Лекция №7 Топырақтың химиялық қасиеттері. Топырақтың коллоидтары және олардың құрылысы мен қасиеттері



бет1/2
Дата27.10.2022
өлшемі16,36 Kb.
#45819
түріЛекция
  1   2

Лекция №7
Топырақтың химиялық қасиеттері. Топырақтың коллоидтары және олардың құрылысы мен қасиеттері

1.Жер қабығының және топырақтың химиялық құрамы


2.Топырақ коллоидтары
Топырақ жер қабығының ең үстіңгі қабатында орналасқандықтан жалпы оның құрамы жер қабығының химиялық құрамына сәйкес болады. Бірақ топырақтың химиялық құрамының аналық тау жыныстарынан өзгешіліктері бар. топырақ минералды,органикалық және органикалық-минералды заттардан құралған. оның химиялық құрамының басты өзгешілігі-топырақта органикалық заттардың, соның ішінде ерекше заттар тобы қарашіріндінің болуы,химиялық қосылыстардың алуан түрінің кездесуі және оның құрамының уақыт ағымына байланысты өзгеріп отыруы.
Топырақтағы минералды заттардың көзі тау жыныстары, ал органикалық қосылыстар өсімдіктермен тірі ағзалардың әрекетінен пайда болады. Органикалық және минералды заттардың әрекеттесуінен күрделі органикалық-минералды заттар құралады. Топырақта және жер қабығында (литосфера) химиялық элементтердің мөлшері әр түрлі.
1кесте-Литосферада және топырақтағы химиялық элементтердің мөлшері,%

Элемент

Литосфера

Топырақ

Элемент

Литосфера

Топырақ

O2

47.2

49.0

Mg

2.10

0.63

Si

27.6

33.0

C

0.10

2.00

Al

8.8

7.13

S

0.09

0.085

Fe

5.1

3.80

P

0.08

0.08

Ca

3.6

1.37

Cl

0.45

0.01

Na

2.64

0.63

Mn

0.09

0.85

K

2.60

1.36

N

0.01

0.10

Литосфера құрамымен салыстырғанда топырақ құрамында көміртегі мөлшері 20 есе, азот 10 есе көп. Сонымен бірге топырақ құрамында оттегінің,сутегінің, кремнийдің мөлшері олардың литосфера құрамындағы мөлшерінің молырақ, ал алюминийдің, темірдің, калийдің, натрийдің, кальцийдің мөлшері азырақ.


Литосфера және топырақ құрамында ең көп таралған элемент оттегі, одан кейін кремний, сонан соң алюминий, темір, кальций.
Топырақ көлемі әр түрлі бөлшектерден тұратын күрделі жүйе. Оның құрамында ірі,ұсақ бөлшектермен қатар өте майда, ұнтақталған коллоид бөлшектері де бар. Коллоидтардың көлемі (0,001-0,2мкм) болып келеді. Олар топырақ салмағының 1-2 пайыз -30-40 пайызға дейінгі мөлшері алуы ықтимал. Коллоидтардың ең басты маңызы топырақтың сіңіру қабілетінің өте жоғары болуына ықпал етуі. Өйткені біріншіден, топырақтың қатты бөлігінің жалпы бет ауданының негізгі үлесі коллоид бөлшектер арқылы қалыптасады, екіншіден, коллоид бөлшектерінің физикалық және химиялық қасиеттері олардың бетінде сіңіру құбылыстарының белсенді жүруіне жағдай жасайды.
Ірі бөлшектермен салыстырғанда ұнтақ бөлшектердің бет ауданы өте мол болады.
2кесте –Орташа саздақ топырақтың жалпы бетінің ауданының қалыптасуына әр көлемді бөлшектердің ықпалы

Бөлшектердің көлемі,мм

Топырақтағы мөлшері,%

1г топырақ құрамындағы бет ауданы,м2

Жалпы бет ауданы ішіндегі мөлшері,%

0,25-0,05

17

0,5

0,2

0,05-0,01

50

4,1

1,7

0,01-0,005

20

9,9

4,1

0,005-0,001

6

12,7

5,2

0,001-0,0001

3

18,8

7,8

0,00001

4

194,0

81,0

Қосындысы

100

240

100

Осы кестеде көрсетілген есептеулер салмағы жағынан кем болып тұрса да,алатын бет ауданының мөлшеріне байланысты ұнтақ бөлшектер топырақта басты орын алатынын дәлелдейді. Топырақ салмағының 4% ғана құрап тұрған коллоид бөлшектер (0,00001 мм) оның жалпы бетінің ауданының 81,0% қалыптастыруға қатысты болып келеді.
Коллоид бөлшектерінің негізін оның өзегі (ядросы) құрайды. Ол аморфты немесе кристаллды құрылымды күрделі құрамды химиялық қосылыстан түзіледі. Өзектің үстіне коллоидтың потенциялын анықтайтын қозғалмайтын иондар қабаты орналасқан. Өзекпен осы қабат бірігіп коллоид түйіршігін (грануласын) құрайды.Олар топырақ ерітіндісінен өзіне потенциалы арқылы қарсы заряды бар иондарды тартып жинақтап, теңгеру иондары қабатын түзейді. Сөйтіп коллоид бөлшектің қос иондар қабаты құрылады. Екінші, соңғы қабат екіге жіктелген болып келеді. Оның ішкісі қозғалмайтын тенгеру иондарынан, ал сыртқысы жылжымалы, қозғалмалы иондардан құралған. Коллоидтың соқтасы, потенциал анықтаушы және жылжымайтын тенгеру иондары қабаты коллоид түйіршіктерін түзейді. Ал барлық қабаттары бар коллоид бөлшегі –Г.Вингер ұсынысы бойынша мицелла деп аталады. Коллоидтардың сыртқы жылжымалы иондары топырақ ерітіндісіндегі өзі тектес иондарға эквивалентті түрде ауысуға қабілетті болып келеді. Жоғарыда сипатталған ерекшеліктерінің себебінен коллоидтардың иондарды сіңіру қабілеті өте жоғары.
Коллоидтар топырақты минералды, органикалық, органикалық-минералды қосылыстар түрінде кездеседі.
Минералды коллоидтарға балшықты минералдар, кремнийдің, темірдің, алюминийдің тотықтарының коллоидты түрлері жатады. Ал органикалық коллоидтарды қарашірінді және ақуыз тектес қосылыстар құрайды.
Теріс заряды бар коллоидтар

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет