Лекция №9 саяси элита және саяси топ бастаушылық



бет1/2
Дата05.11.2022
өлшемі112 Kb.
#47762
түріЛекция
  1   2

Лекция № 9


САЯСИ ЭЛИТА ЖӘНЕ САЯСИ ТОП БАСТАУШЫЛЫҚ

"Элита" термині француздың "elite" деген сөзінен шыққан, сүрыпталған, тандалған, іріктелген деген мағынаны білдіреді. XVIII ғасырдан бастап ол сөзбен жоғары сапалы товарларды атады. XX ғ. бастап саясатгану мен әлеуметтануда білімі, байлығы, беделі, билігі жоғары адамдардың азғантай әлеуметтік тобын білдіреді.


Тарихи жағынан алғанда адамдарды ел билеуші тандаулылар-ға және олардың дегенін істейтін бағаныштыларға бөлу идеясы өте ертеден бастау алады. Мысалы, Конфуций (б.з.б. 551-479) адамдарды асыл азаматтарға (билеуші элитаға) және теменгі (қара-пайым) адамдарға бөлді. Платон билеуші-философтарға, әскер-лерге, егіншілер мен кәсіпшілерге ажыратты. Алайда элитарлық теорияны көзқарасгар жүйесі ретінде XX ғ. басында италия ғалымдары Г. Моска, В. Парето, неміс Р. Михельс және т.б. қалыптас-тырды.
Гаэтано Моска (1854—1941) элита теориясын "Саяси ғылым негіздері" (1896) деген еңбегінде негіздеді. Онда ол қоғам басқарушылар мен басқарылушыларға бөлінеді деді. Оған ұйтқы болатын қасиеттерге әскери ерлікті, байлықты, діни дәрежені (мәртебені) жатқызды. Осы үш қасиет, оның ойынша, адамға басқарушылар (элита) қатарына кіруге есік ашады. "Элита" терминін ғылыми айналымға енгізген Валъфредо Па­рето (1848-1923). "Жалпыға бірдей социология трактатында" (1916) ол "элиталардың айналу" теориясын жасады. Ол бойынша элита билік басына алдыңғы қатарлы идеяны үсынуының арқасында келеді. Ол идея жүзеге асқанда олардың энергиясы азайып, ізденісі баяулай бастайды. Олардың орнына жаңа идеямен жаңа элита билік басына келеді. Мүндай алмасу қоғамда әрқашан болмақ. Яғни, дейді олар, бір элита екіншіні алмастырып, жаңарып қоғамды алға жылжытып отырады.
Роберт Михелъс (1876—1936) "Саяси партиялар, демократияның олигархиялық үрдістері туралы очерк" (1911) деген еңбегінде "олигархияның темірдей заңын" шығарды. Оның ойынша, бүқара халықтың өзін-өзі ұйымдастыруга және басқаруға қабілеті жетпейді. Парламентах демократия жағдайында кейбіреулер жұртшылықтың қолдауына ие болды. Сөйтіп кәсіби дайындалған адамдардан тұратын басқару аппараты пайда болады. Ол көпшіліктен біртіндеп алшақтайды. қоғамның қарапайым мүшелеріне өздерін қарсы қояды. Соның нәтижесінде билікті өз қолдарынан шығармай, сақтап қалуға тырысатын томаға-тұйық дөңгелек, шеңбер пайда болады. Мұнда ат төбеліндей байлар са­яси және экономикалық билікке ие болады. Халықтың егемендігі, билігі дегеннің бәрі бос қиял. "Олигархияның темірдей заңы" осы дейді Р. Михельс.
Американың саясаттанушысы Райт Миллс (1916-1962) "Билеуші элита" атты еңбегінде АҚШ-тың XX ғ. ортасындағы элитасынаталдау жасайды. Ол элитаны мәртебелер және стратегиялық рөлдер атқаратын топ деп анықтайды. Оның ойынша, қоғам үшін ең маңызды рөл атқаратын саяси, экономикатық және әскери институттар. Соған орай билік элитасын мемлекет, корпорациялар және әскери басшылар қүрайды.
Франция саясаттанушысы Р.-Ж. Шварценбергер "Абсолюттік қүқық" деген еңбегінде қазіргі элитаны жабық каста ретінде сипаттайды. Францияда ол саясаткерлерден, жоғары әкімшіліктерден және іскер адамдардан түратын биліктің үш-бүрышын қүрайды. Олар үкіметті қалыптастырады, мемлекетті билейді, ірі корпорациялар мен банктерді басқарады.
Сонда қоғамда саяси элитаны тудыратын факторлар қандай? Оларға мыналар жатады: 1) қоғамға арнайы білімі, тәжірибесі, қабілеті бар кәсіби басқарушылар керек; 2) адамдардың психологиялық (туа біткен) және әлеуметтік (оку, тәрбие барысында қолы жеткен) теңсіздіктері; 3) қоғамда баскарушы еңбек жоғары бағаланады және ынталандырылады; 4) бүқара халықтың саяси енжарлығы, селқостығы (күнделікті өмірде әркім саясаттан шалгай өз жүмысымен айналысады).
Саяси элита стратегиялық мақсатты айқындайды, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын белгілейді, өз жоспарларын жүзеге асырудың тетіктерін табады, қоғам алдына қойылған мақсаттардың жүзеге асуына бақылау жасайды.
Сонымен, саяси элита деп қазына-байлықты, қаржы-қаражатты болуге байланысты және т.б. саяси маңызды шешімдер қабыл­дауға қатысты жоғары мәртебесі мен ықпалы бар ұйымдасқан топты айтады. Қазіргі саясаттану ғылымында білімңің элитология деген арнайы саласы бар. Ол элиталардың қалыптасу жағдайын, оның қоғамдағы рөлін, әлеуметтік-саяси процестерге ықпал ету әдіс-тәсілдерін және т.б. зерттейді.
Саяси элиталарды қалыптастырудың, жоғары лауазымды қызметке іріктеп алудың 2 түрі бар: антрепренерлық және гильдия жүйесі. Антрепренерлық түрде басқарушы қызметке үміткердің ерекше қасиеттері, көпшілік жұртқа ұнай білу қабілеті басты орын алады. Мұнда кандидаттың байлығына, кәсібіне, біліміне, мамандығына, т.с.с. онша мән берілмейді. Ол ең алдымен өзінің тапқырлығын, жасампаздығын, белсенділігін көрсете білуі қажет. Мысалы, АҚШ-та актер болған Рональд Рейган да президенттікке сайланды. Элитаны қалыптастырудың бүл түрі озінің ашықтығымен, демократиялығымен, үміткерге қойылатын шектеулердің аздығымен сипатталады. Сондықтан тұрақты демократиялық елдерде бүл түр кең тараған.
Саяси злиталарға сұрыптаудың мүндай түрінің кемшілігі — саясатқа сырттай жағымды корінгенімен шын мәнінде кездейсоқ, принципсіз, қрыншақ, авантюрист адамдардың билік басына келуі. Ондай адамдардың іс-әрекетін болжап, пішіп болмайды. Сондықтан қоғам омірінде дау-жанжаддар, саяси шиеленістердің мүмкіндігі кобейеді.
Гильдия жүйесінде үміткер билік сатысы бойынша баяу болса да анық көтеріліп отырады. Мүнда жоғары лауазымды қызметке үміткерге көптеген талаптар қойылады. Оған кандидаттық білімі, адамдар арасындағы жұмыс тәжірибесі, партиялық стажы және т.с.с. жатуы мүмкін. Талапкерлер белгілі бір таптың, топтың, тектің, партияның мүшелерінің арасынан шығуы керек. Сондықтан билік басына тандаудың бүл түрі жабық болып сана-лады.
Гильдия жүйесі бәсекелестікке жол бермейді, билеушіні түйық қоғамдық топтан іріктеп алатын, кертартпа түр. Оның артықшылығы — саясаткердің болашақ іс-әрекетін алдын ала болжауға, соған орай шара қолдануға болады. Билеуші элитаның арасында дау-жанжалдың мүмкіндігін кемітеді. Осындай жүйенің бір түріне бүрынғы социалистік елдерде кеңтараған номенклатуралық элита жатады.
Қалай болғанда да қоғам саяси элитасыз, кәсіби мамаіщанған басқарушыларсыз өз қызметін толық атқара алмайды. Орыс фи­лософы Н. А. Бердяев қоғамның даму деңгейі мен саяси элита санының арасында өзара байланыс барлығын ашып, "элита коэффициентіне" шығарды. Ол жоғары зерделі, зияткерлік бөлігінің халықтың жалпы сауатты санымен салыстырғанда бір пайызын қүраса, ол қоғам өмірін тоқырауға әкеледі. Ал элита-ның коэффициенті 5 пайыздан асса, қоғам дамуының жоғары мүмкіндігі барлығын айғақтайды дейді ғалым.
Саяси элита әр түрлі келеді. Сондықтан ол жіктеледі, топтастырылады. Билікке иелігіне қарай басқарушы және оппозициялық элита деп бөледі. Басқарушы элита деп мемлекеттік билікке ие, маңызды саяси шешімдерді қабылдаушыларды айтады. Олардың қатарына ене алмай қалған, бірақ сол үшін күрес жүргізетіндер билік басындағылардың іс-әрекетін сынап, олқылықтарын тауып, қателіктерін көрсетеді. Оларды оппозициялық немесе контрэлита деп атайды.
Саяси элитаның жаңару, қайта жасақталу тәсіліне сай ашық және жабық элита деп бөледі. Ашық элитада барлық әлеуметтік топ өкілдеріне ес!к ашық. Жабық элитада ол белгілі бір таптан, тектен шыққандармен ғана толықтырылады. Мысалы, гильдия жүйесі.
Индия саясаттанушысы П. Шаран билік ету қорына байланысты элитаны дәстүрлі және қазіргі деп бөледі. Дәстүрлі элитаға дін, салт, жол-жораға байланысты бөлінуді кіргізеді. Оған жоғары дін басыларын, ақсүйектерді, дамып келе жатқан елдердегі әскери басшыларды жатқызады. Қазіргі элитаға заңға, формалды ережелерге сүйенушілерді жатқызып, оларды өз кезегінде 4 топқа бөледі: 1) билік қүрылымдарын басқаратын, маңызды шешімдер қабылдайтын жоғарғы элита; 2) мемлекет кызметкерлерінің жоғары жігін (министрліктер, ведомстволар, комитеттер басшылары) қүрайтын әкімшілік элита; 3) белплі бір табысы, кәсіби мәртебесі және білімі бар адамдар (жоғары қызметкерлер, менеджерлер, ғалымдар, зияткерлер); 4) жоғарыда көрсетілген үш көрсеткіштің (табысы, кәсіби мәртебесі, білімі) біреуі немесе екеуі жетіспейтін аралық (маргиналдық) жағдайдағы адамдар.
Қоғамның тол ыққанды өркендеп, қарқынды дамуы үшін элитамен кереғарлыққа келіп, күреспей, қудаламай, шектеулер қойып, шеңберін тарылтпай, зиялы зерделі қауымның, дарынды түлғалардың өзін-өзі көрсетіп, халыққа, еліне қызмет етуіне жағдай жасап, сапасын арттыра түскен абзал.
Біздің Қазақставдағы элитаға келсек, еліміз егемендігін алғанымен билеуші топ онша өзгере қойған жоқ. Олардың көбі Кеңес Одағы кезінде номенклатуралық қызметтер атқарып, комму­нистік партия ыдырағаннан кейін мемлекеттік институтгарға (Пре­зидент, Үкімет әкімшілігіне) қызметке көшті. 1993 жылғы Кон­ституция бойынша биліктің 3 тармағы тең делінді. Алайда шын мәнінде билік атқарушы органның қолына тиді. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы Президенттік билікті бекітіп, атқарушы биліктің мәртебесін арттыра түсті. Жекешелендіру кезінде халықтың еңбегімен жасалған мүлікке ие болды.
Қазақстан қазіргі элитасына кімдер жатады десек, оған Пре­зидент аппаратының қүрамы (Президент, оның әкімшілігінің бастығы, орынбасарлары, бөлім басшылары, көмекшілері, кеңесшілері), Парламент, министрліктер басшылары мен орын­басарлары, дипломатиялық элита кіреді. Олардың арасында тиімді несиелер алып, бизнеспен айналысып, байығандар баршылық. Олар қаржы-қаражат, экономикалық қорлар, қажетті мағлұматтарға иелік етеді,
Аймақтық элитаға облыс әкімдері жатады.Билеуші элитаға тарту, оларды жаңғырту мәселесіне келсек, жоғары басшыларға берілген немесе солардың балаларымен толығуда. Олар орындарынан босатылса, келесі лауазымды орынға отырады. Соның салдарында ол "сырттан келетін" адамдарға жабық элитаға айналды. Шынайы көппартиялық болмаған соң, саяси билікке олардың ықпалы шамалы. Сыбайлас жемқорлықтың саны көбеюде. Билік басындағылардың көбі өз күнін күйттеп, жалпы халықтың жағдайы төмендеп, жұмыссыздық белең алуда.
Мұндай жағдайды болдырмай, тығытрықтан шығу, саяси элитаның саны мен сапасын көтеру үшін оларды ашық, жариялылық жағдайында, зерделі, білімді, білікті, еліне, халқына шынайы жаны ашып, қызмет ететін азаматтардан тандаған жөн.
Саяси іс-әрекетті жүзеге асыруда саяси жетекшілердің, топ бастаушылардың (лидер), серкелердің орны ерекше. Оған халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады. Ол алға қойған мақсатқа жету үшін қала-ның, аймақтың, мемлекетгің көлемінде адамдардың күш-жігерін біріктіріп, белсенді ықпал ете алады. Соңғы кезде бүл атаудың мағынасы кеңейе түсті. Өйткені саяси топ бастаушыға басқару-шы қызметті ресми түрде атқармайтын, бірақ саяси өмірде беделді, аты шыққан адамдарды да жатқызып жүр.
Саяси жетекшіліктің, топ бастарлықтың (лидерліктің) таби-ғатын, сыр-сипатын ғалымдар ерте заманнан-ақ білгілері келген. Солардың ішінде ерекше көзге түсетін Н. Макиавеллидің "Патша" деген еңбегіндегі тиімді басшылық. Ол басшы мен бағынушының өзара қатынасына негізделген мынадай төрт ережеден түрады: 1) басшының билігі оны жақтаушылардың қолдауына сүйенеді; 2) бағынушылар өз басшысынан нені күтеді және өз кезегінде басшы олардан нені күтуі мүмкін — соны білулері керек; 3) топ бастаушының қандай жағдай болмасын аман қаларлық қайрат-жігері, қабілеті болуға тиіс; 4) басқарушы өз жақ-тастарына даналық пен әділеттіліктің үлгісі болуы керек.
Кейін келе топ бастаушылықтың табиғаты әр түрлі түсіндірілді. Қазір саяси топ бастаушылар деп коғамдық-саяси ұйымға, қозғалысқа, мемлекетке әрдайым және шешуші ықпал ететін түлғаныайтады.
Саяси топ бастаушылар, әдетте, мынадай қызметтерді атқарады: қоғамның түбегейлі құндылықтары мен арман-аңсарлары негізінде әр түрлі топтардың басын біріктіріп, мүдделерін үйлестіру, топтастыру; халықтың, топтардың қажеттіктерін өтейтін және қарыштап алға басуға мүмкіндік тудыратын саяси бағыт-бағдарлама жасау; қоғам алдындағы мақсаттарды жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін айқындау; халықты ынталандыру аркылы қажетті өзгерістерді іске асыру; жұртшылықпен, әр түрлі ұйымдар, топтармен тығыз байланыс жасау негізінде өзін-өзі саяси ұйымдастырудың тұрақты түрлерін қамтамасыз ету; әділдіктің, зандылықтың, тәртіптің кепілі болу.
Саяси көсем қандай кезде пайда болады? Халықтың немесе үлкен топтың өмірінде бір кездерде маңызды жағдайлар, оқиғалар кездеседі. Сонда көш бастайтын көсемге қажеттілік пайда бола­ды. Сонымен қатар топ бастаушы өзін-өзі көрсете білуі үшін қоғамға белгілі бір саяси және азаматтық еркіндікте болуға тиіс. Оған пікір еркіндігі, көппартиялылық, парламент пен партиялар-дың ішінде жікшілдікке мүмкіндік беру, тағы басқалар жатады. Мүндай жағдайда әлеуметгік мүдцелерді бейнелейтін адамдардың саяси ойының таласы, бәсекесі толассыз жүріп жатады. Ал тота-литарлық және авторитарлық жағдайда саяси көсемдер емес, диктатура, номенклатура мен бюрократия жеңеді. Олар билік ба­сына демократиялық жолмен, жетекшілікке жету зандылықтары арқылы емес, қулық-сұмдық, зорлық-зомбылық әрекеттерді пайдаланып жетеді. Саяси топ бастаушы (көсем) болудың 2 жолы бар: 1) көпшілік халықтың мақсат-мүддесін кездейсоқ дөп басып, ойынан шығу; 2) ол мүдделерді мақсатты түрде талмай зерт-теу нәтижесінде.
Саяси жетекшіге қарама-қарсы ұғым—саяси бастаушы, көсем-сымақ. Ол ұғым XIX ғасырда пайда болды. Оған популистік тұрғыда іс-әрекет етуші адамдар жатады. Оның негізгі ерекшеліктері: көпшіліктің тап қазіргі қарапайым талаптарын желеу етіп құптау; өз басының атын шығару үшін адамдардың үлкен тобының сын-шылдық сезімге берілген (араздыққа, қастыққа, қорқынышқа, үрейге, өшпенділікке негізделген) жағдайын пайдалану; көпшілікке жалпақтап, жағымпаздану, тобыр тіліндегі сөздерді, тіркес-терді қолдану; асыра сілтеп уәде беру; халықтың сауаты аз бөлігіне шағыну және т. б. Биліктен айырылып қалмау үшін ол то-бырдың талабын қанағаттандыруға тырысады. Ол қоғамдық пікірдің алдына шықпай, ығында жүреді.
Саяси бастаушы көбіне бүлдірушілік идеяларды пайдаланып өзінің атын шығарады, мансап құрады. Өйткені көпшілік, әдетте, жасампаздықтан гөрі қиратып, бүлдіру идеяларын оңай және жылдам қабыддайды.
Өмір дәлелдегендей, кейбір саяси бастаушылардың тағдыры кездейсоқ туады. Олар өз басының іскерлігі, абыройының арқасында емес, белгілі бір тарихи уақытта белгілі бір желіге (струя) кез келіп қалудан.
Бұрынғы Кеңес Одағының күйреуі, егемендік алған республикалардағы өмірдің демократиялануы саяси жетекшілерге сұранысты көбейтті. Оның үстіне бүрын орнаған байланыстардың үзілуі, нағыз нарықтық реттеу тетіктерін жете білместік және т. б. себептер өндірістің қүлдырауына, халықтың әл-ауқатының нашарлауына әкеліп соқтырды. Мұның бәрі жүртшылықтың наразылығын тудырды. Соның нәтижесінде саяси және әлеуметтік жағынан пісіп жетілмеген көсемсымақтар пайда болады. Бұл шынайы өмірді және қолда бар тәжірибені зер салып зерттеуді, саралауды талап етеді.
ТМД елдеріндегі ереуілдер көрсеткендей, саяси бастаушы болу оңай да, сенімсіз де. Себебі "сүйікті" деп тауып, қолпаштап көтерген жұрт егер айтқанын істеп, дегеніне жүрмесе немесе өзіндік бөлек іс-әрекет жасаса, сырт айналуы оп-оңай.
Саяси көсемді саяси бастаушыдан (көсемсымақтан) қалай айыруға болады? Ол қиын емес. Оның негізгі ерекшелігі — саяси көсемнің жұмысында әрдайым жаңа идеялар ұсынып отыру қабілетінде.
XIX ғасыр аяғында-ақ саясаткерлердің арасында бұл туралы пікірлер айтылған. Егер халық көсемнің идеяларын толығымен түсініп, қабылдаса, онда оның керегі не? Мундай жағдайда ол не халық арасында сіңіп кетуі керек немесе жаңа идеялар ұсынып және оның жүзеге асу тетіктерін көрсетіп, өзінің алдыңғы қатарлы ролін әрқашан дәлелдеп отыруы керек. Яғни, саяси көсем халықтың мақсат-мүддесін жай ғана біліп, жинап, құптап қана қоймай, оларды жаңаша ұғынып, дамытып, дәлелдеп, түзетіп оты­руы керек.
Саясаткердін жаңашыл дүние тануы оның бағдарламасында, саяси сенімінде білінеді. Барлық даңқты саяси көсемдердің тарихта қалуына олардың саяси бағдарламаларының пайдалы, жемісті, өзіндік ерекшеліктері себепші болды.
Саяси тұғырнаманың жаңашыл, бәсекелестікте тойтарыс бере аларлықтай "күшті" болуы үшін мынандай талаптарға жауап беруі керек. Ең алдымен, әр түрлі әлеуметтік топтар мен қоғамдық бірлестіктердің басын қосып, олардың қолдауын қамтамасыз ететін, бірден көзге түсерлік басты мақсаты болғаны шарт. Екіншіден, қойған мақсатқа жетудің терең талдаяған тетігі, нақтылы жолдары корсетілуі тиіс. Үшіншіден, егер бағдарламада корсетілген мақсаттар орындалған жағдайда ол әрбір сайлаушыға, отбасына, ұжымға қандай экономикалық, әлеуметтік, рухани игіліктер әкелетіні түсіндірілгені жөн.
Саяси элиталарды, олардың қоғамдағы ролін зерттеуге отандық саясаттанушылардың қызығушылық білдіруі – заңды да табиғи құбылыс. Қазіргі тарихи кезеңнің өзіндік ерекшеліктеріне орай, елдегі жағдайды сауықтырып, өркендету жолдарыніздестіруге байланысты қазақстандық қоғам өміріндегі саяси элитаның ролін айқындау бұл күндері өзекті мәселеге айналып отыр.
Саяси элитаның табиғатын байытпай қарастырғанда олардың елдің саяси өміріндегі ролі, «Бұл өмірдің мәні неде?», «Біз кімбіз?», «Қайда бара жатырмыз?» деген сауалдарға жауап іздестіруталабы басты өлшемдер бола алады. Ұлтты топтастыру, өзін-өзі сол замандағы саяси мұраттар талабына сәйкестендіру міндетін ХХ ғасыр басындағы қазақтың ұлттық интеллигенциясы мінсіз орындады. Болып жатқан саяси үрдістердің мән-маңызын бұқараға түсіндіру, оқу-ағарту жұмыстарын жүргізу, халықты жаңа мемлекет құруға жұмылдыру олардың басты мақсаттарына айналды. Бұқаралық саяси ұйым арқылы халықтың саяси мүдделерін білдіруге болатындығын жіті сезініп, «Алаш» қозғалысының ұйтқы тобын құрды, оның құрамына Бөкейханов, Байтұрсынов, Дулатов, Қыдырбаев, Тұрмұхаметов, Жизанов енді.
Қалыптасқан жағдай емес сонымен қатар қазақтың ұлттық интеллигенциясының өз идеяларын іс жүзінде жүзеге асыруға тырысуының өзі жаңа саяси ұйымның пайда болуына қажетті алғышарттар жасады. Бүкілресейлік саяси өмірге Бөкейхановтың, Байтұрсыновтың, Шоқаевтың, Қаратаевтың, Досмұхамедовтердің, Төгісовтың белсене араласуы жаңа дәуірдің саяси элитасын қалыптастыруға негіз қалады. Бірінші және екінші мемлекеттік Думаға Қазақстаннан Әлихан Бөкейханов, Ахмет Бірімжанов, Бақыткерей Құлманов, Бақытжан Қаратаев, Мұхаметжан Тынышбаев тағы басқа белгілі тұлғалар депутат болды.
Сол кездегі қазақ интеллигенциясын мемлекеттік құрылысты демократияландыру, Ресейде тұратын ұлттардың еркіндік алуы, қатаң тәртіп пен заңдылықтың сақталуын жүзеге асыру туралы идеялар қызықтырды. Саяси сана проблемаларын қарастыра келіп, 1910 жылы Ә.Бөкейханов өзінің «Қазақтар. Қазіргі мемлекеттердегі ұлттық қозғалыстың пішімдері» атты еңбегінде: «Таяу болашақта даладағы қазақтар арасында екі саяси бағытқа сәйкес екі саяси партия пайда болуы ықтимал. «Ұлттық-діни» деп аталатын олардың бірі қазақтарды өзге мұсылмандармен біріктіруді мақсат тұтатын болады. Екіншісі – батыстық бағыт ұстанады... Егер үлгі ретінде, біріншісі, мұсылмандық-татаршыл партия болса, онда соңғысы – орыстық оппозициялық, атап айтқанда, «халық азаттығының» партиясы болмақ» деп жазды.
«Алаш» қозғалысының бағдарламасын құрамында Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Е.Омаров, Е.Тұрмұхаметов, Ғ.Жүндібаев, Ғ. Бірімжанов бар ұйытқы топ жазып, «Қазақ» газетінің 1917 жылғы 21 қарашадағы 251-нөмірінде жариялады. Нақ осы ұйтқы топтың санатынан қозғалыстың Орталық комитеті сайланып, төменгі буындағы органдары құрылды. Егер «Алаш» қозғалысының пайда болуы патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы күресті ұйымдастыру қажеттігіне әрі сахарадағы әлеуметтік қарым-қатынастарды өзгерту талабына байланысты дейтін болсақ, онда бұл, шын мәнінде, Қазақстанның ұлттық, патриоттық көңіл-күйдегі саяси элитасыныңалғашқы адымы ретінде бағалануға тиіс. Қалыптасқан мұрат пен мүдденің өзі сол кезеңнің элитасы мақсат еткен және қозғалыс бағдарламасында бекітілген саяси құндылықтардан айқын көрінеді. Онда тең құқылық («дініне, шығу тегіне және жынысына қарамастан адамдар тең құқылы...»); жекебасқа тиіспеушілік («мемлекет шенеуніктері кімді болса да заңсыз жолмен тұтқындай алмайды...»); тұрғын үйге тиіспеушілік («мемлекеттік қызметшілер қожайынның рұқсатынсыз кімнің болса да үйіне кіре алмайды...»); кінәсіздік презумпциясы («соттың талқылауынсыз және шешімінсіз бас бостандықтан айыруға болмайды...»); сөз, ождан бостандығы («жиналыстар өткізу, бірлестіктер құру, сөз сөйлеу, газеттер шығару, кітаптар басу бостандығы) тәрізді демократиялық құндылықтар көрініс тапқан. Көріп отырғанымыздай, ХХғасыр басында қазақтың саяси элитасының басшылыққа алған мұраттары демократиялығымен, ұлттық-саяси мәселелерді жоғары ізгілік өремен түйсіне білгендігімен ерекшеленеді.Ал, ұлттық мүдделерге заңдық-құқықтық пішімбітіріп, бұқараны күрестің ұйымдық, партиялық деңгейіне дейін көтеру халықты саяси тұрғыдан оқып-үйрету істері сол дәуірдің талаптарына жауап бере алатын саяси элитаның болғандығын дәлелдейді.
«Саяси элита»дегеніміз саясаттану ғылымы;
- шенеуніктік, төрешілдік, номенклатура (мәртебелілер тобы);
- жалпы мемлекеттік маңызы бар шешімдер қабылдауға құзырлы лауазымды орындарды иеленетін адамдар;
- билеп-төстеуші таптың үстемдігін қамтамасыз ететін топ ретінде түсіндіреді.
Бұл анықтамалардың қай-қайсысында да билікті иелену, шешім қабылдауға қабілеттілік, өкіметтің қызметін жүзеге асыру елеулі өлшем ретінде алынған.
«Саяси элита» ұғымы ХХ ғасырдағы саясаттану ғылымында өзекті тақырыпқа айналды. Кез келген қоғамдағы саяси элита қалай қалыптасады? Саяси элитаның құрамына кімдер кіреді? Саяси элита қандай қызмет атқарады? Саяси элитаның қызметіне азаматтық қоғам тарапынан бақылау орнатудың қандай тәсілдері бар?
Осы сауалдар төңірегінде зерттеу жүргізу, белгілі бір шамада саяси элиталардың қызмет атқару ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік береді. Элиталардың мемлекеттіксаясатты жүргізудегі айқындаушы рөл атқару мүмкіндіктерін саясаттанушылар олардың негізгі өндірістік құралдарды, қоғамды басқарудың саяси тетіктерін иеленген үстемдік етуші таптың еркін білдіріп, елеулі дәрежеде қалыптастыруымен, іске асыруымен байланыстырадЫ. Саяси элитаның өзі қалай қалыптасады? Г. Моска, оның санына енетін жеке тұлғалар өздері өмір сүріп жатқан қоғамды ардақ тұтып, аса қастерлейтін белгілі бір қасиеттерді иеленуге тиіс деп пайымдайды. Бұл қасиеттер тарихи дәуірлерге орай, өзгеріп отырады. Қоғамдық-саяси жағдайларда саяси элитаны қалыптастырудың кейбір өзіндік ерекшеліктері бар, олар қоғамдағы саяси-экономикалық қарым-қатынастардың сипатымен айқындалады.
Қоғамның үш негізгі саласындағы – экономикадағы, саясаттағы, армиядағы басты институттарды басқарушы мәртебелі орта өкілдері сол қоғамдағы саяси элитаныңмүшелері болып табылады. Осыған орай элита топтары: саяси (басқарушы да, оппозицияда жүргендері де), экономикалық және әскери болып бөлінеді.
Ақпараттандырылған қоғамда масс-медия мен ғылыми академиялық элита айрықша орын алады.
Отандық басқарушы элитаның құрамына екі жікті:

  1. республикалық және аймақтық биліктің жоғары және орта деңгейлеріне жайғасқан саясаткерлерді;

  2. экономика субъектілерін, жеке меншігі барларды, меншікті қосалқы иеленушілерді, бірлескен корпорациялар, компаниялар, банктер, қорлар, ассоциациялар, акционерлік қоғамдар сияқты мемлекеттік емес және мемлекеттік кәсіпорындардың, ірі және роташа экономикалық ұйымдардың басшыларын, басқарма мүшелерін, басқа да жауапты қызметкерлерін кіңргізу әдетке айналған.

Әдетте, осы екі жік бір-бірімен етене байланыста болады. Бір жағынан, экономикалық элитаның өкілдері биліктің «тармақтары» мен деңгейінің құрамына кіреді. Екінші жағынан, саяси элита бизнеске сұғына кіріседі. Бұл үрдістің тарихи тамыры бар: бұрынғы коммунистік елдердің барлығында жеке меншік иеленушілер табының пайда болу процесі билік жүргізуші құрылымдарға арқа сүйеді. Социологиялық зерттеулердің мәліметтері бойынша, үкіметтік құрылымдағылардың 75 проценті, ал бизнестегілердің 61 проценті бұрынғы кеңестік номенклатураның сапынан шыққандар екен.
Қазіргі кездегі түбегейлі өзгерістердің бірі – элитаның жекеленген топтарының «дүниеге келуі». Нәтижесінде, олардың іштей жіктелуі, саралануы. Социализм кезінде экономикалық элита туралы тек шамамен ғана айтылады, өйткені: «меншік иесі- мемлекет» еді. Қазір экономикалық элита жеке меншік иесі ретінде қалыптасып жатыр десек, артық айтқандық емес. Қазгі даму кереғарлықтарының бірі – экономикалық элитаның елден жырақ қонып, өмірден шет қалуы. Тап осы кереғарлықты былайша жатық түсіндіруге болады: яғни, қоғам өзінің өмір сүріп, салтанат құруының негізгі ұстынын, атап айтқанда: «билік дегеніміздің өзі – басты экономикалық ресурс» деген принципті қолдан жасап шығарады.
Осы болжам екі бағытта зерттеу жүргізуді: жаңа экономикалық элита капиталының қай бөлігі бұрынғы номенклатура капиталының сарқыты болып табылғанын; жаңа саяси элита қолы жеткен саяси капиталын экономикалық капиталға айналдыру үшін қолайлы мүмкіндіктер туғызатын экономикалық өзгерістерге қарқын бітірерліктей өзінің билік ресурстарын қалай пайдаланатынын зерттеуді міндеттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет