Лекция 9 Екпелер және егу (вакцинация)


Вакцинаны құрамына кіретін антиденелердің түзілуіне жауапты



бет2/13
Дата04.04.2023
өлшемі200,46 Kb.
#78939
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Вакцинаны құрамына кіретін антиденелердің түзілуіне жауапты
компонентер:

  • толық микробтар – оба, грипп, полиомелитке қарсы вакциналар,

  • микробтық клетканың жеке компонентері – полисахаридтік пневмококкок вакцина,

  • иммунологиялық активті фракциялар –В гепатит вируска қарсы

вакцина.
Моноваленті вакцина – бір жұқпалы аурудың қоздырғышының
антигендері құрамына кіреді,
Поливаленті вакцина – бірнеше жұқпалы аурудың қоздырғышының
антигендері құрамына кіреді.

Қазіргі күнде вакциналар белсенділігі төмендетілген (атенуацияланған) немесе белсенділігі толық тежелген (белсенді емес) жұқпалы микроорганизмдер бөлшектерінің суспензиясынан құралады.


Вакцина құрамында вирус бөлшектердің жалпы концентрациясы ағзада иммундық жауапты туғызатын мөлшерінде, бірақ белсенді бөліктерінің мөлшері өте төмен, зиянды, қауіпті заттар кірмеу керек. Жаңа вакциналарды жасап шығарғанда, алдымен оларды ерекше зерттеу жүргізіп, зиянды, қауіпті биологиялық заттардың болуын зерттейді.
Вакцинация адамдар мен жануарлардың жұқпалы аурулармен күресу үшін қолданатын иммунопрофилактиканың бір түрі, мысалы қызылша, шешек, қызамық, тырысқақ, аусыл аурулары. Жұқпалы ауруларды қоздыратын барлық микроорганизмдерге қарсы вакциналар әлі жасалмаған. Қазіргі күнде медицина мен ветеринарияда 50-ден астам вакциналарды пайдаланады.
Кейбір өлтірген бактерияларды, вирустарды немесе олардан бөліп алған материалдарды вакцина жасау үшін пайдаланғанда, ағзада дамыған иммундық реакцияның дәрежесі өте төмен болады, яғни вакцинаның құрамында енгізген бөтен заттарға қарсы шамалы ғана антиденелер түзіледі. Сондықтан иммундық реакцияны стимулдеу үшін вакцинаға ерекше компонентті қосады. Бұл ерекше компонент адьювант деп аталады. Адьювант ағзаның иммундық реакциясын стимулдейді де түзілетін антиденелердің мөлшері ұлғаяды. Адамдарға қолданатын вакциналармен бірге адьювант ретінде алюминий немесе кальций тұздарының гельдерін пайдаланады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет