Лекция 9 Екпелер және егу (вакцинация)



бет1/13
Дата04.04.2023
өлшемі200,46 Kb.
#78939
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

ЛЕКЦИЯ 9


Екпелер және егу (вакцинация)

Негізгі сұрақтар



  1. Вакцина мен вакцинация, жалпы сипаттамалары

  2. Вакциналардың түрлері

  3. Аттенуацияланған вакциналар, алу әдісі, мысалдары

  4. Өлтірген вакциналар, алу әдісі, мысалдары

  5. Суббірліктік вакциналар, алу әдісі, мысалдары

Вакцинация, сақтандыру егу: патогенді микроорганизмдерге қарсы ағзада (адамдарда, жануарларда) жүре пайда болғанактивті иммунитеттің қалыптасуына мүмкіндік туғызады да ағзаны жұқпалы аурудан қорғайды. Вакцинация үшін пайдаланатын затты вакцина (екпе) деп атайды. Вакцина енгізгеннен кейін адам мен жануарларда тұрақты иммунитет және оны есте сақтау қасиеті қалыптасады.


Вакцинацияны (егуді) бірінші рет ағылшын дәрігері Э. Дженер (1796 ж.) жүргізді. Э. Дженер тәжірибе арқылы көрсеткен сиыр шешек (оспа) көбікше ішіндегісін енгізгеннен кейін адамда шешек ауруға қарсы тұрақтылығы дамиды.
Вакцинация (егу) және вакцина (екпе) деген ұғымдарды
Л. Пастер ұсынды. ХІХ ғасырдың екінші жартысында жұқпалы аурулардың дамуы туралы мынадай пікір ұсынылды: жұқпалы аурулардың себебі микроорганизмдердің әсері. Вакцинация нәтижесінде ағзаның иммундық қорғаудың жалпы принципін Пастер 1881 ж. тұжырымдады: «Белсенділігі төмен қоздырғыш-тарды пайдаланып сақтандыру екпе жүргізгеннен кейін адам жұқпалы ауруларға қарсы тұрақты болады». Бұл принцип қазіргі күнге дейін маңызды.
Вакцинаны енгізгеннен кейін ағзада бір жұқпалы аурудың қоздырғыштарына қарсы антиденелер түзіледі. Қан құрамындағы антиденелердің мөлшері иммундық жауаптың қалыптасқан деңгейіне тәуелді. Антиденелер патогенді микроорганизмдерді бейтараптандырады да ағзаны жұқпалы аурудан қорғайды. Ағза жұқпалы аурудың қоздырғышымен екінші рет кездескенде иммундық жүйе өзінің есте сақтауы арқылы бұл ауруға тұрақты болады. Себебі вакцинацияның нәтижесінде ағзаның жүре пайда болған иммунитеті қалыптасады. Жұқпалы аурулардың көбісін вакциналардың көмегімен жеңу мүмкін. Мысалы, өте қауіпті жұқпалы ауру – шешек ауруы, одан сақтану екпе жүргізгеннен кейін жер жүзінде толық жойылды деп саналады.
Идеалды вакцина мынадай талаптарға сай:

  • енгізген ағзаға зиянсыз;

  • 1-3 рет енгізгеннен кейін ғана тұрақты иммунитеттің қалыптасуы жүзеге асырылады;

  • ас қорыту жолынан тыс ағзаға енгізіледі;

  • бір немесе бірнеше рет енгізгеннен кейін ағзаны жұқпалы аурудан ұзақ уақыт бойы қорғайды;

  • ұзақ уақыт сақтағанда және тасымалдау нәтижесінде белсенділігін жоғалтпайды;

  • бағасы төмен.

Тиімді вакциналары мынадай белгілерімен сипатталады:
- Қауіпсіздігі – вакциналар адам мен жануарлардың ауруына және өлуіне себеп болмайды.
- Қорғау қабілеттілігі – патогеннің жабайы штаммы қозды-ратын аурудан вакцина сақтау керек.
- Қорғаныш иммунитетті қамтамасыздандырады.
- Жұқпалы ауруды қоздыратын микроорганизмдерді бейтарап-тандыратын антиденелердің синтезін индукциялайды, бейтараптан-дыратын антиденелер жұқтырудан жасушаларды сақтайды.
- Қорғаныш Т-жасушаларды индукциялайды, жасушаның ішінде ұрпақтанатын патогендерді ағза Т-жасушаларға тәуелді иммунитеттің көмегімен бақылайды.
- Практикалық тиімділігі – вакцинаның бағасы төмен, пайдалану тәсілі жеңіл, әсері мол.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет