Лекция. Әдебиеттегі «көркем образ» және «образдылық»


- лекция. ХХ ғасыр басындағы Алаш әдебиеттануы. Әдебиеттегі модернистік бағыт-ағымдар. (2 сағат)



бет9/9
Дата22.06.2022
өлшемі198.5 Kb.
#37201
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
15- лекция. ХХ ғасыр басындағы Алаш әдебиеттануы. Әдебиеттегі модернистік бағыт-ағымдар. (2 сағат)
Жоспар:
1. Алаш қайраткерлерінің жаңа әдебиет, өнер жайлы ойлары.
2. ХХ ғасырдағы әдеби сындағы бағыт-ағымдар. Олардың пайда болу себебі, мақсаты.
3. ХХ ғасыр басындағы орыс әдебиетіндегі модернистік-декаденттік бағыт-ағымдар.
Алаш әдебиеттануы эстетикасындағы басты мәселелер: өнердің генезисі мен өзіндік ерекшеліктері, қоғамдық құбылыс екендігі, дүнитаным, реализм мәселелері, көркемдік шарттары, пішін мен мазмұн бірлігі, сынның екі актісі, «өнер, өнер үшін» деген көзқарасқа сын. ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде Батыс өнерінде дүниеге келген түрлі бағыт-ағымдар. Модернистік бағыттағы туындылар үлгілеріндегі пішін тұрғысындағы, адамның ішкі әлемін танытудағы кейбір көркемдік жетістіктер.
Модернизм – (фр. – жаңа, қазіргі) – буржуазиялық әлем дағдарысының және олардың қалыптастырған сана типін белгілеген ХХ ғасырдағы әдебиет пен өнердегі философиялық-эстетикалық қөзқарас. Ф.Ницшенің, З.Фрейдтің, К.Т.Юнгтің концепциялары негіз болды. Әдебиетте Ф.Кафка, В.Вулф, Ж.П. Сартр, А.Камю, т.б. қоғамдағы ықпалды тенденциялар мен тұлғаның рухани тәжірибесінің терең және қарсы тұруы мүмкін еместей алшақтағаны деген сенім-пікірден тұрады. Модернист үшін адам - өзі танып білмеген жауыздық күштің құрбаны, ол оның тағдырын қалыптастырады.
Ағым - әр жазушының әдеби бағыты. Әрбір әдеби ағымды әр қоғамдағы ірі құбылыстар туғызады. Әдеби ағым – тарихи категория, белгілі бір қоғамдық жүйенің белгілі кезеңдегі белгілі саяси-әлеуметтік сипатына байланысты туады да сонымен бірге дамиды, өшеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет