Лекция 9 Екпелер және егу (вакцинация)


Өлтірген (белсенді емес) вакцина



бет4/13
Дата04.04.2023
өлшемі200,46 Kb.
#78939
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Өлтірген (белсенді емес) вакцина – белсенділігі толық жойылған микроорганизмдердің негізінде жасалған вакцина.

Өлтірген вакцинаны жасау сызбасы
*патогенді микроорганизмнің вируленттілігін толық тежейді немесе өлтіреді, нәтижесінде оның жұқпалы ауруды қоздыратын қабілеттілігі жоғалады.
*Өлтірген микроорганизмді вакцинаны құру үшін қолданады.

Өлтірген вакциналардың өндірісінде ауру қоздырғыштың белсенділігі химиялық заттардың, мысалы формальдегид немесе фенол, немесе бета-пропиолактонның, әсерімен тежеледі.

Адам немесе жануарлар ағзасына вакцинаны енгізгенде өлтірген қоздырғыштың барлық антигендеріне қарсы иммундық жауап қалыптасады. Патогеннің құрамына уыттылығы жоғары компонент кірмесе немесе тежеу барысында антигеннің құрылымы өзгермесе, бұл әдісті вакцинаны жасау үшін пайдаланады.
Өлтірген вакциналардың иммундық жауапты қалыптастыратын қабілеттілігі төмендеген, сондықтан оны адьювантпен бірге енгізеді. Адам мен жануарлар ағзасының иммундық жүйесін стимулдеу үшін қажет вирустың концентрациясының жеткілікті мөлшері тірі вакциналармен салыстырғанда өлтірген вакциналарда 10-10000 есе жоғары.

Өлтірген вакциналардың артықшылығы:
*қаупсіз, өлтірген микроорганизм штамы вируленті штамына
қайтадан ауыспайды,
*түрақты,
*сақтау жағдайы жайлы,
*мөшерлеу женіл,
*тазалығы жоғары.

Өлтірген вакциналардың кемшілігі:
- иммуногендігі төмен,
*әлсіз иммундық жауапты стимулдейді,
*вакцинацияны 2-3 рет жүргізу керек,
*вакцинация жиі қайталану керек,
- құрамынының 99 % -ті балласт, соның ішінде микробты клеткаларды өлтіретін агент (фенол).

Өлтірген вакциналардың иммундық жауапты қалыптастыратын
қабілеттілігі төмендеген, сондықтан оны адьювантпен бірге енгізеді.
Адьювант ретінде пайдаланады:


  • бейорганикалық тұздарды:

*алюминий гидроксидті,
*алюминий фосфатты,
*кальций фосфатты.

  • Бактериялық өнімдерін.

Қазіргі күнде өлтірген вирустық вакциналардың көмегімен келесі аурулардың иммунопрофилактикасын жүргізеді:


*полиомиелит,
*құтыру,
*тұмау,
гепатиті,
*аусыл аурулардың.
Өлтірген бактериялық вакциналарды пайдаланып келесі ауруларымен күреседі:
*көкжөтел,
*іш сүзегі,
*тырысқақ,
*оба,
*қызба.
Тірі және өлтірген вакциналарды мынадай жұмыс жүргізіп жасайды:
- ауруды қоздыратын табиғи (жабайы) штамның түрін таңдап алады, себінді жағдайда өсіреді де тазартады;
- штамм белсенділігін толық тежейді немесе штамды түрөзгеріске (модификацияға) ұшыратады.
Өзгерген штамдың негізінде вакциналарды жасайды. Жасалған вакциналарды енгізгенде адамдар мен жануарларда тиімді иммундық жауап дамиды.
Медицинада пайдаланатын тірі және өлтірген вакциналардың өндірісі мынадай шектермен кездеседі:
- патогенді микроорганизмдер өте қауіпті, сондықтан жұмыс жүргізгенде үнемі сақтану керек;
- өндіріс процесі бұзылғанда кейбір вакциналарға тірі немесе белсенділігі жоғары вирулентті микроорганизмдер түсуі мүмкін, бұл жұқпалы микроорганизмдердің және жұқпалы аурудың кең таралуына әкеледі;
- аттенуацияланған штамдар алғашқы (бастапқы) белсенді штамға қайта өзгеруі мүмкін, сондықтан штамның вируленттілігін (вируленттік қабілетін, белсенділігін) әрдайым бақылау керек;
- адам мен жануарлар вирустарын көбейту үшін өте қымбат жануарлардың себіндісі қажет, сондықтан вакцинаның бағасы жоғары;
- адам мен жануарлар вирустары себіндісінің титрі және олардың ұрпақтану жылдамдығы көбінесе өте төмен, нәтижесінде вакцина өндірісі қымбаттайды;
- қазіргі күнде пайдаланатын вакциналар ерекше жағдайда, мысалы ортаның төмен температурасында, сақталады және вакцинаны белсенді түрінде сақтау уақыты шектелген;
- әдеттегі вакциналар кейбір аурулардан, мысалы СПИД-тен, адамдарды қорғамайды, яғни белгілі вакциналарды пайдалануы тиімді емес;
- патогенді ағзалардың көбісінің себіндісін алуға мүмкіндік әлі жоқ, сондықтан жұқпалы аурулардың көбіне қарсы вакциналар жасалмаған.
Жануарларға вакциналардың алдына қойылған шектері мұндай қатал емес. Сондықтан рекомбинантты ДНҚ технологияны пайдаланып алынған бірінші вакциналар жануарларға арналған: сиыр ящурына, құтыру ауруына, торайлардың дизентерия мен іш өтуіне қарсы вакциналар жасалған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет