақылауларға сүйене отырып жүргізу қажет болғанда қолданылады. Физика сабақтарында әңгімелеудің бір түрі түсіндіру әдісі кең қолданылады. Бұл әдісті дәлелдеу, түсіндіру, негіздеу керек болғанда қолданады. Түсіндіруге пайымдау, дәлелдеу, ой қорыту сияқты логикалық операцияларды қолданған, сонымен қатар, демонстрациялық экспериментпен тығыз байланыста болуы тән. Түсіндіру әдісін физикалық құбылыстардың, заңдардың маңызын ашқанда, фундаментальді тәжірибелерді қарастырғанда, физикалық және техникалық құрылғылардың, машина және механизмдердің құрылысы мен жұмыс істеу принциптерін, технологиялық процестерді, физикалық теорияларды баяндауда қолдану тиімді болады. Жоғары сыныптарда әңгімелеу лекциямен ауястырылуы мүмкін. Мектеп қабырғасында оқылатын лекциялар әңгімелеумен салыстырғанда үлкен ғылыми тереңдікпен, логикалық қатаңдықпен және ұзақ мерзімге созылуымен сипатталады. Мектепте лекциялардың ерекше таралған түрілері – физикалық құбылыстарды топтастырып бірдей көзқараспен, жалпы позициядан қарастырғанда, жүйелі физика курсының жеке тарауларына қіріспе және қорытындылау лекциялар оқығанда. Жақсы дайындалған және біліктілікпен өткізілген лекциялар оқушыларда оңды әсер қалдырады және келешекте мектептен тыс оқу орындарында оқуға дайындайды. 3.Оқу матераилдарын ауызша баяндаудың ерекшеліктері. Физика сабақтарында қолданылатын ауызша әдістердің өзіне тән ерекшеліктеріне ауызша баяндау мен физикалық эксперименттің, графиктерді, кестелерді сызу және талдаудың, физикалық есептің шарттарын талдау мен оларды шығарудың тығыз байланыста болуы Ауызша баяндауда жаңа терминдерге, анықтамаларға және жалпыламалауларға ерекше назар аудару керек. Бақылау сұрақтары. 1. Оқыту әдістері қалай классифакацияланады? 2. Әңгімелеу, әңгімелесу, түсіндіру, лекцияның бір-бірінен айырмашылығы қандай? 3. Оқу матераилдарын ауызша баяндаудың ерекшеліктері қандай? Пайдаланылған әдебиеттер 1. Акитай Б.Е. Физиканы окыту теориясы және әдістемелік негіздері: Оқу құралы. -Алматы: Қазақ университеті, 2006. -280 бет. 2. М. Құдайқұлов, Қ. Жаңабергенов, «Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі», Алматы, «Рауан», 1998ж., 310 6. 3.«Основы методики преподавания физики», В.Г.Разумовский, А.Н. Бугаев, Ю.Н. Дик и др.-М, «Просвещение», 1984г., 397с. 4.«Физиканы оқыту методикасы 6-7», Орехов В.П., Усова А.В. Алматы,«Мектеп», 1978ж. 5.Орта мектепке арналған негізгі оқулықтар. 7-9 кл. «Физика және астрономия», «Физика» 10-11 кл. 2010. 6.«Физика жэне астрономия», «Физика» Орта жалпы білім беретін мектеп сыныптарына арналған оқу бағдарламалары. Астана, 2010 ж. 7.Анциферов Л.И., Пищиков И.М., Практикум по методике и технике школьного физического эксперимента, М., «Просвещение», 1984г. 8.Методика преподавания физики в средней школе: Частные вопросы. Под ред.С.Е.Каменецкого, Л.А.Ивановой-М.:Просвещение, 1987.-336 с. Лекция №15-3 Демонстрациялық эксперимент. Жоспар: 1. Демонстрациялық эксперимент, оның маңызы және оған қойылатын әдістемелік талаптар. 2. Физикадан лабораториялық сабақтар: жаппай орындалатын лабораториялық жұмыстар, физикалық практикум, фронталды эксперимент, сабақтан тыс орындалатын тәжірибелер мен бақылаулар. 3. Физикалық оқу экспериментінің жүйесі және құрал-жабдықтар. Дәріс мақсаты: Демонстарциялық эксперимент және оның сабақ түсіндірудегі мәнін ашып көрсету. Дәріс мазмұны. 1.Демонстрациялық эксперимент, оның маңызы және оған қойылатын әдістемелік талаптар. Оқу эксперименті – ол арнайы құрал-жабдықтар көмегімен физикалық құбылыстарды оқып-үйренуге қолайлы жағдайда бақылау және қайталау. Сондықтан ол бір мезетте білім көзі, оқыту әдісі және көрнекілік түрі бола алады. Сабақ үстінде тәжірибелерді демонстрациялау, виртуалды оқу экспериментін қолдану, оқушылардың зертханалық жұмыстарды орындауы физиканы оқытуда экспериментальдық әдістің негізін құрайды. Демонстрациялық тәжірибелерді бүкіл сынып алдында мұғалім қояды, ол сабақтың бір бөлігі болып табылады. Көрсетілімдерге қойылатын жалпы дидактикалық талаптар:  Көрнекілік;  Қарапайымдылық;  Қауіпсіздік;  Сенімдік;  Қайталау және түсіндіру қажеттілігі;  Уақыт бойынша шектеулілігі;  Көрсетілімнің дер кезінде қойылуы. Тәжірибелерді қойғанда мұғалім оқушылар мен көрсетіліп отырған құбылыстарды байланыстырушы болып келеді. Көрсетілімнің жақсы шығуы оның әдістемелік шеберлігіне және техникалық сауаттылығына байланысты болады. Демонстрациялық экспериментке қойылатын негізгі әдістемелік талаптар:  Оқушылар қойылған тәжірибелерді түсініп қабылдауға дайын болулару керек.  Демонстрациялауға арналған қондырғылар мүмкіндігінше қарапайым болуы тиіс.  Көрсетілімдік тәжірибелер сыныптағы барлық оқушыларға анық көрініп тұруы керек.  Көрсетілу темпі ауызша баяндалу жеделдігіне және оқушылардың қабылдауына сәйкес болуы керек.  Көрсетілетін тәжірибелер нанымды, ал қондырғылардың жұмысы сенімді болуы қажет.  Мынаны естен шығармау керек: Мұғалімнің маман ретінде жинақтаған абыройын шықпай қалған тәжірибедей ештеңе түсіре алмайды. Физика сабақтарында көрсетуге міндетті демонстрациялық тәжірибелердің тізімі үлгілік оқу бағдарламасында келтіріледі. 2.Физикадан лабораториялық сабақтар: жаппай орындалатын лабораториялық жұмыстар, физикалық практикум, фронталды эксперимент, сабақтан тыс орындалатын тәжірибелер мен бақылаулар. Демонстрациялық эксперимент оқушылардың оқып-үйренетін құбылыстарды белсенді түрде қабылдау мүмкіндіктерін толық қамтамасыз ете алмайды, себебі олар өздері тәжірибе жасамайды, тек бақылап отырады. Жаттығулар арқылы келетін қажетті практикалық дағдылар калыптаспайды. Сондықтан демонстрациялық экспериментті оқушылар өз бетінше орындайтын практикалық жұмыстармен толықтыру қажет. Олар жаппай орындалатын лабораториялық жұмыстар, бақылаулар мен тәжірибелер, практикумдер т.б. Лабораторниялық жұмыстарды және тәжірибелерді орындау барысында оқушылар физикалық заңдардың объективтілігіне көз жеткізеді, ғылыми зерттеу әдістер туралы нақты түсініктер алады, физикалық өлшеулермен және физикалық құбылыстарды сандық жағынан бағалау тәсілдерімен танысады. Фронтал лабораториялық жұмыстар мен тәжірибелерді өткізу әдісінің ортақ жері – барлық оқушылар бірдей тапсыпмаларды бір типті құралжабдықтарды қолданып орындайды. Сыныптық-сабақтық оқыту жағдайында жұмыстарды жаппай орындау әдісінің артықшылықтары бар. Ол лабораториялық жұмыстарды, бақылауларды және тәжірибелерді өтілетін материалмен тығыз байланыстырады. Жаппай орындалатын лабораториялық жұмыстардың тізімі оқу бағдарламада беріледі. Дидактикалық мақсаттары бойынша фронтал лабораториялық сабақтардың қлассификациялануы:  Физикалық құбылыстарды бақылау және зерделеу.  Өлшеуіш құралдармен танысу және физикалық шамаларды өлшеу.  Кейбір физикалық құралдар мен техникалық құрылғылардың құрылысымен және жұмыс істеу принципімен танысу.  Кейбір сандық заңдылықтарды анықтау немесе тексеру.  Физикалық тұрақтыларды, заттардың және процестердің физикалық сипаттамаларын анықтау. Зертханалық жұмыстарды орындаудың үлгілік нұсқасы:  Кіріспелік әңгімелесу;  Оқушылардың эксперименті орындауы;  Алынған нәтижелерді өңдеу;  Жұмыстың қорытындысын жасау. Физикалық лабораториялық практикум зертханалық-практикалық сабақтардың жаппай орындалатын зертханалық жұмыстарға қарағанда жоғарғы формада ұйымдастырылған сабақтар болып табылады. Біріншіден оның айырмашылығы оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу деңгейінің жоғарылылығы, эксперименталды базасының жетілдірілген және күрделі болуы. Практикум әдетте үлкен тарауларды өткеннен кейін орындалады, көбіне оқу жылының соңына, өткен материалдарды қайталау және тереңдету, оқушыларды өз бетінше жұмыс орындаға, белсенді болуға баулу мақсатында. Физикалық практикум жұмыстарын ұйымдастыруда қолда бар құралжабдықтар мен қондырғылар және оларды дұрыс қолдана білу мәселесі шешуші роль атқарады. Практикумның тиімділігі, оқушылардың өз бетінше орындайтын жұмыстарының маңызды түрі ретінде, оқушылардың оқу жылы бойындағы теориялық және практикалық дайындықтарына байланысты болады. Лабораториялық практикум жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу үшін алдын-ала жасалған әр жұмысты орындау инструкциялары болуы керек. Инструкциялар құрамына мыналар кіреді:  Теориялық сұрақтар жайлы қысқаша мәліметтер, белгісіз шаманы анықтаудың бір тәсілі;  Құрал-жабдықтар тізімі, олардың ішінен оқушыларға бейтаныс құралдарға сипаттама;  Жұмысты орындау реті;  Өлшеу нәтижелерін жазу реті және қателіктерді есептеу тәсілдері туралы нұсқаулар. Орындау инструкциясына бұдан басқа бақылау сұрақтары, қосымша эксперименталдық тапсырмалар және жаттығулар кереді. Нақты берілген жұмыстағы инструкция көлемі, ңұсқаулардың кеңірек берілу дәрежесі жұмыстың мазмұнына, қолданылатын құрал-жабдықтарға және оқушылардың алдын-ала дайындақтарының деңгейіне байланысты болады. 3.Физикалық оқу экспериментінің жүйесі және құрал-жабдықтар. Қазіргі кезде физикалық оқу экспериментінің жүйесіне мыналар енеді:  Фундаменталды тәжірибелер  Демонстрациялық эксперимент  Жаппай орындалатын зертханалық жұмыстар  Физикалық лабораториялық практикум  Сабақтан тыс орындалатын тәжірибелер мен бақылаулар  Виртуалды эксперимент. Оқу экспериментінің бұл түрлерін өткізуге қажет болатын құралжабдықтармен мектептерді мемлекет тегін қамтамасыз етеді. Физикалық оқу құралдар арнайы жабдықталған сыныптарда – физика кабинеттеррінде сақталады және қолданылады. Физика кабинеті –бір-бірімен байланысқан арнайы бөлмелер, қазіргі заманға сай оқу қондырғылармен, көрнекіліктермен, оқытудың техникалық құралдарымен (компьютерлер, интербелсенді тақта т.б.) жабдықталған мектептің оқу бөлімі. Мектеп физика кабинетіндегі барлық құрал-жабдықтарын келесі топтарға бөлуге болады:  Арнайы жабдықталған бөлмелер;  Заманауи техникалық оқыту құралдарының кешені;  Демонстрациялық құрал -жабдықтар;  Зертханалық жұмыстарға арналған құрал -жабдықтар;  Көмекші құрал -жабдықтар;  Басылымнан шыққан оқу құралдары, қағаз және электрондық негіздегі дидактикалық материалдар;  Мұғалімдерге және оқушыларға арналған әдебиеттер;  Астрономия бұрышы. Мектептің материалды-техникалық базасы белгілі дәрежеде физиканы оқыту сапасына әсер етеді, сондықтан физика кабинетінің жабдықталуына ерекше назар аудару керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет