Лекция 9 Екпелер және егу (вакцинация)


Ұшыққа (герпес) қарсы суббірлікті вакцина



бет7/13
Дата04.04.2023
өлшемі200,46 Kb.
#78939
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Ұшыққа (герпес) қарсы суббірлікті вакцина.
Қарапайым ұшықтың вирусы (НSР, herpes simplex virus) көздің ауруын, энцефалитті т.б. жұқпалы ауруларды қоздырады және бұл онкогенді вирус. Сондықтан белсенділігі толық тежелген немесе аттенуацияланған вирустардың негізінде жасалған вакциналардың қауіпті әсері болады, мысалы вакцинацияны жүргізгеннен кейін рак дамуы мүмкін. Суббірлікті вакциналарды пайдаланғанда ағза ұшық вирусының қауіпті әсеріне түспейді.
Ұшық вирусы  НSV-1 штаммының иммунды белсенді, анти-денелердің түзілуін стимулдейтін компонентті қабықшасының D гликопротеині (gD). Бөліп алынған D гликопротеинді тышқандарға енгізгенде антиденелер түзіледі. Бұл антиденелер ұшық вирусына қарсы бағытталған, вирусты бейтараптандырады.
D гликопротеиннің генін бөліп алады да модификацияға ұшыратады. Гликопротеин полипептидтік тізбегінің С-соңында трансмембраналық домені орналасады (сурет А).

Осы доменді кодтайтын геннің бөлігін бөліп жібереді (сурет Б). Өзгерген генді векторға байланыстырады, қытай аламан жұмыртқасына енгізеді. Экспрессияның нәтижесінде түзілген ағза сыртқы ортаға секрецияланады (бөлініп шығады), жасушалық жарғақшаның құрамына енбейді себебі полипептидтік тізбегінде С-соңында орналасқан трансмембраналық домені жоқ. Осы ақуызды жануарларға енгізгенде оған қарсы антиденелер түзіледі. Модификацияға ұшыраған D гликопротеинге қарсы түзілген антиденелер ұшықтың НSР-1 және НSР-2 штамдарына қарсы белсенділігіне ие болатыны көрсетілді.



Аусыл вирусына қарсы суббірлікті вакцина.
Аусыл вирусы (FMDV – foot-and-mouth disease virus) – вируленттілігі жоғары вирус, ірі қара малдарда, шошқаларда жұқпалы ауруды қоздырады. Аусылмен ауырған малдар көбінесе өлімге ұшырайды. Малдарды аусыл ауруынан қорғау үшін формалинмен тежелген вирустың негізінде құрылған вакцинаны пайдаланады. Жер жүзінде вакцина-ның 1 млрд дозасын жыл сайын дайындайды.
Қазіргі күнде аусыл вирусына қарсы суббірлікті вакцинаны құру әдісін табу үшін ерекше зерттеу жүргізіледі.
Аусыл вирусының негізгі антигендік детерминанты – вирустық капсидтік 1 ақуызы (VP1, viral proteiv 1). VP1 ақуыздың антигендік қасиеті, белсенді вируспен салыстырғанда, төменірек болса да оған қарсы антиденелер түзіледі. Аусыл вирусының геномы  біртізбекті РНҚ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет